Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

6. Шығындар дегенді қалай түсінесіз және олардың жіктелуі. Шығынды есепке алудың әдiстері

Өндiрiс шығындары – кез-келген игiлiктерді өндіру үшін қолданылатын экономикалық ресурстарды сатып алуға кететін шығындар. Шығындарды келесi белгiлер бойынша жіктелімге жатқызылады:

  • алғашқы элементтер бойынша шығындардың жіктелімі, ол өнім не қызметтің өзiндiк құнының жай

шығын элементтеріне бөлiнуiн сипаттайды: заттық шығындар, еңбекақы шығындары, әлеуметтiк қажеттіліктерге кететін қаржылық жарналар, негiзгi қорлардың амортизациясы, өзге де шығындар.

- калькуляцияның баптары бойынша шығындардың жіктелуі, өндiру және өнiмдердi сату үдерісіндегі өндiрiстiк тағайындалу мен бағытталуының бөлінуін көрсетеді, ұсыныстық сипатқа ие болады және құрамына өндіріс элементтеріне кеткен келесі шығындарды жатқызады: шикiзат және материалдар, қайтарымды қалдықтар, сатып алынатын бұйымдар, жартылай фабрикаттар және кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипат алатын қызметтері, технологиялық мақсаттарға арналған отын және энергия, еңбекақы, әлеуметтiк қажеттіліктерге кететін қаржылық аударымдар, жалпы шаруашылық шығындар, жарнама және тауар өткiзу қызметтері.

  • шығындарды өнiмдердiң, қызметтердің өзiндiк құнына жатқызу әдісіне байланысты жіктелім. Бұл жерде шығындарды тікелей және жанама шығындар деп бөледі. Тiкелей шығындар өнімдердің немесе қызметтердің нақты түрлерiнiң өндiрiс үдерісімен тiкелей байланысқан (шикiзат, материалдар, отын, энергия) және белгіленген нормалар негізінде өнімдердің немесе қызметтердің өзiндiк құндарына қосылады. Жанама шығындар бекітілген нормалар бойынша өнімнің немесе қызметтің өзiндiк құнына қосылады және жабдықтарды қолдану, жалпы өндiрiстік, жалпы шаруашылық және тағы басқа шығындарын құрамына еңгізеді.

  • өнiмнiң, қызметтердiң өзiндiк құнының қалыптасуындағы қызметтік рөліне байланысты шығындардың жіктелімі. Бұл жерде шығындар негiзгi және қосымша түрлеріне бөлінеді. Негiзгi шығындар өнiмнiң жасалу және қызмет түрлерiн ұсынылу үдерісімен тiкелей байланысты. Бұл - шикiзатқа, материалдарға, отын және энергияға, өндiрiстегi қызметкерлер құрамының негiзгi еңбекақысына кететін шығындар. Қосымша шығындарға өндiрiстiң жұмыс істеуі үшiн жағдай жасауға қатысты шығындар және оның ұйыммен, басқарумен, қызмет көрсетумен байланысты шығындары жатады.

Шығынды есепке алудың әдiстерi. Нормативтiк әдіс шығындарды есепке алу және өнімдер мен қызметтердің өзіндiк құнын есептеудің ең кең таралған әдістерінің бірі болып табылады. Шығындарды есептеу жүйесінде оны қолданудың маңызды себебі күнтізбелік мерзімнің басында күші болған нормалар бойынша нормативтік калькуляцияны жасақтау және өндірістік үдерістің жүзеге асырылуы барысында қарастырылған нормалардың ауытқу мөлшерін анықтау. Нақты өзіндік құндар (Sнақ) мынадай формула негізінде анықталады:

мұнда Sнорм – нормативтік өзіндік құны (теңге), ал Ан – нормалар мен нормативтерден ауытқуы.

Тапсырыстық әдіс жеке еңбектік әрекетте және шағын бизнесте қолданылады. Бұл әдісті қолданудың негізгі шарты - негізгі элементтердің қолданылуы нормативтік есепке сай болуы. Тапсырыстық әдісте есеп және калькуляцияның нысаны ретінде белгіленген өнім көлеміне берілетін жеке өндірістік тапсырма қарастырылады. Тапсырыс берілген өнім мен қызметтің нақты өзіндік құны оны өндіргеннен кейін ғана анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]