- •Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
- •Жердің географиялық қабығының пайда болуы мен дамуындағы планетарлы космостық факторларды қарастырыңыз.
- •Құрлықтар мен мұхиттар құрылысының жалпы ерекшеліктерін сипаттаңыз. Құрлықтар мен мұхиттардың физгеографиялық аудандастыруының негізгі принциптеріне баға беріңіз.
- •Құрлықтар мен мұхиттардағы географиялық зоналылықтың айқындалуындағы планетарлы, аймақтық және провинциалық ерекшеліктерін қарастырыңыз.
- •Евразия табиғатының ерекшеліктері – оның ауқымды көлемі мен Солтүстік жартышардағы барлық географиялық ендік бойынша созылып жатуын анықтаңыз.
- •Еуропа территориясының қалыптасу ерекшеліктері мен жер бедеріне баға беріңіз. Еуропа платформасы мен оның бөліктері: Балтық қалқаны мен плитасының қалыптасуын сипаттаңыз.
- •Еуропаның климат құрушы факторларын анықтаңыз. Маусымдық жыл бойынша ауа массаларының циркуляциясы, климаттық белдеулер мен климат типтеріне баға беріңіз.
- •Өзендер жүйесінің қалыптасуына жер бедері мен климаттың әсерін сипаттаңыз. Су ресурстары. Су ресурстарын шаруашылықта пайдалануына баға беріңіз.
- •Арктикалық шөл, тундра, субарктикалық шалғындар, тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, дала және орманды дала ландшафттарының сипаттамасына шолу жасаңыз.
- •Табиғи ландшафттардың антропогендік модификациясын сипаттаңыз, жерді пайдаланудың жағымды, жағымсыз салдарына баға беріңіз.
- •Азияның геологиялық құрылымы мен дамуы және жер бедеріне сипаттама беріңіз. Аравия, Үндістан, Қытай, Сібір платформалары, олардың даму тарихы, тектоникалық белсенділігін көрсетіңіз.
- •Шетелдік Азияның климат құрушы факторлары мен ішкі суларын қарастырыңыз.
- •Азияның аса ылғалды және қуаңды облыстарына сипаттама беріңіз.
- •Солтүстік Шығыс Сібір мен Батыс және Орталық Азия шөлді аймақтарындағы көлдердің шоғырлану себептеріне баға беріңіз.
- •Каспий, Арал және Балқаш көлдерінің мәселелерін қарастырыңыз. Гидроресурстарды пайдалануына баға беріңіз.
- •Қазіргі кезде ландшафттарды пайдалану, әртүрлі табиғат зоналарындағы жер және орман ресурстарын шаруашылықта игеруне сипаттама жасаңыз.
Еуропаның климат құрушы факторларын анықтаңыз. Маусымдық жыл бойынша ауа массаларының циркуляциясы, климаттық белдеулер мен климат типтеріне баға беріңіз.
Европаның негізгі бөлігі қоңыржай белдеуде орналасқан. Сондықтан бұл белдеуде батыстан соғатын желдер басым, олар Солтүстік Атлантикадағы Исландия циклоны мен Азор антициклонының әсерінен пайда болады. Атлант ау массалары Батыс Европаның үстімен жиі қозғалып жылы және ылғалды климаттың қалыптасуына ықпалын тигізеді. Оңтүстіктегі түбектер субтропикалық белдеуде жатыр, жазда олар циркуляцияның тропиктік типінің әсеріне ұшырайды. Ал Фенноскандияның солтүстігіне суық жыл мезгілінде арктикалық ауа массалары келеді. Негізгі ылғалды Атлант ауа массалары Орталық Европаның шұңқырларының үстінде қалыптасады. Шетелдік Европа климатының негізгі ерекшеліктері: қыста – арктикалық массалар, жылы Гольфстрим ағысы, Исландия минимумы әсер етеді. Ауаның циркуляциясында полярлық жоғарғы қысымды облысы салқын арктикалық ауаны оңтүстікке апарып кей мезгілдерде олар Жерорта теңізіне дейін жетеді. Орташа температура 0ᵒ̵тан төмен. Мұхит беті суық мезгілде құрлықтан жылылау болып олардың үстінде төменгі атмосфералық қысым орнайды. Солтүстік Атлантиканың шығыс бөлігінде бұл процесс айқын байқалады, себебі мұнда Гольфстрим мен Солтүстік Атлант жылы ағыстарының нәтижесінде Солтүстік Атлантиканың үстінде тұрақты және өте терең Исландия депрессиясы қалыптасады. Азор антициклоны қыста оңтүстікке жылжып Европаның климатына қыста үлкен әсер ете алмайды.
Суық материк үстіндегі ауа тығызданып, төмендейді. Соның нәтижесінде атмосфераның жер бетіне жақын жатқан қабатында жоғарғы қысым облысы, ал жоғарғы қабаттарда төменгі қысым облысы пайда болады. Ылғалды және жылы Атлант ауа массалары мен континенттік суық ауа массаларының тоғысқан жерінде поляр фронты пайда болады. Оның траекториясы Шотланд қыраты мен оңтүстік Скандинавияның үстімен өтеді. Осы циклондар Европаға негізгі жылы ауа массалары мен көп жауын-шашын алып келеді.
Жазда Исландия минимумы әлсіреп, мұхит үстінде жоғарғы қысым орталығы қалыптасады да, Азор максимумы мен оңтүстік тропиктік ауа массаларының әсері басым болады. Соған байланысты жер бедерінің макро- және мезо құрылымы және жер бетіндегі мезо- және микро климаттың қалыптасуына негіз болады. Шамадан тыс ылғалдылықтың мол болу жағдайы (2000 мм/ж астам) Фенноскандияның оңтүстік-батысы, Пиреней тауының солтүстік-батысы, батыс Динар тау сілемдерінде орманды ландшафт типтерінің қалыптасуына жағдай туғызады. Шілде айының орташа температурасы Финляндияның оңтүстігінде +17ᵒС, ал Норвегияның солтүстігінде +13ᵒС-ға тең. Европаның қалған бөлігінде шілде изотермалары +17ᵒС(орталық Европаның солтүстігі) +20ᵒС(Францияның оңтүстігі) және +22ᵒС-ға дейін Дунай жазықтары жетеді. Батыс Европаның ең жылы аумағы – Жерорта теңіз жағалаулары. Шілде айының орташа температурасы +23+26ᵒС. Жауын-шашынның негізгі бөлігі Жерорта теңізі жағалауына қыс мезгілінде түседі, ал жазда бұл аудан атмосфералық ылғалдылықтың жетіспеушілігіне ұшырайды.
Жауын-шашынның көп мөлшерін Скандинавия тауларының батыс макробеткейлері мен Шотланд қыраты алады. Британь аралдарында жылдық жауын-шашынның мөлшері жел жақ беткейінде 2500-4000мм аралығында түссе, желге қарсы беткейінде 500-700мм түседі. Орталық аудандарында жылдық жауын-шашынның мөлшері мен ылғалдануы рельефке немесе жер бедеріне байланысты.
Орта Европа жазығында 550-750мм, Орталық орташа тауларда 1000-2000мм аралығында. Дунай бойы жазықтарында жауын-шашын мөлшері 5000мм жетсе, төменгі Дунай жазығының шығысында 300мм-ге жетеді.
Оңтүстік Апенинде жауын-шашын мөлшері 1500-2000мм, Динар таулы үстіртінің батысында 5000мм-ге дейін, ал Альпінің оңтүстік-шығыс беткейінде 4000мм-ге дейін. Жазда Жерорта теңізі аймағында 1айдан 5айға дейін жауын-шашын болмайды.
Жалпы шетелдік Европада мұхиттық климат түрлерінің дамуына: а) аумақтың орографиясы, яғни бірінші кезекте батыс ауа массаларының ағынының жолында тау тосқауылдарының жоқтығы(Скандинавия тауларынан басқа) теңіз ауасының материк ішіне терең енуіне мүмкіндік береді; б) климаттың ылғалдылығы батыс Европа аумағына терең еніп тұрған шығанақтар мен теңіздердің әсерінен күшейеді. Ең құрғақ табиғат кешендері субтропикалық белдеу жағдайларында дамыған. Ал Месетаның құрғақ далалы табиғи кешендері ылғалдылықтың жетіспеуімен (300 мм/ж) сипатталады.
Жер үсті және жер асты суларының антропогендік әсерден өзгеруі. Ағын суының қалыптасуына жер бедері мен климаттың әсері. Су шаруашылық балансы табиғи кешен дамуының негізгі параметрін анықтайды.
Қазіргі кезде Шетелдік Европаның су қорының сапасы мен саны жағынан жойылу мәселелері қарастырылады.
Климат типтері. Климаттық белдеулердің шекаралары рельефке байланысты анық білінбейді.
Арктикалық белдеуде(Шпицберген архиппелагы) жыл бойы суық арктикалық ауа массалары басым болады, ауаның температурасы өте төмен.
Исландия мен Скандинавияның қиыр солтүстігі субарктикалық белдеуде орналасқан.
Мұхит ауа массаларының басым болуына байланысты бұл аудандардың климаты қыста жылы және өте ылғалды, жазда салқын және ылғалды болады.
Қоңыржай белдеуде Европаның негізгі бөлігі орналасқан.
Қоңыржай белдеу екі бөліктен құралған:
Солтүстік бореальді(жазы салқын, қысы қатал)
Оңтүстік суббореальді(жазы жылы, қысы жұмсақ)
Атмосфералық ылғалдану дәрежесінің әртүрлілігі әр белдеу бөлігінде (подпояс) теңіздік, ауыспалы және континенталды климат типтерін бөлуге мүмкіндік береді.
Субтропикалық белдеуде Жерорта теңіздік Европа орналасқан. Ауа массаларының мезгіл бойынша ауысуы байқалады, қыста мұнда қоңыржай ауаның батыс желі басым, ал жазда тропиктік антициклон тұрады. Осының нәтижесінде Жерорта теңіздік Европада құрғақ және ыстық, жазы жылы және өте ылғалды қыс болады. Теңіздік және континенталды климат типтерінің айырмашылығы кез келген түбекте жергілікті жердің батыс циклондық ауа ағынына орналасуына байланысты көрінеді.
