Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

81 Қонақ үйлердің халықаралық жіктелімі туралы айтыңыз.

Қазіргі қонақ үйлерді классификациялау жүйесі мемелекеттік немесе ұлттық қонақ үйлер ассоцациясының үлгісі бойынша және сертификациялық ережелерінің заңдастыру материалдық базасының сандық сипаты, сервистік жағдайға, қызмет көрсету сапасының жоғарғы деңгейде болуы шарт. Қонақ үй классификациясы әр елдерде әртүрлі қатегорияларға бөлініп, отызға жуық атауға ие. 1, 2, 3, жұлдызды қонақ үй шаруашылығының комфорттылығы, ассортименттері және қызмет көрсету бағасының әртүрлігі. Ассортименттері мен қызмет көрсетулердің бағасы бойынша, қонақ үй шаруашылығын бірнеше типтерге бөлуге болады.

Әртүрлі елдерде қонақ үй шаруашылығының комфорттылығына байланысты әртүрлі классификация жүйелігі қолданылады, солардың арасында кең тарағандары:

̶ Жұлдыздық жүйе. Жұлдыздық жүйе Францияда, Австрияда, Венгрияда, Мысырда, Қытайда, Ресейде және т.б. елдерде қолданылады.  

̶ Әріптік жүйе Грецияда қолданылады.

 ̶ Тәжілік жүйе Ұлыбританияға тән.

̶  Разрядтық жүйе және т.б.

Комфорттылық деңгейі тек қана қонақ үйлердің базасының тұрмыстық жағдайына байланысты ғана емес, сонымен қатар қонақ үйдің қызмет көрсетушілерінің жұмыс сапасына да байланысты болып келеді. Бүгінгі күнде 30-дан аса әртүрлі классификациялар бар

82.Қонақ үйлердің санаттылығы деген не және ол қандай критерийлер бойынша межеленеді?

ДТҰ-ның пікірі бойынша барлық қонақ үйлер нақты жабдықтар және көрсетілетін қызмет ерекшеліктеріне байланысты санаттарға топталуы тиіс. Осы ереженің негізінде ДТҰ жайғасу орындарының стандартты жіктелімін жасап әр мемлекеттің Үкіметтеріне (соның ішінде Қазақстанға да) ұсынған.

Орналасқан орны бойынша мынадай қонақ үйлер санатын бөлуге болады:

- қала орталығындағы қонақ үйлер – әдетте, өзінде немесе жанында автокөліктерге арналған жабық тұрағы бар биік ғимараттар болып табылады;

- жол маңындағы қонақ үйлер - ашық автотұрақтары, мейрамханалары, дәмханалары, кейде ашық ауадағы жүзу бассейні бар, кездесулерге арналған орындары жоқ аз қабатты ғимараттар;

- қалалар мен әуежайлардағы қонақ үйлер – ашық автокөлік тұрақтары, демалыс және көңіл көтеру орындары, банкет залдары және кездесу залдары бар кіші және орта қабатты ғимараттар;

- қалқымалы қонақ үйлер – мейрамхана түріндегі туристерді теңіз, өзен және көл жағасында жайғастыруға арналған қалқымалы құрал. Қалқымалы қонақ үйлер әдетте әдемі жермен, әсем табиғат және экологиялық жағынан таза туристік орындарға орналастырылады. Қажет болған жағдайда қонақ үйді туристерімен бірге су үстінде басқа орынға сүйреп алып кетуге болады;

- курорттық қонақ үйлер - қала аумақтарының шетінде орналасады, себебі туристерді тарту үшін табиғи немесе қолдан жасалған көрнекі орындарды пайдаланады. Мұндай қонақ үйлер, негізінен, демалу және көңіл көтеру үшін келетін туристерге қызмет көрсетеді, сондықтан бұл кәсіпорындарда қызмет көрсетудің рекреациялық құралдары, тамақтану және сусынмен қамтамасыз ету орындары, банкет залдар және кездесу орындарының болуы тән. Әдетте, қала шетінде орналасқандықтан курорттық қонақ үйлер өздерін ерекше демалу орны ретінде жарнамалайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]