Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

90 Іскерлік қонақ үйлерге қандай қызметтік талаптар қойылады?

Іскерлік қонақ үйлерде қызметтік талаптардан басқа қоғамдық жайларды ұйымдастыруға қатысты қонақтар талаптары да ескеріледі, соның ішінде:

- келіссөздер, жиналыстар, көрмелер жүргізуге арналған жайлардың рәсімделуі;

- көп мақсатты және даладан кіретін қосымша есігі бар мәслихаттарға (банкеттерге, конференцияларға және т.б.) арналған залдардың болуы;

- телеграф, телетайп, телефакс жәнет.б. құралдардың жұмыс істеуі;

- қаржылық операцияларды жүргізуге көмек беретін қызметтердің болуы (банк, сақтандыру және т.б фирмалар бөлімшелерінің болуы);

- көшірме, сканер, компьютер техникасы бар хатшылар қызметіне арналған бөлмелердің болуы.

Сонымен қоса, іскерлік қонақ үйлер үшін ресми түрде бекітілмеген бірақ міндетті түрде орындалатын талаптардың бірі - ашық немесе жабық автотұрақтардың болуы.

Іскерлік қонақ үйлерде орналасатын тамақтану кәспорындарында басқа қонақ үйлерден ерекше талаптар қойылады.

91 Қонақ үйдің тұрғын бөлмелері қандай критерийлер бойынша жіктеледі?

Қонақ үйдің тұрғын бөлмелері мынадай белгілері бойынша жіктеледі:

- орын саны бойынша;

- бөлме саны бойынша,

- тағайындалуы бойынша.

Орындар саны бойынша бір, екі, үш және одан да көп орындық бөлмелерді ажыратады.

Бір орындық бөлмелер бір қонақты орналастыруға арналған. Екі орынды бөлмелер бір мезгілде екі қонақтың тұруына арналған. Екі орындық бөлмеде бөлек, жақын орналасқан немесе біріктірілген екі кереует орналасуы тиіс.

Бөлмелер саны жағынан бір, екі, үш және одан да көп бөлмелі болып жіктеледі. Әлемдік тәжірибеде бір немесе екі тұрғынға арналған бір бөлмелік қонақ үй тұрғын орындары кеңінен таралған. Көптеген қонақ үйлерде бір адамға арналған бір бөлмелік тұрғын орындарының үлесі 50 пайызға дейін жетеді, тіпті, одан да асады

Тағайындалуы бойынша тұрғын бөлмелерді бизнес-класс, эконом-класс, апартаментті бөлмелер және т.б. жіктейді. Бизнес-класс нөмірлері іскерлік сапарда жүрген тұлғаларды орналастыруға арналған. Тұрғын бөлмелер стандартты құрал-жабдықтармен қоса қосымша кеңселік және ұйымдық техникамен қамтылады (жұмыс үстелі, телефон, факс, компьютер және т.б.). Эконом-класс тұрғын бөлмелері - орташа табысы бар қонақтарды жайғастыруға арналған нөмірлер. Мұндай тұрғын бөлмелер жабдықтардың, жиһаздың қарапайымдылығымен ерекшеленеді, сол себепті бағасы да қымбат болмайды

92 Әр түрлі cанаттағы қонақ үй бөлмелеріне қандай талаптар қойылған?

Курорттық қонақ үйлер

Отбасының стационарлы демалысына арналған қонақ үйлер

Туристік қонақ үйлер

Экскурсиялық туризмге арналған қонақ үйлер

Профилактикалық емдеуге арналған емдеу-медициналық бөлмелер

Сауықтыру жерлері (терраса және т.б.)

Көңіл көтеруге, ойын-сауыққа арналған орындар

Балалардың ойынына арналған орындар

Балалар тамағын дайындауға арналған бөлмелер

Демалысқа, көңіл көтеруге, ойын- сауыққа арналған орындар

Тұрғын бөлмелерді біріктіру жүйесі

Турагенттердің офистері «Дубль - бөлмелердің» (сыйымдылықты өзгертуге мүмкіндігі бар) болуы

Демалысқа, көңіл көтеруге, ойын-сауыққа арналған орындар

Спорттық-сауықтыру орындары (спорттық-сауықтыру туризмнің болу жағдайында)

Үш күндік демалыстан аспаса:

  • «дубль-бөлмелері»;

  • демалысқа, көңіл көтеруге, ойын-сауыққа арналған орындар;

  • туристік қызмет көрсету орындары.

Үш күндік демалыстан асатын жағдайда:

  • кеңейтілген демалыс, ойын-сауық т.б. қызмет көрсететін орындар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]