- •Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
- •Жердің географиялық қабығының пайда болуы мен дамуындағы планетарлы космостық факторларды қарастырыңыз.
- •Құрлықтар мен мұхиттар құрылысының жалпы ерекшеліктерін сипаттаңыз. Құрлықтар мен мұхиттардың физгеографиялық аудандастыруының негізгі принциптеріне баға беріңіз.
- •Құрлықтар мен мұхиттардағы географиялық зоналылықтың айқындалуындағы планетарлы, аймақтық және провинциалық ерекшеліктерін қарастырыңыз.
- •Евразия табиғатының ерекшеліктері – оның ауқымды көлемі мен Солтүстік жартышардағы барлық географиялық ендік бойынша созылып жатуын анықтаңыз.
- •Еуропа территориясының қалыптасу ерекшеліктері мен жер бедеріне баға беріңіз. Еуропа платформасы мен оның бөліктері: Балтық қалқаны мен плитасының қалыптасуын сипаттаңыз.
- •Еуропаның климат құрушы факторларын анықтаңыз. Маусымдық жыл бойынша ауа массаларының циркуляциясы, климаттық белдеулер мен климат типтеріне баға беріңіз.
- •Өзендер жүйесінің қалыптасуына жер бедері мен климаттың әсерін сипаттаңыз. Су ресурстары. Су ресурстарын шаруашылықта пайдалануына баға беріңіз.
- •Арктикалық шөл, тундра, субарктикалық шалғындар, тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, дала және орманды дала ландшафттарының сипаттамасына шолу жасаңыз.
- •Табиғи ландшафттардың антропогендік модификациясын сипаттаңыз, жерді пайдаланудың жағымды, жағымсыз салдарына баға беріңіз.
- •Азияның геологиялық құрылымы мен дамуы және жер бедеріне сипаттама беріңіз. Аравия, Үндістан, Қытай, Сібір платформалары, олардың даму тарихы, тектоникалық белсенділігін көрсетіңіз.
- •Шетелдік Азияның климат құрушы факторлары мен ішкі суларын қарастырыңыз.
- •Азияның аса ылғалды және қуаңды облыстарына сипаттама беріңіз.
- •Солтүстік Шығыс Сібір мен Батыс және Орталық Азия шөлді аймақтарындағы көлдердің шоғырлану себептеріне баға беріңіз.
- •Каспий, Арал және Балқаш көлдерінің мәселелерін қарастырыңыз. Гидроресурстарды пайдалануына баға беріңіз.
- •Қазіргі кезде ландшафттарды пайдалану, әртүрлі табиғат зоналарындағы жер және орман ресурстарын шаруашылықта игеруне сипаттама жасаңыз.
Өзендер жүйесінің қалыптасуына жер бедері мен климаттың әсерін сипаттаңыз. Су ресурстары. Су ресурстарын шаруашылықта пайдалануына баға беріңіз.
Өзендердің көбеюінің гидрологиялық режимі жауын-шашынның жаңбыр түріндегі мөлшеріне және олардың жаууының маусымдық айқын бөлінуіне байланысты. Экваторлық аудандар мен қиыр оңтүстік-батысқа ғана жауын–шашынның біркелкі түсуіне байланысты бірқалыпты режим тән.Оңтүстік Американың жер бедеріне биіктердің сан алуан түрлілігі және ең үлкен ойпатты жазықтар биік тау жоталарымен іргелес жату тән болады. Бұл ірі, әрі күрделі өзен торларының қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды.Кейбір өзен салалары, батпақты жыныстарды шайып, өте лайлы сулы болады («ақ» өзендер), басқалары мөлдір сулы, ал органикалық қосылыстардың ерітінділері күңгүрт түсті («қараң өзендер) болады.Өзендердің қоректенуі.Өзендер қоректенуінің негізінен 4 көзі бар: жауын , қор, мұздық, жер асты. Қандайда болмасын қоректенуді көзінің рольі олардың уақыт ішіндегі ұштасуы мен бөлінуі негізінен алғанда климат жағдайларына тәуелді. Мысалы: ыстық климатты жерлерде қормен қоректену болмайды, тереңде жатқан груит суларыда өзенді қоректендірмейді, қоректенудің бір ден -бір көзі жаңбыр суы. Суық климаты елдерде өзенді қоректендіруде жазда қор суының , ал қыста жер асты суларының маңызы зор. Қоңыржай климатта қоректенудің әр түрлі көздері ұштасып келеді.Қоректенуге қарай өзендегі судың мөлшері өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер өзен деңгейінің ауытқуларынан байқалады. Қоректенуде ері ген қар суы маңызды роль қоңыр жай – суық климат өзендерінің режим інде 4 фаза немесе гидрологиялық маусым: Көктемгі су тасу, жазғы межень, к‰згі тасќын мен ќысќы межень болып бµлінеді.
Жер шарының су қабығы – Дүние жүзілік мұхит деп аталатын біртұтас бет. Оның ауданы 361,3 млн км2 (жер бетінің 71%), орташа тереңдігі 3,7 км, көлемі – 1 370 000 000 км3 (гидросфера көлемінің 94%). Жердің беті бойынша Мұхиттың суын біркелкі етіп жайғанда оны 2700 метрдей қалыңдықпен бүркеген болар еді. Жердің көлемімен салыстырғанда бұл қабат мардымсыз, аз, бірақ географиялық қабықшадағы əртүрлі үрдістер үшін маңызы орасан зор. Құрлықтар мен мұхиттар жер бетінде біркелкі таралмаған. Оңтүстік жарты шар мұхитты – оның ауданының 81%-ын, солтүстік жарты шардың 61%-ын алып жатыр. Планетамызда құрлықтар мен мұхиттардың біркелкі таралмауы Жер бетінің табиғи ерекшеліктерінің қалыптасуындағы негізгі фактор болып есептеледі. Шартты түрде Дүние жүзілік мұхит бір-бірінен оқшауланған, жеке бөліктерден – мұхиттардан – тұрады. Алғаш рет Дүние жүзілік мұхитты жекелеген бөліктерге жіктеуді 1650 ж. Голландия ғалымы Б.Варениус өткізген. Ол Дүние жүзілік мұхитты бес бөлікке бөлген: Солтүстік мұзды мұхит, Атлант, Тынық, Үнді жəне Оңтүстік мұхит. Кейбер шетелдік географтар осы уақытқа дейін осы классификацияны пайдаланады. Үнді, Атлант жəне Тынық мұхиттардың оңтүстік бөлігінің физикалық, химиялық, биологиялық жəне динамикалық қасиеттеріне байланысты Оңтүстік мұхиттың бар екендігін ТМД ғалымдары да мойындайды, бірақ оның шекарасының айқын анықталмауы мен зерттелмегендігінен қазіргі мұхиттар классификациясында Оңтүстік мұхит бөлінбеген. Сондықтан жер шарында төрт мұхит бөлінеді.
Өзендер мен көлдер – адам баласы көне заманнан түрлі мақсаттарда: кеме шаруашылығында, тұщы сумен жабдықтауда, ағаш ағызуда т.б. пайдаланып келген аса маңызды табиғат ресурстарының бірі. Құрлық бетіндегі су бірліктері (өзен, көл, мұхит, теңіз) су қалыптасатын территорияның жер бедерінің, топырағы мен тау жыныстарының нəтижесі бола отырып əрқайсысының сумен қоректену жəне су жинау алабы (бассейні) болады. Су алаптары бір-бірінен жер бетінің биігірек нүктелері (өздері орналасқан территорияның) – су айрықтық жазықтар арқылы бөлініп жатады. Жер бетіндегі негізгі су айрықтық жазық Жер шарын 2 беткейге бөледі: Атлант - Солтүстік мұзды мұхиттық жəне Тынық - Үнді мұхиттық - осы беткейлер арқылы өзен сулары мұхиттарға құяды. Беткей Оңтүстік жəне Солтүстік Америка, Азия мен Африка арқылы, кейіннен Горн мүйісінен Анд тауларына, Скалистый тауларынан Беринг бұғазына, Азия тауларының шығыс жағалауымен, ендік бағытта оны кесіп өтіп Африканың шығыс жағалауымен оның оңтүстігіне созылып жатыр.
