Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

49. Кәсіпорынның банкротқа ұшырау мүмкіндігін зерттеу

Банкротқа ұшырау мүмкіндігін зерттеу ­- факторлық талдау және болжау әдістерінің негізінде кәсіпорынның дағдарыс кезіндегі жүзеге асырылатын қаржылық дамуының параметрлерін бағалау жүйесін сипаттайды.

Банкротқа ұшырау мүмкіндігін зерттеудің негізгі мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады: банкротқа ұшырау мүмкіндігін экспресс-зерттеу үдерісінде алынған кәсіпорынның қаржылық дамуының дағдарыстық параметрлерін бағалау нәтижелерін тереңдету; кәсіпорынның дағдарыстық қаржылық жағдайының көлемдерін алдын ала бағалау нәтижелерін нақтылау; кәсіпорынның банкроттық қаупін тудыратын жеке факторлардың дамуын және теріс салдарларын болжау; кәсіпорынның ішкі қаржылық әлеуеті есебінен банкроттық қаупін бейтараптандыру қабілетін бағалау және болжау.

Банкротқа ұшырау мүмкіндігін зерттеу мынадай негізгі кезеңдер бойынша жүргізіледі:

I. Кәсіпорынын дағдарыстық қаржылық дамуының алғышарты болып табылатын негізгі факторларды жүйелендіру. Факторлық талдау және болжау банкротқа ұшырау мүмкіндігін зерттеудің негізін құрайды, сондықтан зерттеуге берілетін жеке факторларды жүйелендіруге аса мән берілу қажет. Зерттеу және бағалау үдерісінде осы факторлар негізгі екі топқа бөлінеді: кәсіпорын қызметіне тәуелді емес (сыртқы немесе экзогенді факторлар); кәсіпорынның қызметіне тәуелді (ішкі немесе эндогенді факторлар).

Дағдарыстық қаржылық дамуға әсер ететін сыртқы факторлары үш негізгі ішкі топқа бөлінеді:

  • елдің жалпы дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары. Осы факторлардың ішінде осы кәсіпорынның шаруашылық қызметіне теріс әсер ететін, яғни оған банкроттық қаупін тудыратын факторлар ғана қарастырылады;

  • нарықтық факторлар. Бұл факторларды қарастырған кезде осы кәсіпорын үшін зиянды тауарлық (тауарлық материалдар және шығарылатын өнім бойынша) және қаржылық нарықтардың даму тенденциялары зерттеледі;

  • басқа да сыртқы факторлар. Олардың құрамын кәсіпорын өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып анықтайды.

Дағдарыстық қаржылық дамудың ішкі факторлары талдау кезінде кәсіпорынның ақша ағындарын құру ерекшеліктеріне байланысты үш негізгі топқа бөлінеді: операциялық қызметпен байланысты факторлар; инвестициялық қызметпен байланысты факторлар; қаржылық қызметпен байланысты факторлар.

II. Кәсіпорынның дағдарыстық қаржылық дамуына жеке факторлардың әсерін бағалаудың арнайы әдістерін қолдану арқылы кешенді талдауды жүргізу. Бұл талдаудың негізін кәсіпорынның қаржылық дамуына теріс әсер ететін жеке факторларды анықтау құрайды. Талдау жүргізу үдерісінде мынадай негізгі әдістер қолданылады:

  • қаржылық коэффициенттерін толық кешенді талдау. Осы талдауды жүргізген кезде «дағдарыстық алаң» нысандарының шеңбері және банкроттық қаупі мүмкіндігінің индикаторлық көрсеткіштерінің жүйесі кеңейеді;

  • корреляциялық талдау. Бұл әдісті кәсіпорынның дағдарыстық қаржылық дамуына жеке факторлардың әсер ету дәрежесін анықтауда қолданады. Сандық түрде осы әсердің деңгейі корреляцияның бір немесе көп факторлы модельдерінің көмегімен өлшенуі мүмкін. Осындай бағалау нәтижелері бойынша теріс әсер еткен жеке факторлардың жіктелуі жүргізіледі;

  • SWOT-талдау (SWOT-analysis). Бұл әдістің атауы талдаудағы объектілерді сипаттайтын терминдердің бастапқы әріптерінен қалыптасқан: S - Strength (кәсіпорынның күшті жақтары); W - Weakness (кәсіпорынның әлсіз жақтары); О - Opportunity (кәсіпорын дамуының мүмкіндіктері); Т - Treat (кәсіпорын дамуының қауіптері). SWOT – талдаудың негізгі мәні - кәсіпорынның дағдарыстық дамуының алғышарттары болып табылатын ішкі және сыртқы факторлардың оң немесе теріс әсері шеңберінде кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын зерттеу

  • «Альтманның талдамалық моделі» (Альтман есебі). Ол кәсіпорынның банкроттық қаупін интегралды бағалаудың алгоритмі болып табылады. Ол кәсіпорынның дағдарыстық қаржылық жағдайын талдайтын маңызды көрсеткіштердің кешенді есебіне негізделеді. Банкротқа ұшыраған кәсіпорындарды зерттеу негізінде Э. Альтман банкротқа ұшырау ықтималдылығын интегралды бағалау саласында жеке факторлардың маңыздылық коэффициенттерін анықтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]