- •Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
- •Жердің географиялық қабығының пайда болуы мен дамуындағы планетарлы космостық факторларды қарастырыңыз.
- •Құрлықтар мен мұхиттар құрылысының жалпы ерекшеліктерін сипаттаңыз. Құрлықтар мен мұхиттардың физгеографиялық аудандастыруының негізгі принциптеріне баға беріңіз.
- •Құрлықтар мен мұхиттардағы географиялық зоналылықтың айқындалуындағы планетарлы, аймақтық және провинциалық ерекшеліктерін қарастырыңыз.
- •Евразия табиғатының ерекшеліктері – оның ауқымды көлемі мен Солтүстік жартышардағы барлық географиялық ендік бойынша созылып жатуын анықтаңыз.
- •Еуропа территориясының қалыптасу ерекшеліктері мен жер бедеріне баға беріңіз. Еуропа платформасы мен оның бөліктері: Балтық қалқаны мен плитасының қалыптасуын сипаттаңыз.
- •Еуропаның климат құрушы факторларын анықтаңыз. Маусымдық жыл бойынша ауа массаларының циркуляциясы, климаттық белдеулер мен климат типтеріне баға беріңіз.
- •Өзендер жүйесінің қалыптасуына жер бедері мен климаттың әсерін сипаттаңыз. Су ресурстары. Су ресурстарын шаруашылықта пайдалануына баға беріңіз.
- •Арктикалық шөл, тундра, субарктикалық шалғындар, тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, дала және орманды дала ландшафттарының сипаттамасына шолу жасаңыз.
- •Табиғи ландшафттардың антропогендік модификациясын сипаттаңыз, жерді пайдаланудың жағымды, жағымсыз салдарына баға беріңіз.
- •Азияның геологиялық құрылымы мен дамуы және жер бедеріне сипаттама беріңіз. Аравия, Үндістан, Қытай, Сібір платформалары, олардың даму тарихы, тектоникалық белсенділігін көрсетіңіз.
- •Шетелдік Азияның климат құрушы факторлары мен ішкі суларын қарастырыңыз.
- •Азияның аса ылғалды және қуаңды облыстарына сипаттама беріңіз.
- •Солтүстік Шығыс Сібір мен Батыс және Орталық Азия шөлді аймақтарындағы көлдердің шоғырлану себептеріне баға беріңіз.
- •Каспий, Арал және Балқаш көлдерінің мәселелерін қарастырыңыз. Гидроресурстарды пайдалануына баға беріңіз.
- •Қазіргі кезде ландшафттарды пайдалану, әртүрлі табиғат зоналарындағы жер және орман ресурстарын шаруашылықта игеруне сипаттама жасаңыз.
Евразия табиғатының ерекшеліктері – оның ауқымды көлемі мен Солтүстік жартышардағы барлық географиялық ендік бойынша созылып жатуын анықтаңыз.
Еуразия жерінің жартысына жуығын алып жатқан таулы аймақтарға биіктік белдеулер тән болады. Таудың ең төменгі белдеуі тау орналасқан табиғат зонасына сәйкес келеді. Биіктеген сайын ылғалдың артуына қарамастан, ауа температурасы төмендеп тіршіліктің қарқынды дамуын тежейді. Сондықтан тау ормандарындағы ағаштар онша биік болмайды, ал топырақ жамылғысы жұқарақ келеді. Таулардың биік бөліктерінде қатал табиғат жағдайына бейімделген ірі жыртқыштар мен тұяқты жануарлар сақталған. Олардың қатарына Тибет пен Памир тауларын мекендейтін қодасты, Тянь Шань тауларындағы қар барысы мен ерекше құс - ұларды, Азияның биік тауларында тіршілік ететін аюлар мен арқарларды жатқызуға болады. Биіктік белдеулер Гималай мен Альпі тауларының оңтүстік беткейлерінде айқын байқалады.Мысалы, жауын-шашын өте мол түсетін Гималайдың оңтүстік беткейіндегі ең төменгі белдеу терая - өте батпақты келеді. Мұнда бамбук, павльмалар мен майлы ағаш, лианалардан тұратын қалың ну орманда буйволдар, жабайы пілдер мен қабылан, жолбарыстар мекендейді. Биіктеген сайын климаттың өзгеруі әсерінен белдеулер ауысып отырады да, 4500-5000 м биіктікте мәңгі қар мен мұз белдеуі басталады. Гималай аса ірі тау жүйесі болғандықтан оның беткейлеріндегі биіктік белдеулердің құрылымы бір біріне мүлдем ұқсамайды.
Еуропа территориясының қалыптасу ерекшеліктері мен жер бедеріне баға беріңіз. Еуропа платформасы мен оның бөліктері: Балтық қалқаны мен плитасының қалыптасуын сипаттаңыз.
Континентті Еуразия плитасының құрылымы мен жыныстарының литологиялық құрамының әртүрлігінен пайдалы қазбалары да алуан түрлі.
Көне Еуразия құрлығының ядросында пайдалы қазбалардың көп қоры шоғырланған: архей мен протерозой тау жыныстарында темір, марганец және хром рудалары (Скандинавия мен Үндістан) мен кейбір түрлі-түсті және сирек кездесетін металдар (мыс, кобальт) жеткілікті. Үндістан платформасының қойнауында алтын, алмаз және бағалы тастар көп. Көне кристалдық ядроның кейбір жыныстарын әшекей заттар жасау үшін пайдаланады, мысалы, Балтық қалқанындағы гранит.
Палеозой қатпарлы құрылымдары тараған аймақтар, әсіресе шетелдік Еуразия түрлі-түсті және сирек кездесетін рудаларға өте бай (мысалы, мырыш, қорғасын, сынап, уран, қалайы). Шөгінді жыныстарда мұнай мен газ, ал Үндістан платформасында Гондвана сериясымен тас көмірдің кен орындары байланысты. Ірі тас көмір кен орындарының таралуы да мысалы, Силез, Рур және шетелдік Еуропаның басқа да көмір бассейндерінің, Солтүстік-Шығыс Қытай кен орныдарының пайда болуы, палеозойлық тау алды иіндерімен байланысты.
Еуразияның солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік бөлігі мезозой мен кайнозой эраларында тау түзілу мен сығылу үрдістерінен өткен жас құрлықты- мұхиттық жапсарлы белдеуге жатады. Олардың континенттік бөлігі мен оған іргелес орналасқан мұхиттық қыртыстарының құрылымы күрделілігімен және рельефінің алуандығымен ерекшеленеді.
Тибет тау жүйесі мен Қарақорым тауында да мезозой эрасының қарқынды тау түзілу үрдістері көрініс тапқан. Бұл таулар Биік Азия деп аталатын Жер бетіндегі ең биік таулардың қатарына жатады. Олардың құрылымында әртүрлі жастағы қатпарлы кездеседі. Таулар антропоген кезінде және қазіргі кезде де көтеріліп келеді. Мезозой эрасында қатпарланып көтерілген Үндіқытайдың солтүстігі мен шығысы, Малакка түбегі кейінгі жас жарылымдардан аласарған да, орнында биіктігі орташа қатпарлы-жақпарлы таулар пайда болған.
Мезозой жыныстары тараған аймақтар бүкіл Еуразия құрлығы арқылы батысында Пиреней түбегінен оңтүстік-шығысында Үндіқытайға дейін созылып жатқан Альпі-Гималай қатпарлы белдеуімен қосылып кетеді.
