Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

101 Ынталандырудың басқару қызметі ретінде мәнісі неде?

Адамдар не үшін жұмыс істейді? Неге біреулер жақсы, ал басқалары нашар істейді? Адамдар тиімді жұмыс істеуі үшін не қажет? Бұл сұрақтарға жауапты ынталандыру мәселесін зерттеу арқылы табуға болады. Ынталандыру жұмыскерлерді белсенді еңбек атқаруға мүмкіндік беретін ынта қалыптастырушы элементтер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Басқару барысында белгілі бір адамды бір іс-әрекетке талаптандыру үдерісінде екі негізгі түсініктемеге негізделеді: ынта және ынталандыру. Ынта – адамның ішкі дүниесінде көзқарастарына, қарамағындағы ресурстардың сапасына және көлеміне, психологиялық ерекшеліктері және т.б. факторларына байланысты пайда болатын бағыттаушы сезім (мансапты саты бойынша өсу, белгілі қажеттілікті қанағаттандыру). Ынталандыру – белгілі бір іс-әрекеттің орындалуын талап ететін сыртқы ортаның әсері. Бұл түсініктер өзара байланысты болады (мысалы, ынта ынталандырудың негізін қалыптастыруы мүмкін немесе керісінше).

Ынталандырудың дәстүрлі көзқарасы бойынша, қызметкерлер тиімді жұмыс істеп, жақсы орындалған жұмысқа, өз еңбегінің жемісіне қанағаттанушылықты сезінуі тиіс.

Қазіргі таңда ынталандыру басқару үдерісінің маңызды элементі болып саналады. Басқару тұрғысынан, ынталандыру дегеніміз - өз мақсатына немесе ұйымның мақсатына жету үшін өзін және басқаларды сол қызметке жігерлендіру үдерісі. Дәлірек айтқанда, ынталандыру - бұл адамды жұмыс істеуге құлшындыратын,оның қызметінің шектері мен нысандарын белгілейтін, бұл қызметке белгілі мақсатқа жетуге бағдарланған бағытты беретін өзгермелі ішкі және сыртқы күштердің жиынтығы.

102 Кәсіпорында басқарушылық бақылаудың қандай түрлері қолданылады?

Бақылау – басқару қызметтерінің маңызды түрі болып табылады және онсыз ешқандай басқару қызметтерінің жүзеге асыру тиімділігі анықталмайды. Бақылау белгілі бір нысанның дамуының нақты жағдайын анықтауға бағытталған және керек жағдайда бекітілген жоспарға өзгертулер енгізу үшін алғышарттар жасайды. Сол себепті бақылау кәсіпорынның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ететін шешімдер қабылдау және саясатты жасақтау құралдарының бірі ретінде танылған.

Кәсіпорын қарекетінде бақылау негізінде келесідей істерді орындау ұйғарылады:

- кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің орындалған шаруашылық қызметі бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және талдау, оларды жоспарлы көрсеткіштермен салыстыру, ауытқуларды анықтау және осы ауытқулардың пайда болу себептерін талдау;

- қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті іс-шараларды жасақтау.

Басқарушылық бақылаудың маңызды бағыты есептіліктің стандартты жүйесін түзу, кәсіпорынның жалпы және жеке бөлімшелердің шаруашылық қызметіне байланысты есептілікті талдау және тексеру болып табылады. Берілген бақылау бағытын жүзеге асыру үдерісі бірінші кезекте қаржылық және өндірістік көрсеткіштерді қамтитын есеп пен есептілік жүйесіне негізделеді.

103 Кәсіпорындағы шаруашылық қызметті талдаудың рөлін сипаттаңыз.

Шаруалық қызметті талдау, бір жағынан, есепті кезеңде кәсіпорынның өндірістік-өткізу қызметінің экономикалық тиімділігін анықтау қажеттілігінен туындаса, екінші жағынан, осы қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстармен қамтамасыз етілу жағдайын бағалау арқылы ағымды және болашақ мерзімде дамуы мүмкін бағыттарды анықтаушы құрал болып табылады.

Шаруашылық қызметті талдаудың мақсаты - белгіленген пайда тұрғысынан қолда бар өндірістік қуаттардың тиміді қолданылуын, жаңа өндіріс түрлерін қамтамасыз ететін кәсіпорынның мүмкіндіктері мен резервтерін анықтау.

Жоспарлау басқарушылық үдерістің бастапқы нүктесі болғандықтан, шаруашылық қызметті талдау осы қызметті қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған.

Шаруашылық қызметті талдау үдерісі ағымдағы (жедел) ақпаратқа көп назар аударады, себебі ол бүкіл өндірістік циклді реттеу мен бақылауға, шаруашылық қызмет барысында қойылған мақсаттардан ауытқуларды жоюға, басқарушылық шешімдерді қабылдауға бастапқы негіз болып табылады.

Кәсіпорындар тәжірибесінде шаруашылық қызметті талдаудың мынадай әдістері қолданылады:

- салыстырмалы;

- факторлық (көрсеткіштердің өзгеруіне жеке факторлардың әсерін анықтау);

- кешенді.

Салыстырмалы талдау ұйымның жұмысын бағалау мақсатында нақты көрсеткіштермен болжанған көрсеткіштерді математикалық жолмен салыстырып пайдаланылмаған резервтерді анықтауға, жоспарлық міндеттер мен қызмет көрсету сапасын қарастыруға, жоспарды жүзеге асыру барысындағы қиыншылықтарды айқындауға мүмкіндік береді.

Факторлық талдау – белгілі көрсеткіштерге жеке факторлардың әсер ету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Кешенді талдау - пайдалынылмаған резервтерді анықтау жүйесі.

104 Қонақ үй кәсіпорындары іскерлігінің негізгі көрсеткіштерін және оларға әсер ететін факторларды атаңыз.

Қонақ үй іс-әрекетінің көрсеткіштері. Қонақ үй іс-әрекеті төмендегі көрсеткіштермен өлшенеді:

  • құндық және табиғи (өлшеу бірліктеріне байланысты);

  • сандық және сапалық;

  • көлемдік (абсолют шамалармен көрсетілген) немесе үлестік (жалпы көлемдегі көрсеткіштің үлес салмағымен көрсетілген).

Қонақ үй іс-әрекетіндегі қолданатын барлық көрсеткіштерді (әсіресе маркетингтік талдауға қатысты) төмендегідей жүйеге келтіруге болады:

  • қонақ үй персоналының саны мен құрылымын сипаттайтын көрсеткіштер (персонал саны, бір қонаққа шаққандағы персонал саны, табыстың бір теңгеге шаққандағы персонал нормативі және т.б.);

  • қонақ үй кәсіпорны табыстарының шамасын, құрылымы мен динамикасын сипаттайтын көрсеткіштер (тәулікке берілетін бөлмелердің орташа бағасы, қолда бар бөлмелердің орташа бағасы, табыс өсімінің қарқыны және т.б.);

  • қонақ үй кәсіпорындары шығындарының шамасын, құрылымын және динамикасын сипаттайтын көрсеткіштер (бөлмеде тәулік ішінде көрсетілетін әр түрлі қызметтердің орташа өзіндік құны, персоналдың орташа жалақысы, тұрақты және өзгермелі шығындардың қатынасы, жалпы өзіндік құн және т.б.);

  • қонақ үй іс-әрекетінің белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер (бөлмелерді жүктеудің орташа коэффициенті, күн сайын жалдауға дайын бөлмелердің орташа саны, тәулікте өткізілетін бөлмелердің орташа саны, бөлмелерді жалдаудың орташа тәуліктік тарифі, кереуеттерді жүктеудің орташа тәуліктік коэффициенті және т.б.);

  • қонақ үй кәсіпорындарының қызметтеріне деген сұранысты сипаттайтын көрсеткіштер (сұраныстың икемділігі, сұраныс детерминанттары және т.б.);

  • қонақ үй кәсіпорнының баға саясатын сипаттайтын көрсеткіштер (бөлменің орташа тәуліктік тарифі, сала бойынша орташа тәуліктік тариф, бәсекелестермен салыстырғандағы бағалар деңгейі және т.б.);

  • көрсетілетін қызметтің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер (бәсекеге қабілеттіліктің бірлік көрсеткіштері, бәсекеге қабілеттіліктің топтық көрсеткіштері, бәсекеге қабілеттіліктің интегралды көрсеткіші, яғни рейтингтік бағалау);

  • қызмет көрсету саласындағы қонақ үй іс-әрекетінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер (сатылымдардың рентабелділігі, өзіндік құн, капиталдың қайтарымдылығы, бір қызметкерге шаққандағы табыс, жоспарланатын табысқа қатысты алынған табыс және т.б.);

  • әр түрлі бөлімшелердегі қаржылық ресурстарды қолдану нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер (мейрамхананың бір клиентінің сатып алуының орташа құны, мейрамханадағы орындар айналымы, тағам кәсіпорындары сатылымдарының көлемі, қосымша қызметтердің сатылымының орташа құны және т.б.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]