Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

93 Басқарудың ұйымдық құрылымы кәсіпорында қандай мақсатпен жасақталады?

Басқарудың ұйымдық құрылымы - қатаң бағынушылық тәртіпте орналасқан, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін жүйе элементтерінің жиынтығы. Мұндай құрылымның басты мақсаттарының бірі қонақ үйдің жеке бөлімшелері арасында өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді белгілеу және жіктеу.

Қонақ үйді басқару құрылымында төмендегі маңызды элементтер бар:

- басқару буындары (бөлімдер, қызметтер);

- басқару деңгейлері (сатылары);

- тік және көлбеу байланыстар.

94 Қонақ үй кәсіпорнын желілік, қызметтік және желілік-қызметтік басқару арасындағы айырмашылықтарды атаңыз?

Қонақ күту индустриясы тәжірибесінде ұйымдық құрылымдардың келесі типтері кеңінен таралған:

- желілік;

- қызметтік;

- желілік-қызметтік.

Басқарудың желілік ұйымдық құрылымы логикалық түрде аяқталған және формальды түрде анықталғанына қарамастан, сыртқы ортаның әсеріне икемді болып келеді. Басшылардың әрқайсысының билігі толық, бірақ арнайы білімді қажет ететін мәселелерді шешуде мүмкіндіктері шектеулі.

Басқарудың желілік ұйымдық құрылымның артықшылықтары: нақты анықталған жауапкершіліктің болуы; тез арада шешім қабылдау мүмкінділігінің болуы; өз бөлімшесі қызметінің соңғы нәтижесіне жеке жауапкершіліктің болуы. Ал кемшіліктері барлық басқару қызметтері бойынша арнайы тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған басшыға тым жоғары талаптардың қойылуынан көрінеді, яғни, кәсіпорын немесе бөлімше әрекетінің барлық саласы бойынша операциялық шешімдерді басшы тек өзі ғана қабылдау қажет.

Басқарудың қызметтік ұйымдық құрылымы. Қызметтік байланыстар басқару шешімдерін қабылдау мақсатында қажетті жұмыстарды бірлесе орындау негізінде құрылған бөлімшелер қызметін сипаттайды, яғни, бір салада қызмет атқаратын мамандардың іс-әрекеті құрылымдық бөлімшелерге (бөлім, қызмет) біріктіріледі (мысалы маркетинг бөлімі, қонақтарды қарсы алу қызметі, жоспар бөлімі және т.б). Қажетті жағдайда қызметтері ұқсас кәсіпорынның кейбір бөлімшелері жоғары басшы шешімімен біріктірілуі мүмкін (сурет 4.2).

95 Сіз білетін кез келген қонақ үйдің ұйымдық құрылымынына сипаттама беріңіз.

Басқарудың сызықтық ұйымдық құрылымы. Қонақ үйдегі сызықтық байланыстар қонақ үй қызметіне (әдетте, шағын қонақ үйде) немесе құрылымдық бөлімшелеріне (ірі қонақ үйде) жауап беретін сызықтық басшыдан шығатын басқарушылық шешімдер мен ақпараттардың қозғалысын бейнелейді. Әрбір құрылымдық бөлімшенің басында сәйкес өкілеттіліктерге ие және басқарудың барлық функцияларын жүзеге асыратын басшы орналасады (4.1-сурет).

96 Қонақ үй кәсіпорнын басқару тәжірибесінде қандай негізгі қызметтер қолданылады?

Сурет 4.5. Басқарудың негізгі қызметтері

97 Жоспарлау қызметінің мәнісі неде?

Жоспарлау - өндірісті материалдық көздерімен қамтамасыз етілуін және нарықтағы сұраныс деңгейін ескере отырып, кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын, сонымен қоса пропорцияларын анықтау болып табылады. Жоспарлаудын мәні мақсаттарды нақтылау, оларға жету жолдарын, мерзімдері мен жүзеге асыру тәртібін, қойылған мақсаттарды шешу үшін қажет материалды, еңбек және қаржы ресурстарын анықтауда көрінеді. Осылайша, жоспарлауды басқару қызметі ретінде тағайындалуының себебі кәсіпорынның қалыпты іс-әрекет атқаруда жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін ішкі және сыртқы факторларды уақытында ескеру.

Қонақ үйдегі жоспарлау қызметі мынадай негізгі міндеттерді қарастырады:

- маркетингтік талдау – жаңа қызмет түрлерінің нарық және бәсеке талаптарына деген сәйкестілігін талдау;

- техникалық-экономикалық талдау - қызметтің жаңа түрлерінің кәсіпорынның мамандану ерекшеліктеріне, ұйымдастыру мен технологияларына деген сәйкестілігін талдау;

- қаржылық талдау - қызметтің жаңа түрлерінің экономикалық тиімділігін талдау.

Жоспарлау сапасының деңгейі келесі маңызды шарттармен анықталады:

- басқарудың барлық деңгейлеріндегі басшылардың құзыреттілігі;

- қызметтік бөлімшелердегі мамандардың біліктілігі;

- ақпараттық базаның болуы және компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі.

Жоспарлау төмендегілерді болжауға мүмкіндік береді:

- негізделген мақсаттарды таңдау;

- кәсіпорынның саясатын анықтау;

- іс-шаралар кешенің жасақтау;

- мақсаттарға жету әдістерін анықтау,

- мынадай ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдау үшін негіз салу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]