Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179__1201_rly_1179_tar_men_m_1201_khittardy_11...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
307.2 Кб
Скачать
  1. Құрлықтар мен мұхиттардағы географиялық зоналылықтың айқындалуындағы планетарлы, аймақтық және провинциалық ерекшеліктерін қарастырыңыз.

Физгеографиялық аудандастыру дегеніміз объективті түрде өмір сүретін табиғи және өзгерген географиялық кешендерді анықтау, картаға түсіру, жіктеу, олардың заттық құрамымен, құрылымымен, байланысымен және олардың қалыптасуына әсер етуші процестермен танысу. Нақтылы айтқанда аудандастырудың негізгі объектісі – алып жатқан территориясы мен күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жекелеген кешендер: планетарлық, регионалдақ және топологиялық /В.Б.Сочава бойынша/.

Кейбір, ғылыми әдебиеттерде «табиғи аудандастыру» терминін «физгеографиялық аудандастыру» терминінің синонимі ретінде қолданады, бірақ бұл екі түсініктің ортасына теңдік белгісін қоюға болмайды. /А.Е.Федина/ «Табиғи аудандастыру» ұғымы кең мағынада қолданылады, өйткені ол аудандастырудың барлық түрін: жеклеген компоненттерді де, физгеографиялық кешендерді де қамтиды. Ал физгеографиялық аудандастыру, шын мәнісінде, табиғи аудандастырудың бір бөлігі болса да жеке ғылыми бағыт деп есептеледі. Өйткені ол табиғи ортаның жеке компонеттерімен емес кешендерді зерттеумен айналасады.

Салалық табиғи аудандастырудың бірнеше түрлері бар: геоморфологиялық, климаттық, геоботаникалық, зоогеографиялық т.б. Ал ландшафтану ғылымының негізгі танып-білу объектісі комплекстік физгеографиялық немесе ландшафтық аудандастыру, яғни регионалдық деңгейдегі нақтылы геосистемалар немесе физгеографиялық аймақтар. Сонымен физгеографиялық аудандастыру мынадай мәселелерді қамтиды:

  1. Объективті түрде өмір сүретін жекелеген физгеорафиялық кешендерді анықау;

  2. Оларды картаға түсіріп, физгеографиялық аудандастырудың картасын құрастыру;

  3. Кешендердің заттық құрамымен танысу;

  4. Кешендердің пайда болуы мен жіктелуіндегі физгеографиялық процестер мен факторларды анықтау;

  5. Оларды белгілі бір жүйеге келтіру;

  6. Компоненттер мен кешендердің арасындағы система құрушы байланыстармен танысып, оларды ажырата білу;

  7. Кешендердің құрылымымен танысып, олардың моделін құрастыру;

  8. Табиғи процестер мен адам әрекетінен кешендердің өзгеру деңгейін көрсете білу;

  9. Физгеографиялық аудандастыруда пайдаланылатын әдістерді өңдеу. Жоғарыда атап өткен мәселелердің кез келгені ғылыми ізденістердің объектісі бола алады.

Сонымен, аудандастыруды ландшафтар систематикасының бір түрі деп те қарауға болады, өткені ол жіктеумен ұқсас. Олай дейтініміз бірінші және екінші жағдайда да әңгіме топтастыру туралы болып отыр. Бірақ ландшафтарды типологиялық топтастыруда біз олардың бір-бірінен алыс, жақын орналасқанына, араларында территориялық байланыс бар ма, жоқ па қарамастан, ең алдымен, олардың сапалық ұқсастығына көңіл бөлеміз. Ал, регионалдық топтастыруда керісінше сапалық ұқсастығы емес, олардың территориясының ортақтығына, генетикалық біртектілігіне назао аударамыз. Сондықтан, физгеографиялық аймақтар картада бір контурмен беріліп, тұтас территорияны қамтиды да өзіне сәйкес атау алады. Ал, жіктеуде бір топқа (тип, класс, түр) территориясы бойынша бытырап орналасқан ландшафтар енеді де олардың контурлары үзіліп беріледі. Сонымен, ландшафтарды жіктеуде олардың әрқайсысының жекелеген ерекшеліктеріне емес ортақ белгілеріне көңіл бөлінеді, ал аудандастыруда керісінше.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]