- •Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
- •Жердің географиялық қабығының пайда болуы мен дамуындағы планетарлы космостық факторларды қарастырыңыз.
- •Құрлықтар мен мұхиттар құрылысының жалпы ерекшеліктерін сипаттаңыз. Құрлықтар мен мұхиттардың физгеографиялық аудандастыруының негізгі принциптеріне баға беріңіз.
- •Құрлықтар мен мұхиттардағы географиялық зоналылықтың айқындалуындағы планетарлы, аймақтық және провинциалық ерекшеліктерін қарастырыңыз.
- •Евразия табиғатының ерекшеліктері – оның ауқымды көлемі мен Солтүстік жартышардағы барлық географиялық ендік бойынша созылып жатуын анықтаңыз.
- •Еуропа территориясының қалыптасу ерекшеліктері мен жер бедеріне баға беріңіз. Еуропа платформасы мен оның бөліктері: Балтық қалқаны мен плитасының қалыптасуын сипаттаңыз.
- •Еуропаның климат құрушы факторларын анықтаңыз. Маусымдық жыл бойынша ауа массаларының циркуляциясы, климаттық белдеулер мен климат типтеріне баға беріңіз.
- •Өзендер жүйесінің қалыптасуына жер бедері мен климаттың әсерін сипаттаңыз. Су ресурстары. Су ресурстарын шаруашылықта пайдалануына баға беріңіз.
- •Арктикалық шөл, тундра, субарктикалық шалғындар, тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, дала және орманды дала ландшафттарының сипаттамасына шолу жасаңыз.
- •Табиғи ландшафттардың антропогендік модификациясын сипаттаңыз, жерді пайдаланудың жағымды, жағымсыз салдарына баға беріңіз.
- •Азияның геологиялық құрылымы мен дамуы және жер бедеріне сипаттама беріңіз. Аравия, Үндістан, Қытай, Сібір платформалары, олардың даму тарихы, тектоникалық белсенділігін көрсетіңіз.
- •Шетелдік Азияның климат құрушы факторлары мен ішкі суларын қарастырыңыз.
- •Азияның аса ылғалды және қуаңды облыстарына сипаттама беріңіз.
- •Солтүстік Шығыс Сібір мен Батыс және Орталық Азия шөлді аймақтарындағы көлдердің шоғырлану себептеріне баға беріңіз.
- •Каспий, Арал және Балқаш көлдерінің мәселелерін қарастырыңыз. Гидроресурстарды пайдалануына баға беріңіз.
- •Қазіргі кезде ландшафттарды пайдалану, әртүрлі табиғат зоналарындағы жер және орман ресурстарын шаруашылықта игеруне сипаттама жасаңыз.
Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
Жердің географиялық қабығының пайда болуы мен дамуындағы планетарлы космостық факторларды қарастырыңыз.
Географиялық қабық өзі ең Ірі (планетарлық) табиғат комплексі бола отырып, көптеген салыстырмалы дербес, қарапайым және күрделі, Ірі және ұсақ табиғат (физикалық-географиялық) комплекстерден тұрады. Географиялық қабықты планетарлық табиғат комплексі ретінде тұтас оның зат құрамының ең жалпы ерекшеліктерін,географиялық құрылымы мен дамуын –физикалық география зерттейді.
Жерді планета ретінде қарастыратын ғылымдардың жиынтық атауы. Ғарыштық жертану деп те аталады. Ғарыштық жертану географиялық қабықтың ландшафттарын ғарыштан суретке түсіру және бақылау жолдарымен танып білуді мақсат етеді. Бұл зерттеулер жердің тұңғыш жасанды серіктері ұшырылған кезден бастап (20 ғ-дың 60-жылдарынан) дами бастады. Жер серіктерінен және ғарыш аппараттарынан 250 — 300 км-ден 100 мың км-ге дейінгі биіктік аралығындағы көптеген табиғи құбылыстардың даму жағдайын зерттеуге мүмкіндік туды. Ғарыштан түсірілген суреттер Жер бетінің орасан аумағын қамтиды және табиғаттың құрамдас бөліктерінің арасындағы байланыстарды айқын көрсетеді. Ғарыштық түсірулердің нәтижесінде жалпы географиялық және тақырыптық карталар жасалды.
Географиялық Қабық, ландшафттық қабық, эпигеосфера — атмосфера, литосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен тығыз байланыста болатын ортасы, яғни адамзаттың іс-әрекеті өтетін Жердің беткі (жоғарғы) қабығы. Географиялық Қабықтың негізгі ерекшелігі — мұнда заттар үш агрегаттық күйде (қатты, сұйықжәне газ) болады. Екінші ерекшелігі — Географиялық Қабықтың бір-бірімен тығыз байланыста болатын орталығында (ядросында) органик. өмір пайда болуы. Бүкіл органик. өмір өзінің әр алуан көрінісі арқылы литосфераның бірнеше жүздеген метрінен бастап, 4 — 5 км тереңдікке дейін (гипергенез қабатына дейін) және ауа ағындары арқылы стратосфераның төм. қабатына (озоносфера қабатына дейін) дейін таралады. Құрлықтағы Географиялық Қабықтың төм. шекарасы жер бетінен 30 — 40 км тереңдікте, ал тау сілемдерінде 70 — 80 км тереңдікке жетеді. Дүниежүз. мұхиттардағы Географиялық Қабықтың төм. шекарасы 5—8 км тереңдікте, яғни жер бетіне жақын орналасқан. Географиялық қабықты түзуші компоненттерге (құрамдарына) тау жыныстары, ауа массасы, топырақ жамылғысы, су көзі және биоценоздар, полюстік ендіктердегі мұздықтар жатады; негізгі энергет. құраушыларына гравитациялық энергия, планетаның ішкі (эндогенді) жылуы, Күннің сәулелі (радиациялық) энергиясы және ғарыштық энергия жатады. Географиялық Қабықтың негізгі ерекшелігі — оның біртұтастығы. Қабықтың құрамдас бөліктері арасында үнемі зат пен энергияайналымы болатындықтан, біреуінің өзгеруі міндетті түрде басқаларын да өзгеріске ұшыратады. Екінші ерекшелігі — зат және сонымен байланысты энергия айналымы, табиғи процестер мен құбылыстардың қайталанып отыруы. Мұнда айналымдардың күрделілігі әрқалай: бірі мех. қозғалыстар (атмосфера циркуляциясы, теңіз ағындары), екіншісі, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі (жердегі ылғал айналымы), үшіншісі хим. трансформация (биол. айналым). Айналымдар нәтижесінде Жер бетінде жыл мезгілдері қайталанып отырады. Айналымдарды негізінен астрон. және геол. факторлар тудырады. Біріне-бірі қарама-қайшы эндогендік және экзогендік күштердің нәтижесінде Географиялық Қабық үнемі дамуда болады. Дамудың нәтижесінде жер беті мен теңіз, мұхит түбі аумақтық жіктеуге ұшырайды. Құрлықтағы жіктелудің салдарынан геогр. белдемдер пайда болады. Кеңістікте геогр. құрылымның өзгеруінен ландшафттар мен геокешендер түзіледі. Географиялық Қабық ұғымын алғаш рет 1910 ж. орыс метеорологы П.И. Броунов, ал Г. қ. терминін 1932 ж. орыс географы, акад. А.А. Григорьев енгізді.
Жердің құрылымы және құрылысы жағынан ең күрделі бөлігі – оның географиялық қабығы. Ол атмосфераның төменгі қабатын, литосфераның беткі қабатын, бүкіл гидросфера мен биосфераны қамтиды. Олардың арасында зат және энергия алмасуы тоқтаусыз жүріп жатады. Географиялық қабықтың қалыңдығы бірнеше километр ғана болғанымен онда табиғи ландшафтының орасан кеңістіктік дифференциясы байқалады. Олар арктикалық және антарктикалық мұзды шөлдер, тундра, тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, орманды далалар, далалар, шөлейттер, шөлдер, субтропиктік жерортатеңіздік ландшафтысы, муссонды ормандар, саванналар, гилеялардан, т.б. тұрады. Таулы жерлерде ландшафт түрлері биіктік белдеулік бойынша таралады. Жер бетінің 30%-ын ормандар, 20%-ға жуығын саванналар мен сирек ормандар, 20%-ға жуығын шөлдер мен шөлейттер, 10%-дан астамын мұздықтар және 10%-ға жуығын әр түрлі табиғи ландшафтар, қалған 10%-ын жыртылған жерлер мен урбандалған аумақтар алып жатыр.
Адамның пайда болуымен байланысты Жерде тіршіліктің саналық формасы (ноосфера) қалыптасты. Нәтижесінде, адамзат табиғаттың барлық құраушылары мен ландшафттарына антропогендік қысым түсіре бастады. Адамның қоршаған ортаға экологиялық, экономикалық, т.б. әсерлері жылдан-жылға ұлғайып, жаһандық сипат алуда.
Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13,6 км/с-тен 8,1 км/с-ке дейін кемиді, субядро шегіне таяу 11,2 км/с-ке дейін артады. Субядродағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты. Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді. Геосфераны құрайтын жыныстар үнемі қозғалыста болады және өзгеріп отырады, бұл процесс, әсіресе, сұйық және газды қабаттарда өте жақсы байқалады. Жер қойнауында және бетінде болатын барлық процестер эндогендік және экзогендік болып екіге бөлінеді. Экзогендік процестер бұзушы (үгілу, өзен және мұз эрозиясы, жел мен жер асты суларының әрекеті, т.б.) және түзуші (құрлықтық ойыстардың, тау жыныстарының жаралуы) болып ажыратылады.
Жер қыртысына әсер етуші эндогендік процестердің жиынтығы тектоникалық процестер, ал олар байқалған қабаттар тектоносфера деп аталады. Тектоникалық процестер магмалық әрекеттердің барлық түрлерімен тығыз байланысты. Құрлықтардағы экзогендік процестер Жер бетіндегі биіктіктер мен ойпаңдар бойынша анықталады. Ішкі және сыртқы процестердің өзара байланысы Жер бедерін қалыптастырады. Жер бедерін түзуші факторларға Жер бетіндегі ауырлық күшінен туатынгравитациялық процестер, Жер – Күн – Ай жүйесінің өзара тартылыс күштері де әсер етеді. Ішкі күштер Жер бедерінің басты элементтерін түзеді, ал сыртқы күштер оларды бұзып өзгертеді.
