- •Қонақ үй кәсіпорын жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар.
- •2. Қызметкерлерді басқару менеджменттің бір бөлігі ретінде
- •3. Қазіргі кездегі қонақ үйлердің даму сипаттамаларын көрсетіңіз
- •4. Қызметкерлерді іріктеу критерийлері. Шынайлылығы мен дәлелділігі, шешім қабылдау үрдістерінің сатылары
- •5. Қонақ үй бизнесінің даму тенденциялары
- •6. Шығындар дегенді қалай түсінесіз және олардың жіктелуі. Шығынды есепке алудың әдiстері
- •7. Қызметкерлерді басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлімшелер
- •8. Кәсіпорынды экономикалық талдаудың түрлері
- •9. Қызметкерлерді жұмыстан босату, жұмыскерді жұмыстан босату себептері
- •10. Маркетингтегі бәсекелестерді талдау, маркетингтегі swot-талдау
- •11. Физикалық тозу дегеніміз не және ол қалай сипатталады? Моральдық тозу түсінігі
- •12. Фирмаішілік оқыту жүйесінің табыстылық себептері, жұмыс кезінде оқыту арқылы қызметкерлерді дайындау
- •13. Франчайзинг туралы айтыңыз
- •14. Қонақ үй кәсіпорын жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар
- •15. Қызметкерлерді басқару менеджменттің бір бөлігі ретінде
- •16. Қонақ үй өнімінің мәні, қонақ үй өнімінің төрт деңгейлі моделі
- •17. Кадрлық жоспарлау үрдісі
- •18. Қонақ үйлердің классификациясы
- •19. Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлары: түсінігі және жіктелімі
- •20. Қызметкерлерді басқару тиімділігін жоғарлату. Басқару жүйесінің мінездемесі
- •21. Қонақ үйлердің бриллиант бойынша классификациялануы
- •22. Қонақ үй желісі дегеніміз не және оған мысал келтіріңіз
- •23. Кадрлық жоспарлаудың мәні, кадрлық жоспарлау үрдісі, кадрлық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері
- •24. Қонақ үй кәсіпорындары іскерлігінің негізгі көрсеткіштерін және оларға әсер ететін факторларды атаңыз
- •25. Персоналдарды дайындаудағы тренингтің маңызы.Персоналды оқыту мен қайта дайындаудың қажеттілігін туғызатын себептері
- •26. Қонақ үйді басқарудың функциялары
- •27. Жергілікті газеттерде бос жұмыс орындары туралы хабарлар
- •28. Көшбасшылық және менеджмент
- •29. Жеке бизнес құру кезеңдері
- •30. Баға стратегиясы: түрлері, бағаны таңдау
- •31. Қонақ үй кәсіпорындарының негізгі қорлары жіктелімі. Қонақ үй шаруашылығының негізгі қорларға деген қажеттілігін анықтау
- •32. Кадрлық қызмет міндеттерінің эволюциясы. Кадр таңдаудың жалпы көрсеткіштері
- •33. Номерлерде қызмет көрсету бөлімі
- •34. Қонақ үй кәсіпорнының негізгі қорлар жағдайын бағалау көрсеткіштері. Дебиторлық және несиелік берешекті басқару
- •35. Қызметкерлерді іріктеу кезінде әсер ететін факторлар
- •36. Қонақжайлылық индустриясындағы кәсіби өсу мүмкіндіктері
- •37. Қонақ үй айналым құралдары. Айналмалы құралдарының құрамын атаңыз
- •40. Жұмыс орнына қойылатын талаптар. Жұмыс орнын бағалаудың тәсілдері
- •42. Жапондық басқару құрылымына түсінік беріңіз
- •43. Қызметтің өзiндiк құнының калькуляциясы дегеніміз не?
- •44. Жұмысшы мен компания арасындағы белсенді қарым-қатынас. Кадрлық қызмет міндеттері
- •45. Неміс жіктелімі кәсіпорын типіне тәуелсіз міндетті 22 критерийдің орындалуын талап етеді. Сол 22 критерийді атап, түсіндіріңіз
- •46. Қызметкерлердің сенімділігі және олардың корпорация мүддесіне берілуі. Еңбекақы жүйесі және қосымша жеңілдіктер
- •47. Агрегатталған баланс, оның құрамы
- •48. Жұмыс орнын бағалаудың тәсілдері
- •49. Кәсіпорынның банкротқа ұшырау мүмкіндігін зерттеу
- •50. Еңбекақы мөлшерін бекіту
- •51. Басқарудың ұйымдық құрылымы кәсіпорында қандай мақсатпен жасақталады
- •52. Қызметкерлерді оқытудың маңызы
- •53. Кадрлар санының нормасы дегенге анықтама беріңіз
- •54. Персоналдарды дайындаудағы тренингтің маңызы
- •55. Шығындарды есептеудің шетелдік тәжірибесі және ол несімен ерекшеленеді?
- •56. Дебиторлық және несиелік берешекті басқару дегеніміз не?
- •57. Қызметкерлерді жұмыстан босату, сәйкес құжатты көрсетіңіз
- •58. Шығынды есепке алудың әдiстерiн атаңыз
- •59. Қызметкерлерді басқарудың жапондық жүйесінің салдары
- •60. Негізгі қорлардың тозуы және амортизация түсінігі, екі түсінік арасындағы айырмашылық қандай?
- •81 Қонақ үйлердің халықаралық жіктелімі туралы айтыңыз.
- •82.Қонақ үйлердің санаттылығы деген не және ол қандай критерийлер бойынша межеленеді?
- •83 Әр елдерде қонақ үйлердің қандай жіктелімдері қолданылады?
- •84 Қонақ үй қызметтерінің мәнісі неде?
- •85 Қонақ үй кәсіпорындарының қызметкерлері үшін қандай талаптар қойылады?
- •87 Қонақ үй жайларының жіктелуін атаңыз?
- •88 Демалысқа арналған қонақ үйлерге қандай талаптар қойылады?
- •89 Балалармен баратын стационарлы демалу қонақ үйлері мен курорттық қонақ үйлерге қойылатын талаптардың ерекшеліктері қандай?
- •90 Іскерлік қонақ үйлерге қандай қызметтік талаптар қойылады?
- •92 Әр түрлі cанаттағы қонақ үй бөлмелеріне қандай талаптар қойылған?
- •93 Басқарудың ұйымдық құрылымы кәсіпорында қандай мақсатпен жасақталады?
- •95 Сіз білетін кез келген қонақ үйдің ұйымдық құрылымынына сипаттама беріңіз.
- •96 Қонақ үй кәсіпорнын басқару тәжірибесінде қандай негізгі қызметтер қолданылады?
- •97 Жоспарлау қызметінің мәнісі неде?
- •98 Жоспарлау уақыт бойынша қалай ажыратылады?
- •99 Жоспарлаудың қандай тәсілдері қолданылады?
- •100 Ұйым қызметінің мәнісі неде?
- •101 Ынталандырудың басқару қызметі ретінде мәнісі неде?
- •102 Кәсіпорында басқарушылық бақылаудың қандай түрлері қолданылады?
- •103 Кәсіпорындағы шаруашылық қызметті талдаудың рөлін сипаттаңыз.
- •105 Қонақ үй іс-әрекетіне қандай қосымша факторлар әсер етеді?
- •142 Қонақ үй өнімінің төрт деңгейлі моделі
- •143. Қонақ үй өнімін құрайтын элементтер. 142-ні оқы!
- •144. Еңбек ресурстарын басқару келесі кезеңдерді құрайды :
- •145. Кадрлық жоспарлау қандай сұрақтарға жауап бере алуы керек
- •146. Кадрлық жоспарлаудың мақсаттары
- •152 Персоналдарды басқару үрдісінің құру кезеңдері
- •156. Басқару негізінен ұйым жұмысының басқа адамдар арқылы орындалуын білдіреді. Сондықтан да қызметкерлерді дұрыс таңдау жұмыстағы қиындықтардың кем дегенде жартысын болдырмауға мүмкіндік береді.
- •163. Қызметкердiң мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттердi орындауы кезiндегi кепiлдiктер
17. Кадрлық жоспарлау үрдісі
Кадрлық жоспарлаудың мәні оның адамдарға керекті уақытта және қабілеттеріне, икемділіктеріне, өндіріс талаптарына сай көлемдегі жұмыс орнын ұсынуында жатыр. Жоспарлау мақсаты – өндірісті қажетті жұмыс күшімен қамтамасыз ету және соған сәйкес шығындарды анықтау. Еңбек күшіне қатысты әртүрлі шаралар барлық қызметкерлерді – жұмысшыларды және басқарушы жұмысшыларды дайындау, оларды үнемі өзгерістегі өндіріс жағдайына бейімдеу үрдісі негізінде жүргізілуі керек.
Кадрлық жоспарлау үрдісі бірнеше міндеттерді қарастырады:
нақты кезеңдегі жалпы мақсаттарды анықтау;
бұл мақсаттардың өндіріс үрдісі, өнім құрылымының өзгерісі есебінде жұмыс күші талаптарына икемделуі;
компаниядағы жұмыстан шығару деңгейін бағалау және орын басу мүмкіндігін болжау;
жұмыс күшін тарту үшін жұмыс уақыты мен демалыстағы тиімді өзгерісті бағалау;
жұмыс күшінің жеткіліксіздігі пайда болған уақытты және орынды анықтау;
жаңа технология, өнімділікті жоғарлату, өткізу нарығының өзгеруі, жұмыс күшіне сұранымның өзгерісін болжау;
жұмыс күшін дамыту, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер жылдамдығына бейімделу;
жұмыс күшіне қатысты барлық саясат түрлерін үйлестіру және басқару.
18. Қонақ үйлердің классификациясы
Қонақ үйдің классификациясы дегеніміз – бұл белгілі бір қонақ үйлері мен нөмірлерінің қызмет көрсету критерийлері немесе стандарттары бойынша сай келінуі. Кез келген елде қонақ үй классификациясы өзіне сай разрадтары болады. Ол тиісінше стандарттардың сапалық параметрлері болып табылады. Қонақ үйлер жұлдызды, короналық, разрадты жүйе болып бөлінеді: қонақ үйдің разрядтылығы оның имиджіне, престижіне және қонақ үйдің қызмет ету жүйесіне байланысты болады. Қазіргі кезде 30 дан астам қонақ үйдің классификациясы бар.
Соның ішінде қонақ үйдің орналасу жағынан төмендегідей болуы мүмкін:
- қаланың ішінде орналасуы. Әдетте орталықта орналасқан қонақ үйде іскерлік мақсаттағы қонақ үйлер, отельдер, отель – люкстер және орта класты қонақ үйлер орналасады.
- теңіз жағалауында орналасатын қонақ үйлер. Мұнда орналасуына қарай теңізден арақашықтығы 50 м, 100 м, 150 м, 200 м, 300 м-ге дейін орналасады.
- таулы жердегі қонақ үйлер. Бұл туристік маршрут бойындағы демалуға ыңғайлы жерде көркем пейзажды табиғат аясында орналасатын қонақ үйлер.
Қонақ үйдің жұмыс мерзіміне байланысты:
- жыл бойы жұмыс істейтін қонақ үйлер;
- маусымдық курорттық қонақ үйлер.
19. Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлары: түсінігі және жіктелімі
Негізгі қорлар – ұзақ уақыт өндіріс үдерісінде әрекет ететін, өзінің натуралды-заттық нысанын сақтайтын және құны тозу мөлшеріне байланысты бөлшектенген амортизациялық аударымдар түрінде өнімнің өзіндік құнына қосылатын өндірістік, материалды-заттық құндылықтардың жиынтығы.
Есепке алу, бағалау және талдау мақсатында негізгі қорлар бірнеше сипаттар бойынша жіктелімге жатқызылады.
Негізгі өндірістік қорларға өндірістік үдерісте қолданылатын (техника, құрал-жабдықтар және т.б.) немесе өндірістік үдерісті жүзеге асыруға жағдай жасайтын (өндірістік ғимараттар, құрылыстар және т.б.) қорлар (құралдар) жатады.
Негізгі өндірістік емес қорларға мәдени-тұрмыстық бағытта қызмет атқаратын нысандар жатады (асхана, демалыс орындары және т.б.).
