Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

20. Қызметкерлерді басқару тиімділігін жоғарлату. Басқару жүйесінің мінездемесі

Қызметкерлерді басқару тиімділігін арттыру келесі факторларды пайдалану

арқылы жүзеге асырылады:

- жұмыс орындарын жақсы ұйымдастыру;

- тиімді жоспарлау мен өндіріс ауданын қолдану;

- жұмыскерлерді қайта даярлау мен біліктіліктерін көтеру;

- тұрақты жұмысбастылықты қамтамассыз ету;

- түрлі әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жасау және дамыту.

Қызметкерлерді басқару жүйесінің мінездемесі

Табысты әрекет етудегі жапондық корпорацияларда қолданатын қызметкерлерді басқару жүйесінің сипаттамасын "гемайншафт" (одақ) және оған қарама-қарсы "гезельшафт" (ассоциация) ұғымдары арқылы анықтауға болады.

21. Қонақ үйлердің бриллиант бойынша классификациялануы

Кең таралған қонақ үйлер жіктеліміне француз ұлттық жіктелімі жатады, оған сәйкес барлық қонақ үйлер ыңғайлылығына қарай шартты түрде жұлдыздармен белгіленетін санатларға бөлінеді (1*, 2*, 3*, 4* немесе 5*, бір санат - жұлдызсыз). Осындай жүйе қонақ үй қызметінің нарығын кеңірек қамтуға мүмкіндік береді.

Ешқандай қонақ үй кәсіпорны минималды талап-критерийлерге сай келмесе, санатға ие болуға қатыса алмайды: А - бөлме саны; В - жалпы ғимараттар; С - қонақ үй жабдықтары; D - баспананың ыңғайлылылығы; Е— қызмет көрсету; F— мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, мүгедектерге қол жетімділігі.

Неміс жіктеліміне сай қонақ үй кәсіпорындары бес санатқа бөлінеді. Еуропалық жүйемен үйлестіру мақсатында әр кластың белгілі бір жұлдызға сай болуы қарастырылады: туристік класс - *; стандартты класс - **; жайлы класс - ***; бірінші класс - ****; люкс - *****.

Неміс жіктелімі кәсіпорын типіне тәуелсіз міндетті 22 критерийдің орындалуын талап етеді:

  1. Қабылдау қызметінің жұмысы (ресепшн);

  2. Таңғы ас беру сервисі;

  3. Сусындар сервисі;

  4. Тамақтану сервисі;

  5. Бөлмелердің телефон байланысымен қамтылуы;

  6. Телефондардың жұмыс істеуі;

  7. 75% бөлмелердің минималды ауданы (дәретхана ауданын қосып санағанда);

  8. Санитарлық ыңғайлылық (дәретханалардың жалпы қамтамасыз етілу пайызы);

  9. Санитарлық түйіндердің керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі;

  10. Сюит-бөлмелердің (аппартамент-бөлмелері) болуы;

  11. Бөлмелердің жиһаздалуы және жабдықталуы;

  12. Бөлмеде радиоқабылдағыш және теледидардың болуы;

  13. Қонақтарға арналған сыйлықтардың болуы;

  14. Киім жуу және үтіктеу қызметінің болуы;

  15. Сейфтердің болуы;

  16. Ақшасыз төлем жүйесінің болуы;

  17. Холлдардың болуы және жағдайы;

  18. Телефакстың болуы;

  19. Қонақ үй барларының саны және жұмыс режимі;

  20. Мейрамханалардың саны және жұмыс режимі;

  21. Конференциялар мен банкеттер ұйымдастыру мүмкіндігі;

  22. Қосымша қызметтер саны.

Соңғы талаптар бойынша қонақ үйлер үшін қосымша қызметтердің мынадай саны бекітілген: люкс қонақ үйлер – 270, бірінші санат - 120, жайлы - 70, стандартты - 25, туристік - 0.

Неміс жіктелімінің ерекшелігінін бірі - пансиондар мен гарни-қонақ үйлер үшін санаттар қарастырылған. Бұл қонақ үйлерге сәйкес санаттарды бекіткен кезде «мейрамхана», «тамақтану сервисі» сияқты критерийлер қарастырылмайды, сонымен қоса қосымша критерийлердің саны да өте аз, яғни бірінші санат үшін - 90, жайлы үшін – 50, стандартты үшін -15. Бұған қоса көрсетілген типтерге бірінші санат та берілуі мүмкін (*****).

Австрия – туристерді қабылдау бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі, елдің таулы аймағының өзінде 20 мыңға жуық қонақ үйлері бар. Арзан жайғасу орындарына «Уouth hotel» жатады, олардың саны 100-ге жуық (Қазақстанда «Уouth hotel» қызметі дамымаған). Бұл жастарға арналған және арзан қонақ үйлерінде туристер түнеу қызметін еркін сатып ала алады, алайда бөлмелердегі жайлылыққа кепілдеме берілмейді. Австрия қонақ үйлері бес жұлдызды жүйемен бағаланады. Ауылдық жерлерде санаттан тыс жекелеген шаруашылық отбасы мүшелері қызмет көрсететін қонақ үйлері кездеседі. Олар көбіне бір, екі немесе үш қабатты үйлерден құралған.

Египтеттегі қонақ үйлерді жіктеген кезде де жұлдыздар қолданылады, бірақ еуропалық жүйеге қарағанда олар шамамен 1-2 жұлдызға жоғарылатылған.

Қытай Халық Республикасында 2008-2010 жылдардың аралығында 4-5 мыңдай жайғасу орындары тіркелген. Олардың қызметін бағалау үшін аталған бес жұлдызды жүйе қолданылады. Алайда, бұдан басқа елде өзіндік бағалау шкаласы бекітілген. Оған сәйкес қарапайым жайғасу орындарына студенттер үйлеріне және хостелдерге ұқсас «қонаққа арналған кішігірім үйлер» жатады. Орташа ыңғайлылығы бар орналастыру орындарына «қонақтарға арналған үйлер» жатады. Негізінде, бұлар - екі немесе үш жұлдыз деңгейіндегі қонақ үйлер. Жоғары ыңғайлылығы бар орналастыру құралдарына үш немесе төрт жұлдыз деңгейіндегі «туристік қонақ үйлер», ал төрт немесе бес жұлдыз деңгейіндегі қонақ үйлерге «шарап үйлері» жатады. Қытай стандарттарының еуропалық үлгіден еш қалыспайтынын айта кеткен жөн.

Грекияда жіктеудің әріптік жүйесі кең таралған, алайда қонақ үйлердің мандайшаларында әдеттегі жұлдыздарды көруге болады. Барлық грек қонақ үйлерін төрт санатқа бөліп көрсетеді: А, В, С, D. «А» санатындағы қонақ үйлер - төрт жұлдызды, «В» - үш жұлдызды, «С» екі жұлдызды деңгейге сәйкес келеді. 2000 жылдардың ортасынан жоғары класты қонақ үйлеріне «de luxe» санаты беріле бастады. Бірақ, бұл жіктелімге қарамастан Грекиядағы бір санатқа ие жайғасу орындар бір бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. «С» санатындағы (екі жұлдызды) қонақ үйлерде қызметтердің минималды жиынтығын ұсынады және олар теңіз жағалауында орналаспайды. «В» санатындағы (үш жұлдызды) қонақ үйлер курорттық аймақта болғандықтан, әрдайым дерлік жағалауда орналасады. «А» санатындағы (төрт жұлдызды) қонақ үйлерге қызмет көрсетудің жоғары деңгейі сай болып келеді.

Ұлыбританиядағы қонақ үйлердің жіктелуі айтарлықтай күрделі болып келеді. Кейбір каталогтарда дәстүрлі жұлдыздық жіктелім ұсынылады, алайда қонақ үйлердің мандайшаларында жұлдыздар емес «тәждер» бейнеленеді. Мысалы, лондондық «Royal Norfоck Hotеl» үш жұлдызды немесе төрт тәжді етіп бейнеленген. Неғұрлым дұрыс жіктеме ретінде британдық туристік агенттіктер Ассоциациясы (ВТА) ұсынған жіктеме саналады:

- бюджеттік қонақ үйлер (*) - қаланың орталығында орналасқан және аса жайлы емес;

- туристік санаттағы қонақ үйлер (**) - мейрамханалары мен бары болады;

- орта санаттағы қонақ үйлер (***) - қызмет көрсету деңгейі айтарлықтай жоғары;

- бірінші санаттағы қонақ үйлер (****) - өмір сүрудың өте жоғары сапасы және қызмет көрсетудің жоғары сапасы есепке алынады;

- жоғары санатты қонақ үйлер (*****) - экстракластың қызмет көрсету және өмір сүру деңгейі ұйымдастырылады.

Италияның қонақ үй базасында бүкіл ел бойынша орналасқан 40 мыңға жуық қонақ үй бар. Италияндық қонақ үй жіктелімі айтарлықтай күрделенген, алайда саяхатшылар қонақ үйлер маңдайшаларынан таныс жұлдыздарды көре алады. Ресми түрде «жұлдызды» шкала елде бекітілмеген. Көп жағдайда Италияда қонақ үйлерді үш санат бойынша бөледі: бірінші санат ****, екіншісі ***, үшіншісі ** деңгейге сәйкес келеді деп есептеледі. Сонымен қоса әр санат шеңберінде өзіндік еркін градация жүргізіледі.

Израильде Жерорта және Қызыл теңіз жағалауларында жоғары деңгейлі курорттық-қонақ үйлік кешендер орналастырылған. Қазіргі таңда әр түрлі сипатқа ие қонақ үйлер санынын өсуіне байланысты жұлдызды жіктелім алынып тасталған. Оның орнына қонақ үйлерді үш санат бойынша бөле бастады, алайда туристік фирмалардың қызметкерлері клиенттердің ыңғайы үшін қонақ үйлерді жұлдызды шкаламен бағалай береді.

Израильдің үш жұлдызды қонақ үйлерінде клиенттер демалуға жетерліктей қызметтерді ала алады. Төрт жұлдызды қонақ үйлер үш жұлдыздылардан жайлылығымен ғана емес, сонымен қатар орнымен және қызмет көрсетудің жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Жоғары санатты қонақ үйлерде ерекше тартымдылық және ыңғайлылық ұсынылады, сонымен қоса олар әлемдік деңгейде қарастырылған барлық талаптарға сай келеді.

Испанияда да жайғасу орындары санаттар бойынша бөлінеді:

- *-дан ***** жұлдызға дейінгі қонақ үйлер;

- *-дан **** жұлдызға дейінгі қонақ үй типіндегі орналастыру құралдары, бунгало және т.б.;

- *-дан *** жұлдызға дейінгі қонақ үйлер;

- үш санатты пансиондар.

Бұған қоса туризм министрлігіне тәуелді туристерді қабылдауға бағытталған мемлекеттік кәсіпорындары бар. Олар көбінесе мемлекетпен қорғалатын табиғаты әдемі және басқа орналастыру құралдары жоқ жерлерде орналасады. Оларға «люкс» қонақ үйі ретінде жабдықталған ескі бекіністер, сарайлар жатады.

Осылайша, әр елде өзіндік экономикалық, мәдени және тұрғылықты халықтың менталитетіне сай қонақ үйлерді жіктеу жүйелері бар, сондықтан да бір санатқа жататын қонақ үйлердің өздерінің арасында да айырмашылықтар болып жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]