Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

11. Физикалық тозу дегеніміз не және ол қалай сипатталады? Моральдық тозу түсінігі

Жалпы негізгі қорлар тозуының екі түрі бар: физикалық және моральдық.

Физикалық тозу дегеніміз - құрал-жабдықтардың немесе негізгі қор құрамына жататын басқа нысандардың қызмет көрсету барысында, табиғаттың әсері нәтижесінде физикалық, химиялық, механикалық қасиеттерін жоғалту. Экономикалық тұрғыдан қарағанда, физикалық тозу дегеніміз - негізгі қорлардың қасиеттері жоғалу нәтижесіндегі алғашқы құнының төмендеуі.

Физикалық тозуды анықтау барысында екі негізгі тәсіл қолданылады. Біріншісі физикалық және нормативті қызмет атқару мерзімдерін немесе жұмыс көлемін салыстыруға негізделеді. Екіншісі зерттеу арқылы құрал-жабдықтардың техникалық жағдайын анықтауға негізделеді.

Жұмыс көлемі бойынша физикалық тозу коэффициенттің (Тжк) тек өнімділігі бар нысандар (технологиялық құрал-жабдықтар) бойынша анықтауға болады. Бұл көрсеткіш келесі формула негізінде анықталады:

мұнда tн – құрал-жабдықпен нақты жұмыс атқарылған жылдар саңы;

Өн – жыл ішінде белгілі бір құралмен нақты шығарылған өнімнің орташа саны;

Tнор – нормативті қызмет көрсету мерзімі;

Өқ – құралдың жылдық өндірістік қуаттылығы (немесе нормативті өнімділігі).

Ал, қызмет көрсету мерзімі бойынша физикалық тозуды негізгі қордың барлық нысандары бойынша қарастыруға болады. Қызмет көрсету мерзімі бойынша физикалық тозу коэффициенті (Тмб) төмендегідей анықталады:

мұнда tн – құрал-жабдықтардың нақты қызмет атқару мерзімі;

tнор – құрал-жабдықтың нормативті қызмет атқару мерзімі.

Негізгі қорлардың моральдық тозуы дегеніміз құрал-жабдықтардың физикалық тозғанға дейінгі экономикалық тиімділігін және қолдану мақсаттылығын жоғалту. Моральдық тозудың екі түрі болады:

  1. белгілі бір уақыттағы негізгі қорлардың ұдайы өндірісі арзандауына байланысты құрал-жабдықтар құнының төмендеуі. Бұл жағдайда моральдық тозудың салыстырмалы шамасы (Тмт) мынадай формула негізінде анықталады:

бұл жерде Қ1 және Қ2 – негізгі қорлардың бастапқы және қайта қалпына келтіру құны.

  1. өндіріс үдерісіне өнімділігі жоғары және үнемді жаңа жабдықтардың кіргізілуі. Бұл моральдық тозу үдерісі толық немесе ішінара болуы мүмкін, сонымен қоса жасырынды түрде жүзеге асуы мүмкін. Ол мынадай формула негізінде анықталады:

мұнда Жж және Же – жаңа және ескірген жабдықтарды қайта қалпына келтіру құны;

Өж , Өе – жаңа және ескірген жабдықтардың өнімділігі.

12. Фирмаішілік оқыту жүйесінің табыстылық себептері, жұмыс кезінде оқыту арқылы қызметкерлерді дайындау

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония экономикасының қарқынды дамуының қозғаушы күші ретінде қызметкерлерді дайындау жүйесін алуға болады, оның ішінде - фирмаішілік оқыту. Фирмаішілік оқыту жүйесінің табыстылық себептерінің негізгі төрт себебі:

  1. Жапондықтардың мектепте берілген фундаментальды жоғарғы білімінің жоғарғы деңгейі;

  2. Дәстүрлі "ішкі даярлау" тәжірибесі, кәсіпорын қажет қызметкерлерді өзі дайындайды;

  3. Жұмыс кезінде оқытудың тәрбиелік әсерін жоғарлататын кәсіп-орындардағы қызметкерлерді басқару жүйесі;

  4. Мемлекеттің фирмаішілік оқытуды дамытуға бағытталған саясаты.

Фирмаішілік оқытумен қатар қызметкерлерді дайындаудың жапондық жүйесі фирмаішілік оқытуда қосымша қызметтерді атқаратын мемлекеттік-муниципалдық кәсіптік оқытуды да қамтиды.

Жұмыс уақытында оқытудың келесі маңызды жағдайлары бар:

  1. Фирмаішілік еңбек нарығында қызметкерлерді дайындау.

  2. Білікті және шығармашылық қабілетті жұмысшыны даярлау. Жұмыс уақытында қызметкерлерді

оқыту қашанда қарамағындағыларды жұмыс үрдісіне қатыстыру жолымен жұмыс дағдыларына оқыту әдістерінің бірі деп қарастырылады.

  1. Қызметкерлерге икемді, тартымды және көпфункционалды жұмыс ұсыну.

  2. Еңбекті ынталандыруды талаптандыру шаралары. Жоғары лауазымдыққа ашылған бос жұмыс орны

төмен буындағы жұмысшылармен толтырылады.

5. Өздігінен қалыптасуды талаптандыру. Адам ресурстарын басқару саласындағы ұзақ мерізімді болашағында көпкәсіпті жұмысшыларды дайындауға көңіл бөлу, тартымды жұмысты ұсыну және жұмысшылар үйірмелері т.б шаралар жұмысшылардың өзіндік қалыптасуына итермелейді.

6. Жұмыс уақытында оқыту нұсқаушыларын дайындау. Жақсы қызметтелінген жұмыс уақытында оқыту аумағында басқару.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]