Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

59. Қызметкерлерді басқарудың жапондық жүйесінің салдары

Қызметкерлерді жапондық басқару стилінің нәтижесінде жұмысшылардың қанағаттану деңгейі жоғары болады.

Бұл жүйенің тиімділігін жапондық корпорациялар шығаратын өнімнің сапасына және шығындар деңгейіне қарап білуге болады. Еңбек өнімділігі машина жасау салаларында соңғы он жылда АҚШ пен Ұлыбританияны салыстырғанда біршама жоғары болды.

Адамдарға сыйласымдық - басқа мінездемелердің бастапқы нүктесі. Өмірлік жалдау жүйесі "барлығы бір қолтықта" сезімін тудырады да, барлық жұмысшылар көп жұмыс істесе, өздеріне жақсы болатынын түсінеді.

Өз еркімен жұмыс істеу мен оқытуға негіздеу, басқаруға қатысу өз еңбегінің мәнін түсінуге көмектеседі. Бұл жоғары өнімділікке жаңалықтарды тез қабылдауға және бәсеке қабілеттілікке жеткізеді.

Бұл себептік байланыстарды экспектация теориясымен түсіндіруге болады, сәйкес жұмсалған күштер көлемін анықтайды:

  1. Нәтиже жұмсалған күшке байланысты;

  2. Жеткен нәтиже үшін марапаттау болуы мүмкін;

  3. Марапаттау құндылығы.

Шетелдік жапон филиалдарының табыстары адамдарға қатысты сыйластық философиясының арқасында болуда.

60. Негізгі қорлардың тозуы және амортизация түсінігі, екі түсінік арасындағы айырмашылық қандай?

Негізгі қорлардың тозуы ғимараттар, құрылыстар, технологиялық және автокөлік құралдары, өндірістік және шаруашылық бұйымдарды қызмет көрсету үдерісінде қолдану қабілеттілігі негізінде анықталады. Жалпы айтқанда, негізгі қорлардың тозуы дегеніміз құрал-жабдықтардың белгілі бір деңгейде және мерзімде жарамсыз болып табылуы.

Тозуға байланысты есептелген төлем негізгі қорлардың 100% құнынан аспауы тиіс. Сонымен қоса, әрі қарай қолданысқа жарамды негізгі қорларға 100% мөлшерде есептелген тозу көрсеткіші ол қорлардың өндірістік үдерістен жарамсыз деп шығарылуына негіздеме болуы міндетті емес.

Жалпы негізгі қорлар тозуының екі түрі бар: физикалық және моральдық.

Физикалық тозу дегеніміз - құрал-жабдықтардың немесе негізгі қор құрамына жататын басқа нысандардың қызмет көрсету барысында, табиғаттың әсері нәтижесінде физикалық, химиялық, механикалық қасиеттерін жоғалту. Экономикалық тұрғыдан қарағанда, физикалық тозу дегеніміз - негізгі қорлардың қасиеттері жоғалу нәтижесіндегі алғашқы құнының төмендеуі.

Физикалық тозуды анықтау барысында екі негізгі тәсіл қолданылады. Біріншісі физикалық және нормативті қызмет атқару мерзімдерін немесе жұмыс көлемін салыстыруға негізделеді. Екіншісі зерттеу арқылы құрал-жабдықтардың техникалық жағдайын анықтауға негізделеді.

Жұмыс көлемі бойынша физикалық тозу коэффициенттің (Тжк) тек өнімділігі бар нысандар (технологиялық құрал-жабдықтар) бойынша анықтауға болады. Бұл көрсеткіш келесі формула негізінде анықталады:

(6.21),

мұнда tн – құрал-жабдықпен нақты жұмыс атқарылған жылдар саңы;

Өн – жыл ішінде белгілі бір құралмен нақты шығарылған өнімнің орташа саны;

Tнор – нормативті қызмет көрсету мерзімі;

Өқ – құралдың жылдық өндірістік қуаттылығы (немесе нормативті өнімділігі).

Ал, қызмет көрсету мерзімі бойынша физикалық тозуды негізгі қордың барлық нысандары бойынша қарастыруға болады. Қызмет көрсету мерзімі бойынша физикалық тозу коэффициенті (Тмб) төмендегідей анықталады:

(6.22),

мұнда tн – құрал-жабдықтардың нақты қызмет атқару мерзімі;

tнор – құрал-жабдықтың нормативті қызмет атқару мерзімі.

Негізгі қорлардың моральдық тозуы дегеніміз құрал-жабдықтардың физикалық тозғанға дейінгі экономикалық тиімділігін және қолдану мақсаттылығын жоғалту. Моральдық тозудың екі түрі болады:

  1. белгілі бір уақыттағы негізгі қорлардың ұдайы өндірісі арзандауына байланысты құрал-жабдықтар құнының төмендеуі. Бұл жағдайда моральдық тозудың салыстырмалы шамасы (Тмт) мынадай формула негізінде анықталады:

(6.23),

бұл жерде Қ1 және Қ2 – негізгі қорлардың бастапқы және қайта қалпына келтіру құны.

  1. өндіріс үдерісіне өнімділігі жоғары және үнемді жаңа жабдықтардың кіргізілуі. Бұл моральдық тозу үдерісі толық немесе ішінара болуы мүмкін, сонымен қоса жасырынды түрде жүзеге асуы мүмкін. Ол мынадай формула негізінде анықталады:

(6.24),

мұнда Жж және Же – жаңа және ескірген жабдықтарды қайта қалпына келтіру құны;

Өж , Өе – жаңа және ескірген жабдықтардың өнімділігі (немесе өндірістік қуаттылығы).

Ішінара моральдық тозу – жабдықтардың тұтынушылық құнының жартылай жоғалуы.

Толық моральдық тозуы – әрі қарай қолдануды тиімсіз ететін жабдықтардың толық құнсыздануы.

Моральдық тозудың жасырын түрі деп негізгі қорлардың жаңа құрал-жабдықтардың шығу нәтижесінде құнсыздану қатерін айтады.

Негізгі қорлардың амортизациясы – құрал-жабдықтардың толық тозу мерзіміне дейін ұдайы өндірісін қалыптастыру мақсатында негізгі қорлардың белгілі бір құнын жаңа жасалған өнімнің құнына ауыстыру. Ақшалай түрдегі амортизация негізгі қордың тозу деңгейін білдіреді және амортизациялық нормалардың негізінде өндіріс (өзіндік құн) шығындарына аударылады.

Амортизациялық аударымдар (АА) мынадай формула негізінде есептеледі:

(6.25),

мұнда БҚж - жыл басындағы баланстық құн;

НҚө - негізгі қорлардың өсімі;

Ан - тозық нормасы;

Са - айлар саны.

Толық қайта қалпына келтіру (реновация) амортизациялық нормасы (Ан) мынадай формула арқылы есептеледі:

(6.26),

мұнда НҚқ - негізгі қорлардың бастапқы құны, теңге;

Жқ - негізгі қорларды жою құны, теңге;

Бқ - негізгі қорлардың бөлшектеу құны және жоюмен байланысты басқа шығындар, теңге;

ta - амортизациялық кезең, жыл.

Негізгі қор бойынша амортизациялық аударымдар бухгалтерлік есепке қабылданған айдан кейінгі бірінші айдан бастап жүргізіледі және 100% құнын жапқанша немесе меншіктік құқықтардың тоқтауына байланысты бухгалтерлік есептен сызылғанша жүзеге асырылады.

Есептік жылдың ішінде амортизациялық аударымдар қолданылатын есептеу тәсіліне қарамастан, ай сайын жылдық соманың 1/12 мөлшерінде төленеді.

Жылдық амортизациялық төлемдер төмендегі тәсілдердің біреуімен жүзеге асырылады:

  • желілік тәсіл, негізгі құралдар мен амортизация нормаларының бастапқы құны негізінде есептеледі;

  • азайып келе жатқан қалдықты есептеу тәсілі, негізгі қорлар құнының және амортизациялық норманың қалдығы негізінде есептеледі;

  • қызмет атқарған жылдар санының қосындысы негізінде құнды жою тәсілі (алымда – нысанның болашақтағы қызмет көрсету жылдардың қалған саны, ал бөлімінде – бүгінгі күнге дейін қызмет көрсеткен жылдар саны);

  • шығарылған өнімге пропорционалды құнды жою тәсілі, шығарылған өнімнің көлеміне байланысты негізгі қорлардың құнын жою.

Амортизациялық аударымдар негізгі қорлардың түріне және топтарына байланысты нормалар негізінде жүзеге асырылады (кесте 6.1).

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің екі түрі бар: қарапайым және кеңейтілген. Қарапайым ұдайы өндірісінде ескірген техниканы ауыстыру немесе толық жөндеуден өткізу қарастырылса, кеңейтілген ұдайы өндірісі жаңа нысандарды қалыптастыру бойынша құрылыстық жұмыстарын жүргізу және кәсіпорындағы жабдықтарды толық жаңартуға негізделеді.

Негізгі қорларды қайта қалпына келтіру жұмыстары қарапайым және күрделі жөндеу, қайта құру немесе жаңарту негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

61Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Еңбек кодексінің 33 – бабына сәйкес жұмысқа қабылдауды рәсімдеу:

1. Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.

2. Жұмыс беруші үш жұмыс күні ішінде қызметкерді актімен таныстыруға міндетті. Жұмыс берушінің актісімен танысқаны қызметкердің қол қоюымен куәландырылады.

3. Қызметкердің талап етуі бойынша жұмыс беруші оған актінің жұмыс беруші растаған көшірмесін беруге міндетті.

Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс беруші қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерімен, жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) қатысы бар өзге де актілерімен, ұжымдық шартпен таныстыруға міндетті.

Кәсіпорынға қызметкерлерді жұмысқа қабылдау критерийлері:

- Медициналық қорытынды негізінде қызметкердің денсаулық жағдайының жарамды болуы;

- Кәмелеттік жасқа толуы;

- Сотталмағандығы жөнінде құжат;

- Жоғары білімінің болуы;

- Жұмыс тәжірибесі, кемінде 2 жыл

- Коммуникабельділігі

- Тапқырлығы;

- Дұрыс шешім қабылдай алуы, аналитикалық талдау жасай білуі;

- Тілдерді білуі

Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға сай болуға:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;

2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиiстi лауазымдарға қатысты өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға тиіс.

Мемлекеттiк әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер адамдар мынадай талаптарға сай болуға:

1) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сай келуге;

2) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған болуға тиіс.

2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiру кезінде мемлекеттік кіріс органдарына табыстары және өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектілері болып табылатын мүлкi туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi.

3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттік орган арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейiн азаматтарды мемлекеттік әкiмшiлiк лауазым көздейтін мiндеттердi уақытша атқару үшiн жұмысқа қабылдайды.Олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi.Еңбек шарттары арнайы тексеруді жүргізу мерзіміне жасалады.

Арнайы тексеру жүргізу кезеңінде бұл адамдарға осы Заңның мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауапкершілігі, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулер бөлігіндегі ережелері қолданылады.Бұл адамдардың құқықтары еңбек шартында айқындалады.

4. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындауы мүмкін.

5. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жүзеге асыратын лауазымдық өкілеттіктер ескеріле отырып, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде әзірленеді және оларды уәкілетті органның келісімімен мемлекеттік органдар бекітеді.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Президентi бекітеді.

62Таза пайда – кәсіпорында (фирмада) салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалатын пайда.

Кәсіпорынның толық билігінде болады‚ кәсіпорынның жарғысында өзге жағдай көзделмесе‚ ол бұл пайданы одан әрі пайдалану бағыттарын айқындайды.Таза пайданы пайдалану бағыттарын таңдауға мемлекеттік ықпал ету салықтар‚ салық жеңілдіктері‚ экономикалық санкциялар арқылы жүзеге асырылады.

Заңнамалық актілерде немесе кәсіпорын жарғысында көзделген реттерде Таза пайданың бір бөлігі кәсіпорынның еңбек ұжымының мүшелеріне берілуі мүмкін.Пайданың осы бөлігінің мөлшерін меншік иесі немесе ол өкілеттік берген орган белгілейді‚ ал оны бөлу тәртібін еңбек ұжымының жалпы жиналысы айқындайды.Еңбек ұжымының мүшесіне тиесілі пайда сомасы оның қосқан үлесін құрайды.Үлес сомасына акциялар берілуі мүмкін‚ бұл акциялар бойынша дивиденд төленеді.

Пайдажәнеоныбелгілейтінфакторлар - Нарықэкономикасыныңқұндықинструменттерініңжалпыжүйесіндепайдамаңыздыорыналады. Олфирманыңэкономикалықтұрақтылығынқамтамасызетеді, оныңқаржылықтөуелсіздігінекепілдікбереді. Нарық жағдайында пайда нені, қалай және қандай көлемде өндіру керек деген мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондықтан өндірілген (сатылған) тауарлар мен қызметтердің саны қанша және олардың бағасы қандай болғанда барынша мол пайда түседі деген сауал өндірушілерді ынталандырады Пайда теориясы классикалық мектеп қалыптасқаннан бері, барлық ірі экономистердің оқулықтарынан орын алған. XX ғасырдаэкономикалық ғылымдағы пайда жөнінде мынадай негізгі теориялардыатауға болады:

  • Өндіргіш капитал теориясы пайданы өндірістің қандайы болмасын. соның міндетті түрдегі факторы болып табылатын капитал әрекетгерінің нәтижесі дейді;

  • Ұстамдылық теориясы. Бұл теория пайда өз капиталын тұтынуды кейінге калдырғаны үшін, өндіріске жұмсаған қаражаттардың тиімділігін күтудегі қауіпке тәуекелділік жасағаны үшін, капиталистерге сыйлық болып табылады дейді.

  • пайда кәсіпкерлік іс-әрекеттердің барлық түрлерінен түсетін еңбекке сәйкес табыс;

  • пайда монополияның болуының нәтижесі.

Осы аталған теориялардың ортақ көрсеткіші — ол пайданың көзін кәсіпкердің іс-өрекетінің нәтижесі деп тану. Фирманың пайдасы белгілі қызметтер атқарады. Олардың негізгілері:

  • бөліп тарату — орындауға арналған бағдарлама мен стратегиялардықаржыландыру мақсатымен ақшалай қаражат қорларын құру, капиталдың оптималдық құрылымыы қолдау, банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету;

  • ынталандыруөндірісшығындарын төмендету, инновация мен техникалық жаңалықтар енгізу.

Пайданы алдымен тауардың нарықтық сату бағасы мен оны өндіру үшін жұмсалған шығындардың айырмасы деп қарауға болады. Пайданың мынадай түрлері бар:

  • бухгалтерлік пайда — сыртқы шығындарды өтеген соң, яғни жеткізушілерге ресурстар үшін төлем жасаған соң, жалпы ақша түсімінен қалған табыстың бөлшегі;

  • экономикалық (таза) пайдафирманың жалпы табысынан барлық шығындарды (сыртқы, ішкі) алып тастағаннан соң калғаны;

  • баланстық пайдаөнімді өткізуден түскен түсім мен материалдық шығындар, амортизация және жалақы сомасының айырмасы. Кейде баланстық пайданы жалпы пайда деп атайды. Өйткені осы пайда кәсіпорын құралдарын бөліп жөне пайдаланудың көзі болып табылады.

Осымен қатар, экономикалық әдебиетте жалпы, әдеттегі, шекті, барынша мол пайда деген түсініктер бар.

63Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режіміне, демографиялық құрылымына байланысты барлық демографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады. Қазақстанда оған I және II топтағы мүгедектерден басқа барлық еңбек жасындағы адамдар (16—63 жастағы ерлер, 16—63 жастағы әйелдер) және жеңілдік жағдайда жасы бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлер, еңбек жасынан жоғары және төмен тұрған жұмыс істейтін адамдар жатады. 1999 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстанда Еңбек ресурстары бүкіл халықтың 56%-дан астамы болды.

Еңбек ресурстары ғылымның екі саласын — әлеуметтік саясаттың және еңбек үшін экономикалық ресурстар ілімінің негізін құрайды. Еңбек, еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту үшін экономикалық ресурстарды зерделеу мемлекеттік құрылым үлгісімен қарастырылады.

Еңбек ресурстары – бұл халықтың жұмысқа қабілетті бөлігі. Еңбек өнімділігі – еңбек ресурстарын тиімді пайдалану көрсеткіші. Еңбек өнімділігі:

1. Бір жұмыскермен белгілі бір нақты анықталған уақытта (уақыт, күн, ай, жыл) өндірілген заттай немесе ақшалай түріндегі өнімнің санымен;

2. Өндіріске жұмсалған уақыттың санымен өлшенеді.

Еңбек ресурстарын басқару – еңбек ресурстарына қатысты жалпы түбегейлікті айқындауға арналған барлық барлық билік тармақтарындағы мемлекеттік органдардың нысаналы қызметі.

Еңбек ресурстарын пайдалануға:

—         еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру;

—         ұлттық экономиканың саласы бойынша жұмысшыларды үлестіру;

—         өндірістік емес салада және материалдық салада жұмысшыларды пайдалану тиімділігіне жұмсалған қызмет түрі жатады.

Еңбек ресурстарын басқару, еңбек ресурстарын жоспарлаумен айналысады. Еңбек ресурстарын жоспарлау – еңбекке жарамды жасындағы адамдардың қажеттілігін және олардың еңбек қызметіне деген қабілеттілігін анықтайтын қызмет аясы.

Еңбек ресурстарын жоспарлау ықтималдық сипаты бар және ол:

—         нақты аймақта жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс деңгейіне;

—         жұмыспен қамтылу деңгейіне;

—         халықты жұмысқа тұрғызу үрдісін ұйымдастыруға және басқа да факторларға байланысты.

Басқару қызметін ынталандыратын әдістердің белгілі жиынтығы қолданылады. Республикамыздың және шетел тәжірибелерін зерттеу, олардың кең тараған түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Олар төмендегідей:

Тура экономикалық ынталандыру әдістері:

1. өндірілген өнімге еңбекақы төлеу;

2. істеген күніне қарай еңбекақы төлеу;

3. өндіріс   процесін   жақсартып,   жетілдіргендігіне   төленетін   ақшалай

төлемдер;

4. жұмысқа шықпағаны үшін төленетін төлемдер;

5. оқу үшін төленетін төлемдер.

Жанама экономикалық ынталандыру әдістері:

1. жеңілдетілген әдіс арқылы тамақтану (льгот арқылы);

2. еңбек стажына төленетін қосымша төлемдер;

3. премиялар;

Ақшалай емес ынталандыру әдістері:

1. қызмет бойынша жоғарылату;

2. кәсіпорын, ұйым атынан оқыту;

3. еңбек нәтижелігін бағалау;

4. еңбек сапалылығын арттыру;

64–Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың негізгі көрсеткіштері: капитал мен қызмет көрсету үдерісінің табыстылығы

Табыстылық (немісше rentabel – табысты, тиімді, пайдалы деген мағынаны білдіреді) – құралдарды пайдалану мен шығындардан қайтарым деңгейін сипаттайтын кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіші. Табыстылық материалдық, еңбек және ақшалай құралдарды және табиғи байлықтарды пайдалану деңгейін кешенді түрде сипаттайды. Табыстылықтың үш түрін айырады:

  • инвестициялар (капитал);

  • өндіріс;

  • өнім/қызмет.

Инвестициялар (капитал) табыстылығы – бұл жұмсалған капитал, инвестициялар тиімділігінің көрсеткіші: ұзақмерзімді қарыздарды қоса алғанда, жұмсалған капитал, инвестициялар көлеміне бөлінген таза пайда.

Өндіріс табыстылығы - баланстық пайданы негізгі өндірістік қорлар мен нормаланатын айналым құралдарының орта жылдық құнына бөлу арқылы анықталатын өндіріс тиімділігінің экономикалық көрсеткіші. Өндіріс табыстылығы кәіспорынның меншікті және тартылған өндірістік құралдарын пайдалану тиімділігін сипаттайды.

Өнім/қызмет көрсету табыстылығы – өнімді өткізуден түскен пайданың өнім/қызмет өндірісі мен бөлінісіне жататын шығындарға қатынасы ретінде анықталады.

Табыстылықты анықтау негізінде табыстылық коэффициенттері, яғни пайданың (көбінесе табыстылық көрсеткіштерін есептеуде таза пайда шамасы қолданылады) жұмсалған құралдарға, немесе өткізуден түскен түсімге қатынасы жатыр. Табыстылықты анықтау үшін табыстылық коэффициенттерін 100%-ға көбейтеді.

Табыстылық көрсеткіштерді мынадай негізгі топтарға жіктеуге болады:

1. Инвестициялар (капитал) табыстылығы коэффициенттері:

- Жалпы актвтерге деген қайтарым коэффициенті (ROA - ағылшынша Return on Total Assets), мынадай формула бойынша есептеледі:

(11.6),

мұндағы ТП - таза пайда; ПШ - қарыз бойынша пайыздарды төлеуге қатысты шығындар; ЖА - баланс бойынша жалпы активтер.

2. Өндіріс табыстылығы коэффициенттері:

- Жалпы активтер айналымы коэффициенті (ЖАА) сату көлемі шамасына жету үшін қажет жалпы активтердің айналым санын көрсетеді:

(11.12),

мұндағы ӨТ - өткізуден түскен түсім; ЖА - баланс бойынша жалпы активтер.

Қазақстан Республикасының жағдайында бұл көрсеткіш мәні 3-тен төмен болмауы керек. Уақыт өте келе оның төмендеуі бизнестің банкротқа ұшырау ықтималдылығының (тек ықтималдылық) жоғарылауын білдіреді.

- Кредиторлық қарыздың жалпы актвитерге коэффициенті (ҚЖА). Мынадай формула бойынша есептеледі:

(11.13),

мұндағы ЖҚ - пассивтер бойынша жалпы кредиторлық қарыз; ЖА - жалпы активтер.

Кредиторлық қарыз кәсіпорынның экономикалық қатынастардағы басқа субъектілердің алдындағы қаржылық міндеттемелерінің құндық бағасын сипаттайды. Кәсіпорынның ағымдағы қалыпты жағдайы оның өз қаржылық міндеттемелері бойынша өз мерзімінде жауап беруіне байлансты болады. Кредиторлық қарыз, әдетте, ағымдағы активтердің елеулі үлесін құрайды және кредиторлық қарыздың айналымдылық мерзімдерінің қысқаруы кәсіпорының төлем қабілеттілігі мен өтімділік көрсеткіштері динамикасына оң әсерін тигізеді.

65Адамның ұйымда жемісті қызмет етуі үшін оның ынтасын тудыру мақсатындағы басқару функциясы ынталдыруға байланысты болады.

Ұйымдарда ұйымдастырушылық регламенттеу немесе нормалау көп мөлшердегі нормативтерді қарастырады, соның ішінде:

- сапалық-техникалық нормативтер (техникалықшарттар, ұйым стандарттары және т.б);

- технологиялық нормативтер (маршруттықжәне технологиялық карталары және т.б);

- эксплуатациялық-жөндеу нормативтері (жабдықтарды жоспарлық ағымды немесе толық жөндеу нормативтері);

- еңбек нормативтері (дәрежелер, мөлшерлемелер, сыйақы жүйесі және т.б.),

- қаржылық-несиелік нормативтер (меншіктік айналым құралдарының мөлшері,банк қарызын өтеу пайыздары және т.б.);

- тиімділік нормативтеріжәне бюджетпен қарым-қатынастар;

- материалдық-жабдықтаушылық және көліктік нормативтер (материалдарды шығындау нормалары, тию алдында, түсіруден кейінгі вагондардың тұрып қалу нормасы және т.б),

- ұйымдастырушылық-басқарушылық нормативтер (ішкі тәртіп ережелері, жалдауды, жұмыстан шығаруды, ауыстыру, іс-сапарды рәсімдеу тәртібі және т.б.).

Аталған нормативтер ұйым қызметінің барлық жақтарына әсерін тигізеді. Маңызды орын ақпаратты нормалау үдерісі алады, себебі оның көлемі үнемі өсіп отырады. Осыған байланысты, ұйымда ЭЕМ-ға негізделген автоматтандырлыған басқару жүйесінің қызмет етуі жағдайында, кәсіпорынның ақпараттық есептеу орталығында нормалар мен нормативтер үнемі жаңартылып отырады. Сонымен қоса, осы орталық заманауи басқару құралдарын қолдану, ұйым қызметкерлерінің тәжірибесін ескеру ұсыныстары келтірілген ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқауларды әзірлейді.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқауларға мыналар жатқызылады:

- басқару қызметкерлерінің құқықтарын және қызметтік міндеттерін бекітетін, лауазымдық нұсқаулықтар;

- өзара байланысқан және жалпы мақсаттық бағыттағы кешендік жұмыстарды орындауды сипаттайтын әдістемелік нұсқаулар (ұсыныстар);

- жеке техникалық- экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған жұмыс тәртібін, әдістерін және нысандарын анықтайтын әдістемелік нұсқаулар;

- басқарушылық үдеріс әрекеттерінің кезектілігін анықтайтын жұмыс нұсқаулары және т.б.

66Табыстылық деңгейі – бизнестің табыстылығының өлшемі. Жоғары табыстылық кәсіпкерлік тәуекелдің жоғары деңгейімен байланысты болып келеді. Кейбір жағдайда қонақ үй кәсіпкерлік тәуекелі жоғары шаруашылық операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде ғана керекті төлем қабілеттілік деңгейін қамтамасыз етеді. Алайда тәжірибеде бұл дұрыс әдіс ретінде қарастырылмайды. Себебі, шаруашылық операциялардың табыстылығы төмендеген кезде (маусымның өтуіне, туристердің санының азаюына және т.б. байланысты) пайданың орнына кәсіпорын айтарлықтай шығынға тап болып, төлем қабілеттілігі төмендеуі мүмкін.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - төменгі кәсіпкерлік тәуекелде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, меншік қаражаты есебінен дамуды қамтамасыз ететін ақша қаражаттарының болу жағдайы. Қонақ үй кәсіпорнының қаржылық тұрақтылғына мыналар әсер етеді:

  • нарықтағы жағдайы;

  • өнімнің/қызметтің бәсекеге қабілеттілігі және оған деген сұраныс деңгейі;

  • серіктестердің іскерлік әрекеті;

  • сыртқы несие берушілер мен инвесторлардан тәуелділік деңгейі;

  • төлем қабілеттілігі жоқ дебиторлардың болуы;

  • өндірістік шығындар мен өнім/қызметті өткізу бағаларының арақатынасы;

  • төленген жарғылық капитал көлемі;

  • коммерциялық және қаржы операцияларының тиімділігі;

  • айналымнан тыс және айналымдағы активтерінің арақатынасын қоса алғандағы мүліктік әлеует жағдайы;

  • менеджерлердің кәсіби дайындығының деңгейі, олардың ішкі және сыртқы орта жағдайларын үнемі ескеріп отыру қабілеті және т.б.

Абсолютті қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін талдау бойынша тәжірибелік жұмыс бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде жүргізіледі.

Өндірістік үдеріс барысында кәсіпорындағы тауарлық-материалдық қорлар үнемі толығып, аванстық төлемдер жүзеге асырылып отырады. Осы мақсаттарда меншіктік айналым қаражаттары, берешектер (борышкерлік қарыз, қысқа мерзімді несиелер мен басқа қарыз құралдары) қолданылады.

67 Жалақы - еңбек келісімі негізінде орындалған жұмыс үшін ақша төлемдерінің сомасы немесе атқарылған жұмыстың табиғи төлем құны және құрылымы бойынша негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі жалақыға кәсіпорындағы келісімді бағалаулар, тарифтік мөлшерлемелер негізінде жұмыскерге еңбек ақысын төлеу жатады және бекітілген нормаға сәйкес ол жалақының тұрақты бөлігі болып табылады.

Қосымша жалақыға әр түрлі сыйақылар, мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін төлемдер, прогрессивті бағалаулар бойынша қосымша төлеу, толық күндік немесе ауысымішілік тұрып қалуларға төлеу, төмен деңгейлі менеджерлерге (ресепшн, броньдау бөлімдерінің басшыларына) қосымша төлеу және т.б. жатады.

Еңбекақы төлеу нысандарының ең көп қолданылатын түріне келісімді және мерзімді еңбекақы жатады. Еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелерінің барлық түрлері тарифтік жүйеге және еңбекті нормалауға негізделеді.

Келісімді еңбекақы төлеудің мынадай түрлері болады: тікелей келісімді, келісімді-сыйақылық, келісімді-прогрессивті, жанама-келісімді, аккордты, аккордты-сыйақылық. Келісімді еңбекақы нысанында жұмыскер жалақысы дайындалған өнімнің саны мен сапасына немесе көрсетілген қызмет көлеміне тікелей тәуелді болып келелді. Келісімді еңбекақының негізін өнім, жұмыс, қызметтің бірлігіне қойылатын келісімді баға (Рк) құрайды.

Келісімдік баға және сәйкесінше келісімді еңбекақы нысаны жеке немесе ұжымдық болып бөлінуі мүмкін.

Егер уақыт нормасы бекітілген болса, келісімдік баға мынадай формула негізінде анықталады:

(14.13),

мұндағы Ну - өнімді, жұмыс, қызметті өндіруге жұмсалатын уақыт нормасы (сағ.).

Тікелей келісімді еңбекақы нақты өндірілген өнім (операциялар) санының келісімді бағалары негізінде анықталады. Ол мынадай формула арқылы есептеледі:

(14.14),

мұндағы Ек - келісімді жалақы (тг.); ӨК - өндірілген өнім/қызмет көлемі (бірлік).

Келісімді-сыйақылық еңбекақы жұмыскерге алдын ала орнатылған сандық және сапалық жұмыс көрсеткіштерін орындағаны немесе талап етілген нормадан көп орындағаны үшін тікелей келісімді бағалар бойынша қосымша төленетін ақы:

немесе (14.15),

мұндағы Екс - келісімді-сыйақылық еңбекақы (тг.); Ес - орнатылған сандық және сапалық жұмыс көрсеткіштерін орындағаны немесе талап етілген нормадан көп орындағаны үшін сыйақы (тг.); Сп - сыйақы төлеу көрсеткіштерін орындағаны үшін сыйақы пайызы.

Келісімді-прогрессивті еңбекақы дегеніміз орнатылған норма шегінде келісімді бағалар негізінде еңбек ақы төлеу, ал нормадан көп орындау байқалатын болса прогрессивті өспелі келісімді баға негізінде еңбекақы төлеу. Мұндай төлемдер шектелген мерзімде кәсіпорындағы өндіру көлемінің прогрессивті нормаларына қол жеткізу мақсатында еңбек ету қарқынын ұлғайту үшін қолданылады. Келісімді-прогрессивті жүйеде жұмыскер жалақысы оның өндіру көлеміне қарағанда тез өседі.

Жанама-келісімді еңбекақы әдетте негізгі өндірістік үдерісте қызмет ететін қосымша жұмыскерлер еңбегін төлеу үшін қолданылады. Жанама-келісімді еңбекақы жүйесінде жалақы жеке жұмыскердің қосымша қызметіндегі өндіру көлеміне емес, негізгі жалпы өндіріс нәтижесіне тәуелді болып келеді.

Аккордты еңбекақы төлеу жүйесінде еңбекақының жалпы сомасы ағымдағы нормалар мен келісімді бағалар негізінде жұмыс орындалғанға дейін анықталады. Келісімді баға белгілі бір бекітілген мерзімде орындалуы тиіс жұмыс көлеміне бірден алдын-ала белгіленіп қояды. Кейде бұл жүйені тағайындалған-келісімді деп те атайды. Егер аккордтық жүйеде жұмысты жедел немесе сапалық орындағаны үшін сыйақы төленсе, бұл еңбекақы төлеу жүйесін аккордтық-сыйақылық деп аталады. Аккордты еңбекақы төлеу жүйесі жұмыскерлердің аз саны негізінде қысқа мерзімде жұмыстың барлық кешенін орындауға ынталандырады.

68Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы бейнесі төлем қабілеттілігімен сипатталады, яғни кәсіпорынның өз қаржылық міндеттемелерін орындау мүмкіндігі. Қанағаттанарлық төлем қабілеттілік көрсеткіштеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • есептік, валюталық және банктердегі басқа да шоттарда еркін ақша қаражаттарының болуы;

  • жабдықтаушыларға, банктерге, персоналға, бюджетке, бюджеттік емес қорлар мен басқа да несие берушілерге ұзақ мерзім бойы өтелмеген қарыздардың болмауы;

есептік кезеңнің басы мен аяғында жеке меншік айналым қаражаттарының (таза айналым капиталы) болуы.

Төмен төлем қабілеттілік уақытша (қиын салдарларсыз өтетін) және созылмалы (кәсіпорынды банкроттыққа әкелетін) болуы мүмкін.

Қаржылық тұрақтылықтың маңызды аспектісі – несиені өтеу қабілеттілігі. Несиені өтеу қабілеттілігі деп несие алуға қажетті талаптарға жауап беру және несие берушіге уақтылы үстіне пайыздарымен бірге қарыздарды қайтару қабілеттілігінің болуын айтады.

Қаржылық тұрақтылықтың жоғары деңгейі – ол пайданың банктерден алынған қарыздарды өтеу мен пайдаға салынатын салықтарды төлеуге жеткілікті жағдайын ғана емес, сонымен қатар, даму мақсатында инвестициялар салуға да мүмкіндіктің болуын айтады. Әдетте, инвестициялар болашақтағы пайдаларға ұзақ мерзімді несиелендіру есебінен жүзеге асырылады. Осы себепті қаржылық тұрақтылықты талдаған кезде пайданың абсолюттік салмағынан ғана емес, сонымен қатар оның пайдаланылатын капиталға қатысты өсуін, яғни, капиталдың табыстылығын да бағалау қажет.

69Қызметкерлерді басқару жүйесі (қызметкерлерді басқару) – бұл кадрлық саясатты құру, қызметкерлердің штаттық - қызметтік құрылымын құру арқылы оларды басқару, реттеу және қызметін бағалау.

Қазіргі менеджмент - өндіріс пен басқаруды біріктіру арқылы кәсіпорынның ішкі және сыртқы байланысын көрсететін, адам ресурсын, өндірістің белсенді факторы ретінде және экономика дамуының тұрақты факторы ретінде қоршаған ортаны қорғауды талап етеді.

Басқару стилі - басқарушының қызметкерлермен қарым-қатынас жасау тәсілі, жұмыс міндеттемелерін орындау барысындағы қарым-қатынастар сипаты.

70Пайда - қонақ үй кәсіпорнының кәсіпкерлік қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылады және өнімнің немесе қызметтің бағасы мен өзіндік құнының арасындағы айырмашылықты көрсетеді, сонымен қоса ол жалпы кәсіпорын бойынша өнім немесе қызметтен түскен түсім мен олардың өзіндік құнының арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Экономикалық көрсеткіш ретінде пайда кәсіпкерлік қызмет үдерісінде алынған таза табысты көрсетеді. Пайда – кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі және кәсіпорынның қаржылық ресурстарының негізгі элементтері болып табылады. Пайда экономикалық нәтиженің көрсеткіші ретінде сипатталады.

Пайда кәсіпкерлік қызметтің негізгі нәтижесі ретінде кәсіпорынның өзінінің оң жағдайын, оның жұмысшыларын, жалпы мемлекетті қамтамасыз етеді. Абсолютті пайда сатушының жүзеге асырған тауардан шығынды алып тастағандағы табыспен айқындалады.

Абсолютті пайданы жалпы пайда деп атайды, сондықтан оның құрамы мен абсолютті түрдегі шамасын анықтаудың маңызы зор.

Жалпы пайда мынадай түрлерге бөлінеді:

  • негізгі қызметтен түскен пайда;

  • басқа да өнім мен қызметті жүзеге асырғаннан түскен пайда;

  • негізгі қорлар мен басқа да мүліктен түскен пайда;

  • өткізуден тыс табыс пен шығыстан түскен пайда.

Пайданы жоспарлаудың негізгі әдістері:

  • тікелей есептеу әдісі;

  • аналитикалық әдіс;

  • қатар есептеу әдісі;

  • мультипликативтік нәтиже әдісі.

71 Қонақ үй кәсіпорнының кадрларын басқару механизмі кәсіпорынның жұмыс күшінің сапасына, санына және белгіленген уақытқа қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, сонымен қоса, басқару органдарының, құралдарының, әдістерінің жүйесін білдіреді. Көп жағдайда басқару мақсаттары анықталған қағидалар және әдістер арқылы жүзеге асырылады.

Басқару теориясында қағидалар, басқару үдерісіндегі адамдардың саналы қызметінің тұрақты ережелері ретінде көрініс табатын объективті заңдылықтардың әрекетімен шартталған.

Әдістер - алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында басқарылатын объектіге белгілі қағидалар негізінде әсер ету тәсілдері.

Еңбек ұжымын тиімді басқару негізіне салынған қағидалар әр түрлі сипатқа ие болып келеді. Мысалы, көпдеңгейлі сипатта жалпы, жеке, арнайы болып келеді, ал әр түрлі қызмет салаларына байланысты жалпы қоғам, сала, кәсіпорын, жеке қызметкер көлемінде еңбекті басқару түрлеріне бөлінеді. Жалпы басқару қағидаларының негізінде мынадай аспектілер жатыр: ғылыми негізделуі, жоспарлылық, кешенділік (жүйелілік), үздіксіздік, нормативтілік, үнемділік, қызығушылық, жауапкершілік.

Жеке қағидалар мынадай негізгі аспектідерге сүйенеді: басқару қызметтерінің өндіріс мақсаттарына сәйкестігі; кадрлар қызметін жекелендіру (кадрларды іріктеуді жекелендіру, нақты қызметкердің тілегін есепке алу, жұмыстан босату, жылжыту кезінде жекелендіру, еңбек нәтижесі бойынша төлем ақы белгілеу және т.б.); кадрлармен жұмысты атқару үдерісін демократизациялау (кадрларға қатысты шешімдерді қабылдау кезінде қызметкерлердің ойын ескеру, бос орындарға қызметкерлерді конкурс негізінде тағайындау, басқару үдерісінде демократиялық тәсілдерді қолдану және т.б); кадрлық жұмысты ақпараттандыру, негізделген шешімдер қабылдауға жеткілікті болатындай ақпараттық қорды қалыптастыру; өндірістік бөлімдердін ұжымын қалыптастыруда кадрлардың психологиялық жарасымдылықтарын есепке алу және т.б

Жалпы тұрғыдан персоналды басқарудағы қолданылатын әдістерді екіге бөліп қарастырады: өндірістік басқарудағы немесе жалпы халық шаруашылығында кеңінен қолданылатын (ұйымдастырушылық-әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік - психологиялық) және кең көлемдегі нақты (жеке) әдістер.

Ұйымдастырушылық-әкімшілік әдістер билікке, жазалауға және қатаң талаптар қоюға негізделеді. Тарихта бұл әдіс «қамшы әдісі» ретінде белгілі. Сонымен қатар бұл әдістер жеке тұлғанын еңбек тәртібін сақтау, белгілі бір ұйымда қызмет атқаруға тырысу, еңбектік қарым қатынас мәдинеттің ұстану ынтасына негізделеді. Ұйымдастырушылық-әкімшілік әдістер тік сипатта болуымен ерекшеленеді, яғни кез келген басшылықтан түскен құжат міндетті түрде орындалуы тиіс. Бұл әдістер жүзеге асырылуы барысында белгілі бір ресми құқықтық нормалардын, жоғары органдардың өкімінің ережелерін қатаң ұстану талап етіледі.

72 Ежелгі Қазақстан аймағында қонақ күту кәсіпорындардың қарқынды дамуына қатты әсер еткен - Қытай, Византия, Ежелгі Рим және Греция қалаларын сауда-саттық мақсатында қосқан Ұлы Жібек жолының қалыптасуы. Осы жолдың бойында қалыптасқан ежелгі Қазақстан қалаларында (Отырар (Фараб), Тараз, Сығанақ, Баласағұн, Сауран, Суяб, Сарайшық, Испиджаб) жолаушыларға түнеуге және тамақтануға қатысты қызмет көрсететін керуен-сарайлар пайда болған. Мысалы, 2008 жылы Тараз қаласының маңында қазақстандық археологтармен аумағы 80 шаршы метр болатын ауданда құрамына қонақ үйлер, моншалар, тамақтану орындары кіретін керуен-сарайдың орыны табылған. Жалпы ежелгі Тараз қаласының маңында 20-ға жуық кереуен-сарайлар қызмет атқарғаны дәлелденген. Если что смотреть вопрос 77

73Қазақстанда қонақ үй шаруашылықтары экономиканың жеке субъектісі ретінде ХХ ғасырдың 30 жылдардағы өндірістік және қызмет саласының дамуына байланысты қалыптаса бастады және көрсетілетін қызмет сапасы сол кездегі әлемдік стандарттарға сәйкестендірілді. Алғашқы толық сервиске ие қонақ үй 1935 жылы Қарағанды қаласында ашылған (Чайка), ал 1937 жылы Алматы қаласында «Иссык» атты қонақ үй қызмет көрсете бастады. 50-ші жылдардың аяғында Қазақстанда орта деңгейлі қонақ үйлер кеңінен салынды, ал 70-80-ші жылдары еліміздің ірі қалаларында сол кездегі әлемдегі заманауи талаптарға сай келетін, ыңғайлылығы өте жоғары «Алматы», «Қазақстан», «Отырар», «Достық», және т.б. қонақ үйлер іске қосылды. Бірақ бұл қонақ үйлердің барлығы жоспарлы экономика негізінде қызмет атқаратын және қонақ үй индустриясынан түсетін табыстар ауыр өнеркәсіптің дамуына бағытталатын. Бәсекелестік тетіктің жоқтығына байланысты КСРО уақытындағы еліміздегі қонақ үй шаруашылықтары қызмет көрсету сапасын жетілдіру сұрақтарына назар аудармайтын, нәтижесінде 90-шы жылдардың басында қонақ үй шаруашылығы саласында келесі жағдайлар туындады:

  • көрсетілетін қызметтердің сапасы әлемдік стандарттарға сай келмеуі (85-90 жылдары нарықтық экономика негізінде дамыған мемлекеттердің қонақ үйлері әлемдік деңгейге шығып, қызмет көрсету барысында халықаралық стандарттарды қолдана бастаған);

  • еліміздің қонақ үйлерінің қаржылық жағдайының төмен болуы және олардың тек орталық мемлекеттік органдардан ғана қаржыландырылуы (бұл жағдайда ірі қалада орналасқан қонақ үйлердің жағдайы басым болған, себебі бөлінген қаражат тек ірі қонақ үй шаруашылықтарын ғана қамтитын);

  • КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде көптеген еліміздің қонақ үйлерінің қызметі қаржылық ресурстардың жоқтығынан, нарықтық экономикадағы қызмет ету ерекшеліктерін білмегендіктен тоқтап қалуы;

  • отандық қонақ үйлердің бәсекеге қабілеттілігі шетел қонақ үйлерімен салыстырғанда төмен болуы (шетел қонақ үй кәсіпорындары отандық нарыққа кіріп, жаңа қызметтерді ұсыну арқылы нарықтың басым үлесін жаулап алды);

  • қонақ үйлерді басқару үдерісінің ғылыми негізделмеуі (бүгінгі күнге дейін отандық қонақ үй шаруашылықтарының іс-әрекеті нарықтың жеке қызмет етуші субъектісі ретінде зерттелмеген);

  • қонақ үйлерді реттеуге арналған арнайы заңдардың болмауы (дамыған елдерде қонақ үй іс-әрекетті бөлек заңдар негізінде реттеледі, Қазақстанда ондай заңдар қабылданбаған).

Қазіргі уақытта қонақ күту индустриясы кәіспорындарының даму үрдісіне төмендегілерді жатқызуға болады:

- қонақ үйлік және мейрамханалық ұсыныстың мамандандырылуын тереңдету;

- халықаралық мейрамханалық және қонақ үй желілерін құру;

- қонақтарды орналастыру саласында шағын кәсіпорындар желілерін дамыту;

- қонақ күту индустриясына компьютерлік технологияларды енгізу.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының қонақ үй нарығында отандық кішігірім қонақ үйлермен қатар шетел капиталына негізделген әлемдік стандарттарға сай қызмет көрсететін ірі қонақ үйлер қызмет атқаруда. Мысалы Астана қаласында 4 бес жұлдызды (Pekin Palase Soluxe Hotel Astana, Ramada Plaza Astana, RIXOS President Astana, Radisson SAS Hotel), 6 төрт жұлдызды (King Hotel Astana, Hotel Grand Park Esil, Hotel G Empire, Business Hotel, Дипломат, Муккамаль) отельдері қызмет атқарады.

74 Қонақ үй индустриясының алғашқы кәсіпорындары туралы естеліктерді Ежелгі Греция және Рим туралы жазылған көне манускриптерден табуға болады. Бұл кезеңде қалыптасқан алғашқы қонақжай кәсіпорындарында («таверна» деп аталатын) ақылы түрде орналастыру, тамақтандыру қызметтері көрсетіле бастаған. Осы құжаттардың ішіндегі біреуі - Вавилон патшасы Хаммурапидің кодексі (б.д. д . шамамен 1700 ж.). Одан таверналар күмәнді репутацияға ие болғанын байқауға болады. Мысалы, Хаммурапи кодексі бойынша таверна иелері билік басындағыларға қылмыс ұйымдастырмақ болып жатқан келушілер туралы айтып отыруы қажет болған, жасырып қалғандары үшін олар өлім жазасына кесілуі тиіс болатын.

Ежелгі Грецияда б.д.д I мыңжылдықта таверналар әлеуметтік және діни өмірдің маңызды элементі болып санала бастаған екен. Таверналарда саяхатшыларды орналастыруға арналған арнайы орындар болатын, бірақ көп жағдайда тек тамақтану мақсатында қолданылатын. Сауданың дамуы және сонымен байланысты ұзақ саяхаттар тамақпен ғана емес, түнемелі орынмен де қамтамасыз ету қажеттіліктерін туындатты. Бұл жағдай басқа кәсіпорын түрлерінің, яғни қонақ үйлердің пайда болуына әкеліп соқты.

Түнеуге орналастыратын жайлардың тармақталған желісі алғаш рет Рим империясында кең таралған еді. Ақылы қызметпен байланысты болғаннан кейін римдіктер алғашқы рет қонақты орналастыру ыңғайлылығына және сол уақытқа сай қызмет көрсету сапасына назар аудара бастады. Кейінірек Марко Поло бұл үйлер туралы «король тоқтаса да, ұят болмас еді» деп жазбаларында жазған. Олар билік шенеуніктері мен қуғыншылар шаршап қалмас үшін бір-бірінен орташа есеппен алғанда 25 миля қашықтықта орналасатын. Олар осы үйлерде өздерінің ерекше беделін растайтын арнайы үкіметтік құжатты көрсетіп қана орналаса алатын, сондықтан мұндай құжаттар ұрланып, жалған көшірмелері жасалатын болғаны тарихи жазбалардан мәлім.

75 Орта ғасырлардағы қонақтарды орналастыру орындарының дамуына 200 жылға созылған крест жорықтары әсерін тигізді. Иеруссалим қаласына тәуап ету мақсатында саяхаттаушылар санының өсуі солтүстік Италияда, сонан соң Еуропаның басқа мемлекеттерінде кәсіби қонақ үйлердің пайда болуына алып келді.

XII—XIII ғасырларда пошталық қызметтің дамуына байланысты қонақ үйлер көршіміз Ресейде пайда бола бастады. Олар кез келген санаттағы саяхатшыға баспана бола алатын ыңғайлылығы төмен орналастыру орындары еді. Бұл қонақ үйлерде саяхаттаушылардың аттары мен көлік құралдарын қоятын орындар болды, мұндай орындар шахматтағы ат жүрісінің жолымен салынды. Орналастыру және тамақтандыру орындары жылқыларды ұстау және «патша бұйрығы» бойынша арнайы қағазы немесе ақшасы бар тұлғаларды тасымалдау арқылы қосымша пайда алатын. Жол бойындағы осындай үйлер XIX ғасырдың ортасына дейін қызмет атқарды. Олардың дамуы темір жолдың пайда болып, таралуына байланысты шұғыл тоқтады.

76Орыс қалаларында орта ғасырларда қонақ сарайлары көп болды. Оларда орналасу және тамақтанудан басқа сауда жасау мүмкіндіктері болған, яғни жиһаздалған бөлмелері бар қонақ үйлер қасына сауда қатарлары мен қоймалар біріктіріліп салынған. Қонақ сарайлары көбінесе сауда және қойма қызметтерін атқаруға арналған еді, себебі көпестерге сол уақытта үйінде сауда жасауға рұқсат берілмеген (бұл тыйым тауарлардың барлық санатына және барлық көпестерге қатысты еді, бірақ ол XVIII ғасырда алынып тасталды). Қонақ сарайлары Ресейде алғаш рет Ұлы Новгородта XII ғасырда ашылған болатын. Шетелдік көпестерді орналастыру олардың ұлтына сәйкес жүргізілетін. XII—XV ғасырларда Новгородта «гот», «неміс», «дат» ұлтының қонақтарына арналған сарайлары болған, Мәскеуде ағылшын, грек, неміс, парсы, армян және т.б. ұлттардың сарайлары орналасқан. Қонақ үйлерінің қызметтері Ресейде орта ғасырда арнайы ережелермен реттелген болатын. Осыған байланысты қонақ үй қызметі саласында бірінші ережелерді жасау Ресейде XII ғасырда басталды деуге болады. Бұл ережелер сарай тұрғындарының өзара және жергілікті тұрғындармен арақатынасының ережелерін қалыптастырды, сауда операцияларының сипатына, орындалуына қойылатын талаптарды анықтады және т.б. қауіпсіздік шараларын (өмір, мүлік, баспана) қамтамасыз ету талаптарына аса мән берілді.

Орта ғасырлардағы қазақ елінің отырықшы жерлерінде қонақтарды орналастыру орындары сауда-саттық жолындағы ірі қалаларда дамыған болатын. Орта ғасырдағы керуен сарайларда қонаққа арналған ақылы әр түрлі қызметтер болған (монша, демалыс орындары, көңіл көтеру орындары) және түнеу орындары қонақ мәртебесіне байланысты бөлінетін (көпестерге арналған орындар, керуен сақшыларына және т.б. арналған орындар). Орта ғасырдағы керуен сарайлар құрамында арнайы тағам, астық, қонақтардың заттарын сақтайтын бөлек ғимараттар салынған.

Ал орта ғасырлардағы көшпелі елді мекендерде (қазақ елінің көп территорриясында мекендеген көшпелі тайпалар) ақылы қонақтарды орналастыру орындары бөлек шаруашылық субъект ретінде қалыптаспаған, себебі осы аумақты мекендеген тайпалардың салт-дәстүрлері көп жағдайда жолаушыға ақысыз қонақжайлықты көрсетуге негізделген, яғни әр тайпа мүшесінің қасиетті міндеті кез келген қонақты қарсы алу, өз үйінде немесе аулында тамақтану және түнеу орындарымен ақысыз қамтамасыз ету болып саналатын.

77XVII ғасырда Еуропа елдерінде пошталық қызмет дамуының нәтижесінде жол бойында пайда болған кішігірім қонақ үйлер кең дамыды. Бұл кәсіпорындар қонақтарға түнеу орындарын берумен қоса тұрғылықты халықтың көңіл көтеру орындары ретінде қызмет атқарды (осындай қонақ үйлердің көбісінде дартс, домино, бильярд, әтештер төбелесі ұйымдастырылған).

Осы ғасырларда қонақтарды орналастыру құралдарына қатысты «отель» («hospiteums» деген латын сөзінен шыққан) сөзі қолдана басталды. Бұл уақытта «отель» деп пәтерлері бір айға, аптаға, бір немесе бірнеше күнге жалға берілетін көп пәтерлі ғимараттар аталған. Бұл термин Францияда кең қолданысқа ие болды және XVIII ғасырда Ламанш бұғазы жағалауында орналасқан қонақ үйлерде «отель» сөзі бүгінгі кезде қолданылатын мағынаға сәйкестендіріле бастады.

XVIII ғасырда қонақжайлық кәсіпорындардың дамуына АҚШ үлкен үлес қосты. Тарихшылардың айтуынша, АҚШ-та қонақ үйлер Еуропаға қарағанда кешірек пайда болған. Алғашқы қонақтарға арналған үйлер 1607 жылдан бастап қызмет атқарды. Таверналардың бірі Бостонда 1634 жылы ашылған. 1642 жылы Нью-Йоркте (ол кезде Жаңа Амстердам) Dutch East India голланд компаниясы Stadt Huys тавернасын ашқан болатын. Алайда, алғашқы таверналар бұл елде отарлау кезінде Джеймстаунда (Вирджиния штаты) пайда болды деген мағлұматтар да бар. Осы кезден бастап таверналар қоғамдық өмірдің орталығына, сарбаздар мен кәсіпкерлердің кездесу орнына айналды. Олар қалаларда ғана емес, сонымен қатар үлкен жолдардың бойында, әсіресе жол қиылыстарында қалыптаса бастады. АҚШ-та қонақ үйлердің тез қалыптасып дамуына жүздеген жылдар бойы құрылыс және қонақ үйлерді басқару тәжірибесін жинақтап меңгерген еуропалық қоныс аударушылардың келуі әсер етті. Осыған байланысты американдық қонақ үйлер және таверналардағы қонақжайлық қызметі ағылшындық типке негізделді және сәулеті, орналасқан орны, ұсынылатын қызметтері бойынша американдық қонақ үйлері мен таверналар еуропалық орналастыру орындарын еске салатын (мысалы, қонақтарды орналастырған кезде мұнда топтық жіктеу болмайтын). Негізінен әлеуметтік қызметке бағытталған еуропалық кәсіпорындарға қарағанда американдық таверналар басынан бастап коммерциялық пайданы көздеген. Колониялық кезеңдегі американдық қонақ үйлері мен таверналары тек қонақжайлық саласының ғана емес, сонымен қатар ел тарихын сипаттайды

ХІХ ғасырда нарықтық экономикадағы бәсекелестік үдерістің даму нәтижесінде кәсіби маманданған ірі қонақ үйлер дами бастады. Осы кезеңде, яғни 1829 жылы қонақ үйлерде алғашқы рет есіктері құлыппен жабылатын, ішінде қолжуғыштары бар бір және екі орындық бөлмелер жалға беріле басталған. Осы жылы АҚШ-тың Бостон қаласында аристократиялық қоғамға қызмет атқаруға бағытталған «Tremon-Hause» атты отель ашылған. ХІХ ғасырдың ортасында АҚШ пен Еуропадағы ірі қонақ үйлер ортақтандырылған жылыту жүйесімен қамтамасыз етіле бастаған және АҚШ отельдерінде алғашқы лифтілер жасалған.

XIX ғасырдың екінші жартысында ас мәзірі ретінде кез келген тамақтану кәіспорындарындағы нақты таңғы, түскі және кешкі астарға арналған астардың тізімін қабылдай бастады. Олар күн ара, апта, ай, жыл сайын өзгертіліп отыратын. Осылайша, XIX ғасырдың екінші жартысында "а ля карт" (a la carte) мәзірі қолданыла бастады және қонаққа оған ұсынылған тізімнен кез келген асты таңдау мүмкіндігі берілді.

Сонымен, XIX жүзжылдықтың қонақ күту индустриясында, оның алдындағы тарихи кезеңге қарағанда, анағұрлым көп жаңалықтар енгізілді және осы ғасырдың аяғында әлемге белгілі АҚШ пен Еуропа қалаларында жаңа пайда болған миллионерлерге, атақты аристократтарға арналған бес жұлдызды отельдер пайда бола бастады.

ХVIII ғасырда белгілі Еуропалық қалаларда (Париж, Берлин, Венеция және т.б.) мейрамханасы бар қонақ үйлер дами бастағанда, қазақ елінде кішігірім, қызмет көлемі шектелген және сапасы төмен қонақ үйлер енді-енді қалыптаса бастаған. Бұл кезеңдегі еліміздегі кішігірім қонақ үй шаруашылықтарының дамуы қазақ елінің Ресейге қосылу үдерісіне байланысты болды, яғни алғашқы қонақтарға арналған үйлер Ресей тарапынан салынған бекіністерде қалыптасқан (Ақмола, Семипалатинск, Петропавловск, Гурьев т.б. бекіністер).

78 Жеті жұлдыздардан басқа әлемде аса қымбат қонақ үйлер (Trophy hotel) қатарына жататын орналастыру орындары қызмет етуде. Мысалы, Рим қаласында орналасқан, аты әлемге белгілі, 100 жылдай қонақтарды орналастыру саласында қызмет көрсетіп келе жатқан «Эксельсиор» отелі. Бұл қонақ үйде әлемдегі ең үлкен қонаққа арналған тұрғын бөлме орналасқан (аумағы 1100 шаршы метр, бағасы 1 тәулікк 10000 АҚШ долл.). Аталған тұрғын бөлме құрамына екі жатын бөлме, қонақтарға арналған алты қосымша бөлме, жұмыс кабинеті, күмбезді төбесі бар салон, асхана, үш төбесі жабылған терраса, дене шынықтыру бөлмесі, бассейн, сауна, кинозал, және де ең жақсы итальяндық, француздық, испандық шараптарды сақтайтын салқын қойма кіреді.

Нарықтағы бәсекелестіктің қатаюы жаңа, нарықтың белгілі бір сегментіне ғана бағытталған қонақ үйлердің пайда болуына әкеліп соқты. Мысалы, Жапонияда кешкі қоғамдық көліктен қалып қойған азаматтарға бағытталып кішігірім капсулдық отельдер қызмет атқарады. Израилде «Мицпе Хайамим» атты экологиялық отель ашылған. Бұл отельде қонақтар тек отель аумағында өсетін жеміс жидектермен тамақтанады, теледидар, телефон, интернет жоқ, радиодан тек табиғаттық дыбыстарды қосады (құстардың әні, судың ағуы, орманың дыбысы т.б.), яғни көп жағдайда негізгі қонақтары болып қалалық өмірден шаршаған адамдар болып табылады. Бразилия мемлекетінде де қазіргі кезде экологиялық отельдер кең таралуда, оның бірі Амазонка джунглиясындағы ағаштар ұшында орналасқан «Arau Jungle Tower» отелі. Бұл отел құрастырылғанда, бір де бір тал сындырылмаған және шеге қолданылмаған. Қонақтар жабайы табиғатты бөлмелерді бір бірімен жалғайтын аспалы көпірлерден тамашалайды. Мұндай отель Кенияда да салынған және «Treetops Hotel» (Тал үстіндегі отель) деп аталады. Боливияда тұздан жасалған отель қызмет атқарады, ал Швецияда жыл сайын мұздан құрастырылатын «Ice Hotel» қызмет көрсетеді. «Артемизия» атты Берлин қаласындағы отель тек әйел адамдарға арналған, Австрияның Блюмау қаласында бірде бір тік бұрышы жоқ «Rogner Bad Blumau» атты отель орналасқан (есіктері, терезелері барлығы қисық формада салынған). Франция мемлекетінде классикалық қонақ үйлер кең таралған (Людовик XIV заманына сәйкес рәсімделген және ортағасырлық бекіністерде орналасқан «Марсэ», «Нуазэ» «Ла От Рош» отельдері).

Соңғы кезде минимализм тұжырымдамасына негізделген «жаңа толқын» отельдері танымдылыққа ие болып келе жатыр. Алғашқы жаңа толқынды отель Лондон қаласында 1981 жылы ашылған («Blakes» отелі).

79 Қонақ үй желісібұл - Пан Американ әуе компаниясының қызметі нәтижесінде қалыптасқан. Компания Латын Америка мемлекеттеріне бизнесмендерді тасымалдай отырып, бұл мемлекеттерде іскер адамдардың талаптарына сай келетін қонақ үйлер жоқтығын көріп, сервис тізбегі және сапасы АҚШ-та орналасқан «Hilton» қонақ үйімен бірдей болатын және «Hilton» атынан қызмет атқаратын қонақ үйлерді ұйымдастырған. Бұл желінің ерекшелігі басқа мемлекеттерде орналасқан қонақ үйлер жергілікті кәсіпкерлер капиталына салынған, ал АҚШ-тағы «Hilton» қонақ үйі тек атын қолдануға рұқсат берген, Пан Американ тек кеңес беру және басқару қызметтерін ғана ұйымдастырған.

Қонақ үй желісі құрамында қызмет атқарудың өзіндік артықшылықтары бар, атап айтқанда: желі құрамына жататын отельдер керекті құрал- жабдықтарды көтерме сауда арқылы төмен бағамен алады; инженерлік құрылғыларды қолдануға, жарнамаға және т.б. байланысты шығындар желі ішіндегі отельдерге ортақ бөлінеді; бірыңғай броньдау жүйесі желі ішіндегі отельдерді пайдамен қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда әлемде 30-ға жуық қонақ үй желілері қызмет атқарады: Best western, Cip hotels france, Classic hotels, Days inn of America, Embassy suites, Golden tulip, Groupo sol melia, Hampton inns, Holiday inns, Homewood suites, Howard Johnson, Hyatt hotels and resorts, Intercontinental, Itt Sheraton, Keytel, La quinta inns, Loews, Mandarin oriental hotels, Maritim, Park inns, Queen moat, Ramada hotels, Sonesta international, Steigenberger reservation service, Swissotel, Trust international, Utell international, Westin hotels and resorts және т.б.

Нарықтық экономиканың жаһандануы қонақ үй желісінің қызметіне көп өзгерістер енгізді. Мысалы, егер ХХ ғасырдың 80 жылдары белгілі бір қонақ үй желісі құрамына жататын отельді толық меншіктік құқығын ала отырып басқарғысы келсе, қазіргі таңда құрамына жататын отельдерді «франшиза» негізінде басқаруды қалайды, яғни қонақ үй желісі құрамындағы отельді жергілікті капиталға сатады, бірақ басқару және көрсетілетін қызмет сапасын бақылау құқығын өзіне қалдырады.

80 Қонақжайлылық — бұл кәсіпорын/мекен, осы кәсіпорында/мекенде көрсетілген қызмет, персоналдың/тұрғындардың адамгершілік қатынастары туралы қонақта (клиентте) белгілі бір сипатта, белгілі бір дәрежеде пікір қалыптасуы.

Уэбстердің түсіндірме сөздігіне сай, «қонақжайлылық индустриясы – қонақжайлылық қағидаларына негізделетін, қонаққа қатысты кеңдік және достықпен сипатталатын кәсіпкерлік іс-әрекет». Демек, қонақжайлылық индустриясын туристік нарықта маманданатын, негізгі іс-әрекеті қонақтарды қабылдау және қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерліктің әр түрлі формалары ретінде қарастыруға болады.

Сонымен қоса кәсіпорындар клиенттерге өзінің қызметін бәсекелес фирмаларға ұқсас көрсететіндігін есте ұстау қажет. Клиент, сервис көрсетілгенде, тек тапсырыс берген қызметті ғана тұтынады. Осы жағдайда клиентке қонақжайлылық ұсынылса кәсіпорын қызметкерлері «қонақтан» оған не қажет және оның қалай істелетіндігін сұрастырады.

Клиент туристік кәсіпорын үшін маңызды тұлға болып табылады. Нарықтық жағдайда клиент қонақжайлылықты ұсынған кәсіпорынға тәуелді емес, керісінше аталмыш кәсіпорын оған тәуелді. Басқаша айтқанда, «клиент» – кәсіпорын жұмысына кедергі емес, ол оның іс-әрекетінің мәні және мақсаты. Яғни, кәсіпорын клиентке қызмет көрсете отырып оған жәрдем қылмайды, керісінше, клиент кәсіпорынға өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндік бере отырып, оны мақсатына жеткізеді. Қабылдаушы жақтың алдында клиент – «патша», ал оның қажеттіліктерін қамтамасыз ету – қонақжайлылық индустриясы жұмыскерлерінің бастапқы мақсаты. Басқаша айтқанда, клиенттің тұрғысы әрқашан дұрыс болып саналады.

Міне, сондықтан қонақжайлылық саласындағы іскерліктің басты мақсаты – клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру, содан соң ғана кәсіпорын табысын жоғарылату. Жоғары табыс – қонақ үй бизнесінің дұрыс ұйымдастырылуының нәтижесі. Егер ұйым клиентті қанағаттандыратын болса, ол көрсетілетін қызметтерге толығымен төлеп қана қоймай, сонымен қатар бұл қонақ үй немесе туристік агенттікке болашақта тағы келуі, таныстарына осы кәсіпорындар туралы ең жақсы пікірлерін жеткізу арқылы қосымша клиенттердің ағымын ұлғайтуы мүмкін.

Егер де жұмыскер өзінің тікелей басшысына жағуды ғана ойлап, клиентке назар аудармаса, сервис деңгейі төмендеп, кәсіпорын табысына және қонақжайлылық санатына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл кәсіпорынның уақыт өте клиенттен алшақтауына әкеледі. Кәсіпорын клиенттердің сұраныстарын болжап, оларды қанағаттандыру үшін уақтылы шаралар қолданса, жетістікке жетеді. Бұл жағдайда кәсіпорын клиентті өзіне қарату және өзі қалаған нарыққа шығуы үшін бәсекелес кәсіпорындарға қарағанда тиімді маркетинг-микс әдістерін пайдалана отырып, жалпы маркетинг стратегияларына назар аударуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]