Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

87 Қонақ үй жайларының жіктелуін атаңыз?

Қызметтік тағайындалуы бойынша қонақ үйлерде ғимарат ішіндегі орындар былайша бөлінеді:

- вестибюль жайларының тобы;

- тұрғын бөлігі;

- қонақтардың тамақтануына арналған жайлар;

- сауда-тұрмыстық қызмет көрсету жайлары;

- спортпен айналысу, демалыс, бизнес келісімдерді жүргізуге арналған жайлар;

- қызметтік және тұрмыстық жайлар;

- техникалық жайлар.

Вестибюльдің кең жайлары - қонақ үйдің ең маңызды бөліктерінің бірі. Олар қонақтарды күтіп алу мен шығарып салуға бағытталған және де бұл жерде кейбір жұмыстарды бөлу, қайта бөлу үдерісі жүзеге асырылып жатады.

Тұрғын жайларының құрамына қонақтарға арналған нөмірлер, қызметтік холлдар, демалыс бұрыштары, дәліздер кіреді.

Қонақтардың тамақтануына арналған жайлар құрамы мейрамхана, бар және дәмханадан тұрады. Бұл жайларда қонақтар тамақтанумен қатар, сұхбат, сауық құра алады.

Сауда-тұрмыстық қызмет көрсету жайларында қонақтарға арналған сауда орындары, шаштараз, химиялық тазалау, т.б. секілді қызметтер орналасады.

Спортпен айналысуға арналған жайлар әдетте спорт залдар, бассейн, кегельбан және тағы басқалардан тұрады. Демалысқа арналған жайлардың құрамы киноконцерттік, банкеттік, би залдарынан тұрады. Бизнес келісімдерді жүргізуге арналған жайлар қатарына конференц-залдар, іскерлік және банктік операциялар үшін залдар, көрме залдары кіреді.

Қонақ үйдің қызметтік және тұрмыстық жайлары дегеніміз персоналдың жұмыс, тұрмыс, тамақтану жағдайларын, сонымен қоса шаруашылық және қосалқы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған орындар. Ішкі жайларды жинауға арналған құрылғы орналасатын орындар да осы жайлардың қатарына жатады.

Техникалық жайларда салқындатқыш техникасы, орталықтандырылған қоқыс жинау, телефон, сигнализация және қонақ үйдің жалпы іс-әрекетін қамтамасыз ететін басқару жүйелері орналасады.

88 Демалысқа арналған қонақ үйлерге қандай талаптар қойылады?

демалысқа, соның ішінде туристік сауықтыруға арналған барлық типтегі қонақ үйлер құрылымына қойылатын қызметтік талаптар өзгеше болады, нақтырақ тоқталсақ:

- шулы қала орталықтарынан барынша алыста орналасқан және көгалдандырылған массивтер арасында орналасуы;

- спортпен айналысуға және демалысқа арналған көгалданған аймақтың болуы. Әлемдік тәжірибеде аталған аймақтар көлемі бір жатын орынға 150 ден 250 шаршы метрді құрайды;

- отбасылық демалыстың қарқынды дамуына байланысты туристік сауықтыру саласында қызмет атқаратын қонақ үйдің бөлме қорында екі орындық бөлмелер басым болады (жалпы бөлмелер қорындағы үлесі 80—90% құрайды);

- қонақ үй бөлмелерінің ішкі жабдықталуы туристің нақты демалыс формасымен анықталады (мысалы, курорттық қонақ үйлерде жатын орындары бөлмемен қоса көлемі үлкен лоджияда (балкон, террасада) да орналастырылуы мүмкін.

89 Балалармен баратын стационарлы демалу қонақ үйлері мен курорттық қонақ үйлерге қойылатын талаптардың ерекшеліктері қандай?

Балалары бар отбасылардың демалысы саласында қызмет атқаратын қонақ үйлеріндегі бөлмелер үтіктеу, кептіру құрылғылары, сонымен бірге кішігірім ас үймен жабдықталады. Сонымен қоса, туристік демалысқа арналған қонақ үйлеріндегі бөлмелерде қонақтарды қабылдау, олармен сұхбаттасу жүргізуге қатысты жағдайлар жасалуы мүмкін;

- маусымға байланысты бөлмелерге деген жүктеменің әртүрлі болуына қарай сыйымдылығы өзгеріп отыратын бөлмелік қорлар қалыптастырылады;

- іскерлік жайлардан қарағанда қоғамдық демалысқа арналған жайлар туристердің нақты демалыс формасына байланысты толықтай рәсімделіп жабдықталады. Қоғамдық демалысқа арналған жайлар номенклатурасының кенеюі қонақ үй cанатына және сервис сапасына байланысты болып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]