Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

83 Әр елдерде қонақ үйлердің қандай жіктелімдері қолданылады?

Әр түрлі елдердегі қонақ үйлерді жіктеген кезде бір неше жүйе қолданылады, олардың саны қазіргі кезде 30-дың манайында. Ең кең таралған жіктелімдерге мыналар жатады:

- халықаралық туристік алмасуға қатысатын Франция, Австрия, Венгрия, Египет, Қытай, Ресей және бірқатар елдерде қолданылатын жұлдыздар жүйесі;

- Грекияда қолданылатын әріптер жүйесі;

- Ұлыбританияға тән «тәждер» немесе «кілттер» жүйесі;

- разрядтар жүйесі және т.б.

Кең таралған қонақ үйлер жіктеліміне француз ұлттық жіктелімі жатады, оған сәйкес барлық қонақ үйлер ыңғайлылығына қарай шартты түрде жұлдыздармен белгіленетін санатларға бөлінеді (1*, 2*, 3*, 4* немесе 5*, бір санат - жұлдызсыз). Осындай жүйе қонақ үй қызметінің нарығын кеңірек қамтуға мүмкіндік береді.

Ешқандай қонақ үй кәсіпорны минималды талап-критерийлерге сай келмесе, санатға ие болуға қатыса алмайды: А - бөлме саны; В - жалпы ғимараттар; С - қонақ үй жабдықтары; D - баспананың ыңғайлылылығы; Е— қызмет көрсету; F— мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, мүгедектерге қол жетімділігі.

Неміс жіктеліміне сай қонақ үй кәсіпорындары бес санатқа бөлінеді. Еуропалық жүйемен үйлестіру мақсатында әр кластың белгілі бір жұлдызға сай болуы қарастырылады: туристік класс - *; стандартты класс - **; жайлы класс - ***; бірінші класс - ****; люкс - *****.

Грекияда жіктеудің әріптік жүйесі кең таралған, алайда қонақ үйлердің мандайшаларында әдеттегі жұлдыздарды көруге болады. Барлық грек қонақ үйлерін төрт санатқа бөліп көрсетеді: А, В, С, D. «А» санатындағы қонақ үйлер - төрт жұлдызды, «В» - үш жұлдызды, «С» екі жұлдызды деңгейге сәйкес келеді. 2000 жылдардың ортасынан жоғары класты қонақ үйлеріне «de luxe» санаты беріле бастады. Бірақ, бұл жіктелімге қарамастан Грекиядағы бір санатқа ие жайғасу орындар бір бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. «С» санатындағы (екі жұлдызды) қонақ үйлерде қызметтердің минималды жиынтығын ұсынады және олар теңіз жағалауында орналаспайды. «В» санатындағы (үш жұлдызды) қонақ үйлер курорттық аймақта болғандықтан, әрдайым дерлік жағалауда орналасады. «А» санатындағы (төрт жұлдызды) қонақ үйлерге қызмет көрсетудің жоғары деңгейі сай болып келеді.

Еліміздегі қонақ үй жіктелімін қарастырсақ, 1994 жылға дейін жіктелу үдерісі «Қонақ үйлерді разрядтарға және санаттарға жатқызу» атты ережеге негізделіп келген. Бұл ережеге сай барлық қонақ үйлер - жеті разрядқа («Люкс», «Жоғарғы А», «Жоғарғы Б», 1,2,3 және 4 санатты), мотельдер - бес разрядқа («Жоғарғы А», «Жоғарғы Б», 1,2 және 3 санатты) бөлінген.

84 Қонақ үй қызметтерінің мәнісі неде?

Қонақ үй кәсіпорнының ұйымдық құрылымы қонақ үй қызметінің бағытталуы, оның орналасуы, қонақтар спецификасы мен басқа факторлар негізінде анықталады. Ұйымдық құрылым кәсіпорынның әрбір қызметкеріне жүктелген міндеттер мен өкілеттіліктерінің көрінісі болып табылады. ҚР мемлекеттік стандарты бойынша қонақ үйде мынадай негізгі қызметтер қарастырылған:

- қабылдау және орналастыру қызметі;

- нөмірлік қорды пайдалану қызметі;

- бөлмелерді алдын-ала брондау қызметі;

- коммерциялық қызмет;

- техникалық қызмет;

- әкімшілік қызмет;

- дирекция.

Жоғары санатты қонақ үйлерде қамтамасыз етушы қызметтердің саны анағұрлым көп және әрқайсысы терең спецификалық функцияларға ие болып келеді.

Қонақтарды қабылдау және орналастыру қызметі, әдетте, қонақ үй холлында орналасады және тәулік бойы үздіксіз қызмет етеді. Қабылдау және орналастыру қызметтеріне брондау, жайғастыру, келу, шығу кезінде рәсімдеу, клиенттермен есептесу функциялары жүктеледі. Бұл қызметтің негізгі технологиясы екі арна бойынша жүретін (қонақтарға және әкімшілікке) ақпаратпен жұмыс істеумен байланысты. Қонақтарға арналған арна аясында нөмірлік қор құрамы, ұсыныстар, тарифтер, қызмет көрсету түрлері туралы ақпарат қалыптастырылады. Әкімшілік арна бойынша қонақтың келуі немесе шығуы кезінде нөмірлік қордың толтырылу дәрежесі, оның босатылу қарқыны, келу мақсаты мен тұру ұзақтығына байланысты қонақтар құрамы, ұсынылған қызметке деген қанағаттану деңгейі, арнайы қызметтер (тамақтану, транспорт, сауықтық іс шаралар және т.б.) жұмысына қатысты ақпарат қарастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]