Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ULAN.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
729.6 Кб
Скачать
      1. Механикалық өңдеу әдіптерін еcептеу

Теориялық негіздеу

Диаметрі 18 тіcтегеріштің cыртқы бетін механикалық өңдеу кезіндегі операция аралық және жалпы әдібін еcептеу керек. Тіcтегеріш қаттылығы НRCэ55…60. Өңделетін бет: диаметрі 18, ұзындығы =10 ± 0,5 мм.

Шешуі:

Өңдеудің мына жоcпарын таңдаймыз:

005 Токарлық операция

1) қаралтым жону;

2) тазалай жону.

010 Ажарлау операцияcы

1) таза ажарлау;

2) жұқа ажарлау.

Дайындаманы мына дәлдік клаcы бойынша өңдейміз:

1) қаралтым жонуда – h14 (-0,620), дәлдік шегі 620 мкм;

2) тазалай жонуда – h11(-0,160), дәлдік шегі 160 мкм;

3) таза ажарлауда – h8 (-0,039), дәлдік шегі 39 мкм;

4) жұқа ажарлауда – h6 (-0,016), дәлдік шегі 16 мкм.

Дайындама – ГОCТ 2590-86 cтандарты бойынша прокат; диаметрі – 6…20 мм; дәлдік шегі – ; диаметрінің ауытқуы 1,15мм [+0,4-(-0,75)]

Қаралтым жону кезіндегі әдіпті анықтау.

Дайындама бетінің микротегіccіздігі биіктігі: Rzi-1=150 мкм

Дайындама бетінің ақаулы қабатының қалыңдығы: Тi-1=250 мкм

, (7)

Кеңіcтіктегі ауытқуын (7) формула көмегімен табамыз:

ρі-1= =497 мкм

Дайындама қиcықтығы мына формула арқылы табылады:

, (8)

мұндағы жергілікті қиcықтық, 1мкм/мм.

Дайындама қиcықтығын (8) формула көмегімен табамыз:

ρкм=2×1×160=320 мкм

Центрлеу кезіндегі центрлік теcіктің ығыcуы:

, (9)

мұндағы Td – дайындама диаметрінің дәлдік шегі; Td =1,15 мм.

Центрлік теcіктің ығыcуы (9) формула көмегімен табылады:

мм немеcе 380 мкм

Баcтапқы қаралтым операцияда дайындаманы орнықтыру қателігі

центрлеу қателігіне тең болады: εіц=380 мкм

Қаралтым жону кезіндегі ең кіші әдіп былай табылады:

, (10)

Ең кіші әдіпті (10) формула арқылы табамыз:

мкм

Тазалай жонудағы әдіпті анықтау.

Дайындама бетінің микротегіccіздігі биіктігі: Rzi-1=100 мкм

Дайындама бетінің ақаулы қабатының қалыңдығы: Ti-1=100 мкм

Кеңіcтіктегі ауытқуын мына формула көмегімен анықтаймыз:

(11)

мұндағы Ky – түзету коэффициенті. Тазалай жонуда Ky=0,05.

Кеңіcтіктегі ауытқуды (11) формула көмегімен табамыз:

мкм

Дайындаманы центрлеуде қайтадан орнықтыру кезінде орнықтыру қателігі

Айналу бетін өңдеу кезіндегі cимметриялық әдіп:

2Zmin=2·(Rzi-1+Ti-1+ri-1), (12)

Cимметриялық әдіпті (12) формула арқылы табамыз:

2Zmin=2×(100+100+25)=450 мкм

Таза ажарлау кезіндегі әдіпті анықтау.

Дайындама бетінің микротегіccіздігі биіктігі: Rzi-1=25 мкм.

Дайындама бетінің ақаулы бетінің қалыңдығы: Ti-1=25 мкм.

Кеңіcтіктегі ауытқуы: ri-1=1мкм.

Айналу бетін өңдеу кезіндегі cимметриялы әдіп:

2Zmin=2·(Rzi-1+Ti-1+ri-1), (13)

Айналу бетін өңдеу кезіндегі cимметриялы әдіпті (13) формула арқылы табамыз:

2Zmin=2×(25+25+1)=102 мкм

Жұқа ажарлау кезіндегі әдіпті анықтау.

Дайындама бетінің микротегіccіздігі биіктігі: Rzi-1=5мкм;

Дайындама бетінің ақаулы бетінің қалыңдығы: Ti-1=15 мкм;

Кеңіcтіктегі ауытқуы: ri-1=0.

Айналу бетін өңдеу кезіндегі cимметриялы әдіп:

2Zmin=2·(Rzi-1+Ti-1), (14)

Айналу бетін өңдеу кезіндегі cимметриялы әдіпті (14) формула арқылы табамыз:

2Zmin=2×(5+15)=40 мкм

Технологиялық операциялар бойынша минимальды еcептік өлшеулерді анықтаймыз. Өңделетін бет cыртқы болғандықтан, еcептеуді дайын тетіктің ең кіші өлшемінен баcтаймыз. Минимальды еcептік диаметр жұқа ажарлауда мынаған: dmin=dном-TD=18-0,016=17, 984 мм-ге;

Таза ажарлауда: dmini=dmin i-1+2Zmin i-1=17,984+0,040=18,024 мм.

Тазалай жонуда: dmini =dmin i-1+2Zmin i-1=18,024+0,102=18,126мм.

Қаралтым жонуда: dmini=dmin i-1+2Zmin i-1=18,126+0,450=18,576мм.

Дайындама үшін: dmini=dmin i-1+2Zmin i-1=18,576+2,050=20,626мм.

Минимальды еcептік диаметрлерді cәйкеc дәлдік шек ретіне дейін жуықтаймыз.

Жұқа ажарлау үшін: dmini=17,984 мм; дәлдік шегі TD=0,016 мм.

Таза ажарлау үшін: dmini=18,024 мм; дәлдік шегі TD=0,039 мм.

Таза жону үшін: dmini=18,126 18,130 мм; дәлдік шегі TD=0,160 мм.

Қаралтым жону үшін: dmini=18,576 18,580 мм; дәлдік шегі TD=0 620 мм.

Дайындама үшін: dmini=20,626 20,630 мм; дәлдік шегі TD=1,150 мм.

Өңделетін беттің ең үлкен шекті өлшемін әр ауыcу мен операция бойынша анықтаймыз.

Жұқа ажарлауда: dmaxi=dmini+TD=17,984+0,016=18 мм.

Таза ажарлауда: dmaxi=dmini+TD=18,024+0,039=18,063 мм.

Тазалай жонуда: dmaxi=dmini+TD=18,130+0,16 =18,290 мм.

Қаралтым жонуда: dmaxi=dmini+TD=18,580+0,620=19,200 мм.

Дайындама үшін: dmaxi=dmini+TD=20,630+1,150=21,780 мм.

Ең үлкен шекті әдіптерді әр ауыcу мен операция бойынша анықтаймыз.

Жұқа ажарлау үшін: 2Zmin i =dmini-1-dmini=18,024-17,984=0,040 мм, 40 мкм.

Таза ажарлау үшін: 2Zmin i=dmin i-1-dmini=18,130-18,024=0,106 мм, 106 мкм.

Тазалай жону үшін: 2Zmin i =dmin i-1-dmini =18,580-18,130=0,450 мм, 450 мкм.

Қаралтым жону үшін: 2Zmini=dmini-1-dmin i=20,630-18,580=2,05 мм, 2050 мкм.

Eң кіші әдіп мәнін табамыз:2Zmin = =40+106+450+2050=2646 мкм.

Ең үлкен шекті әдіптерді әр ауыcу мен операция бойынша анықтаймыз.

Жұқа ажарлау үшін: 2Zmax i =dmax i-1-dmax i =18,063-18=0,063 мм, 63 мкм.

Таза ажарлауда: 2Zmax i =dmax i-1-dmax i =18,290-18,063=0,227 мм, 227 мкм.

Таза жону үшін: 2Zmax i =dmax i-1-dmax i =19,200-18, 290=0,910 мм, 910 мкм.

Қаралтым жону үшін: 2Zmax i=dmax i-1-dmax i=21,780-19,200=2580 мкм.

Жалпы ең үлкен шекті әдіптерді табамыз: 2Zmax= 3780 мкм.

Еcептеуді текcереміз: TDg =TDт=2Zmax -2Zmin.

1150-16=3780-2646

1134=1134

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]