Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

45. Неміс жіктелімі кәсіпорын типіне тәуелсіз міндетті 22 критерийдің орындалуын талап етеді. Сол 22 критерийді атап, түсіндіріңіз

Неміс жіктелімі кәсіпорын типіне тәуелсіз міндетті 22 критерийдің орындалуын талап етеді:

  1. Қабылдау қызметінің жұмысы (ресепшн);

  2. Таңғы ас беру сервисі;

  3. Сусындар сервисі;

  4. Тамақтану сервисі;

  5. Бөлмелердің телефон байланысымен қамтылуы;

  6. Телефондардың жұмыс істеуі;

  7. 75% бөлмелердің минималды ауданы (дәретхана ауданын қосып санағанда);

  8. Санитарлық ыңғайлылық (дәретханалардың жалпы қамтамасыз етілу пайызы);

  9. Санитарлық түйіндердің керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі;

  10. Сюит-бөлмелердің (аппартамент-бөлмелері) болуы;

  11. Бөлмелердің жиһаздалуы және жабдықталуы;

  12. Бөлмеде радиоқабылдағыш және теледидардың болуы;

  13. Қонақтарға арналған сыйлықтардың болуы;

  14. Киім жуу және үтіктеу қызметінің болуы;

  15. Сейфтердің болуы;

  16. Ақшасыз төлем жүйесінің болуы;

  17. Холлдардың болуы және жағдайы;

  18. Телефакстың болуы;

  19. Қонақ үй барларының саны және жұмыс режимі;

  20. Мейрамханалардың саны және жұмыс режимі;

  21. Конференциялар мен банкеттер ұйымдастыру мүмкіндігі;

  22. Қосымша қызметтер саны.

46. Қызметкерлердің сенімділігі және олардың корпорация мүддесіне берілуі. Еңбекақы жүйесі және қосымша жеңілдіктер

Жапондық қызметкер өзін жалдаған корпорациямен біріктіреді. Жоғары орынды тұлғалар да, қатардағы орындаушылар да өздерін корпорация өкіліміз деп санайды. Жапонияда әрбір жұмысшы өзінің компанияға қажет, маңызды тұлға екендігіне сенімді. Жапондық азамат өз компаниясы үшін өте көп жұмыс істейді. Оны адамның фирмаға деген оң әрекетін, өзін соған арнауының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Жапондық компания қызметкері демалысқа өте сирек шығады. Тіпті, кішкене ауырып тұрса да жұмысын жалғастыра береді. Жұмысшылардың жұмыстан себепсіз қалу коэффиценті (бір жылдағы жалпы жұмыс күнінің жалпы санының себепсіз қалуларға қатынасы) басқа елдермен салыстырғанда едәуір төмен. Жапондық жұмысшы үшін бұл көрсеткіштің орташа шамасы 1,6% (1000 адамнан артық жұмысбасты компанияда бұл көрсеткіш-0,8%). Жапондық жұмысшы әкімшіліктің қосымша жұмыс жайлы бұйрығымен тез келіседі, себебі ол оның қажеттілігі мен қауіптілігін түсінеді.

Көптеген жұмысшылар төленетін демалысты толығымен пайдаланбайды, өз міндетін компания қажет уақытта жұмыс істеу деп түсінеді. Толық демалыс алса, өзін компанияға толық берілмегендігі болады дейді. Фирмаға осындай деңгейде берілу корпорацияның еңбек ресурстарын басқару стратегиясының нәтижесі. Жапониядағы еңбекақы ең алдымен еңбек стажымен анықталады. Жасы үлкен тұлғалар қабілеті мен еңбек міндеттерін қалай орындайтынына байланыссыз жоғары еңбекақы алады. Бірақ таяуда жапондық компаниялар тиімді еңбекақының жүйесін немесе еңбек біліктілігіне байланысты еңбекақы жүйесін енгізді.

Жапонияда жалақы ай сайын берілетін еңбекақыдан және жылына екі рет берілетін бонустан тұрады. Әдетте бонус марапаттау ретінде компания үлкен пайда түсіргенде төленеді. Бонус сомасы еңбек шартымен анықталады және жапондық жұмысшылар бонусты еңбекақының бір бөлігі ретінде қарайды. Ірі жапондық корпорациялар өз жұмысшыларына қосымша жеңілдіктер жасайды, тапсырмаға, кәсіпорынға дейінгі жол шығындарын жабады, емханалық шығындардың басым бөлігін төлейді.

Жапонияда үймен, демалыс үйлерімен компаниялар өз есебінен қамтамасыз етеді. Тапсырмаға, "Тойота" компаниясы, үймен 4200 жанұяны және жатақханамен 17200 адамды қамтамасыз етеді. Оның 7 демалыс үйі, емханасы бар.

Көпетеген копаниялар үй сатып алуға қарыздар береді, жартылай компания есебінен акция пакетін қолдануға, жоғары пайыздық төлеммен компанияда жинақ шоттарын ашуға мүмкіндіктер ұсынады.

Сондай-ақ, компаниялар көптеген спорттық және басқа да клубтар қызметін пайдалану үшін жеңілдіктер жасайды. Көктемде және күзде денсаулық күні атап өтіледі. Жұмыстан тыс әр түрлі топтық кездесулер тек ләззат алу ғана емес, топтық рухтың күшейуін және фирмаға деген қарым-қатынасты жақсартуға жол ашады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]