- •Қонақ үй кәсіпорын жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар.
- •2. Қызметкерлерді басқару менеджменттің бір бөлігі ретінде
- •3. Қазіргі кездегі қонақ үйлердің даму сипаттамаларын көрсетіңіз
- •4. Қызметкерлерді іріктеу критерийлері. Шынайлылығы мен дәлелділігі, шешім қабылдау үрдістерінің сатылары
- •5. Қонақ үй бизнесінің даму тенденциялары
- •6. Шығындар дегенді қалай түсінесіз және олардың жіктелуі. Шығынды есепке алудың әдiстері
- •7. Қызметкерлерді басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлімшелер
- •8. Кәсіпорынды экономикалық талдаудың түрлері
- •9. Қызметкерлерді жұмыстан босату, жұмыскерді жұмыстан босату себептері
- •10. Маркетингтегі бәсекелестерді талдау, маркетингтегі swot-талдау
- •11. Физикалық тозу дегеніміз не және ол қалай сипатталады? Моральдық тозу түсінігі
- •12. Фирмаішілік оқыту жүйесінің табыстылық себептері, жұмыс кезінде оқыту арқылы қызметкерлерді дайындау
- •13. Франчайзинг туралы айтыңыз
- •14. Қонақ үй кәсіпорын жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар
- •15. Қызметкерлерді басқару менеджменттің бір бөлігі ретінде
- •16. Қонақ үй өнімінің мәні, қонақ үй өнімінің төрт деңгейлі моделі
- •17. Кадрлық жоспарлау үрдісі
- •18. Қонақ үйлердің классификациясы
- •19. Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлары: түсінігі және жіктелімі
- •20. Қызметкерлерді басқару тиімділігін жоғарлату. Басқару жүйесінің мінездемесі
- •21. Қонақ үйлердің бриллиант бойынша классификациялануы
- •22. Қонақ үй желісі дегеніміз не және оған мысал келтіріңіз
- •23. Кадрлық жоспарлаудың мәні, кадрлық жоспарлау үрдісі, кадрлық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері
- •24. Қонақ үй кәсіпорындары іскерлігінің негізгі көрсеткіштерін және оларға әсер ететін факторларды атаңыз
- •25. Персоналдарды дайындаудағы тренингтің маңызы.Персоналды оқыту мен қайта дайындаудың қажеттілігін туғызатын себептері
- •26. Қонақ үйді басқарудың функциялары
- •27. Жергілікті газеттерде бос жұмыс орындары туралы хабарлар
- •28. Көшбасшылық және менеджмент
- •29. Жеке бизнес құру кезеңдері
- •30. Баға стратегиясы: түрлері, бағаны таңдау
- •31. Қонақ үй кәсіпорындарының негізгі қорлары жіктелімі. Қонақ үй шаруашылығының негізгі қорларға деген қажеттілігін анықтау
- •32. Кадрлық қызмет міндеттерінің эволюциясы. Кадр таңдаудың жалпы көрсеткіштері
- •33. Номерлерде қызмет көрсету бөлімі
- •34. Қонақ үй кәсіпорнының негізгі қорлар жағдайын бағалау көрсеткіштері. Дебиторлық және несиелік берешекті басқару
- •35. Қызметкерлерді іріктеу кезінде әсер ететін факторлар
- •36. Қонақжайлылық индустриясындағы кәсіби өсу мүмкіндіктері
- •37. Қонақ үй айналым құралдары. Айналмалы құралдарының құрамын атаңыз
- •40. Жұмыс орнына қойылатын талаптар. Жұмыс орнын бағалаудың тәсілдері
- •42. Жапондық басқару құрылымына түсінік беріңіз
- •43. Қызметтің өзiндiк құнының калькуляциясы дегеніміз не?
- •44. Жұмысшы мен компания арасындағы белсенді қарым-қатынас. Кадрлық қызмет міндеттері
- •45. Неміс жіктелімі кәсіпорын типіне тәуелсіз міндетті 22 критерийдің орындалуын талап етеді. Сол 22 критерийді атап, түсіндіріңіз
- •46. Қызметкерлердің сенімділігі және олардың корпорация мүддесіне берілуі. Еңбекақы жүйесі және қосымша жеңілдіктер
- •47. Агрегатталған баланс, оның құрамы
- •48. Жұмыс орнын бағалаудың тәсілдері
- •49. Кәсіпорынның банкротқа ұшырау мүмкіндігін зерттеу
- •50. Еңбекақы мөлшерін бекіту
- •51. Басқарудың ұйымдық құрылымы кәсіпорында қандай мақсатпен жасақталады
- •52. Қызметкерлерді оқытудың маңызы
- •53. Кадрлар санының нормасы дегенге анықтама беріңіз
- •54. Персоналдарды дайындаудағы тренингтің маңызы
- •55. Шығындарды есептеудің шетелдік тәжірибесі және ол несімен ерекшеленеді?
- •56. Дебиторлық және несиелік берешекті басқару дегеніміз не?
- •57. Қызметкерлерді жұмыстан босату, сәйкес құжатты көрсетіңіз
- •58. Шығынды есепке алудың әдiстерiн атаңыз
- •59. Қызметкерлерді басқарудың жапондық жүйесінің салдары
- •60. Негізгі қорлардың тозуы және амортизация түсінігі, екі түсінік арасындағы айырмашылық қандай?
- •81 Қонақ үйлердің халықаралық жіктелімі туралы айтыңыз.
- •82.Қонақ үйлердің санаттылығы деген не және ол қандай критерийлер бойынша межеленеді?
- •83 Әр елдерде қонақ үйлердің қандай жіктелімдері қолданылады?
- •84 Қонақ үй қызметтерінің мәнісі неде?
- •85 Қонақ үй кәсіпорындарының қызметкерлері үшін қандай талаптар қойылады?
- •87 Қонақ үй жайларының жіктелуін атаңыз?
- •88 Демалысқа арналған қонақ үйлерге қандай талаптар қойылады?
- •89 Балалармен баратын стационарлы демалу қонақ үйлері мен курорттық қонақ үйлерге қойылатын талаптардың ерекшеліктері қандай?
- •90 Іскерлік қонақ үйлерге қандай қызметтік талаптар қойылады?
- •92 Әр түрлі cанаттағы қонақ үй бөлмелеріне қандай талаптар қойылған?
- •93 Басқарудың ұйымдық құрылымы кәсіпорында қандай мақсатпен жасақталады?
- •95 Сіз білетін кез келген қонақ үйдің ұйымдық құрылымынына сипаттама беріңіз.
- •96 Қонақ үй кәсіпорнын басқару тәжірибесінде қандай негізгі қызметтер қолданылады?
- •97 Жоспарлау қызметінің мәнісі неде?
- •98 Жоспарлау уақыт бойынша қалай ажыратылады?
- •99 Жоспарлаудың қандай тәсілдері қолданылады?
- •100 Ұйым қызметінің мәнісі неде?
- •101 Ынталандырудың басқару қызметі ретінде мәнісі неде?
- •102 Кәсіпорында басқарушылық бақылаудың қандай түрлері қолданылады?
- •103 Кәсіпорындағы шаруашылық қызметті талдаудың рөлін сипаттаңыз.
- •105 Қонақ үй іс-әрекетіне қандай қосымша факторлар әсер етеді?
- •142 Қонақ үй өнімінің төрт деңгейлі моделі
- •143. Қонақ үй өнімін құрайтын элементтер. 142-ні оқы!
- •144. Еңбек ресурстарын басқару келесі кезеңдерді құрайды :
- •145. Кадрлық жоспарлау қандай сұрақтарға жауап бере алуы керек
- •146. Кадрлық жоспарлаудың мақсаттары
- •152 Персоналдарды басқару үрдісінің құру кезеңдері
- •156. Басқару негізінен ұйым жұмысының басқа адамдар арқылы орындалуын білдіреді. Сондықтан да қызметкерлерді дұрыс таңдау жұмыстағы қиындықтардың кем дегенде жартысын болдырмауға мүмкіндік береді.
- •163. Қызметкердiң мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттердi орындауы кезiндегi кепiлдiктер
13. Франчайзинг туралы айтыңыз
Франчайзинг – ірі және шағын кәсіпкерліктің аралас түрі, әріптестердің екеуіне де тиімді қарым-қатынастар жүйесі.
Франчайзинг(ағылш. franchіse — жеңілдік; ағылш. franchіsіng — артықшылық) — ұсақ және ірі кәсіпкерліктің аралас нысаны‚ ірі компанияның өзінің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге лицензиясын біреуге, әдетте белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта беруі. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен‚ технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл-кеңес беруге‚ т.б. міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс. Негізінен екі нысанда — бұйымдар мен айналым Франчайзингі нысандарында көрініс табады. Бұйымдар Франчайзингі бойынша дайындаушы бұйымды қатаң түрде белгіленген нарықта не белгілі бір аумақта сату құқығын береді, өз кезегінде Франчайзингіні пайдаланушы тауарды тек дайындаушы-лицензиаттан ғана сатып алуға міндеттенеді.
14. Қонақ үй кәсіпорын жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар
Қонақ үй шаруашылығы жұмысының тиімділігіне мынадай факторлар әсер етеді:
- экономикалық (экономиканың жалпы жағдайы, жан басына шаққандағы орташа табыс, жұмыссыздық
деңгейі, валюта бағамы, салық салу деңгейі, несиелердің банктік пайызы, мемлекеттік қолдау және т.б.);
- әлеуметтік-экономикалық (халықты табыс деңгейі бойынша бөлу, білім деңгейі, өмір сүру жағдайы, жас мөлшері, қалалық және ауылдық халықтың қатынасы, инфрақұрылымы, қылмыс деңгейі, туризмнің дамуы және т.б.);
- заңнама (салықтық және еңбек заңнамасы, лицензиялау ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар, өрт қауіпсіздігі ережелері, тұтынушы құқықтары жөніндегі заңдар және т.б).
15. Қызметкерлерді басқару менеджменттің бір бөлігі ретінде
Адамдарды басқару ірі және шағын кәсіпорындардағы барлық шаруашылық қызметтері үшін өте маңызды. Керекті адамдарсыз ешбір ұйым өзінің мақсаттарына жетіп, әрі қарай өмір сүре алмайды. Сондықтан да қызметкерлерді басқару басқарудың теориясы мен тәжірибесінде маңызды аспектілердің бірі болып табылады.
Қызметкерлерді басқару - кәсіпорын ішіндегі адамдар мен олардың қарым-қатынастарының байланысынан тұратын менеджменттің бір бөлігі. Ол тек өндіріс пен коммерцияға ғана емес, сонымен бірге жұмысбастылықтың барлық аяларына қатысты тиімділік пен әділеттілікке жетуге бағытталған.
Қызметкерлерді басқару еркектер мен әйелдерді біртұтас тиімді ұйымға біріктіріп, оларды кәсіпорынның және өздерінің жетістікке жетуі үшін ынталандырады. Сонымен бірге жұмысқа жалдаудың әділетті шарттарын қамтамасыз етеді.
16. Қонақ үй өнімінің мәні, қонақ үй өнімінің төрт деңгейлі моделі
«Қонақ үй өнімі» термині қонақ қабылдау индустриясының тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Бұл терминді қолдану қонақүйлік қызмет көрсетудің кешендік сипатын көрсетуге мүмкіндік береді, яғни қонақ үй индустриясының қызметтерін алу үшін турист қонақ үйге келуі тиіс. Сондықтан қонақ үй кәсіпорындарының іскерлігі олардың орналасқан орнына да байланысты болады. Сонымен қоса, еңбекке ақы төлеу және қонақ үй қызметтерін өткізу шығындарының көлемі де осыған байланысты болып келеді. Әдетте, туристтер қонақ үйге орналасу орнын таңдауға қол жетімділік және жақындық сияқты талаптар қойылады. Олар қонақ үй қызметтерін үш деңгейге бөліп қарастырады:
- жеке қызметтер мен қызметтер тобы;
- қызметтер кешені ретінде қонақ үй өнімі;
- кеңейтілген өнім.
Орналасқан жердің сипаттамалары негізінде қонақ үй өнімі қасиеттері кеңейтілген өнімге айналады, бұл үшінші, яғни, жоғары деңгейге жатады. Н.И. Кабушкин және Г.А. Бондаренко қонақ үй өнімінің төрт деңгейлі моделін ұсынған және оны үш сақинамен қоршалған ядро түрінде көрсеткен. Ядроны қоршайтын бірінші шеңбер «күтілетін өнім» деп атаған, яғни бұл клиенттердің күтімдерін қанағаттандыратын қызметтер: қызмет көрсету уақыты мен шарттары; бөлмелер, холлдар және басқа да ғимараттардың интерьері, персоналдың киімі және мінез-құлқы, бағалар және т.б.
Мынадай шеңбер «кеңейтілген өнім» деп аталған, яғни нарықтық аналогтардан ерекшелендіретін қасиеттері, меншік формасының сипаттамалары және тұтынумен байланысты қосымша артықшылықтары бар өнімдерді жатқызады. Қонақ үй өнімінің қосымша артықшылықтар ретінде көбінесе орналасу орны, тұрғын бөлме сипаттамалары және т.б. қарастырылады.
Соңғы шеңбер «потенциалды өнім» деп аталады. Құрамына нақты істерді ғана жатқызатын кеңейтілген өнімге қарағанда оның құрамына болашақта туристерді тарту және ұстап қалу үшін қол жетімді және жүзеге асырылуына толық мүмкіндігі бар барлық қызмет түрлері кіреді.
