- •Қонақ үй кәсіпорын жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар.
- •2. Қызметкерлерді басқару менеджменттің бір бөлігі ретінде
- •3. Қазіргі кездегі қонақ үйлердің даму сипаттамаларын көрсетіңіз
- •4. Қызметкерлерді іріктеу критерийлері. Шынайлылығы мен дәлелділігі, шешім қабылдау үрдістерінің сатылары
- •5. Қонақ үй бизнесінің даму тенденциялары
- •6. Шығындар дегенді қалай түсінесіз және олардың жіктелуі. Шығынды есепке алудың әдiстері
- •7. Қызметкерлерді басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлімшелер
- •8. Кәсіпорынды экономикалық талдаудың түрлері
- •9. Қызметкерлерді жұмыстан босату, жұмыскерді жұмыстан босату себептері
- •10. Маркетингтегі бәсекелестерді талдау, маркетингтегі swot-талдау
- •11. Физикалық тозу дегеніміз не және ол қалай сипатталады? Моральдық тозу түсінігі
- •12. Фирмаішілік оқыту жүйесінің табыстылық себептері, жұмыс кезінде оқыту арқылы қызметкерлерді дайындау
- •13. Франчайзинг туралы айтыңыз
- •14. Қонақ үй кәсіпорын жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар
- •15. Қызметкерлерді басқару менеджменттің бір бөлігі ретінде
- •16. Қонақ үй өнімінің мәні, қонақ үй өнімінің төрт деңгейлі моделі
- •17. Кадрлық жоспарлау үрдісі
- •18. Қонақ үйлердің классификациясы
- •19. Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлары: түсінігі және жіктелімі
- •20. Қызметкерлерді басқару тиімділігін жоғарлату. Басқару жүйесінің мінездемесі
- •21. Қонақ үйлердің бриллиант бойынша классификациялануы
- •22. Қонақ үй желісі дегеніміз не және оған мысал келтіріңіз
- •23. Кадрлық жоспарлаудың мәні, кадрлық жоспарлау үрдісі, кадрлық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері
- •24. Қонақ үй кәсіпорындары іскерлігінің негізгі көрсеткіштерін және оларға әсер ететін факторларды атаңыз
- •25. Персоналдарды дайындаудағы тренингтің маңызы.Персоналды оқыту мен қайта дайындаудың қажеттілігін туғызатын себептері
- •26. Қонақ үйді басқарудың функциялары
- •27. Жергілікті газеттерде бос жұмыс орындары туралы хабарлар
- •28. Көшбасшылық және менеджмент
- •29. Жеке бизнес құру кезеңдері
- •30. Баға стратегиясы: түрлері, бағаны таңдау
- •31. Қонақ үй кәсіпорындарының негізгі қорлары жіктелімі. Қонақ үй шаруашылығының негізгі қорларға деген қажеттілігін анықтау
- •32. Кадрлық қызмет міндеттерінің эволюциясы. Кадр таңдаудың жалпы көрсеткіштері
- •33. Номерлерде қызмет көрсету бөлімі
- •34. Қонақ үй кәсіпорнының негізгі қорлар жағдайын бағалау көрсеткіштері. Дебиторлық және несиелік берешекті басқару
- •35. Қызметкерлерді іріктеу кезінде әсер ететін факторлар
- •36. Қонақжайлылық индустриясындағы кәсіби өсу мүмкіндіктері
- •37. Қонақ үй айналым құралдары. Айналмалы құралдарының құрамын атаңыз
- •40. Жұмыс орнына қойылатын талаптар. Жұмыс орнын бағалаудың тәсілдері
- •42. Жапондық басқару құрылымына түсінік беріңіз
- •43. Қызметтің өзiндiк құнының калькуляциясы дегеніміз не?
- •44. Жұмысшы мен компания арасындағы белсенді қарым-қатынас. Кадрлық қызмет міндеттері
- •45. Неміс жіктелімі кәсіпорын типіне тәуелсіз міндетті 22 критерийдің орындалуын талап етеді. Сол 22 критерийді атап, түсіндіріңіз
- •46. Қызметкерлердің сенімділігі және олардың корпорация мүддесіне берілуі. Еңбекақы жүйесі және қосымша жеңілдіктер
- •47. Агрегатталған баланс, оның құрамы
- •48. Жұмыс орнын бағалаудың тәсілдері
- •49. Кәсіпорынның банкротқа ұшырау мүмкіндігін зерттеу
- •50. Еңбекақы мөлшерін бекіту
- •51. Басқарудың ұйымдық құрылымы кәсіпорында қандай мақсатпен жасақталады
- •52. Қызметкерлерді оқытудың маңызы
- •53. Кадрлар санының нормасы дегенге анықтама беріңіз
- •54. Персоналдарды дайындаудағы тренингтің маңызы
- •55. Шығындарды есептеудің шетелдік тәжірибесі және ол несімен ерекшеленеді?
- •56. Дебиторлық және несиелік берешекті басқару дегеніміз не?
- •57. Қызметкерлерді жұмыстан босату, сәйкес құжатты көрсетіңіз
- •58. Шығынды есепке алудың әдiстерiн атаңыз
- •59. Қызметкерлерді басқарудың жапондық жүйесінің салдары
- •60. Негізгі қорлардың тозуы және амортизация түсінігі, екі түсінік арасындағы айырмашылық қандай?
- •81 Қонақ үйлердің халықаралық жіктелімі туралы айтыңыз.
- •82.Қонақ үйлердің санаттылығы деген не және ол қандай критерийлер бойынша межеленеді?
- •83 Әр елдерде қонақ үйлердің қандай жіктелімдері қолданылады?
- •84 Қонақ үй қызметтерінің мәнісі неде?
- •85 Қонақ үй кәсіпорындарының қызметкерлері үшін қандай талаптар қойылады?
- •87 Қонақ үй жайларының жіктелуін атаңыз?
- •88 Демалысқа арналған қонақ үйлерге қандай талаптар қойылады?
- •89 Балалармен баратын стационарлы демалу қонақ үйлері мен курорттық қонақ үйлерге қойылатын талаптардың ерекшеліктері қандай?
- •90 Іскерлік қонақ үйлерге қандай қызметтік талаптар қойылады?
- •92 Әр түрлі cанаттағы қонақ үй бөлмелеріне қандай талаптар қойылған?
- •93 Басқарудың ұйымдық құрылымы кәсіпорында қандай мақсатпен жасақталады?
- •95 Сіз білетін кез келген қонақ үйдің ұйымдық құрылымынына сипаттама беріңіз.
- •96 Қонақ үй кәсіпорнын басқару тәжірибесінде қандай негізгі қызметтер қолданылады?
- •97 Жоспарлау қызметінің мәнісі неде?
- •98 Жоспарлау уақыт бойынша қалай ажыратылады?
- •99 Жоспарлаудың қандай тәсілдері қолданылады?
- •100 Ұйым қызметінің мәнісі неде?
- •101 Ынталандырудың басқару қызметі ретінде мәнісі неде?
- •102 Кәсіпорында басқарушылық бақылаудың қандай түрлері қолданылады?
- •103 Кәсіпорындағы шаруашылық қызметті талдаудың рөлін сипаттаңыз.
- •105 Қонақ үй іс-әрекетіне қандай қосымша факторлар әсер етеді?
- •142 Қонақ үй өнімінің төрт деңгейлі моделі
- •143. Қонақ үй өнімін құрайтын элементтер. 142-ні оқы!
- •144. Еңбек ресурстарын басқару келесі кезеңдерді құрайды :
- •145. Кадрлық жоспарлау қандай сұрақтарға жауап бере алуы керек
- •146. Кадрлық жоспарлаудың мақсаттары
- •152 Персоналдарды басқару үрдісінің құру кезеңдері
- •156. Басқару негізінен ұйым жұмысының басқа адамдар арқылы орындалуын білдіреді. Сондықтан да қызметкерлерді дұрыс таңдау жұмыстағы қиындықтардың кем дегенде жартысын болдырмауға мүмкіндік береді.
- •163. Қызметкердiң мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттердi орындауы кезiндегi кепiлдiктер
163. Қызметкердiң мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттердi орындауы кезiндегi кепiлдiктер
Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкердiң жұмыс орнын және лауазымын сақтай отырып, оны мемлекеттік және қоғамдық мiндеттердi орындау уақытына жұмыстан босатады.
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 81-бап толықтырылды
81-бап. Жұмыс беруші медициналық тексеруге жiберетiн қызметкерлерге және донорларға арналған кепiлдiктер
Мерзiмдi медициналық тексеруден өту кезiнде жұмыс берушiнiң есебiнен осындай тексеруден өтуге мiндеттi қызметкердiң, сондай-ақ донордың тексерiлетiн және қан құю үшiн қан тапсыратын күндерінде жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады.
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 82-бап толықтырылды
82-бап. Бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберiлетiн қызметкерге арналған кепiлдiктер
Жұмыс берушi қызметкердi өндiрiстен қол үзiп, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберген кезде оның жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ тараптардың келiсiмiне сәйкес басқа да шығындар өтеледi.
164.жок
165. Кәсіпорынды басқарудың желілік құрылымы
Қонақ күту индустриясы тәжірибесінде ұйымдық құрылымдардың келесі типтері кеңінен таралған:
- желілік;
- қызметтік;
- желілік-қызметтік
Сурет 4.1. Кәсіпорынды басқарудың желілік құрылымы
Басқарудың желілік ұйымдық құрылымы логикалық түрде аяқталған және формальды түрде анықталғанына қарамастан, сыртқы ортаның әсеріне икемді болып келеді. Басшылардың әрқайсысының билігі толық, бірақ арнайы білімді қажет ететінмәселелерді шешуде мүмкіндіктері шектеулі.
Басқарудың желілік-қызметтік ұйымдық құрылымы. Мұндай басқару құрылымында бір қызмет саласындағы толық билікті белгілі бір ұжымды басқаратын желілік басшы өз қолына алады. Нақты мәселелерді шешуде, шешімдерді, бағдарламаларды, жоспарларды дайындауда қызметтік бөлімшелерден (басқарма, бөлім, бюро және т. б.) тұратын арнайы аппарат көмегіне жүгінеді (сурет 4.3). Артықшылықтары ретінде басшының кеңес беру аппаратының қалыптасуын көрсетуге болады, ал кемшілігі ретінде қызметтік аппаратқа деген тәуелділіктің (басшы жедел түрде шешілуді қажет ететін мәселе бойынша қызметтік бөлімдердің ақпаратын күтіп отырады) пайда болуын айтуға болады.
Басқарудың желілік ұйымдық құрылымның артықшылықтары: нақты анықталған жауапкершіліктің болуы; тез арада шешім қабылдау мүмкінділігінің болуы; өз бөлімшесі қызметінің соңғы нәтижесіне жеке жауапкершіліктің болуы. Ал кемшіліктері барлық басқару қызметтері бойынша арнайы тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған басшыға тым жоғары талаптардың қойылуынан көрінеді, яғни, кәсіпорын немесе бөлімше әрекетінің барлық саласы бойынша операциялық шешімдерді басшы тек өзі ғана қабылдау қажет.
166. Кәсіпорынды басқарудың функционалды құрылымы
4.2- сурет. Кәсіпорынды басқарудың функционалды құрылымы
167 Кәсіпорынды басқарудың штабтық құрылымы
Сурет 4.3. Кәсіпорынды басқарудың штабтық құрылымы
168. Ірі қонақ үйдің басқару құрылымы Ірі қонақ үй кәсіпорындарының басқарушылық құрылымы бас директорға бағынатын 5-6 бөлім менеджер немесе директорлар лауазымдарынан тұруы мүмкін (сурет 4.4). Бұл менеджерлер немесе директорлар басқарудың орта деңгейінің сипаттамасын беруге мүмкіндік жасап, жоғарғы кәсіпорын басшылығы жасақтаған қызмет ету саясатын жүзеге асуын қамтамасыз етеді, анағұрлым жетілген тапсырмалардың бөлімшелер мен бөлімдерге жеткізілуіне және олардың орындалуына жауапты. Әдетте, бөлім директорларының міндеттерінің аясы кең, әрі шешімдерді қабылдауда еркіндігі мол болып келеді. Жалпы тапсырмаларды жекелеген нақты басқарушылық шешімдерге аударумен қатар, қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған мәселелерді шешеді.
Сурет 4.4. Ірі қонақ үйдің басқару құрылымы
169. Басқарудың негізгі қызметтері
Басқару функциясын басқарылатын нысанға деген әсеріне қарай басқарушылық еңбектің түрлері ретінде көрсетуге болады. Басқаша айтқанда, басқару - басқа адамдарға психологиялық тұрғыдан әсер ету арқылы қойылған мақсатқа жету өнері. Қонақ үйдегі басқарушылық еңбек қызмет көрсетуге бағытталғандықтан, материалдық игіліктерді жасамайды. Ол қоғамдық еңбектің ерекше cанатына бөлініп, басқаруды кәсіби қызмет ретінде түсінуге негізделеді. Басқарудың негізгі қызметтеріне келесілерді жатқызуға болады: болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау, талдау, дайындау және қабылдау. Аталған функция бір-бірімен өзара тығыз байланысқан және шеңберлі түрде орындалуы тиіс (сурет 4.5). Басқару жүйесінің тиімділігі тек басқарудың әдістері, қағидалары және функцияларын таңдауға ғана емес, сонымен қатар, басқару үдерісінің интенсивтілігін арттыруға себепші болатын факторларға да байланысты болады.
Егер кез келген деңгейдегі басшы өз кәсіпорнына «қалтқысыз» болашақты қамтамасыз еткісі келсе, ол тұрақты түрде барлық басқарушылық функцияларды орындауы тиіс. Басқару қызметінің жүзеге асырылуы болжау және жоспарлау қызметтерінен басталуы тиіс. Болжау – алдын-ала белгілі бір мезгілге, әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы белгілі бір нысанның даму тенденциясын анықтау, ал жоспарлау - белгілі бір болашақ мезгілге бағытталған шешімдерді дайындау барысында арнайы жұмыстарды «кім», «қалай» және «қашан» істейді деген сұрақтардың жауабы. Бұл қызметтерді орындау барысында басшы «Кәсіпорынның жағдайы қандай?», «Қандай мақсаттарды қоямыз?», «Оған қалай жетеміз?» деген сұрақтарға міндетті түрде жауап беруі керек.
Сурет 4.5. Басқарудың негізгі қызметтері
170. Қонақ үй іс-әрекетінің көрсеткіштері
Қонақ үй іс-әрекеті төмендегі көрсеткіштермен өлшенеді:
құндық және табиғи (өлшеу бірліктеріне байланысты);
сандық және сапалық;
көлемдік (абсолют шамалармен көрсетілген) немесе үлестік (жалпы көлемдегі көрсеткіштің үлес салмағымен көрсетілген).
171. Қонақ үй іс-әрекетіндегі қолданатын барлық көрсеткіштер
Қонақ үй іс-әрекетіндегі қолданатын барлық көрсеткіштерді (әсіресе маркетингтік талдауға қатысты) төмендегідей жүйеге келтіруге болады:
қонақ үй персоналының саны мен құрылымын сипаттайтын көрсеткіштер (персонал саны, бір қонаққа шаққандағы персонал саны, табыстың бір теңгеге шаққандағы персонал нормативі және т.б.);
қонақ үй кәсіпорны табыстарының шамасын, құрылымы мен динамикасын сипаттайтын көрсеткіштер (тәулікке берілетін бөлмелердің орташа бағасы, қолда бар бөлмелердің орташа бағасы, табыс өсімінің қарқыны және т.б.);
қонақ үй кәсіпорындары шығындарының шамасын, құрылымын және динамикасын сипаттайтын көрсеткіштер (бөлмеде тәулік ішінде көрсетілетін әр түрлі қызметтердің орташа өзіндік құны, персоналдың орташа жалақысы, тұрақты және өзгермелі шығындардың қатынасы, жалпы өзіндік құн және т.б.);
қонақ үй іс-әрекетінің белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер (бөлмелерді жүктеудің орташа коэффициенті, күн сайын жалдауға дайын бөлмелердің орташа саны, тәулікте өткізілетін бөлмелердің орташа саны, бөлмелерді жалдаудың орташа тәуліктік тарифі, кереуеттерді жүктеудің орташа тәуліктік коэффициенті және т.б.);
қонақ үй кәсіпорындарының қызметтеріне деген сұранысты сипаттайтын көрсеткіштер (сұраныстың икемділігі, сұраныс детерминанттары және т.б.);
қонақ үй кәсіпорнының баға саясатын сипаттайтын көрсеткіштер (бөлменің орташа тәуліктік тарифі, сала бойынша орташа тәуліктік тариф, бәсекелестермен салыстырғандағы бағалар деңгейі және т.б.);
көрсетілетін қызметтің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер (бәсекеге қабілеттіліктің бірлік көрсеткіштері, бәсекеге қабілеттіліктің топтық көрсеткіштері, бәсекеге қабілеттіліктің интегралды көрсеткіші, яғни рейтингтік бағалау);
қызмет көрсету саласындағы қонақ үй іс-әрекетінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер (сатылымдардың рентабелділігі, өзіндік құн, капиталдың қайтарымдылығы, бір қызметкерге шаққандағы табыс, жоспарланатын табысқа қатысты алынған табыс және т.б.);
әр түрлі бөлімшелердегі қаржылық ресурстарды қолдану нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер (мейрамхананың бір клиентінің сатып алуының орташа құны, мейрамханадағы орындар айналымы, тағам кәсіпорындары сатылымдарының көлемі, қосымша қызметтердің сатылымының орташа құны және т.б.).
172. Қонақ үй кәсіпорны жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар
Қонақ үй кәсіпорны жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар. Қонақ үй шаруашылығы жұмысының тиімділігіне мынадай факторлар әсер етеді:
- экономикалық (экономиканың жалпы жағдайы, жан басына шаққандағы орташа табыс, жұмыссыздық деңгейі, валюта бағамы, салық салу деңгейі, несиелердің банктік пайызы, мемлекеттік қолдау және т.б.);
- әлеуметтік-экономикалық (халықты табыс деңгейі бойынша бөлу, білім деңгейі, өмір сүру жағдайы, жас мөлшері, қалалық және ауылдық халықтың қатынасы, инфрақұрылымы, қылмыс деңгейі, туризмнің дамуы және т.б.);
- заңнама (салықтық және еңбек заңнамасы, лицензиялау ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар, өрт қауіпсіздігі ережелері, тұтынушы құқықтары жөніндегі заңдар және т.б).
Аталған факторлардан басқа қонақ үй кәсіпорнының экономикасына бірқатар басқа факторлар да әсер етеді. Қазіргі кездегі ең қауіптісі лаңкестік болып табылады, бұл лаңкестер шабуылдаған аймақтағы қонақ үйлерде жүктелуді тежейді.
Қонақ үйлердегі бизнес-туристердің санының төмендеуінің негізгі себебі елдегі шетелдік инвестициялар мен тауар экспорты көлемінің азаюы және әлемдік экономикадағы дағдарыстар.
Демалыс аймақтарындағы қонақ үйлердің жүктелуіне туристердің демалыс орындарын таңдау үрдісінің тез өзгеруі, виза алу саласындағы қиындықтар, көліктік компаниялардың жұмыс қарқыны әсер етеді.
173 Қонақ үй қызметтерін неше деңгейге бөліп қарастырады
туристтер қонақ үйге орналасу орнын таңдауға қол жетімділік және жақындық сияқты талаптар қойылады. Олар қонақ үй қызметтерін үш деңгейге бөліп қарастырады:
- жеке қызметтер мен қызметтер тобы;
- қызметтер кешені ретінде қонақ үй өнімі;
- кеңейтілген өнім.
Жеке қызметтер төменгі, яғни, бірінші деңгейге жатады. Жалпы қонақ үй өнімі жеке қызметтердің жиынтығына жатады: үй жинаушы, асхана, портье, даяшылар және т.б. қызметтері, бұлар екінші (ортаңғы) деңгейді құрайды.
174 Қонақ үй өнімінің деңгейлі модельдері нешеге бөліп көрсетуге болады
Сурет 6.1. Қонақ үй өнімінің төрт деңгейлі моделі
Орналасқан жердің сипаттамалары негізінде қонақ үй өнімі қасиеттері кеңейтілген өнімге айналады, бұл үшінші, яғни, жоғары деңгейге жатады. Н.И. Кабушкин және Г.А. Бондаренко қонақ үй өнімінің төрт деңгейлі моделін ұсынған және оны үш сақинамен қоршалған ядро түрінде көрсеткен (6.1-сурет). Ядро - нарықтық үдеріске қатысуға қажетті қабілеттер мен ресурстар негізінде пайда болған өнім. Қонақ үйлерде ядро ретінде жеке қызметтер алынады. Ядроны қоршайтын бірінші шеңбер «күтілетін өнім» деп атаған, яғни бұл клиенттердің күтімдерін қанағаттандыратын қызметтер: қызмет көрсету уақыты мен шарттары; бөлмелер, холлдар және басқа да ғимараттардың интерьері, персоналдың киімі және мінез-құлқы, бағалар және т.б.
Мынадай шеңбер «кеңейтілген өнім» деп аталған, яғни нарықтық аналогтардан ерекшелендіретін қасиеттері, меншік формасының сипаттамалары және тұтынумен байланысты қосымша артықшылықтары бар өнімдерді жатқызады. Қонақ үй өнімінің қосымша артықшылықтар ретінде көбінесе орналасу орны, тұрғын бөлме сипаттамалары және т.б. қарастырылады.
Соңғы шеңбер «потенциалды өнім» деп аталады. Құрамына нақты істерді ғана жатқызатын кеңейтілген өнімге қарағанда оның құрамына болашақта туристерді тарту және ұстап қалу үшін қол жетімді және жүзеге асырылуына толық мүмкіндігі бар барлық қызмет түрлері кіреді. Сондықтан қонақ үй кәсіпорындары жаңа қызметтерді нарықты зерттеу негізінде үнемі іздеуі тиіс.
175. Қонақ үй кәсіпорнының талдау қызметінің ұйымдастыру құрылымы
Сурет 6.3. Қонақ үй кәсіпорнының талдау қызметінің ұйымдастыру құрылымы
Жұмыс барысында сараптау қызметі қонақ үйдің басқа бөлімдері және қызметтерімен үнемі байланыста болады: кешендік талдауға қажетті ақпаратты жинайды, сәйкес бөлімдерде зерттеулер жүргізу арқылы бағдарламалар құрады және талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындайды. Сараптау қызметінің қызметкерлерінің экономикалық салаға қатысты жоғары білімі, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың іс-әрекетін сараптау тәжірибесі, маркетинг, қаржы және бухгалтерлік есептілік саласында білімі болуы қажет. Сурет 6.3-те қонақ үй кәсіпорнының сараптау қызметінің ұйымдастыру құрылымының нұсқасы берілген.
177 Негізгі қорлар дегеніміз?
Негізгі қорлар (құралдар) – ұзақ уақыт өндіріс үдерісінде әрекет ететін, өзінің натуралды-заттық нысанын сақтайтын және құны тозу мөлшеріне байланысты бөлшектенген амортизациялық аударымдар түрінде өнім/қызметтің өзіндік құнына қосылатын өндірістік, материалды-заттық құндылықтардың жиынтығы.
178 Негізгі қорлардың жіктелімі қалай?
Есепке алу, бағалау және талдау мақсатында негізгі қорлар бірнеше сипаттар бойынша жіктелімге жатқызылады
179 Негізгі қорларды ақшалай нысанда бағалау қандай бағыттар бойынша жүргізіледі?
Негізгі қорларды есепке алу және бағалау натуралды және ақшалы нысанда жүзеге асырылады. Натуралды нысанда бағалау негізгі қорлардың техникалық жағдайын, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын, құрал-жабдықтарды қолдану дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Ақшалай (немесе құндық) нысанда бағалау негізгі қорлардың жалпы көлемін, өзгеру динамикасын, құрылымын, өнімнің/қызметтің өзіндік құнына қосылатын негізгі қорлардың құн мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді және капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігін анықтау барысында қолданылады.
Негізгі қорларды ақшалай нысанда бағалау мына бағыттар бойынша жүргізіледі:
Негізгі қорлардың бастапқы құны – құрамына құрал-жабдықтарды (ғимаратты, құрылысты) сатып алу құны, құрал-жабдықтарды жеткізуге кеткен көліктік шығындар және жинақтау (монтаж) құны. Бастапқы құны бойынша қорлар есепке алынады және амортизациялық нормалар немесе басқа көрсеткіштер анықталады.
Қайта қалпына келтіру құны – бұл негізгі қорларды қайта қалпына келтіруге кеткен шығындар. Олар көбінесе қайта бағалау нәтижесінде бекітіледі.
Қалдық құны – негізгі қорлардың бастапқы құны мен қайта қалыптастыру құнынын арасындағы айырмасы және тозу сомасының қосындысы ретінде көрсетіледі.
Жою құны – тозған немесе қолданыстан шығарылған негізгі қорлардың немесе олардың бір бөлігінін сатылу құны немесе бағаланған құны.
180 Негізгі қорларды қолдану көрсеткіштерін қандай топқа бөліп көрсетуге болады
Негізгі қорларды қолдану көрсеткіштерін төрт негізгі топқа бөліп көрсетуге болады:
экстенсивті қолдану көрсеткіштері – уақыт аралығындағы қолдану деңгейін сипаттайды;
интенсивті қолдану көрсеткіштері – қуаттылығы бойынша қолдану деңгейін сипаттайды;
негізгі қорларды интегралды қолдану көрсеткіштері – экстенсивті және интенсивті факторлар жиынтығының әсерін көрсетеді;
негізгі қорларды жалпылай қолдану көрсеткіштері – жалпы кәсіпорын бойынша негізгі қорларды әр түрлі бағытта қолдану дәрежесін сипаттайды.
181 Қонақ үй шаруашылығының қызметінде негізгі қорларға деген қажеттілікті анықтау барысында қандай факторлар есепке алынады
Қонақ үй шаруашылығының қызметінде негізгі қорларға деген қажеттілікті анықтау барысында мынадай факторлар есепке алынады:
көрсетілетін қызметтің көлемі, құрылымы, ұзақтылығы және күрделілігі;
құрал-жабдықтардың өнімділігі, қолдану белсенділігі;
құрал-жабдықтардың сапалық сипаттамасы, моральдық тозуға шыдамдылығы және сенімділігі;
жаңару темптері және моральдық тозу мерзімі;
құрал-жабдықтарды қолдану дәрежесі (қолдану интенсивтілігі), ауысымдылық коэффициенті;
жаңа құрал-жабдықтарды игеру мерзімі және осы үдеріспен байланысты кемшіліктерді жою уақыты;
құрал-жабдықтар қорының мөлшері.
182 Жалпы негізгі қорлар тозуы дегеніміз
Негізгі қорлардың тозуы ғимараттар, құрылыстар, технологиялық және автокөлік құралдары, өндірістік және шаруашылық бұйымдарды қызмет көрсету үдерісінде қолдану қабілеттілігі негізінде анықталады. Жалпы айтқанда, негізгі қорлардың тозуы дегеніміз құрал-жабдықтардың белгілі бір деңгейде және мерзімде жарамсыз болып табылуы.
183 Жылдық амортизациялық төлемдер төмендегі тәсілдердің біреуімен жүзеге асырылады
Жылдық амортизациялық төлемдер төмендегі тәсілдердің біреуімен жүзеге асырылады:
желілік тәсіл, негізгі құралдар мен амортизация нормаларының бастапқы құны негізінде есептеледі;
азайып келе жатқан қалдықты есептеу тәсілі, негізгі қорлар құнының және амортизациялық норманың қалдығы негізінде есептеледі;
қызмет атқарған жылдар санының қосындысы негізінде құнды жою тәсілі (алымда – нысанның болашақтағы қызмет көрсету жылдардың қалған саны, ал бөлімінде – бүгінгі күнге дейін қызмет көрсеткен жылдар саны);
шығарылған өнімге пропорционалды құнды жою тәсілі, шығарылған өнімнің көлеміне байланысты негізгі қорлардың құнын жою.
Амортизациялық аударымдар негізгі қорлардың түріне және топтарына байланысты нормалар негізінде жүзеге асырылады
184 Негізгі қорлардың амортизациясы дегеніміз
Негізгі қорлардың амортизациясы – құрал-жабдықтардың толық тозу мерзіміне дейін ұдайы өндірісін қалыптастыру мақсатында негізгі қорлардың белгілі бір құнын жаңа жасалған өнімнің құнына ауыстыру. Ақшалай түрдегі амортизация негізгі қордың тозу деңгейін білдіреді және амортизациялық нормалардың негізінде өндіріс (өзіндік құн) шығындарына аударылады.
1 есеп
3. А және Ә кәсіпорындары туралы мынадай деректер белгілі
Көрсеткіштер |
А кәсіпорны |
Ә кәсіпорны |
Ағымдағы пайда, АҚШ долл. |
25000 |
6000 |
Акция саны |
400 |
200 |
Акцияға келетін пайда, АҚШ долл |
62,5 |
30 |
А кәсіпорны акционерлік капиталды қосу және Ә-ның 1 акциясы = А-ның 0,5 акциясы шарты негізінде Ә кәсіпорнын құрамына қосады. Осы екі кәсіпорын қосылғаннан кейінгі төменгі кестедегі көрсеткіштерді анықтап кестені толтырыңыз.
Көрсеткіштер |
Жұтылғаннан кейінгі А кәсіпорны |
Ағымдағы пайда, АҚШ долл. |
25000 + 6000 = 31000 |
Акция саны |
400 + 0,5 х 200 = 500 |
Акцияға келетін пайда, АҚШ долл. |
31000/500 = 62 |
2 есеп
3. А және Ә кәсіпорындары туралы мынадай деректер белгілі
Көрсеткіштер |
А кәсіпорны |
Ә кәсіпорны |
Ағымдағы пайда, АҚШ долл. |
27000 |
4000 |
Акция саны |
450 |
250 |
Акцияға келетін пайда, АҚШ долл. |
60 |
16 |
А кәсіпорны акционерлік капиталды қосу және Ә-ның 1 акциясы = А-ның 0,6 акциясы шарты негізінде Ә кәсіпорнын құрамына қосады. Осы екі кәсіпорын қосылғаннан кейінгі төменгі кестедегі көрсеткіштерді анықтап кестені толтырыңыз.
Көрсеткіштер |
Жұтылғаннан кейінгі А кәсіпорны |
Ағымдағы пайда, АҚШ долл. |
27000 + 4000 = 31000 |
Акция саны |
450 + 0,6 х 250 = 600 |
Акцияға келетін пайда, АҚШ долл. |
31000/600 = 51,67 |
3 есеп
Болжау кезеңі 5 жыл. 5-ші жылдың соңында таза ақша ағымы 100000 АҚШ долл. тең деп топшыланады. Бағалық мультипликатор «баға/ақша ағымы» 8-ге тең. Инвестиция бойынша баламалы шығындар 12 %. Кәсіпорынның қалдық құнының ағымдағы мәнін анықтаңыз.
Шешімі: 5-ші жылдың соңындағы кәсіпорынның қалдық құны = (5-ші жылдың соңындағы таза ақша ағымы) х (ақшалық мультипликатор «баға/ақша ағымы») = 100000 х 8 = 800000 АҚШ долл.
Онда кәсіпорынның қалдық құнының ағымдағы мәні 800000/(1 + 0,12)5 = 453941,48 АҚШ долл. тең.
4 есеп
Болжау кезеңі 4 жыл. 4-ші жылдың соңында таза ақша ағымы 90000 АҚШ долл. тең деп топшыланады. Бағалық мультипликатор «баға/ақша ағымы» 7-ге тең. Инвестиция бойынша баламалы шығындар 11 %. Кәсіпорынның қалдық құнының ағымдағы мәнін анықтаңыз.
Шешімі: 4-ші жылдың соңындағы кәсіпорынның қалдық құны = (4-ші жылдың соңындағы таза ақша ағымы) х (ақшалық мультипликатор «баға/ақша ағымы») = 90000 х 7 = 630000 АҚШ долл.
Онда кәсіпорынның қалдық құнының ағымдағы мәні 630000/(1 + 0,11)4 = 415000,51 АҚШ долл. тең.
5 есеп
Болжау кезеңі 5 жыл. 6-ші жылдың соңында кәсіпорынның таза ақша ағымы F = 100000 АҚШ долл. тең деп топшыланады. Кәсіпорынның таза ақша ағымы әрбір жыл сайын тұрақты жылдамдықпен g = 10% өседі деп күтілуде. Капиталдың орташа салмақталған құны WACC = 15%-ға тең. Кәсіпорынның қалдық құнының ағымдағы мәнін анықтаңыз
Шешімі: Гордонның үлгісін кәсіпорынның 5-ші жылдың соңындағы қалдық құнының мәнін анықтауға пайдаланамыз: F/(WACC - g) = 100000/(0,15 - 0,10) = 2000000 АҚШ долл.
Онда кәсіпорынның қалдық құнының ағымдағы мәні 2000000/(1 + WACC) = 2000000/(1 + 0,15)5 = 994353,47 АҚШ долл. тең.
6 есеп
Болжау кезеңі 4 жыл. 5-ші жылдың соңында кәсіпорынның таза ақша ағымы F =90000 АҚШ долл. тең деп топшыланады. Кәсіпорынның таза ақша ағымы әрбір жыл сайын тұрақты жылдамдықпен g = 8% өседі деп күтілуде. Капиталдың орташа салмақталған құны WACC = 12%-ге тең. Кәсіпорынның қалдық құнының ағымдағы мәнін анықтаймыз
Шешімі: Гордонның үлгісін кәсіпорынның 4-ші жылдың соңындағы қалдық құнының мәнін анықтауға пайдаланамыз: F/(WACC - g) = 90000/(0,12 - 0,08) = 2250000 АҚШ долл.
Онда кәсіпорынның қалдық құнының ағымдағы мәні 2250000/(1 + WACC) = 2250000/(1 + 0,12)4 = 1429915,7 АҚШ долл. тең.
7 есеп
Қонақ үй шаруашылығына арналған жабдықтарды жеткізу құны мынадай мәліметтерде көрсетілген:
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Өндіруші жабдығының құны (АҚШ долл.) |
350 000 |
Жабдықты тасымалдау құны (АҚШ долл.) |
15 000 |
Жабдықты монтаждау құны (АҚШ долл. руб.) |
8 000 |
Кәсіпорынның баланстық есебіне тіркеу мақсатында жабдықтардың бастапқы құнын есептеңіз.
Есептеу формуласы:
НҚбаст = НҚсқ + НҚт + НҚм,
мұндағы НҚбаст – негізгі қорлардың бастапқы құны; НҚсқ – негізгі қорларды сатып алу құны; НҚт – негізгі қорларды тасымалдау құны; НҚм – негізгі қорларды орнатуға байланысты монтаждау және құрылыс жұмыстарының құны.
Шешімі:
НҚбаст = 350 000 + 15 000 + 8 000 = 373 000 АҚШ долл.
8 есеп
Қонақ үй шаруашылығына арналған жабдықтарды жеткізу құны мынадай мәліметтерде көрсетілген:
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Өндіруші жабдығының құны (АҚШ долл.) |
480000 |
Өндіруші жабдық бағасының пайыздық үлесін қамтитын қосымша төлем негізінде жабдықтың жеткізілуін жүзеге асырады (%) |
2 |
Жабдықтың монтаждау құны (АҚШ долл.) |
6000 |
Кәсіпорынның баланстық есебіне тіркеу мақсатында жабдықтардың бастапқы құнын есептеңіз.
Есептеу формуласы:
НҚбаст = НҚсқ + НҚт + НҚм,
мұндағы НҚбаст – негізгі қорлардың бастапқы құны; НҚсқ – негізгі қорларды сатып алу құны; НҚт – негізгі қорларды тасымалдау құны; НҚм – негізгі қорларды орнатуға байланысты монтаждау және құрылыс жұмыстарының құны.
Шешімі:
НҚбаст = 480 000 + (480 000 руб. х 0,02) + 6 000 = 495 600 АҚШ долл.
9 есеп
Қонақ үй шаруашылығының ағымдағы жылдағы қызметі мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
Көрсеткіштер |
Өлшем. бірл. |
Қонақ үй қызметінің жоспарланған көлемі (бөлмедегі түнеу) |
29 200 |
Бөлмеде күніне жұмсалатын иіс сабын шығынының нормасы (дана) |
2 |
Жыл басындағы қалдық |
900 |
Мынадай жылға арналған нормативті қор |
1000 |
Ағымдағы жылға қажетті иіс сабынды есептеңіз.
Есептеу формуласы:
ЕҚ = Qж * Нш + ӨҚн - Қк,
бұл жерде ЕҚ – еңбек заттарына деген қажеттілік; Qж – жоспарланған жылға өнім шығару (қызмет көрсету) көлемі; Нш – өнім (қызмет көрсету) бірлігі үшін еңбек құралына кеткен шығын нормасы; ӨҚн – үзіліссіз өндірісті қамтамсыз етуге қажетті нормативті өтпелі өндірістік қор; Қк – жоспарланған кезеңнің басындағы берілген өнім түрінің күтілетін қоры.
Шешімі:
ЕҚ = 29 200 * 2 + 900 – 1000 = 58 400 + 900 – 1000 = 58 300 дана.
Жауабы: Иіс сабынға жоспарланған қажеттілік = 58 300 дана.
10 есеп
Есеп беру жылындағы қонақ үй шаруашылығының жұмсалатын материалдарға (иіс сабын) қажеттелігі 58 300 (дана) құрайды. Егер есеп беру жылының көрсеткіштеріне лайықты берілген түндердің коэффиценті 0,9-ды және шығын нормасының азаю коэффиценті 0,9-ды құраса, онда осы материалдардың (иіс сабын) келесі жылға қажеттілігін есептеңіз.
Есептеу формуласы:
ЕҚ = Шн * Кө * Кшн
бұл жерде ЕҚ - еңбек заттарына қажеттілік; Шн – өткен кезеңдегі еңбек заттарының нақты шығыны; Кө –өткен жылмен салыстырғандағы жоспарланған кезеңдегі өнім (қызмет көрсету) шығарудың азаюының өсу коэффициенті; Кшн – бір өнімге (қызмет) кеткен шығын нормасының азаюы коэффициенті.
Шешімі:
ЕҚ = 58 300 * 0,9 * 0,95 = 49847 (дана)
Жауабы: Жұмсалатын материалдарға (иіс сабын) қажеттілік 49847 (дана) құрайды.
11 есеп
Есеп беру кезеңіндегі қонақ үй шаруашылығы қызметінің көрсеткіштері төмендегідей:
Көрсеткіштер |
2012 жыл |
2013 жыл |
Бөлме үшін орташа баға (АҚШ долл.) |
2 000 |
2 200 |
1 жылдағы бөлменің сату көлемі (туркүндер) |
58 400 |
58 150 |
Дебиторлық берешек (АҚШ долл.) |
445 000 |
430 000 |
Бір күндегі қонақ үй шаруашылығының дебиторлық берешек айналымдылығының динамикасын анықтаңыз.
Есептеу формуласы:
1)
Кадб
= Qc/е
* Р /
,
бұл жерде Кадб – дебиторлық берешектің айналымдық коэффициенті (айналым саны); Qc/е – есептік кезеңдегі сату көлемі; Р - бөлме үшін баға; - орташа дебиторлық берешек.
Шешімі:
1) 2010 жыл
Кадб = 58 400 * 2 000 / 445 000= 262,47 айналым
2) 2011 жыл
Кадб = 58 150 * 2 200 / 430 000 = 297,51 айналым
Жауабы: Дебиторлық берешектің динамикасы оңтайлы болып табылады, дебиторлық берешектің айналымдылығы 2010 жылы 262,47-ден 2011 жылы 297,51-ге артты.
12 есеп
Қонақ үй шаруашылығының есеп беру кезеңіндегі қызметінің көрсеткіштері келесідей:
Көрсеткіштер |
2012 жыл |
2013 жыл |
Бөлме үшін орташа баға (АҚШ долл.) |
2 000 |
2 200 |
1 жылдағы бөлменің сату көлемі (туркүндер) |
58 400 |
58 150 |
Дебиторлық берешек (АҚШ долл.) |
445 000 |
430 000 |
Бір күндегі қонақ үй шаруашылығының дебиторлық берешек айналымдылығының динамикасын анықтаңыз.
Есептеу формуласы:
Кадб(к) = 365 * / Qc/е * Р,
бұл жерде Кадб(к) – дебиторлық берешек айналымдылығының коэффициенті (күн саны); – орташа дебиторлық берешек; Qc/е – есептік кезеңдегі сату көлемі; Р - бөлме үшін баға.
Шешімі:
1) 2010 жыл:
Кадб(к) = 365 * 445 000 / 58 400 * 2 000 = 365 * 445 000 / 116 800 000 = 1,39 күн
2) 2008 жыл:
Кадб(к) = 365 * 430 000 / 58 150 * 2200 = 365 * 430 000 / 127 930 000 = 1,23 күн
Жауабы: Дебиторлық берешектің динамикасы оңтайлы болып табылады, дебиторлық берешектің айналымдылығы 2010 жылы 1,39 күннен 2011 жылы 1,23 күнге дейін қысқарды.
13 есеп
Қонақ үй шаруашылығының есеп беру кезеңіндегі қызметінің көрсеткіштері төменде көрсетілген:
Көрсеткіштер |
2012 жыл |
2013 жыл |
Жылдағы қызметті жеткізу бойынша шығын (мың. АҚШ долл.) |
87 600,0 |
95 947,5 |
Орташа кредиторлық берешек (АҚШ долл) |
380,0 |
330,0 |
Қонақ үй шаруашылығының кредиторлық берешегінің динамикасын анықтаңыз.
Есептеу формуласы:
1) Канб = Ш / ,
бұл
жерде
– несиелік берешектің айналымдылық
коэффициенті;
- қызметті жеткізуге кеткен шығын;
- орташа несиелік берешек
2) Канб(к) = 365 * / Ш,
бұл жерде Канб(к) – несиелік берешектің айналымдылық коэффициенті (күндер); – орташа несиелік берешек; Ш – қызметті жеткізуге кеткен шығын.
Шешімі:
1) 2010 жыл:
Канб = 87 600,0 / 380,0 = 230,5 айналым
2) 2011 жыл:
Канб = 95 947,5 / 330,0 = 290,75 айналым
3) 2010 жыл:
Канб(к) = 365 * 380,0 / 87 600,0 = 1.58 күн.
4) 2011 жыл:
Канб(к)= 365 * 330,0 / 95 947,5 = 1,26 күн.
Жауабы: Несиелік берешектің динамикасы оңтайлы болып табылады, несиелік берешектің айналымдылығы 2010 жылы 230,5 айналымнан 2011 жылы 290,75 айналымға дейін өсті. Күндік айналымдылық 2010 жылы 1,58 күннен 2011 жылы 1,26 күнге қысқарды.
14 есеп
Қонақ үй шаруашылығының қызметі мынадай белгілер бойынша сипатталады: жиынтық шығыстар 1000000 АҚШ долл., сатылған түнеулер саны - 500. Бір сатылған өнімнің (номердің) орта шығысын анықтаңыз.
Есептеу формуласы:
Бір қызмет көрсетудің орта шығысы = жиынтық шығыс / сатылған өнім саны.
Шешімі: 1 000 000 АҚШ долл. / 500түнеу = 2 000АҚШ долл.
15 есеп
Кәсіпорынның таза ақша ағымы 1-ші жылдың соңында – 500000 АҚШ долл., 2-ші жылдың соңында – 750000 АҚШ долл., 3-ші жылдың соңында – 900000 АҚШ долл. тең болады деп күтілген. Алдағы уақытта таза ақша ағымының жыл сайынғы өсімі g = 10% деп болжанады. Капиталдың орташа салмақтық құны WACC = 15%-ға тең. Кәсіпорынның ағымдағы құнын анықтаңыз.
Шешімі: Мұнда 3 жылдың болжау кезеңі. Дисконттау мөлшерлемесі үшін капиталдың орташа салмақтық құны WACC — 15%.
Кәсіпорынның ағымдағы құны = болжанған кезең аралығындағы кәсіпорынның таза ақша ағымының ағымдағы құны + кәсіпорынның қалдық құнының ағымдағы мәні.
Сонда кәсіпорынның ағымдағы құны = 500000/(1 + 0,15) + 750000/(1 + 0,15)2 + 900000/(1 + 0,15)3 = 1593655 АҚШ долл. тең.
Кәсіпорынның таза ақша ағымының ағымдағы құнынының орнын таза ақша ағымы мөлшерінің үлгісімен анықтаймыз. 4-ші жылдың соңындағы кәсіпорынның таза ақша ағымын мынадай түрде анықтаймыз F= 900000(1 + 0,10) = 990000 АҚШ долл. Онда 3-ші жылдың соңындағы кәсіпорынның қалдық құны F/(WACC - g) = 990000/(0,15 - 0,10) = 19800000 АҚШ долл. тең.
Осы арадан кәсіпорынның қалдық құнының ағымдағы мәні 19800000/(1 + WACC)3 = 19800000/(1 + 0,15)3 = 13018821 АҚШ долл. тең болады.
Сол себепті кәсіпорынның ағымдағы құны = 1593655 + 13018821 = 14612476 АҚШ долл. тең.
38. Қызметкерлерді іріктеу критерийлері
Іріктеу критерийлері. Іріктеу бағдарламасы әсерлі болуы үшін ұсынылатын қызметтің түріне қажетті жұмысшының қасиеттерін анық қалыптастыру керек. Критерийлерді жұмысшыны жан-жақты сипаттайтындай қалыптастыру керек: білімі, тәжіриебесі, медициналық мінездемелері және жеке қасиеттері. Әрбір критерий бойынша талаптардың "эталондық" дәрежелері кәсіпорында өз міндеттерін жақсы орындап жүрген жұмысшылар сипаттамаларының негізінде өңделеді. Егер ұйым жағынан жұмысшыға талаптар өте үлкен болса, іріктеу жасау мүмкін емес.
Кабушкин Н.И., Бондаренко Г.А. Менеджмент гостиниц и ресторанов - Мн. Новое знание, 2003
