- •Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
- •Жердің географиялық қабығының пайда болуы мен дамуындағы планетарлы космостық факторларды қарастырыңыз.
- •Құрлықтар мен мұхиттар құрылысының жалпы ерекшеліктерін сипаттаңыз. Құрлықтар мен мұхиттардың физгеографиялық аудандастыруының негізгі принциптеріне баға беріңіз.
- •Құрлықтар мен мұхиттардағы географиялық зоналылықтың айқындалуындағы планетарлы, аймақтық және провинциалық ерекшеліктерін қарастырыңыз.
- •Евразия табиғатының ерекшеліктері – оның ауқымды көлемі мен Солтүстік жартышардағы барлық географиялық ендік бойынша созылып жатуын анықтаңыз.
- •Еуропа территориясының қалыптасу ерекшеліктері мен жер бедеріне баға беріңіз. Еуропа платформасы мен оның бөліктері: Балтық қалқаны мен плитасының қалыптасуын сипаттаңыз.
- •Еуропаның климат құрушы факторларын анықтаңыз. Маусымдық жыл бойынша ауа массаларының циркуляциясы, климаттық белдеулер мен климат типтеріне баға беріңіз.
- •Өзендер жүйесінің қалыптасуына жер бедері мен климаттың әсерін сипаттаңыз. Су ресурстары. Су ресурстарын шаруашылықта пайдалануына баға беріңіз.
- •Арктикалық шөл, тундра, субарктикалық шалғындар, тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, дала және орманды дала ландшафттарының сипаттамасына шолу жасаңыз.
- •Табиғи ландшафттардың антропогендік модификациясын сипаттаңыз, жерді пайдаланудың жағымды, жағымсыз салдарына баға беріңіз.
- •Азияның геологиялық құрылымы мен дамуы және жер бедеріне сипаттама беріңіз. Аравия, Үндістан, Қытай, Сібір платформалары, олардың даму тарихы, тектоникалық белсенділігін көрсетіңіз.
- •Шетелдік Азияның климат құрушы факторлары мен ішкі суларын қарастырыңыз.
- •Азияның аса ылғалды және қуаңды облыстарына сипаттама беріңіз.
- •Солтүстік Шығыс Сібір мен Батыс және Орталық Азия шөлді аймақтарындағы көлдердің шоғырлану себептеріне баға беріңіз.
- •Каспий, Арал және Балқаш көлдерінің мәселелерін қарастырыңыз. Гидроресурстарды пайдалануына баға беріңіз.
- •Қазіргі кезде ландшафттарды пайдалану, әртүрлі табиғат зоналарындағы жер және орман ресурстарын шаруашылықта игеруне сипаттама жасаңыз.
Құрлықтар мен мұхиттар құрылысының жалпы ерекшеліктерін сипаттаңыз. Құрлықтар мен мұхиттардың физгеографиялық аудандастыруының негізгі принциптеріне баға беріңіз.
Алғаш рет география ғылымына физгеорафиялық аудандастыру терминін енгізген Г.И.Танфильев еді. «Физикогеографические области Европейской России» 1897/. Ол физгеографиялық аудандарды шаруашылықтық аудандарды жіктеудің негізі деп түсінді. Осы кезеңнен бастап аудандастырудың теориялық және практикалық мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар кеңінен өріс алды. Қазіргі кезеңде бір-біріне ұқсас, ортақ ерекшеліктері көп болса да физгеографиялық аудандастыруға берілген анықтамалар көп-ақ. Мәселен, аудандастыру кезінде табиғи ортада объективті түрде өмір сүретін табиғи кешендерді тани білу, анықтау және олардың жиынтығынан біртекті географиялық қабаттың қалыптасатыны, яғни кешендердің ұқсастық және айырмашылық деңгейіне байланысты жекелеген табиғи аймақтарды жіктеу. Сонымен қатар, кейбір ғалымдар топтастыруды, картографиялық бейнелеуді, табиғи ресурстарды және территориясының жіктелуіндегі айырмашылықтың себептерін де есепке алады. /Н.А.Гвоздецкий, А.А.Григорьев, Ф.Н.Мильков, В.Б.Сочава т.б. Ал енді кейбіреулері физгеографиялық аудандастыруды табиғи ортаның әр алуандығын танып білудегі әдңс деп түсінеді /А.Д.Арманд, Т.П.Куприянова/.
Дегенмен, физгеографиялық аудандастыру күрделі теориялық және методикалық мәселелерді қамтитыны анық. Сонымен, физгеографиялық аудандастыру дегеніміз объективті түрде өмір сүретін табиғи және өзгерген географиялық кешендерді анықтау, картаға түсіру, жіктеу, олардың заттық құрамымен, құрылымымен, байланысымен және олардың қалыптасуына әсер етуші процестермен танысу. Нақтылы айтқанда аудандастырудың негізгі объектісі – алып жатқан территориясы мен күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жекелеген кешендер: планетарлық, регионалдақ және топологиялық /В.Б.Сочава бойынша/.
Кейбір, ғылыми әдебиеттерде «табиғи аудандастыру» терминін «физгеографиялық аудандастыру» терминінің синонимі ретінде қолданады, бірақ бұл екі түсініктің ортасына теңдік белгісін қоюға болмайды. /А.Е.Федина/ «Табиғи аудандастыру» ұғымы кең мағынада қолданылады, өйткені ол аудандастырудың барлық түрін: жеклеген компоненттерді де, физгеографиялық кешендерді де қамтиды. Ал физгеографиялық аудандастыру, шын мәнісінде, табиғи аудандастырудың бір бөлігі болса да жеке ғылыми бағыт деп есептеледі. Өйткені ол табиғи ортаның жеке компонеттерімен емес кешендерді зерттеумен айналасады.
Салалық табиғи аудандастырудың бірнеше түрлері бар: геоморфологиялық, климаттық, геоботаникалық, зоогеографиялық т.б. Ал ландшафтану ғылымының негізгі танып-білу объектісі комплекстік физгеографиялық немесе ландшафтық аудандастыру, яғни регионалдық деңгейдегі нақтылы геосистемалар немесе физгеографиялық аймақтар.
Зоналық принцип. Бұл принциптің негізін қалайтын географиялық қабаттағы ең маңызды заңдылық – зоналық құрылым. Осы принципке жүгіне отырып зерттеушілер картада физгеографиялық аудандардың зоналық кешендерін – зоналарды, ал тауларда биіктік белдеулерді ажыратады.
Азоналдық принцип географиялық қабаттың дамуы мен жіктелуіндегі басқа ерекшеліктерді ескереді, яғни физгеорафиялық кешендердің Жер бетінің, әсіресе кез келген территорияның геологиялық-геоморфологиялық құрылымының әсерінен өзгеруін. Физгеографиялық аудандастыру карталарында регионалдық бірліктер - елдер, провинциялар, аудандар көрсетіледі, ал зоналық бірліктер берілмейді.
Генетикалық принцип. Алғаш рет бүкіл территорияның және оның жекелеген физгеографиялық бірліктерінің даму тарихын танып білуде қолданылатын генетикалық принципті Н.А.Солцев пен И.В.Васильева ұсынды.
Зоналық-азональдық принцип нақтылы территориялардағы аудандастыру жұмыстарында кеңінен қолданылады (Н.А.Гвоздецкий, А.Г.Исаченко, Н.И.Михайлов, А.В.Чигаркин т.б.). Бұл принциптің негізі - регионалдық деңгейдегі физгеографиялық бірліктердің пайда болуы мен жіктелуіне бірдей уақытта зоналық және азональдық заңдылықтар әсерін тигізеді.
Комплекстік принцип. Бұл принципті алғаш рет Н.А.Гвоздецкий тұжырыдады да соңғы уақыттарда физгеографиялық аудандастыруда кеңінен қолданылады. Принциптің маңызы: физгеографиялық аудандастыруда территорияның шығу тегі, физгеографиялық бірліктердің бөліну себептері, жағдайы /генетикалық әдіс/ есепке алынады.
