Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

48. Жұмыс орнын бағалаудың тәсілдері

Жұмыс орнын бағалаудың 4 тәсілін екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ: сапалы әдістер:

- дәрежесіне қарай тұрғызу;

- градациялау (жіктелу);

Екінші топ: сандық әдістер:

- факторларды сәйкестендіру әдісі;

- ұпайлар жүйесі;

Осы әдістердің әрбіреуін жеке қарастырайық.

Дәрежесіне қарай тұрғызу жұмыс орны құндылығын анықтаудың бұрынғы және қарапайым әдісі. Әрбір жұмыс орны жауапкершілік деңгейімен және онда орындалатын жұмыстың күрделілігіне сәйкес дәрежесіне қарай тұрғызылады және талданады. Содан кейін жұмыс орындары ұйым үшін олардың маңыздылығына байланысты шен мәнінің төмендеуі бойынша орналастырылады.

Әрбір жұмыс орнының шені атқарылатын жұмыстың маңыздылық қатынасына сәйкес анықталады 2 таблицаның жоғары жағында көрсетілген қызметтер ұйым үшін аса жоғары бағаланады, ал төмендегілер төмен бағаланады.

Көбінесе осындай дәрежесіне қарай тұрғызу әрбір бөлімше үшін басында орындайды, содан кейін шені бойынша топталған компания қызметкерлерінің жиынтық тізімін құрастырады. Дәрежесіне қарай тұрғызуды компания бөлімше басшыларының арнайы комиссиясы жиі өткізеді.

Жоғары деңгей берілген жұмыс орнындағы жұмысшы алатын максималды еңбекақыға сәйкес. Жұмысшы қызметінде максималды еңбекақыға жеткендер, сонымен қатар ары қарай еңбекақысының жоғарылауын көздей алады, өйткені барлық шкала көбінесе инфляция әсерінің компенсациясы үшін жыл сайын қайта қарастырылып отырады.

Әр жұмыс орны үшін төлем диапазонының болуы екі түсінік бойынша мақсатталған. Біріншіден, диапазон мөлшері жұмысқа қабылдау кезінде белгілі икемдігін көрсетуге мүмкіндік береді. Қызметке үміткердің жеткілікті біліктілігі болмаса оған минималды еңбекақы ұсынуға болады. Жоғары біліктілігі бар тұлғаға максимум ұсынуға болады.

Екіншіден бұл жақсы жұмыс істегені үшін мадақтау негізінде еңбекақыны кезең бойынша жоғарылатуға мүмкіндік береді

Жұмыс орнын градиациялау /жіктеу/ әдісі жұмыс орнының маңызын анықтаудағы шендік тұрғының дамуы болып табылады. Осы екі әдістің арасындағы негізгі айырмашылық, бірінші жағдайда қызметкерді дәрежесіне қарай тұрғызу бір бөлімше шегінде ғана жүргізіледі. Ең маңызды қызмет тізімнің бірінші жолында, ал маңызды-төменгіде көрсетіледі. Бұл қызметтерді түрлі бөлімшелерге сәйкестендіру қиынға түседі. Жұмыс орны қызметтерін жіктеу кезінде компания шегінде құндылық бойынша сәйкестендірілетіндер класстар бойынша орналастырылады және 3 кестеде көрсетілгендей салыстырылады. Факторларды салыстыру-сандық әдістердің бірінші жұмыс орнын бағалауы. Оны сонымен қатар жұмыс орындарын салыстыру жүйесі немесе жұмыс орындарының өкілетті жүйесі деп атайды. Факторлар бойынша жұмыс орындарын салыстыру үрдісі келесідей орындалады:

Арнайы немесе жоғарыдан төменге дейінгі берілген ұйым қызметтерінің толық тізбегі үшін өкілдеп есептеуге болатын 10-нан 20-ға дейінгі негізгі қызметтерді таңдайды.

Әрбір таңдалған қызметтер 5 фактор бойынша дәрежелеріне қарай тұрғызылады: ой еңбегінің ынтасы, физикалық еңбек ынтасы, біліктілік, жұмысқа жауапкершілік және еңбек жағдайы. Балдық жүйе — жұмыс орнын бағалаудың төртінші әдісі. Осында әр факторға максималды бал беріледі және әр жұмыс орнын сипаттайтын факторлар жиыны таңдалады. Бұл жұмыс орнын бағалау әдісі басқаларға қарағанда көбірек қолданылады.

Балдық жүйеде факторларды салыстыру әдісіндегідей көрсеткіштер қолданылады: ой еңбегінің қауырттылығы, біліктілік, жауапкершілік деңгейі, еңбек шарты. Балдық жүйені қолданудың тапсырмаы ретінде еңбек факторлары бойынша балдарды орналастыру мәліметтері болып табылады. Факторлар жиыны құрастырылғаннан кейін қызметтерді сипаттаушы әр факторға белгілі бал санын беріп бағалай аласыз. Әрине, үлкен балдық санмен бағаланған қызметтерге ең үлкен еңбекақы сәйкес келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]