- •Қонақ үй кәсіпорын жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар.
- •2. Қызметкерлерді басқару менеджменттің бір бөлігі ретінде
- •3. Қазіргі кездегі қонақ үйлердің даму сипаттамаларын көрсетіңіз
- •4. Қызметкерлерді іріктеу критерийлері. Шынайлылығы мен дәлелділігі, шешім қабылдау үрдістерінің сатылары
- •5. Қонақ үй бизнесінің даму тенденциялары
- •6. Шығындар дегенді қалай түсінесіз және олардың жіктелуі. Шығынды есепке алудың әдiстері
- •7. Қызметкерлерді басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлімшелер
- •8. Кәсіпорынды экономикалық талдаудың түрлері
- •9. Қызметкерлерді жұмыстан босату, жұмыскерді жұмыстан босату себептері
- •10. Маркетингтегі бәсекелестерді талдау, маркетингтегі swot-талдау
- •11. Физикалық тозу дегеніміз не және ол қалай сипатталады? Моральдық тозу түсінігі
- •12. Фирмаішілік оқыту жүйесінің табыстылық себептері, жұмыс кезінде оқыту арқылы қызметкерлерді дайындау
- •13. Франчайзинг туралы айтыңыз
- •14. Қонақ үй кәсіпорын жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар
- •15. Қызметкерлерді басқару менеджменттің бір бөлігі ретінде
- •16. Қонақ үй өнімінің мәні, қонақ үй өнімінің төрт деңгейлі моделі
- •17. Кадрлық жоспарлау үрдісі
- •18. Қонақ үйлердің классификациясы
- •19. Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлары: түсінігі және жіктелімі
- •20. Қызметкерлерді басқару тиімділігін жоғарлату. Басқару жүйесінің мінездемесі
- •21. Қонақ үйлердің бриллиант бойынша классификациялануы
- •22. Қонақ үй желісі дегеніміз не және оған мысал келтіріңіз
- •23. Кадрлық жоспарлаудың мәні, кадрлық жоспарлау үрдісі, кадрлық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері
- •24. Қонақ үй кәсіпорындары іскерлігінің негізгі көрсеткіштерін және оларға әсер ететін факторларды атаңыз
- •25. Персоналдарды дайындаудағы тренингтің маңызы.Персоналды оқыту мен қайта дайындаудың қажеттілігін туғызатын себептері
- •26. Қонақ үйді басқарудың функциялары
- •27. Жергілікті газеттерде бос жұмыс орындары туралы хабарлар
- •28. Көшбасшылық және менеджмент
- •29. Жеке бизнес құру кезеңдері
- •30. Баға стратегиясы: түрлері, бағаны таңдау
- •31. Қонақ үй кәсіпорындарының негізгі қорлары жіктелімі. Қонақ үй шаруашылығының негізгі қорларға деген қажеттілігін анықтау
- •32. Кадрлық қызмет міндеттерінің эволюциясы. Кадр таңдаудың жалпы көрсеткіштері
- •33. Номерлерде қызмет көрсету бөлімі
- •34. Қонақ үй кәсіпорнының негізгі қорлар жағдайын бағалау көрсеткіштері. Дебиторлық және несиелік берешекті басқару
- •35. Қызметкерлерді іріктеу кезінде әсер ететін факторлар
- •36. Қонақжайлылық индустриясындағы кәсіби өсу мүмкіндіктері
- •37. Қонақ үй айналым құралдары. Айналмалы құралдарының құрамын атаңыз
- •40. Жұмыс орнына қойылатын талаптар. Жұмыс орнын бағалаудың тәсілдері
- •42. Жапондық басқару құрылымына түсінік беріңіз
- •43. Қызметтің өзiндiк құнының калькуляциясы дегеніміз не?
- •44. Жұмысшы мен компания арасындағы белсенді қарым-қатынас. Кадрлық қызмет міндеттері
- •45. Неміс жіктелімі кәсіпорын типіне тәуелсіз міндетті 22 критерийдің орындалуын талап етеді. Сол 22 критерийді атап, түсіндіріңіз
- •46. Қызметкерлердің сенімділігі және олардың корпорация мүддесіне берілуі. Еңбекақы жүйесі және қосымша жеңілдіктер
- •47. Агрегатталған баланс, оның құрамы
- •48. Жұмыс орнын бағалаудың тәсілдері
- •49. Кәсіпорынның банкротқа ұшырау мүмкіндігін зерттеу
- •50. Еңбекақы мөлшерін бекіту
- •51. Басқарудың ұйымдық құрылымы кәсіпорында қандай мақсатпен жасақталады
- •52. Қызметкерлерді оқытудың маңызы
- •53. Кадрлар санының нормасы дегенге анықтама беріңіз
- •54. Персоналдарды дайындаудағы тренингтің маңызы
- •55. Шығындарды есептеудің шетелдік тәжірибесі және ол несімен ерекшеленеді?
- •56. Дебиторлық және несиелік берешекті басқару дегеніміз не?
- •57. Қызметкерлерді жұмыстан босату, сәйкес құжатты көрсетіңіз
- •58. Шығынды есепке алудың әдiстерiн атаңыз
- •59. Қызметкерлерді басқарудың жапондық жүйесінің салдары
- •60. Негізгі қорлардың тозуы және амортизация түсінігі, екі түсінік арасындағы айырмашылық қандай?
- •81 Қонақ үйлердің халықаралық жіктелімі туралы айтыңыз.
- •82.Қонақ үйлердің санаттылығы деген не және ол қандай критерийлер бойынша межеленеді?
- •83 Әр елдерде қонақ үйлердің қандай жіктелімдері қолданылады?
- •84 Қонақ үй қызметтерінің мәнісі неде?
- •85 Қонақ үй кәсіпорындарының қызметкерлері үшін қандай талаптар қойылады?
- •87 Қонақ үй жайларының жіктелуін атаңыз?
- •88 Демалысқа арналған қонақ үйлерге қандай талаптар қойылады?
- •89 Балалармен баратын стационарлы демалу қонақ үйлері мен курорттық қонақ үйлерге қойылатын талаптардың ерекшеліктері қандай?
- •90 Іскерлік қонақ үйлерге қандай қызметтік талаптар қойылады?
- •92 Әр түрлі cанаттағы қонақ үй бөлмелеріне қандай талаптар қойылған?
- •93 Басқарудың ұйымдық құрылымы кәсіпорында қандай мақсатпен жасақталады?
- •95 Сіз білетін кез келген қонақ үйдің ұйымдық құрылымынына сипаттама беріңіз.
- •96 Қонақ үй кәсіпорнын басқару тәжірибесінде қандай негізгі қызметтер қолданылады?
- •97 Жоспарлау қызметінің мәнісі неде?
- •98 Жоспарлау уақыт бойынша қалай ажыратылады?
- •99 Жоспарлаудың қандай тәсілдері қолданылады?
- •100 Ұйым қызметінің мәнісі неде?
- •101 Ынталандырудың басқару қызметі ретінде мәнісі неде?
- •102 Кәсіпорында басқарушылық бақылаудың қандай түрлері қолданылады?
- •103 Кәсіпорындағы шаруашылық қызметті талдаудың рөлін сипаттаңыз.
- •105 Қонақ үй іс-әрекетіне қандай қосымша факторлар әсер етеді?
- •142 Қонақ үй өнімінің төрт деңгейлі моделі
- •143. Қонақ үй өнімін құрайтын элементтер. 142-ні оқы!
- •144. Еңбек ресурстарын басқару келесі кезеңдерді құрайды :
- •145. Кадрлық жоспарлау қандай сұрақтарға жауап бере алуы керек
- •146. Кадрлық жоспарлаудың мақсаттары
- •152 Персоналдарды басқару үрдісінің құру кезеңдері
- •156. Басқару негізінен ұйым жұмысының басқа адамдар арқылы орындалуын білдіреді. Сондықтан да қызметкерлерді дұрыс таңдау жұмыстағы қиындықтардың кем дегенде жартысын болдырмауға мүмкіндік береді.
- •163. Қызметкердiң мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттердi орындауы кезiндегi кепiлдiктер
98 Жоспарлау уақыт бойынша қалай ажыратылады?
Жеке жоспарларды уақыт ішінде реттеу үдерісіне байланысты:
бір уақыт ішінде жоспарлау;
тізбектелген жоспарлау.
99 Жоспарлаудың қандай тәсілдері қолданылады?
Қазіргі таңда жоспарлаудың үш негізгі тәсілі белгілі:
«жоғарыдан төменге» (ретроградты) жоспарлау - қонақ үйдің жоғары денгейлерімен құрастырылып, бекітіліп ұйымдық иерархия бойынша төменгі бөлімдерге түсіріледі;
«төменнен жоғарыға» (прогрессивті) жоспарлау – қонақ үйдің төменгі қызметтерінде және бөлімшелерінде құрастырылады және дайын жоспар бекітілуге жоғары басшыларға жіберіледі;
қарама-қарсы (шеңберлі) жоспарлау – прогрессивті және ретроградты жоспарлау тәсілдерін біріктіреді, яғни басшылар және төменгі бөлімшелердің әрқайсысы өздерінің жоспар нұсқаларын дайындайды және жалпылай талдау негізінде бір ортақ нұсқаны бекітеді.
100 Ұйым қызметінің мәнісі неде?
Ұйымдастыру қызметінің басты мақсаты - жоспарланған көрсеткіштерге жету жағдайларын қалыптастыру. Бұл қызметтің мәні - кәсіпорын бөлімшелері арасында тұрақты және уақытша қатынастарды орнату, кәсіпорынның қызмет ету шарттары мен анықтау тәртібін белгілеу. Бұл қызмет екі жолмен жүзеге асырылады: әкімшілік-ұйымдық басқару және жедел басқару.
Әкімшілік-ұйымдық басқару кәсіпорын құрылымын анықтау, бөлімшелер арасында байланыстарды орнату мен функцияларды жіктеу, сонымен қатар басқару аппараты қызметкерлерінің өкілеттіліктерін белгілеуден тұрады.
Жедел басқару - бекітілген жоспарға сәйкес кәсіпорынның қызмет етуін қамтамасыз етеді. Ол қол жеткен нәтижелерді жоспарланған көрсеткіштермен үздіксіз салыстырудан және кейінгі түзетулерді еңгізуден тұрады. Оперативті басқару ағымдағы жоспарлаумен өте тығыз байланыста болады. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы өзара байланысқан жеке бөлімшелерден тұратын құрылым екені белгілі, осы бөлімшелердің байланысы кәсіпорын алдына қойған мақсаттар мен функциялардың бөлуінен көрініс табады.
Ұйымдастыру қызметін атқару барысында менеджерлер, басшылар жалпылай келіп түскен ақпаратты нақтылап өкілетті тұлғалар арасында бөлуі тиіс. Осыған байланысты ұйымдастыру қызметті «бөлім», «бөлімше», «буын» атты ұйымдық құрылым элементтерімен де тығыз байланысты болады. Бөлім – бір немесе бірнеше басқару қызметін атқаратын жекелеген кәсіпорын бөлігі. Бөлімше – белгілі салада мамандандырылған қызметкерлерден тұратын және бір немесе бірнеше жедел басқару қызметтерін жүзеге асыратын, бөлімнің бір құрылымдық элементі. Буын – құрамына бөлімдер, бөлімшелер мен жекелеген мамандар енетін кәсіпорын құрылымының деңгейі.
Нақты бекітілген жоспарларды жүзеге асыру тиімділігі ұйымдастыру қызметіндегі негізгі түсініктердің мәнін толық игеру деңгейіне негізделеді. Ол түсініктерге төмендегілер жатады:
ұйымдастыру қызметі – жоспарды жүзеге асыру үдерісіне қажетті материалды, еңбек, қаржы және т.б. ресурстарды алдын ала дайындау;
ұйым – белгілі мақсатқа бағытталған және басқару қызметтеріне ие бір топ адам;
ұйымдық құрылым – ұйым элементтері ортасындағы іс-әрекеттердің орындалуын немесе бағыну қатынастарын анықтайды;
ұйымдастыру қағидалары – ұйымдық құрылымның әрекеттілігін қамтамасыз ететін жағдайларды қалыптастырады.
Сонымен, ұйымдастыру қызметі кәсіпорын мақсаттарына жету құралдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас тұрғысынан ұйымдастыру қызметі кәсіпорын жұмысы тиімділігінің артуына негіз қалайды, ал басқарушылық көзқарас тұрғысынан жүйе элементтерінің өзара қатынасын анықтайды. Басқаша айтқанда, ұйымдастыру арқылы кәсіпорын құрылымы жасалып, жұмыскерлердің қызметтік міндеттері анықталады.
