- •Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
- •Жердің географиялық қабығының пайда болуы мен дамуындағы планетарлы космостық факторларды қарастырыңыз.
- •Құрлықтар мен мұхиттар құрылысының жалпы ерекшеліктерін сипаттаңыз. Құрлықтар мен мұхиттардың физгеографиялық аудандастыруының негізгі принциптеріне баға беріңіз.
- •Құрлықтар мен мұхиттардағы географиялық зоналылықтың айқындалуындағы планетарлы, аймақтық және провинциалық ерекшеліктерін қарастырыңыз.
- •Евразия табиғатының ерекшеліктері – оның ауқымды көлемі мен Солтүстік жартышардағы барлық географиялық ендік бойынша созылып жатуын анықтаңыз.
- •Еуропа территориясының қалыптасу ерекшеліктері мен жер бедеріне баға беріңіз. Еуропа платформасы мен оның бөліктері: Балтық қалқаны мен плитасының қалыптасуын сипаттаңыз.
- •Еуропаның климат құрушы факторларын анықтаңыз. Маусымдық жыл бойынша ауа массаларының циркуляциясы, климаттық белдеулер мен климат типтеріне баға беріңіз.
- •Өзендер жүйесінің қалыптасуына жер бедері мен климаттың әсерін сипаттаңыз. Су ресурстары. Су ресурстарын шаруашылықта пайдалануына баға беріңіз.
- •Арктикалық шөл, тундра, субарктикалық шалғындар, тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, дала және орманды дала ландшафттарының сипаттамасына шолу жасаңыз.
- •Табиғи ландшафттардың антропогендік модификациясын сипаттаңыз, жерді пайдаланудың жағымды, жағымсыз салдарына баға беріңіз.
- •Азияның геологиялық құрылымы мен дамуы және жер бедеріне сипаттама беріңіз. Аравия, Үндістан, Қытай, Сібір платформалары, олардың даму тарихы, тектоникалық белсенділігін көрсетіңіз.
- •Шетелдік Азияның климат құрушы факторлары мен ішкі суларын қарастырыңыз.
- •Азияның аса ылғалды және қуаңды облыстарына сипаттама беріңіз.
- •Солтүстік Шығыс Сібір мен Батыс және Орталық Азия шөлді аймақтарындағы көлдердің шоғырлану себептеріне баға беріңіз.
- •Каспий, Арал және Балқаш көлдерінің мәселелерін қарастырыңыз. Гидроресурстарды пайдалануына баға беріңіз.
- •Қазіргі кезде ландшафттарды пайдалану, әртүрлі табиғат зоналарындағы жер және орман ресурстарын шаруашылықта игеруне сипаттама жасаңыз.
Азияның аса ылғалды және қуаңды облыстарына сипаттама беріңіз.
Оңтүстік-Шығыс Азияның батыс бөлігі шығысына қарағанда ылғалды. Сондықтан да, Батыс-Бирманның жел жақ беткейі, Аннам, Кардаманов және басқа да таулары жақсы ылғалданған (жылына 2000 мм), ландшафттарында мәңгі жасыл, муссонды және күлгінденген латериттерде өсетін эпифиттер мен лиан өсімдіктеріне бай субэкваторлы ормандар дамыған. Жел жақ беткейлерінің ылғалдылығы аз (жылына 1000-1500 мм), қызғылт топырақта өсетін қарағай мен еменді ормандар қалыптасқан.
Үндіқытай түбегінің орталық бөлігінде саванналы ландшафттың қалыптасуы. Ең құрғақ өңірлерінде жылына 500-ден 700 мм дейін жауын-шашын мөлшері түседі (Корат қазан шұңқыры, қыратты Шань ойысы және т.б.). Бұл өңірдің табиғат кешендері қызыл-құба топырақтан тұратын шөлейттенген саванналар. Камбоджы, Меконг-Менам жазықтарының біршама ылғалды территорияларының (жылына 800 мм-ге жуық) табиғат кешендері қызғылт топырақтағы муссонды-сирек бұталы ормандардан тұратын ылғалды саванна өңірін құрайды. Муссонды мәңгі жасыл субэкваторлық ормандардан тұратын әдетте, табиғат кешендері қызғылт топырақта қалыптасқан қарағайлы орманға ауысатын тау беткейлерінде дамиды. Мұндай ландшафттарда Үндіқытай түбегінің ішкі қатпарлы-жақпарлы таулары мен тау қыраттарында қалыптасқан.
Оңтүстік-Шығыс Азия ландшафттарының континентальды және аралды ландшафттарға бөлінуі географиялық орнына байланысты. Аралды ландшафттардың орны және олардың экваторлық белдеу бойында таралуы ландшафттардың биотикалық факторда қалыптасуын анықтайды.
Иравади, Меконг, Менам, Сонг-кой өзендер бассейндерінің ауқымды территорияларындағы құнарлы аллювиальды жазықтарда ландшафттар дифференциациясының антропогендік факторлары басты роль атқарады. Қазіргі кезде бұл аймақта табиғат кешендерінің жеке тоғайлармен және банан, апельсин, кофе, гевеи плантацияларынан тұратын табиғат кешендерінің антропогендік саванналары дамыған.
Ландшафттардың антропогендік модификациясы террасты тау беткейлерінде жиі орын алады. Осы себептерге байланысты биота мен геома элементтерінің өзгеруінен климат жағдайы да өзгереді. Соңғы жылдары нөсерлі-тайфунды және басқа да апат түрлері ұлғаюда.
Үлкен және Кіші Зонд, Молук және Филиппин аралдарынан тұратын Малай архипелагының ландшафттары муссонды циркуляцияның экваторлық бойы жағдайында дамиды. Жауын-шашын конвективті, циклонды және өтпелі орографиялық түрінде түседі. Жауын-шашын түсу мөлшері жазық өңірде жылына 2000 мм-ден, ал таулы аймақтарда жылына 5000 мм-ге дейін түрленіп отырады. 1500 м биіктікке дейін өсімдіктердің гилейлі түрі басым болса, ал құрғақ өңір мен қазан шұңқырларда муссонды жапырақты ормандар мен саванналар кездеседі.
Солтүстік Шығыс Сібір мен Батыс және Орталық Азия шөлді аймақтарындағы көлдердің шоғырлану себептеріне баға беріңіз.
Солтүстік Шығыс Сібір көлдері солтүстіктегі жазықтарда, өзендердің бассейндерінде орналасқан. Мұндағы көлдердің көптеп шоғырлануының себебі (бірнеше ондаған мың көлдер бар) ойпатты жер бедерінің аз қиылысуымен, су ағып кету жолының қиындығы, мәңгі тоңның таралуымен түсіндіріледі. Көбіне көлдер термокарсты шұңқырлар мен төмен орналасқан өзен алқабында кездеседі. Олардың ерекшелігі, аумағы кішігірім, жағалауы жайпақ, тереңдігі 4-7 м болып келеді. 7-8 ай бойы көлдер мұз жамылғысы басып, қыстың ортасында көлдің түбіне дейін қатып қалады.
Батыс және Орталық Азияның көлдері біркелкі таралмаған, олардың ерекшелігі, негізінен таулы аймақтарда орналасуымен айқындалады. Тянь-Шаньның солтүстігінде аса ірі көлдердің бірі ретінде Ыстықкөлді атауға болады. Көптеген көлдер таудағы опырылып құлау нәтижесінде түзілген. Мысалы, Памир тауларындағы Сарез көлі, Гиссар-Алайдағы Искандеркол т.б. 80-ге жуық көлдер биік таулы өңірде, өзен алаптарында, су айдыны түзілуіне қолайлы таяз трогтар бойында кездеседі. Әдетте, мұндай көлдер көлемі шағын болып келеді. Биіктігі төмендеген сайын көлдер саны да азаяды, мысалы, теңіз деңгейінен 2000-3000 м биіктікте шамамен 50-ге жуық көлдер орналасса, 1000-2000 м биіктікте бар болғаны 10 көл кездеседі. Төменгі белдеулерде көлдердің аз болуы көлдің қалыптасуына жойқын ықпал ететін эрозиялық әрекеттердің белсенділігімен байланыстырылады. Көлдерге бай таулы аймақтар мысалы ретінде Орталық Тянь-Шань, Тянь-Шаньның оңтүстік жоталары және Памир аймағын айтуға болады.
