- •Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
- •Жердің географиялық қабығының пайда болуы мен дамуындағы планетарлы космостық факторларды қарастырыңыз.
- •Құрлықтар мен мұхиттар құрылысының жалпы ерекшеліктерін сипаттаңыз. Құрлықтар мен мұхиттардың физгеографиялық аудандастыруының негізгі принциптеріне баға беріңіз.
- •Құрлықтар мен мұхиттардағы географиялық зоналылықтың айқындалуындағы планетарлы, аймақтық және провинциалық ерекшеліктерін қарастырыңыз.
- •Евразия табиғатының ерекшеліктері – оның ауқымды көлемі мен Солтүстік жартышардағы барлық географиялық ендік бойынша созылып жатуын анықтаңыз.
- •Еуропа территориясының қалыптасу ерекшеліктері мен жер бедеріне баға беріңіз. Еуропа платформасы мен оның бөліктері: Балтық қалқаны мен плитасының қалыптасуын сипаттаңыз.
- •Еуропаның климат құрушы факторларын анықтаңыз. Маусымдық жыл бойынша ауа массаларының циркуляциясы, климаттық белдеулер мен климат типтеріне баға беріңіз.
- •Өзендер жүйесінің қалыптасуына жер бедері мен климаттың әсерін сипаттаңыз. Су ресурстары. Су ресурстарын шаруашылықта пайдалануына баға беріңіз.
- •Арктикалық шөл, тундра, субарктикалық шалғындар, тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, дала және орманды дала ландшафттарының сипаттамасына шолу жасаңыз.
- •Табиғи ландшафттардың антропогендік модификациясын сипаттаңыз, жерді пайдаланудың жағымды, жағымсыз салдарына баға беріңіз.
- •Азияның геологиялық құрылымы мен дамуы және жер бедеріне сипаттама беріңіз. Аравия, Үндістан, Қытай, Сібір платформалары, олардың даму тарихы, тектоникалық белсенділігін көрсетіңіз.
- •Шетелдік Азияның климат құрушы факторлары мен ішкі суларын қарастырыңыз.
- •Азияның аса ылғалды және қуаңды облыстарына сипаттама беріңіз.
- •Солтүстік Шығыс Сібір мен Батыс және Орталық Азия шөлді аймақтарындағы көлдердің шоғырлану себептеріне баға беріңіз.
- •Каспий, Арал және Балқаш көлдерінің мәселелерін қарастырыңыз. Гидроресурстарды пайдалануына баға беріңіз.
- •Қазіргі кезде ландшафттарды пайдалану, әртүрлі табиғат зоналарындағы жер және орман ресурстарын шаруашылықта игеруне сипаттама жасаңыз.
Қазіргі кезде ландшафттарды пайдалану, әртүрлі табиғат зоналарындағы жер және орман ресурстарын шаруашылықта игеруне сипаттама жасаңыз.
Ландшафтар типке, тип тармағына және түрге жіктеледі. Ландшафтарды жіктеуде жылу және ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайлары, геоботан. белгілері ескеріледі. Жер шарындағыбарлық ландшафтардың жиынтығын ландшафтық сфера деп атайды. Ландшафтық түсірімдер нәтижесінде әр түрлі масштабтағы ландшафтық карталар жасалынады. Қазіргі кезде Географиялық ландшафттардың матем. моделі жасалынып, олар жайлы мәліметтер компьютерлік өңдеуден өткізіледі. Адам әрекетінен өзгерген ландшафт антропогендік (жасанды) ландшафт деп аталады. Географиялық ландшафт - геожүйе түрлерінің бірі. Барлық негізгі құрамбөліктері: бедер, климат, су, топырақ, өсімдіктер менжануарлар дүниесі өзара күрделі әрекетте және өзара шарттылықта болып, біртұтас үздіксіз жүйе құрайтын табиғи географиялық кешен. Ландшафттануда географиялық ландшафтының бірнеше топтық анықтамалары қалыптасты. Қоғамдық іс-әрекетте географиялық ландшафтының жүйенің ресурс өндіруші, орта құрушы және генетикалық қорды сақтаушы жүйе ретінде және табиғи ресурстарды жайғасты пайдалану мен қоршаған органы қорғаудың ең басты нысандарының бірі ретінде көрінеді.
Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған. Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі. Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор.Қазақстан ормандарының басым көпшілігі – Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр.
Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет.
ФГМ
16. Азия аймақтарының шөлейттену мәселелеріне баға беріңіз.
Шөлейттену – адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүз. климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін. Соңғы 50 жыл бойында дүние жүзінде 800 миллион га-дан астам жер Шөлейттенуге ұшыраған. Мұның негізгі бөлігі Африка құрлығына келеді. Мысалы, Сахара шөлі оңтүстікке қарай 650 – 700 км шамасында жылжыған, ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы Оңтүстік Африканың 60 миллион тұрғыны жарамды жерлердің Шөлейттенуі салдарынан өздерінің атамекенінен басқа аудандарға қоныс аударуға мәжбүр болады. Шөлейттену процесі Орталық Азия елдері мен Қазақстанда да жылдам қарқынмен дамуда. Түрікменстанда ұзындығы 1000 км Қарақұм каналының бойында 100 км-лік аймақта топырақ қайталама сортаңданып, шөлге айналды. Арал теңізінің деңгейі 14 м-ге төмендеп, аумағының азаюы салдарынан 2,5 миллион га-дан астам жер қу тақырға айналды. Бұл өңірден жыл сайын 75 миллион т. тұз желмен көтеріліп, 100 км және одан да шалғай өңірлерге жайылуы салдарынан Шөлейттену процесі одан әрі үдей түсіп отыр. Арал түбінің тұзы Тянь-Шань мен Памирдің мұздықтарына жетіп, олардың еруіне ықпалын тигізуде; Арал өңірі тұздарының тіпті Солтүстік мұзды мұхиттан да табылғаны анықталып отыр. Сондықтан БҰҰ-ның эксперттері Орталық Азия аумағындағы елдер өзара бірлесу арқылы кешенді іс-қимылға (орман-мелиорац., гидро-тех., сексеуіл егу, т.б.) және табиғатты ұтымды пайдалануға (малды жайып бағуды реттеу, жер-су қорларын тиімді қолдану, т.б.) тезірек көшсе ғана бұл мәселе оң шешімін тауып, нәтижесін береді деген тұжырым жасады. Шөлейттену процесінің кең етек алуына байланысты дүние жүзінде 17 маусым – Шөлейттенумен күрес күні деп белгіленіп, 1997 жылы “Шөлейттенуге қарсы күресу” туралы Конвенция қабылданған. Қазіргі уақытта дүние жүзінің эколог-ғалымдары Шөлейттенуді мүмкіндігінше тежеу үшін күш салуда. Мысалы, ауыл шаруашығы әдісі, яғни, тақырланып қалған және адам пайдаланбайтын жерлердің көлемін азайту үшін – терраса салу жиі қолданылады.
17. Солтүстік Американың геологиялық тарихи мен жер бедері дамуының негізгі кезеңдеріне шолу жасаңыз.
Солтүстік Америка – батыс жарты шардағы құрлық. Жер аум. 20,36 млн. км2 (аралдарымен қоса есептегенде 24,25 млн. км2). Тұрғыны 476 млн. адам (2000). Солт. Мұзды мұхит (құрлыққа тереңдеп еніп жатқан Гудзон шығанағымен), Атлант (Мексика шығанағымен) және Тынық мұхитпен (Калифорния шығанағы) қоршалған. Ірі аралдары: солт-нде Гренландия, Канаданың Арктик. топаралы, батыс жағалауында Алеут, Александр топаралдары, Ванкувер, Королева Шарлотта; шығ-нда Вест-Индия, Ньюфаундленд, т.б. аралдар бар. Iрі түбектері: Бутия, Мелвилл (солт-нде), Лабрадор, Флорида (шығ-нда), Юкатан (оңт-нде), Аляска, Калифорния (бат-нда).
Жер бедері
Құрлықтың беткі құрылысы әр түрлі: бат-н Кордильера тау жүйесі, шығ-н кең алқапты жазықтар мен орташа биіктіктегі таулар алып жатыр. Батыс бөлігінің орташа биікт. 1700 м, шығысында 200 – 300 м, құрлық бойынша 720 м. С. А-ның ең биік жері – Мак-Кинли шыңы (6193 м), теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жері – Ажал аңғары (–85 м). Солт. және солт.-шығысында Лаврентий қыраты (300 – 600 м), оңт-ке қарай Орталық жазық (200 – 500 м) орналасқан. Бат-ндағы Ұлы жазық (500 – 1500 м) солт-ндегі Макензи ойпатына жалғасады. Орт. жазық шығ-нда Аппалач тауларына тіреледі. Кордильера тау жүйесі солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай созыла орналасқан бірнеше доға тәрізді тау жоталарынан тұрады. Шығыс доға Брукс, Макензи, Элберт және Шығыс Сьерра-Мадре тау жоталарын біріктіреді. Бұл жоталар батысқа қарай Жағалық жоталар, Юкон, Колумбия, Колорадо, Үлкен Алап, т.б. үстірттер мен оңт-ндегі Мексика таулы қыратына ұласады. Бір-бірінен тау жоталары мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген.
Геологиясы
Құрлықтың геол. негізі – Солт. Америка платформасы. Бұл ең көне құрылым каледондық (құрлықтың солт.-шығысы, Гренландия, Ньюфаундленд аралдары, Солт. Аппалач), герциндік (Оңт. Аппалач, Уошито жотасы, Канаданың Арктик. топаралы), мезо-кайнозойлық (Кордильера) құрылымдармен қоршалған. Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы жағалауларындағы мезо-кайнозойдың қалың шөгінділерімен жабылған ойпаттар осы платформалардың плиталары болады. Плейстоценде бүкіл Солт. Американың солт. бөлігін Тынық мұхитынан Атлант мұхитына дейінгі 14 млн. км2 жерді мұздықтар басты. Платформаның мейлінше тұрақты бөлігі – Канада қалқаны (7 млн. км2) кембрийге дейінгі кристалды тау жыныстарынан (гранит, гнейс) тұрады. Платформаның шөгінді беткі қабаты палеозой, мезозой және кайнозойдың континенттік жыныстарымен жабылған. Іргетас аум-нда бірнеше антеклизалар мен синеклизалар бар. Кен байлықтары. Кен байлықтарының негізгі бөлігі Канада қалқаны мен Кордильера тау жүйесінде шоғырланған. Жоғ. көл мен Лабрадорда ірі темір кендері, платформаның шөгінді жыныстарында мұнай мен газдың, тас көмірдің мол кендері бар. Кордильерада алтын, күміс, мырыш, қорғасын, молибден, вольфрам, Колорадо үстіртінде уран, Аппалач тауларында тас көмір мен темір кентасы, Сеңгір таулардың палеозой шөгінділерінде фосфорит, төм. мезозойда уран кендері бар. Мексика шығанағы жағалауында, Калифорнияда, Оңт. Аляскада, Ұлы жазықтың солт-нде мұнай мен газдың ірі кен орындары шоғырланған.
18. Солтүстік Американың пайдалы қазбаларының негізгі кен орындары және олардың геологиялық құрылымымен байланысын ажыратыңыз.
Солтүстік Американың жер бедерінде жазықтар басым. Таулар материктің үштен бір бөлігін алып жатыр. Материктің жазық жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан. Платформаның солтүстік бөлігі жаппай мұз басудың нәтижесінде майысып, төмен түскен. Кейіннен мұхит деңгейі көтерілген кезде бұл бөлікте Канаданың арктикалық архипелагы, Гудзон шығанағы мен бұғаздар жүйесі қалыптасты. Әсіресе Гудзон шығанағының жағалауы қатты майысқан, мұнда ойпаттар тараған. Платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар Гренландия аралы мен Лабрадор түбегінде жер бетіне шығып жатыр. Ежелгі платформаның осы бөлігі Канада қалқаны деп аталады. Бұл бөлікке көтеріңкі жазықтар мен таулы үстірттер тән. Оңтүстікке қарай жер бедері аласарып, қалың шөгінді жыныстармен жабылған орталық жазыққа, одан Миссисипи ойпаты мен Мексика− шығанағының жағалау жазықтарына ұласады. Платформаның батыс бөлігінде Кордильераға қарай баспалдақ тәрізді бітріндеп биіетейтін, кең алқапты Ұлы жазық жатыр. Ұлы жазық таудан басталатын өзен аңғарлары мен күшті тілімденген. Материктің 40° с.е. дейінгі солтүстік бөлігін бірнеше ретт жаппай мұз басқандықтан, жер бедерінде мұздықтардың әрекетінен пайда болған үлкен жартастар, « қой маңдай » тастар, мұзжықтар қазған қазаншұңқырлар көптеп кездеседі.
Ірі қазаншұңқырларды алып жатқан мұздық − тектоникалық көддер жүйесі бір − бірімен қысқа өзендер жүйесімен жалғасып жатыр. Орталық жазық түгелімен мұздықтар өңдеп тасымалдаған жыныстар − мореналармен жабылған. Миссисипи ойпатын өзен тасымалдап әкелген жыныстар жауып жатыр. Материк жағалауындағы жазықтар теңіздік шөгінділеден түзілген [5].
Платформаның солтүстігі мен шығысында палеозойлық аласа және орташа биіктегі таулар орналасқан, оларға Канаданың арктикалық архипелагының солтүстігі мен Гренландия аралының шығысындағы және Аппалач таулары жатады.
Солтүстіктегі таулар мұздықтардың әсерінен өте күшті тілімденген, ал Аппалач тауларын көптеген өзен аңғары ұзына бойы да, көлденеңінен де кесіп өтеді. Аппалач тауы жер бедерінің сипаты, биіктігі жөнінен Еуразиядағы Орал тауына өте ұқсас: тау беткейлері көлбеу, шыңдары күмбез тәрізді жұмыр болып келеді.
Материктің батыс бөлігін бойлай жер шарындағы ұзын тау жүйелері болып есептелетін Кордильера тау жүйесі созылып жатыр. Кордильера испан тілінен аударғанда « тау жотасы, тау тізбегі » деген мағынаны білдіреді. Себебі Кордильера бір − бірімен жалғасқан тау жоталарының бірнеше қатар тізбектерінен тұрады. Мұндағы үшкір шыңдар тізбегенен тұратын тау жоталары сьерралар деп аталады. « Сьерралар » испан тілінен аударғанда « ара » деген мағынаны білдіреді. Шындығында да Сьерра − Невада, Сьерра − Мадре жоталарындағы қатар тізіле орнласқан шыңдар ара тістеріне ұқсайды. Кейбір тау тізбектерінің барлығын өте көлемді, кең алапты қамтитын көтеріңкі жазықтар мен үстірттер алып жатыр. Бұл таулар асқақтығымен, шетсіз − шексіз алаптығымен, табиғатының көз жауын алатын әдемілігімен таңғалдырады. Өте терең тау аралық ойыстар мен каньондар асқар шыңдар, алып жанартаулармен қатар кездеседі. Кордильераның ішкі бөліктерінде жанартаулар атқылауынан Йеллоустоун үстірті орналасқан. Мұнда 3000 − нан астам гейзерлер мен ыстық бұлақтар бар.
Кордильердің биік бөлігі оның солтүстігінде орналасқан, мұнда тауларды қалың мұз басып жатыр. Мұздықтардың кейбіреулері тау етектеріне дейін төмендеп, теңіз жағалауына тіреледі. Кордильера екі литосфералық тақтаның түйіскен жеріне түзілген тау жүйесі болғандықтан жер қыртысында көптеген жарықтар пайда болған. Олардың бойында сөнбеген жанартаулар тізбегі орналасып, күшті жер сілкінулер байқалады. Бұл апатты оқиғалар адамдар өміріне қауіп төндіріп көп қайғы − қасірет әкелед. Мысалы, 1985 жылы Мехико қаласында болған жер сілкінудің нәтижесінде төрт мың адам қаза тауып он үш мыңнан астам адам баспанасыз қалды .
Пайдалы қазбалары. Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға бай. Материктің солтүстігіндегі жазықтарда металдардың кен орындары кең таралған. Орталық жазық пен Ұлы жазықтың шөгінді жыныстарында және Миссисипи ойпатында мұнай мен газ, тас көмір көп. Аппалач пен оның тау бөктерінде темір мен таскөмірдің бай кен орындары бар. Кордильера тау жүйесінің қойнауы шөгінді жолмен қалыптасқан мұнай, газ, таскөмңрмен қатар, магмалық жолмен түзілген түсті метелдарға, алтын мен уранға бай болып келеді. ХІХ ғасырда Кордильера қойнауынын өзендер ағызып әкелген шөгінді жыныстардан алтынды шайып алу кең етек алды. Мол алтынға кенеліп, тезірек баюды ойлаған мыңдаған адамдар материктің батысына қарай ағылды. 1849 жылы алтын іздеушілердің осындай бір тобы аптап ыстық пен шөлге шыдамай қаза болған. Кейіннен « Өлім аңғары » деген атаққа ие болды. Тарихта бұл кезең «алтын безгек » деп аталды.
19. Солтүстік Американың жалпы және аймақтық климат құрушы факторларына сипаттама беріңіз.
С. А. қиыр солт-те арктикалық белдеу мен оңт-нде субэкваторлық белдеулер аралығында орналасқан. Батыс және шығыс жағалауының климаты мұхиттық, ішкі аудандарында – континенттік. Арктик. климаттық белдеуге Солт. Мұзды мұхит суымен қоршалған аймақ кіреді; бұл өңірдің климаты қатаң, жауын-шашынды. Субарктик. климаттық белдеудің батыс бөлігінің жауын-шашыны мол, қысы жылы, жазы салқын. Қоңыржай климаттық белдеу (40° с.е-тен солт-ке) жұмсақ, өте ылғалды (бат-нда), қоңыржай континентті (шығ-нда). Субтропиктік климаттық белдеу жұмсақ жерортатеңіздік типке жатады. Калифорния түбегі мен Мексика таулы қыратының орт. бөлігі тропиктік климаттық белдеуде жатыр. Субэкваторлық климаттық белдеуге жататын Орт. Американың оңт. бөлігінің климаты тұрақты ыстық, жазы ылғалды, қысы құрғақ келеді. Қаңтардың жылдық орташа темп-расы –36°С-тан (солт-нде) 20°С-қа дейін (оңт.) артады. Ең төм. темп-ра – 64°С (Аляска мен Канаданың солт.-батысында) және – 70°С (Гренландияда) байқалды. Шілденің жылдық орташа темп-расы – 4°С-тан (солт.) 32°С-қа дейін (оңт.). Ең жоғ. темп-ра – 56,7°С Ажал аңғарында (Батыс жарты шардағы ең жоғ. көрсеткіш) байқалды. Жылдық жауын-шашын мөлш. Аляска мен Канаданың батыс жағалауы мен АҚШ-тың солт.-батысында 2000 – 3000 мм, құрлықтың оңт.-шығысында 1000 – 1500 мм, Орт-ндағы жазықтарда 400 – 1200 мм, ішкі үстірттерде 100 мм, Калифорния түбегінде 100 – 150 мм-ден аспайды.
Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар орналасқандықтан, климаттық жағдайлары ұқсас болып келеді. Материк солтүстік жарты шардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді.
Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы; солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасуы; оңтүстігіне қарай сүйірленуі; батысы биік таулы, ал шығысының аласа болуы; ендік бағыттағы таулардың болмауы − міне осының бәрі климаттың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырады.
Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық ауа массалары еш кедергісіз оңтүстігіндегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Осының нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады. Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа массаларының әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан оңтүстікте Мексика шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке қарай емін − еркін өте алады. Осы ауа массалары арасындағы температура мен қысымның үлкен айырмашылықтары материктің орталық бөлігіндегі жазықтарда өте құбылмалы ауа райын қалыптастырады. Сондықтан күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар − торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км − ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырына қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды дауылдар жиі байқалады. Ал Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті, апатты дауылдар − долы ( ураган ) жиі болып тұрады. « Ураган » майя тілінде « дауыл құдайы » деген мағынаны білдіреді.
20. Меридиан бағыттағы ірі орографиялық элементтердің климатқа әсерін бағалаңыз.
Меридиан (лат. meridianus — жарым күндік, тал түс)
1) Географиялық (жер) меридиан, жер шарының полюстері арқылы экваторды тура көлденең кесіп өтетін сызық. Меридианның бірі шартты түрде бастапқы (бірінші, нәлдік) болып алынады да, одан бойлықтың шығысқа (шығыс бойлығы) және батысқа (батыс бойлығы) қарай есебі жүргізіледі. Халықаралық келісім-шарт бәйынша бастапқы меридиан Гринвичтегі (Ұлыбритания) обсерватория арқылы өтетін меридиан деп қабылданды. Меридиан көлденең сызықтармен бірге градустық торды құрайды. Ол жер бетіндегі нүктенің орнын анықтау үшін қажет.
2) Жердің магниттік меридианы; жердің магниттік өрісінің күш сызығының жер бетіндегі проекциясы болып табылатын және берілген нүктеден өтетін сызық. Магниттік меридиан арқылы өтетін тік жазықтык магниттік меридианның жазықтығы деп аталады. Жер бетінің кез келген нүктесіндегі магниттік жазықтық пен географиялық меридиан жазықтығы арасындағы бүрыш магнитті бүрылу деп аталады.
3) Геомагниттік меридиан; жер бетін жазықтықпен кесу сызығы. Жер бетінің кез келген нүктесі және оңтүстік және солтүстік геомагниттік полюстерді қосып түрған түзу сызық арқылы өтетін сызық.
4) Аспан меридианы; аспан сферасының зенит пен оңтүстік және солтүстік полюстер арқылы өтетін, үлкен шеңбері.
21. Су ресурстарын пайдалану мәселелерін қарастырыңыз.
Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді.
Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды.
Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс, марганец, қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады. Металдардың ішінен су қоры үшін ең қауіптісі сынап, қорғасын және олардың қосылыстары.
Су қорларының ластануының бір түрі - жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңділік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін.
Жер асты сулары көп аудандарда тұщы сулардың көзі болып табылады. Алайда соңғы кезде адамның шаруашылық тіршілігі барысында көптеген жер асты сулары да ластануда. Адамзат өз қажеті үшін тұщы судың орасан көп мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы. Сондай-ақ тұщы суларды көп пайдаланатын салаларға - тау-кен орындары, химия, мұнай химиясы, қағаз- целлюлоза, тамақ өнеркәсіптері жатады. Бұлардың еншісіне бүкіл өнеркәсіпке жұмсалатын судың 70% келеді.
Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін ас суды көп пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне байланысты адам басына шақ қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді. Өткен 50-60 жыл ішіндегі суды пайдалану мәліметтеріне сүйене отырып, жыл сайын суды пайдалану артып, табиғат үшін орны толмайтын судың мөлшері 4-5%-ды құрайтыны есептелген. Суды пайдалану және ысырап ету осы қарқынмен жалғаса берсе, халық санының өсуіне және өндіріс орындарының дамуына байланысты 2100 жылға адамзат тұщы судың бүкіл қорын тауысуы мүмкін. Қазіргі кездің өзшде тұщы судың жетіспеуі, су ресурстары жеткілікті жерлердің өзінде де байқала бастады. Тұщы сумен қала халқының 20%, ауыл халқының 50% қанағаттандырылмай отыр.
Сумен қамтамасыз ету Қазақстанда аумақтар бойынша біркелкі таралмаған. Сумен тек Шығыс Қазақстан облысы ғана жақсы қамтамасыз етілген (290 мың м3/1 км²). Ал Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілген. Жалпы Қазақстан бойынша табиғи су ресурстары туралы мәліметті 9 естеден көруге болады.
Мыңжылдық даму мақсаттарының есебі бойынша, Қазақстан халқының басым көпшілігі ауыз судың сапалы көздерін пайдалану, сумен жабдықтау мен санитарлық қызмет көрсетуді қаржыландыру жағынан дәреже-деңгейі темен күйде қалып келеді. Республикада су құбырлары желісінің 70% жұмыс істемейді және 23% санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес. Жұртшылықтың лайланған ашық ауыз су көздерін, өзен-көл, арық, құдық суларын пайдалануынан жыл сайын жұқпалы аурулар, сүзек, сары ауру, тырысқақ пен ішек, асқазан аурулары өршіп бара жатыр. Мысалы, Атырау облысы тұрғындарының 20% кермек татыған су ішіп, арық суларын пайдаланады. Таза сумен қамтылған делінетін Алматыдағы су жүйелерінің 70% тұрмысқа жарамсыз.
Судағы химиялық және улы заттардың мөлшерін Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) реттеп отырады. Олар - бериллий, молибден, селен иондары және кейбір синтетикалық және радиоактивті заттар. Бұл заттардың әрқайсысының шекті конңентраңиясы да әртүрлі. Әдетте, миллиграмның мыңнан, он мыңнан бір бөлігі. Мысалы, мышьяктың шекті мөлшері - 0,05 мг/л, селен - 0,001 мг/л. бериллий - 0,0002 мг/литр. Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қызмет бүкіл орталық су жүйесіндегі: су сақтау қоймаларында, оның жүйеге түсер жерінде, бөліну жүйесінде судың сапасы үнемі бақылап отырады. Егер су құбыры жүйесі 10 мың адамға қызмет көрсетсе Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) айына 2 рет, 100 мың адамға - айына 100 рет, 100 мыңнан аса адамға - айыңа 200 үлгі алып бақылап отырады.
Суды тазалаудың жаңа технологиялары.[өңдеу]
Ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі - қайта өңдеп пайдалану, тазалаудың жаңа технологияларын қолдану, ұйымдастыру шаралары. Суды қайталап (екінші рет) пайдалану өнеркәсіп орындарында әртүрлі технологиялық процестерде қолданылады. Қазіргі таңда суды тазалаудың жаңа: физикалық, химиялық, биотехнологиялық әдістері қолданылады.
Физико-химиялық әдістерге радиаңиялық, ион алмасу, тотығу- тотықсыздану және т.б. әдістер жатады. Радиациялық тазалауда иондалған сәулелену әсерінен улы заттар залалсызданады. Ион алмасу арқылы тазалауда суды тек ластатқыштардан ғана тазартып қоймайды, сондай-ақ қайта пайдалану үшін бағалы химиялық қосылыстарды жеке іріктеп, жинап та отырады. Бұл әдісте ластаушылармен ион алмасу реакциясына түсетін иониттер (балшықты минералдар, фторапатиттер, ион алмасу шайырлары) қолданылады. Ақпа сулар - бұл өнеркәсіпте және тұрмыста пайдаланғаннан шыққан сулар. Ақпа суларға сондай-ақ ғимараттар салынған территориядағы жаңбыр, нөсер сулары да жатады.
Ақпа суларда адам организміне қауіпті көптеген органикалық және минералдық зиянды заттар болады. Сондықтан ол суларды сүзу, тазалау орындарында, биологиялық тоғандарда және т.б. жерлерде залалсыздандыру және тазалау қажет.
Химиялык (реагентті) тазалау - бейтараптаудан (нейтрализация) және тотығу-тотықсызданудан тұрады. Бейтараптау - сілтілердің әсерімен ерітіндінің қышқылдық қасиетін жоюға, ал қышқылдармен ерітіндінің сілтілік қасиетін жоюға алып келетін химиялық реакция. Кез-келген тотығу- тотықсыздану реакциясы сол мезеттегі кейбір компоненттердін тотығуының, кейбіреулерінің тотықсыздануының нәтижесі. Кең тараған тотықтырғыштарға: оттегі, ауа, озон, хлор, гипохлорит, сутегі қос тотығы, ал тотықсызданғыштарға - хлорит, темір сульфаты, гидросульфит, күкірт диоксиді, күкірттісутек жатады.
Биохимиялық тазалау - аэробты және анаэробты биохимиялық тазалау дан тұрады. Аэробты биохимиялық тазалау - өндірістік және тұрмыстық пайдаланылған сулардың микроорганизмдер әсерінен тотығуы нәтижесінде (оттегінің қатысуымен ) органикалық заттарын минералдау. Анаэробты биохимиялық тазалау оттегінің жоқ немесе жеткіліксіз жағдайында жүреді. Бұл жағдайда судағы оттегінің көзі ретінде құрамында оттегі бар аниондар қызмет етеді.
Суды залалсыздандыру - судың ауру тудырғыш микроорганизмдерден (оба, тырысқақ, іш сүзегі, жұқпалы гепатит т.б.) тазалануы. Көптеген жылдар бойы ішетін суды хлордың к өмегімен залалсыздандырып келді. Алайда, полихлорлы бифенилдердің улы екені, олар көбіне майлардың құрамында кездесетіні белгілі боды. Тотыға отырып, олар өте улы диоксинді түзеді . Қазіргі кезде суды озонмен өңдейді.
Әртүрлі, сондай-ақ суғару мен топырақты тыңайтуға пайдаланатын ақпа сулар да адамдар мен жануарлар үшін қауіпті болып, топырақ құнарлылығы мен өсімдіктердің өсуіне, дамуына және ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына теріс әсер ететін патогенді микроорганизмдердің көзі болуы мүмкін. Аурудың жұғу қауіптілігі топырақ пен өсімдіктерге ақпа сулардан келіп түсетін патогенді микроорганизмдердің тіршілік ұзақтығына байланысты.
Тіпті тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін жұмысшының қол жуған суы да микробиологиялық санитарлық бақылаудан өтеді. Бақылау жұмыс басталар алдында жүргізіледі. Бұл жағдайда қолдағы микроорганизмдердің жалпы саны мен ішек таяқшасы тобына жататын бактериялардың бар-жоғы анықталады.
Судың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгеруі салдарынан, оның табиғи тазару және жаңғыру қабілетінің азаюынан су ресурстарының жағдайы өзгереді. Сондықтан барлық су ресурстары ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғалуы тиіс. Олай болмаса, табиғи жүйенің экологиялық тұрақтылығы бұзылып, халықтың денсаулығы нашарлап, балық қорлары азаюы және сумен қамтамасыз ету нашарлауы мүмкін. [1]
22. Ірі өзендерге қысқаша сипаттама беріңіз: Миссисипи, Маккензи, Колумбия, Колорадо, Рио-Гранде.
Миссисипи (Mіssіssіpі – үндістерше «үлкен өзен») — Солтүстік Америкадағы ең ірі өзен. Дүние жүзіндегі аса ірі өзендердің бірі. ұзындығы 3950 км, Миссуридің бастауынан есептегенде 6420 км. Алабы 3268 мың км2, орташа жылдық су ағымы сағасында 19000 м3/с. Ірі оң салалары – Миссури, Арканзас, Ред-Ривер, сол салалары – Висконсин, Иллинойс және Огайо. Миннесота штатындағы шағын көлден басталып, АҚШ-ты солтүстігінен оңтүстікке қарай өлы жазықтарды бойлап қиып өтеді де, Мексика шығанағына үлкен атырау жасап құяды. Миссисипи жыл сайын теңізге 360 миллион тұнба алып барады да атырауы Мексика шығанағының ішіне қарай жылына 100 метрдей жылжиды. Қар, жаңбыр суымен толығады. Оң салалары арқылы Сеңгір тауларынан, көбінесе, еріген қар суы, сол салаларымен жаңбыр суы келіп қосылады. Көктем мен жазда тасиды. Жоғарғы жағы қыста 3 – 4 ай қатады. Миссисипи өзен жүйесіндегі кеме жолының ұзындығы 25 мың км-ден асады. Каналдар арқылы өлы көлдер алабымен және Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасады. Өзен кемелері Сент-Пол қаласына дейін (3 мың км-ден артық қашықтыққа), теңіз кемелері Батон-Руж қаласына дейін қатынайды. Миссисипи және оның салалары өзен алабының оңтүстік қуаң аудандарында жер суаруға пайдаланылады. Аса ірі қалалары мен порттары: Миннеаполис (Сент-Полмен қоса), Давенпорт, Сент-Луис, Мемфис, Батон-Руж, Жаңа Орлеан.
Макензи — Канаданың солүстік-батысындағы өзен. Бастауын Үлкен Еріксіздер көлінен алады. Макензи ойпатымен ағып, Солтүстік Мұзды Мұхиттағы Бофорт теңізіне құяды. Ұзындығы 1770 км, Пис-Ривер өзенімен қоса 4250 км. Алабының ауданы (Еріксіздер, Пис-Ривер, Атабаска өзендер жүйелерін қосқанда) 1804 км². Ірі салалары — Лиард, Пис. Қар және жаңбыр суымен толығады. Орташа су ағымы 11 мың м³/с. Қазаннан мамырға дейін мұз құрсанып жатады. Кеме жолының ұзындығы 2200 км. Макензи жағалауындағы ірі елді мекендер: Форт-Провиденс, Форт-Симпсон, Аклавик. Өзен шотландтық көпес А.Макензи есімімен аталады.
Рио-Гранде (Rіo Grande), Рио-Браво-дель-Норте — Солтүстік Американың оңтүстік-батысындағы, АҚШ пен Мексика жеріндегі өзен. Ұзындығы 2880 километр, су жиналатын алабының аумағы 570 мың км². Сеңгір (Жартасты) таулар жүйесіндегі Сан-Хуан тауынан басталып, қуаң үстірт, ішінара енсіз каньондар арқылы ағып, Мексика шығанағына құяды. Өзен Эль-Пасо қ-нан сағасына дейін АҚШ пен Мексика аралығындағы мемлекеттік шекара бойымен өтеді. Су деңгейі қыркүйек — қараша айларында көтеріліп, қуаң жылдары өзеннің кейбір телімдері құрғап қалады. Орташа су ағымы 570 м3/с. АҚШ пен Мексика мемлекеттері арасындағы келісім-шарт бойынша Рио-Гранде суын (энергия өндіру, жер суару) пайдалану үшін ірі бөгендер салынған. Өзен жағалауында Эль-Пасо, Ларедо, Альбукерке (АҚШ), Сьюдад-Хуарес, Нуэво-Ларедо (Мексика) қалалары орналасқан.
Колорадо (ис. Colorado – қызыл, боялған) – АҚШ пен Мексикадағы (төменгі ағысы) өзен. Ұзындығы 2440 км (оң саласы Грин-Ривермен қоса 3200 км). Алабы 635 мың км2. Сеңгір тауларындағы алдыңғы жотаның бат. беткейінен басталып, Тынық мұхиттың Калифорния шығанағына құяды. Атырауының ауданы 8600 км2. Колорадо үстіртінен өткенде көптеген терең каньондар (жалпы ұзындықтары 800 км) жасап ағады. Дүние жүзіндегі аса терең өзен аңғарларының бірі – Үлкен Каньон Колорадо бойында. Басты салалары: Сан-Хуан, Литл-Колорадо, Хила. Қар суымен толығады. Орта ағысындағы су ағымы 508 м3/с, сағасында 5 м3/с. Өзенде бірнеше бөгендер, ірі СЭС-тер салынған. Төменгі ағысында кеме жүзеді.
Колумбия өзені (Columbіa) – Солтүстік Американың батысында, Канада мен АҚШ аумағындағы өзен. Ұзындығы 2250 км, су жиналатын алабы 670 мың км². Сеңгір тауларындағы Колумбия көліненен (800 м биіктікте) басталып, Колумбия үстіртімен ағып, Тынық мұхитқа құяды. Орташа су ағымы Те-Далс қаласы тұсында 5520 м3/с. Ең ірі саласы – Снейк. Колумбияның су энергетикалық қоры өте мол. АҚШ бөлігі бойында бөгет, бөген, аса ірі СЭС-тер (Джон Дей, қуаты 2700 мың Мвт, Гранд-Кули – 2300 мың Мвт, т.б.) салынған. Сағасынан 450 км-ге дейін кеме жүзеді.
23. Африка табиғатының басқа кұрлықтармен салыстырғандағы негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз. Геологиялық даму тарихын қарастырыңыз.
Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терең ойысы – Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады.
Өсімдіктер дүниесі
Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар – пальмалар (биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер, либериялық кофе ағашы және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасы кездеседі. Саваннаның негізгі ағашы – баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-ге жететін піл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен Калахари шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ, акация, құрма пальмасы, Намиб пен Карру шөлдерінде суккулентті өсімдіктерден сүттіген, вельвичия таралған. Африка – кофе мен құрғақшылыққа төзімді бидайдың отаны.
Жануарлар дүниесі
Африкада жануарлар өте көп және алуан түрлі. Құрлық сүтқоректі жануарларға, әсіресе, тұяқты жануарларға бай. Жер шарындағы 51 туысқа біріктірілетін сүтқоректілердің 1/4-і осында шоғырланған. Тек қана Африкаға тән жануарлардан африка піл, керік, зебр, адам тәріздес маймылдар – шимпанзе мен горилла, басы итке ұқсас маймылдар павиан мен мандрил, сондай-ақ бегемоттар, Мадагаскар аралығындағы лемурды атауға болады. Құрлықтың жануарлар дүниесі 19 ғасырда, әсіресе, 20 ғасырдың басында аяусыз қыру нәтижесінде күрт азайып кеткен. Қазір құрлық бойынша 150-ден астам ұлттық саябақтар, қорықтар, қамашаулар құрылған. Ірі ұлттық саябақтарға Рувензори, Кения, Серенгети, Вирунга, Цаво, Кафуэ, Калахари-Хемсбок, Крюгер, Намиб жатады.
24. Африканың негізгі климат құрушы факторларды бағалаңыз. Жыл маусымындағы ауа массаларының циркуляциясы. Құрлықтың ылғалдылығы мен термикалық режимін қарастырыңыз.
Африка климаты оның тропиктік ендіктерде орналасуы және жылдық жиынтық радияцияның көп болуымен анықталады (жылына 180-200 ккал\см2). Осыған байланысты Африка ең ыстық құрлық деп саналады.
Африка ендіктерінде мұхит үстінде пассаттар басым, бірақ құрлықтағы маусымдық термиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты олар экваторлық муссондарға ауысады. Екі жарты шарда да қысқы муссон пассатқа сәйкес келіп, континенттік ауаны экваторға тасымалдайды, ол жазда кері бағытта ылғалды муссон соғады. Тек Гвинея жағалауында экватордан солтүстікке қарай оңтүстік жарты шар пассаттары түрінде туындап, құрлықта төменгі қысым облысына тартылатын оңтүстік-батыс желдер теңізден жыл бойы соғып тұрады.
Ыстық құрлыққа келген төменгі қабатында тропиктік континенттіктен суық болатын орасан зор экваторлық ауа ағыны оны жоғарыға көтеріп, қарқынды конвекциялық нөсерлер туғызады. Экваторлық ауа солтүстікке маусым мен шілде айларында жылжып, тамыз бен қыркүйекте континенттік тропиктік ауамен оңтүстікке ығыстырылады. Жазықтарда экваторлық ауада қалыңдығы 1000-1600 м-ге жететін жерде ғана жауын-шашын түседі. Ылғалдық маусым мен жылдық жауын-шашын тропиктік климат белдеуіне қарай азаяды. Жауын-шашын таулардың жел жақ беткейлерінде көбейетіндіктен, Гвинея жағалауында жылына 3000 мм жауын-шашын түседі. Бұл жерде жыл бойы оңтүстік-батыс ылғалды желдер соғатын Колумбия жағалауының (Оңтүстік Америка) батыс жағалауына ұқсас жағдайлар орнайды.
Африканың климатына мұхит ықпалы басқа аудандарда атмосфералық қысымның мұхит орталықтарындағы ауа массаларының, циркуляциясымен және аз тілімденген таулы жағалаулар мен азиялық құрлыққа жақын орналасуымен шектеледі. Азор және Оңтүстік Атлант динамикалық максимумдардың шығыс шетімен желдер жағалауды бойлай соғатын және Канар мен Бенгель суық ағыстарындағы пассаттық инверсия әрекет еттін тропиктік ендіктердегі Атлант жағалауы бойындағы жауын-шашындар үшін циркуляциялық жағдайлар қолайлы емес.
Африканың шығыс жағалауының климатына Азия мен Үнді мұхиты орасан зор ықпал етеді. Суэц мойнағынан Гвардафуй мүйісіне дейін Африка құрлығының термобаралық жағдайлары Арабия түбегіне жалғасады. Гвардафуй мүйісінен 170 о.е. дейін жағалауға үнді экваторлық-муссонды циркуляция әсер етеді, ол 170 және 300 о.е. Дракон тауларының тау жақ беткейлері Оңтүстік-Үнді максимумының батыстағы желдеріне кездеседі.
Қыста құрлықтың солтүстік бөлігі оңтүстікке қарағанда біршама суық болады (77-сурет). Африканың солтүстік жағалауымен 120С изотермасы, ал оңтүстікте шетімен 200С өтеді. Тұйық Калахари ойпатында температура 250С-ден жоғары көтеріледі, ал Конго ойпаты мен Гвинея жағалауында термиялық экватор белдеуінде жыл бойы 250-260С температура сақталады.
Оңтүстікке қарай Азор, Оңтүстік Атлант, Оңтүстік Үнді Мұхит үстіндегі жоғарғы атмосфералық қысым орталықтары ауысады. Азор максимумының тармағы суыған Сахара арқылы өтіп, Шығыс Арабия максимумымен қосылады. Оңтүстік Африкада, Калахориде керісінше жергілікті баралық минимум қалыптасады. Сондықтан солтүстік жарты шар қыс кезінде бүкіл Африкадағы негізгі циркуляциялық процесс ауа массаларының солтүстіктен құрлықтың оңтүстігіне тасымалдау болып табылады.
25. Африканың ірі өзен жүйелері сипаттама беріңіз. Көлдік қазаншұңқырлар мен олардың шығу тегі. Шөлдерді игерудегі жерасты суларының рөлін аңықтаңыз.
Африкадағы өзендер жүйесінің неғұрлым жиі таралған жері-экватор маңы мен материктің оңтүстік-шығыс бөлігі. Шөлді аймақтарда өзендер өте аз. Керісінше кеуіп қалған арналар-уәдтер көп кездеседі. Олар сирак жауатын жаңбырлар кезінде ғана суға толады. Жер бедерінің шығысқа қарай көтеріңкі болуына байланысты өзендердің басым көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Материк ауданының 1/3 ішкі тұық алапқа жатады. Жер бедерінің көтеріңкі болуына және кристалды жыныстардың кең таралуына байланысты Африка өзендерінде шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Сондықтан өзен суларының гидроэнергетикалық қоры мол. Өзендердің барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді. Сондықтан экваторлық белдеу арқылы ағып өтетін өзендердің суы жыл бойы мол болады, ал басқа белдеулерде ылғалдың мөлшері мен түсу мерзіміне байланысты өзен деігейлері ауытқып отырады. Материктің ірі өзен жүйелеріне Ніл, Конго, Нигер, Замбези өзендері жатады.
Ніл (лат. Nіlus , гр. Neіlos ) – Африкадағы және дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. Ұзындығы 6671 км, алабының аумағы 2870 мың км2. Орташа су шығыны Асуан маңында 2600 м3/с (әр жылдары 500 м3/с-тан – 15000 м3/с-қа дейін ауытқиды). Шығыс Африка таулы үстіртінен 2000 м-ден астам биіктікте басталып, Жерорта теңізіне атырау жасап құяды. Ніл Рукарара өзені болып басталып, Кагера өзені арқылы Виктория көліне құйып, одан Виктория – Ніл деген атпен ағып шығады. Альберт көлінен кейін Альберт – Ніл, Асуа саласы қосылған жерде Бахр-әл-Жебел, Бахр-әл-Газал қосылғаннан кейін Ақ Ніл (Бахр-әл-Әбияд) деп аталады. Хартум қаласының тұсында Ақ Нілге Көгілдір Ніл қосылады да, сағасына дейін Ніл деп аталады. Жоғарғы бөлігінде ағысы қатты, арнасы шоңғалды және көптеген суқұламалар жасайды. Ең ірісі – Мерчисон сарқырамасы (биікт. 40 м). Таулы үстірттен шыққаннан кейін өзен аса кең, жайпақ қазаншұңқырды басып ағады. Ағысы баяулайды, арнасы тарамдарға бөлініп кетеді. Аңғарында кристалл тау жыныстары ашылған жерлерде шоңғалдар пайда болған (Хартум мен Асуанның арасында 6 шоңғал бар). Көгілдір Ніл алабында жаңбыр жазда мол жауады. Сондықтан Ніл төмен ағысында жаздағы су шығыны сабасына түскен кездегіден 5 есе асып түседі. Ніл аңғары адамзаттың ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Оның суы ежелден жер суаруға, кеме қатынасына, халықты сумен қамтамасыз етуге, балық аулауға пайдаланылып келеді. Ніл аңғарында Египет халқының 97%-ы тұрады. Бірнеше бөгендер мен СЭС-тер салынған (ең ірісі – Асуан СЭС-і). Кеме жүзетін су жолының ұзындығы 3000 км-ден асады. Жағалауында Хартум, Асуан, Каир, атырауында Александрия қалалары орналасқан.
Конго (Заи́р, Луалаба) — Орталық Африкадағы өзен. Негізгі бөлігі Конго Демократиялық Республикасынан ағып өтеді (оның Конго Республикасы және Ангола шекарасынан аз бөлігі өтеді). Африкада ұзындығы жөнінен екінші орында, әлемдегі суы жөнінен Амазонка өзенінен кейін екінші орынды алады. Жоғарғы ағысы (Кисангани қаласынан жоғары) Луалаба деп аталады. Экватор сызығын екі рет кесіп өтетін жалғыз ірі өзен. Салалары: Ридольфа Танганьика
Су алабының ауданы — 4 014 500[1] км². Конго ұзындығы — Чамбези бастауынан бастап 4700 км, Луалаба бастауынан бастап 4374 км құрайды. Луалаба Конго Демократиялық Республикасының оңтүстік шығысынан бастау алады.
Көлдері. Африканың ең ірі көлдерінің барлығы дерлік Ұлы Шығыс Африка жырылыстаның бойында орналасқан. Сондықтан пішіндері көбінесе созылыңқы болып келеді. Көлдер ең терең, жан жағын тік беткейлі, биік таулар қоршай орналасады. Көлдердің ең тереңі Танганьиканың ені 50-80 км, ал ұзындығы 650 км жетеді. Африканың ең үлкен көлі-Виктория платформаның аздап төмен түсіп, майысқан жерінде орналасқан. Сондықтан бұл көл онша терең емес (80м), жағалары жатық және өте күшті тілімделген. Виктория көлінің географиялық орнының ерекшелігіне байланысты көл бетінде күшті толқындар туғызатын қатты дауылдар болып тұрады. Эфиопия таулы қыратында лава тасқындарының өзен аңғарын бөгеуінен пайда болған Тана көлі бар, одан Көк Ніл ағып шығады.
Солтүстік Африкада ежелгі су айдындарының орнында сақталып қалған Чад көлі орналасқан. Оның суы таяз, тереңдігі 4-7 м ғана, ағынсыз көл болғандықтан суы тұзды. Субэкваторлық белдеудегі орнына байланысты көл ауданы екі есеге дейін ұлғаяды. Ал құрғақ кезеңде көл суы тартылып, батпақтанады, көл жағалауы тұз қабыршықтарымен жабылады.
Африка көлдерінің шаруашылық маңызы зор. Шығыстағы ірі көлдер кеме қатынасына пайдалынады. Көлдер балықтарға өте бай. Солтүстік жарты шардан жылы жаққа ұшатын құстардың басым көпшілігі осы көлдерде қыстап шығады. Шығыс Африкадағы табиғаты көркем көл жағалауларына дүниенің түпкір-түпкірінен келетін туристер саны жыл сайын артуда.
26. Топырақ пен өсімдіктер жамылғысының негізгі түрлерін аңықтаңыз. Флора мен фауна эндемизмін қарастырыңыз.
Өсімдіктер - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар.
Топтары
20 ғасырдың ортасына дейін өсімдіктерді төмен сатыдағы (бактериялар, балдырлар, кілегейлілер, саңырауқұлақтар, қыналар) және жоғары сатыдағы өсімдіктер (ринийлер, мүктәрізділер, псилофиттер, плаунтәрізділер, қырықбуындар, қырыққұлақтәрізділер, ашықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер не жабықтұқымдылар) деп бөлді. 20 ғасырдың аяғында бактериялар мен саңырауқұлақтар өз алдына жеке патшалық болып бөлінді. Соңғы жүйеленім бойынша өсімдіктер 3 патшалық тармағына жіктеледі:
қызыл балдырлар
нағыз балдырлар
ұрықты не жоғары сатыдағы өсімдіктер.
Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.
Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа олардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады.
Өсімдіктер жамылғысы
Құрлық бетінде өсімдіктер жамылғысы бірдей емес. Олар жерге түсетін ылғалдың мөлшеріне және осы ылғалдың маусымға байланысты қаншалықты жауатыңдығына қарай мәңгі жасыл (жаңбырлы) ормаңдар, ылғалдығы құбылмалы болып келетін, жапырақтары түсіп отыратын ормандар, ксерофильді сирек ағашты ормандар мен бүталарды, саванналарды, ал суы тасып отыратын теңіздің жағалауларында — мангр ағаштарынан тұратын ормаңдар түзеді. Экватордан солтүстікке қарай жасыл өсімдіктердің жолағынан кейін, аса үлкен ормансыз кеңістіктер — шөл, шөлейт, приерии орналасады. Біршама биік ендікте қайтадан мәңгі жасыл ормаңдардың жолағы кездеседі. Бірақ олар тропиктердегі секілді жапырақты ормандар емес қылқан жапырақты (тайга) ормаңдар болып келеді. Тайгадан солтүстікке қарай, полюстың айналасында (цикумполярно), тундра мен солтүстік мұзды мұхиттың салқын суы созылып жатады. Экватордан оңтүстікке қарай құрлық біршама аз болады. Полюстерге жақын жерлерде және биік таулардың басында мәңгі мұздар мен қарлар жатады. Мүңдай түрлі-түсті өсімдіктер жылдың әртүрлі кезеңдеріне қарай, әсіресе қыста, құрлықтың (континенттің) үлкен кеңістігін, шамамен 40° с.е. және одан жоғары қарай қар басқан кезде, көп өзгеріске ұшырайды.
Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.
Сазды топырақ
Құламаларда тұрақты жэне су бұзып кетуіне қарсы келе алатын топырақ; жолдың негізі үшін жақсы материал болып табылады.
Құмайт топырақ
Ылғалды және құрғақ күйінде байланысы жақсы топырақ: құрғақ және тым ылғалды жерлерде жолға себуге пайдаланады.
Шым тезекті топырақ
Ылғалдылықтың тұрақсыздану кезінде көлемдік өзгерістерге зор бейімі бар, қатты сығылатын орамды грунт, жол себуге қолданылмайды.
Эндемик (грек. endemos – жергілікті) – жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер мен жануарлар.
Эндемик ұғымы түр, туыс, тұқымдас, т.б. жүйелік топтарды қамтиды. Эндемиктік түрлердің пайда болуы мен дамуына оқшаулану, климаттық, т.б. сыртқы орта жағдайлары және биотик. факторлар (қ. Фактор) әсер етеді. Мысалы, Әулие Елена аралында кездесетін өсімдік түрінің 85%-ы Кавказ тауының өсімдіктерінің 20%-ын құрайды.
Эндемик түрлер ежелгі замандардан сақталып келе жатқан (палеоэндемиктер) және соңғы геол. замандарда пайда болған (неоэндемиктер) деп бөлінеді. Палеоэндемиктерге: екіқалақты гинго ағашы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін), мәңгі жасыл секвойя ағашы (Батыс Орегон мен Калифорния тауларында өсетін), латимирия балығы (Комор аралдарының маңында кездесетін) мен үйректұмсық (Тасмания аралында ғана таралған) жатады. Ал неоэндемиктерге: Қырымда кездесетін кейбір өсімдік пен жануар түрлері, Британ аралдарында таралған кейбір жануарлар жатады.
Қазақстанда өсімдіктердің 730-дан астам түрі Эндемикге жатады. Олардың 175 түрі далалық алқаптарда, ал 540 – 570 түрі таулы өңірлерде таралған. Тек Қазақстанның оңт-нде өсетін өсімдіктердің 165 – 170-тей түрі Эндемиктер болып саналады. Мысалы; Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Іле ұшқаты, Алатау бөденешөбі, Бетпақдала сылдыршөбі, Қарқаралы бөріқарақаты, Тарбағатай кемпіршөбі, т.б.
Тек республика аумағында ғана кездесетін жануарлардың Эндемик түрлеріне – Түркістан шаяны, Балқаш алабұғасы, Жетісу бақатісі, Қарабалық, Іле жорға торғайы, Көк құс, Арал қаязы, Шу сүйрік қанаты,Тарғақ, Жұпар, Қаратау арқары, Жалман, т.б. жатады. Эндемик түрлердің көпшілігі сирек кездесетіндіктен, әрі ғылыми тұрғыдан толық зерттелмегендіктен Қазақстанның “Қызыл кітабына” (1981, 1996, 2006) енгізілген. Мұндай Эндемик түрлер қатаң қорғауды қажет етеді. [1] Р. Сәтім
27. Оңтүстік Америка платформасының геологиялық дамуының ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
Оңтүстік Америка – батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық.[1] Жерінің аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18,28 млн. км². Халқы 340 млн. адам (2000). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады. Ең биік жері – Аконкагуа (6960 м). Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Вальдес ойысы (–40 м). Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі – Амазонка (Мараньон саласымен қоса есептегенде – 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл – Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель (1054 м) және ең биік жанартау – Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ аралдар кіреді.
Жер бедері
Оңтүстік Американың картасы.
Оңтүстік Американың батыс бөлігін Кордильера тау жүйесінің жалғасы – Анд таулары алып жатыр. Ол қатпарланып созылған Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Анд жоталарынан тұрады. Солтүстігінде Венесуэланың Кариб Андысы 2 тізбек құрайды. Колумбия Кордильерасы Шығыс, Орталық, Батыс болып бөлінеді. Эквадор Андысында Чимборасо (6310 м), Котопахи (5897 м), Сангай (5230 м) жанартаулары кездеседі. Орталық Анд енді, кең (750 км). Мұнда Титикака көлі, батыс жағалауында Атакама шөлі, Льюльяйльяко жанартауы орналасқан. Оңтүстік Анд Басты Кордильера мен Жағалық Кордильерадан тұрады. Ең оңтүстігіндегі Патагония Андысы батысқа қарай Патагония үстіртіне ұласады. Құрлықтың солтүстік-шығысындағы Гвиана таулы үстірті мен шығысындағы Бразилия таулы үстіртін дүние жүзіндегі аса ірі ойпаттардың бірі – Амазона ойпаты бөліп жатыр. Ол Ориноко өзенінің сол жағындағы Ориноко Льяносы ойпатымен жалғасқан.
Геологиясы
Оңтүстік Америка рельефі.
Құрлықтың шығысы негізінен жазық және таулы-үстіртті болып келеді, бұл бөлік ежелгі Гондваналық Оңтүстік Америкалық платформада орналасқан. Платформаның қазіргі іргетасы архей-протерезойлық қалқандар түрінде (Гвиана, Батыс және Шығыс Бразилия) жер бетіне шығып жатыр. Ол кристалды тақтатас, гранитті гнейс пен кварциттен құралған. Абстракциялық жасы 1,5 – 4 млрд. жыл аралығында. Олардың арасында қат-қабаттық интрузия мен жанартаулық әрекеттер әсерінен қалыптасқан конгломераттар (Рорайма формациясы) кездеседі. Әсіресе Бразилия қатпарлығы ежелгі құрылымдарға көптеген өзгерістер жасап, қазіргі жер бедерінде Орталық және Шығыс Бразилия қалқандарындағы орталық массивтер мен тұқылды таулы үстірттер жүйелерін қалыптастырды. Олар бір-бірінен тектоникалық Парнойбо, Сан-Франсиску және Парана ойыстары арқылы бөлініп жатыр. Гвиана мен Бразилия таулы үстіртіне сәйкес келетін, тұтастай көтерілген аймақ аралығында өте үлкен алқапты алып жатқан Амазона, Ориноко, Ла-Плата ойпатты жазықтары қалыптасты. Жер бедері біртегіс, көбінесе батпақты, континенттік шөгінділермен жабылған қат-қабатты аккумулятті ойпаттар түрінде болып келеді. Юра-бор дәуірлеріндегі Оңтүстік Атлант мұхиты табанындағы тектоникалық қозғалыстар әсерінен Парана ойысында терең жазықтар пайда болды. Батыстағы Анд жүйесінің қалыптасуы герцин қатпарлығынан басталады, бірақ негізгі тау жасалу Тынық мұхиттық геосинклиналды белдеудегі кейінгі альпілік қатпарланумен байланысты әлі де жалғасуда. Жанартаулардың атқылауы өте күшті болған Орталық Анд таулы қыратында терең тектоникалық жарықтар (грабендер) мен әрекетті жанартаулар жүйесі қалыптасты. Тау жүйесінің биіктеуі және Антарктида құрлығымен жақын жатуына байланысты плейстоцендік мұз басу жүрді. Патагония Андысының тау басы түгелдей мұздықтармен жабылған. Соның әсерінен Патагония Андысының батыс жағалауында мұздық жер бедері пішіндері мен жағалаудың фьордты және шхерлі типтері кездеседі.
28. Аустралияның геологиялық даму тарихы. Аустралия платформасы морфоқұрылымының қалыптасуындағы неотектоникалық қозғалыстардың атқаратын рөлін аңықтаңыз.
Аустарлия (лат. 'australis' — оңтүстік) — оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ол 10°41' оңтүстік ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11' оңтүстік ендіктегі оңтүстік-шығыс мүйіске дейін және 113°05' шығыс бойлықтғы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығыс бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аумағы жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²). Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары — солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — құрлықтың үлкен шығанағы.
Құрлықның солтүстігінде Кейп-Йорк түбегі, шығыс, солтүстік-шығыс жағалауын бойлап (ұзындығы 2300 км) Үлкен тосқауыл рифі жатыр. Оңтүстігінде Тасмания аралынан Құрлықны Басс бүғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай Үлкен Құрлық шығанағы орналасқан. Еуропалықтар үшін Құрлық құрлығын 1606 ж. голландиялық теңіз саяхатшысы В. Янсзон ашқан.
Жер бедері
Құрлық жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биіктігі 600 м-ден аспайды. Орографиялық ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады.
Батыс Құрлық таулы үстіртінің орташа биікт 400—500 м, үстірттің шығысында (кұрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде Кимберли алқабы (биіктігі 936 м), оңтүстік-батыста Дарлинг (582 м) жоталары жатыр.
Орталық ойпаттың биіктігі 100 метрден аспайды, ал Құрлықдағы ең темен жер — Эйр көлінің маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен орналасқан). Ойпаттың оңтүстік-батысында Флиндерс, Маунт-Лофти жоталары бар.
Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен суайрық жот асы алып жатыр. Оның тау беткейлері жадағай келген, шығыс беткейі тік құлама және қатты тілімделген, батыс беткейлері біртіндеп төбелерге және көлбеу жазықтарға ұласқан. Құрлықда ең биік жер — Косцюшко тауы (2.230 м) құрлықтың осы тұсында орналасқан.
Геологиялық құрылысы және кен байлықтары
Құрлықтың іргетасын, негізінен, құрлық платформасы мен Шығыс құрлық геосинклинальді белдеуі құрайды. Платформа құрлықтың батысын, Сент-Винсент шығанағына дейінгі орталығын және оның Арафур т. астындағы бөлігін, Жаңа Гвинея аралының оңтүстігін қамтиды. Геосинклиналь белдеуі Кейп-Йорк түбегінен басталып, Тасмания аралымен бітеді. Құрлық платформасының түпкі негізі (архей-төм. протерозой) күшті метаморфтану салдарынан гнейс пен гранитке айналған жанартаулық жыныстар мен терригенді шөгінділерден тұра-ды. Архей жыныстары Пилбара мен Калгури жақпарларында, солтүстікте Кимберли үстірті мен Антрим тауларында және Арнхемленд түбегінің солтүстік-батысында кездеседі. Протерозой шөгінділері Батыс құрлықтың Наллагайн, Кимберли үстірті ойыстарында, Карпентария шыганағының оңтүстік-батысында көп ұшырасады. Платформаның солтүстік-батысындағы Үлкен құмды шөлде триас, юра шөгінділеріне толы Каннинг ойысы, Үлкен шығанақтың солтүстік жағасында палеоген жыныстары басып жатқан кайнозой дәуірінің Юкла ойысы бар. Шығыс Құрлық геосинклиналь белдеуі батыстан шығысқа қарай біртіндеп алмасатын каледондық (Аделаида) және герциндік (Жаңа Англия) жүйелерден құралған. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан және Муррей алаптары сияқты бірнеше ойыс жатыр.
Құрлықтың архей, протерозой, кембрий, ордовик жыныстарында, алтынның (Калгури, Кулгари, Бендиго, Балларат), уранның (Рам-Джангл, Мэри-Катлин, Радиум-Хилл), түсті металдардың (Брокен-Хилл, Маунт-Айза, Клонкар-ри) ірі кен орындары, оңтүстік мен бат-ндағы протерозой шөгін-ділерінде темір мен марганец-тің, ал солтүстігіндегі Уайпа кен орнында боксит кентасы бар. Үлкен артезиан алабы мен Амадея ойысында, Виктория жағалауындағы әр түрлі геологиялық жүйелерде мұнай мен газ мол. Құрлықтың шығысы мен ба-тысында титан мен цирконийдің аса ірі кен орындары орналасқан.
29. Аустралияның климат құрушы факторлары мен ішкі суларына сипаттама беріңіз. Үлкен Суайрық жотасының климат бөлуші рөлін аңықтаңыз.
Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18°—30° оңтүстік ендік), ал солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік белдеу алып жатыр. Шығыс жағалауының климаты — тропиктік теңіздік, Күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндер басым. Сондықтан Құрлықның барлық аймағында темп-pa жоғары және тұрақгы (20 -28 °C ға дейін), тек қыс айларында (шілде - тамызда 12 -20°С температуpa төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы 40 °C болатын аудан құрлықтың солтүстік-батысында, абс. максимум — Клонкарриде (53,1 °C). Тұрақты аяз тек оңтүстік-шығыстағы Құрлық Альпісінде (-22°С-қа дейін) байқалады. Үлкен суайрық жотасының Тынық мұхиттан соғатын ылғалға бөгет жасауы, құрлықтың бүкіл орталық аймағының климатының кұрғақ болуына әсерін тигізеді. Құрлық жерінің 40%-ке жуығында жауын-шашын мөлшері 250 мм-ден аспайды. Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Бұл аймаққа экватордан келетін ылғалды муссонның әсері бар.
Үлкен Суайрық жотасы (Great Dіvіdіng Range), Шығыс Австралия таулары — Австралияның шығыс және оңтүстік-шығыс жағалауымен 4000 км-ге созылып жатқан тау жүйесі.
Орташа биіктігі 1000 — 1500 м, ең биік жері 2230 м (Косцюшко тауы). Денудацияланған палеозой қатпарлығы орнында неоген-антропогенде пайда болған. Тау негізінен әктас, гранит, гнейс, жанартаулық тау жыныстарынан тұрады. Мұнай, газ, тас көмір, қоңыр көмір, қалайы, полиметалл, алтын, мыс, т.б. кен орындары бар. Шығыс беткейі тік жарлы, күшті тілімденген, батыс беткейі жатық, ылдилап төбелі тау алдына ұласады. Солт. бөлігі салыстырмалы түрде биік емес, ені 650 км-ге барады. Жағалық жоталар (биікт. 1000 м) мен жанартаулық үстірттер батысынан кең, ұзынша келген қазаншұңқырлармен бөлінген; оңтүстік бөлігі биік таулы. Нью-Ингленд, Хейстингс, Ливерпул, Көгілдір таулар және Австралиялық Альпі жоталарына бөлінген. Беткейлерінен көптеген өзендер (ірілері — Муррей және Дарлинг) бастау алады. Ылғалды шығыс беткейін күзде жапырағын түсіретін, мәңгі жасыл және эвкалипті тропиктік ормандар жапқан. Құрғақ батыс беткейінде сирек орман, саванна және ксерофитті бұталар дамыған
30. Дүние жүзілік мұхиттардың физгеографиялық аудандарына сипаттама жасаңыз.
Дүниежүзілік мұхит суының жалпы көлемі 1 млрд 370 млн км³ шамасында, бұл гидросфераның 94%-ын құрайды. Мұхит суында табиғатта белгілі 110 химиялық элементтің 73-і кездеседі. Орташа тереңдігі 4000 м болатын Дүниежүзілік мұхит Жер шарының 3/4 бөлігін алып жатыр. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктеріне мұхиттар, теңіздер, шығанақтар мен бұғаздар жатады. Олар материктер мен аралдар арқылы 4 мұхитқа белінген.
Әрбір мұхит өзіндік ерекшеліктерге ие. Тынық мұхит пен Солтүстік мұзды мұхиттың кейбір ерекшеліктерін салыстыру негізінде осыған көз жеткізейік. Тынық мұхит — Жер шарындағы ең ірі (ауданы — 178,7 млн км²), ең терең (орташа тереңдігі — 3976 м, ең терең бөлігі — 11022 м) жене ең ыстық(орташа температурасы +19,1°С) мұхит. Мұхит тереңдігі 5000 м-ден асатын 35 шұңғыманың 25-і, 4 шұңғыма орналасқан.
Тынық мұхит. Әлемдік мұхиттардың 49, 5% алатын және 53% суы бар Тынық мұхиты ғаламшардағы ең үлкен мұхит болып табылады. Шығысынан батысына 19 мың км, ал оңтүстігінен солтүстігіне дейін 16 мың км созылып жатыр. Оның суы оңтүстігінде көбірек, ал солтүстігінде аз болып келеді. Тынық мұхиты батыс жағасында Оңтүстік және Солтүстік Америка, шығыс жағасымен Аустралия мен Еуропаны, ал оңтүстігінде Антарктиданы шайып жатыр. Тынық мұхитының Солтүстік Мұзды мұхитымен шекарасы Дежнев мысынан Уэльс Ханзадасы мысына деінгі Беринг бұғазы. Атлант мұхитымен шекарасын Горн мысынан 68°04’ меридианға дейін немесе қысқасы Оңтүстік Америкадан Антарктида аралдарына дейін Дрейка бұғазы арқылы, Осте аралынан Штернек мысына дейін, Үнді мұхитымен шекарасы Аустралияның оңтүстігіне қарай Бассов бұғазының шығыс шекарасымен Тасмания аралдарына дейін, одан әрі 146°55’ меридианымен Антарктидаға дейін, Аустралияның солтүстігіне қарай Андаман теңізі мен Малак бұғазымен, оңтүстік-батыс жағалауында Суматра аралдарымен, Зонд бұғазымен, оңтүстік жағалауында Ява аралдарымен, Бали және Саву теңіздерінің оңтүстігімен, Арафур теңізінің солтүстігімен, Жаңа Гвинеяның оңтүстік батысымен және Торресов бұғазының батысымен шектесетін аралықта жатыр.
Атлант мұхиты. Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік-шығысында Африка мен Антарктида аралығында Үнді мұхитымен, оңтүстік-батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Ені басқа бөліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 км-ге дейін тарылады. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91.6 млн. км2, орташа тереңдігі 3597 м, суының көлемі 329.7 млн. км3. Солтүстік жарты шардағы жағалауы қатты тілімделген. Теңіздері (Балтық, Солтүстік, Жерорта, Кариб, т.б.) мен ірі шығанақтары (Бискай, Гвинея, т.б.) түгелдей дерлік осы бөлікте. Оңтүстік жарты шардағы жағалауы аз тілімделген (Антарктида маңындағы Уэдделл т.). Атлант мұхитында басқа мұхиттармен салыстырғанда аралдар аз. Iрі аралдары (Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Υлкен Антиль, Кіші Антиль, Канар, Жасыл Мүйіс, Фолкленд аралдары) мұхиттың жағалауларына таяу орналасқан. Орталық бөлігіндегі аралдар (Азор, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья, т.б.) ұсақ және олар жанартау әрекетінен пайда болған. Мұхиттың түбі Орта Атлант су асты жотасымен бөлінген. Оның жекелеген шыңдары (Буве, Тристан-да-Кунья, Көкке ұшу, Сан-Паулу, Азор) жанартау аралдары түрінде су бетіне шығып тұр. Мұхиттың шығысында Батыс Еуропа, Канар, Жасыл Мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс, батысында Солтүстік Америка, Гвиана, Бразилия, Аргентина, оңтүстігінде Африка-Антарктида қазан-шұңқырлары бар. Олардың тереңдігі 3000 метрден 7300 метрге жетеді. Терең шұңғымалар арал доғаларын жиектей орналасқан (ең тереңі Пуэрто-Рико шұңғымасы, 8742 м) және олар бір-бірінен су астындағы үстірттермен, қыраттармен, жоталармен бөлінген. Мұхиттың шеттері құрлықтық беткеймен көмкерілген. Мұхит түбінің үштен екі бөлігін әктастан тұратын органикалық шөгінділер жауып жатыр. Терең қазаншұңқырларының түбі қызыл саздан, ал жанартау аралдарының төңірегі жанартаулық шөгінділерден түзілген.
Үнді мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында. Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Жердің су бөлігінің 20% алып жатыр. Мұхит солтүстігінде Еуразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж)бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген. XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.
Солтүстік Мұзды Мұхит– Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит. Ауд. 14,75 млн. км², суының көл. 18 млн. км3. Орташа тереңд. 1220 м, ең терең жері – 5527 м. С.м.м-тың орта тұсында Солт. полюс орналасқан. Барлық жағынан дерлік Еуразия мен Солт. Америка құрлықтарының солт. ш Мұзды мұхит (кейде Солтүстік Мұзды мұхит, не Арктика мұхиты) — солтүстік жарты шарындағы полюсқа жақын су өңірі, бес мұхиттың ең кішісі. Мұзды мұхиттың және төңірегінің батиметриялық/топографикалық картасы
Бойлық-ені: 90° N 0° E.
