Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

4. Қызметкерлерді іріктеу критерийлері. Шынайлылығы мен дәлелділігі, шешім қабылдау үрдістерінің сатылары

Білім. Жалдаушылардың көбісі жұмысшыларды, олардың біліміне сәйкес іріктеуге тырысады. Жұмыс берушілер үлкен білімді азырақ және жоғары дәрежені төменіректеп қабылдауды жөн көреді.

Тәжіриебе. Жұмыс берушілер тәжіриебелі жұмысшының мүмкіндіктерімен және оның сол жұмысқа қатынасын ескереді. Ұйымда жұмыс тәжіриебесін өлшеудің бірі ­ адамның ұйымда жұмыс істеген уақыт ағымын бейнелейтін еңбектік стаж рейтингісін бекіту болып табылады.

Физикалық (медициналық) мінездемелер. Орындаушыдан нақты физикалық касиеттерді талап ететін жұмыстардың көптеген түрлері бар, олар әдетте төзімділік пен күшке негізделеді, оларды оңай тестілеуге болады.

Жеке сипаттамалар және тұлғалар типі. Жұмысшының жеке мінездемелерінің ең маңыздысы оның әлеуметтік мәртебесі болып табылады. Осылайша, көптеген жұмыс берушілер "салмақты", үйленген жұмысшыларды қалайды. Олардың ойынша бұл мінездеме жұмыстан шығару деңгейінің азаюына және жұмыстың жақсы сапасына әкеледі. Үміткердің екінші маңызды мінездемесі, оның жасы болып табылады.

Егер өтінішкермен әңгімелесуді өткізетін қызметкер әр түрлі күндерде, оның қабілеттері мен мүмкіндіктеріне әр түрлі бағалаулар берсе, бұл бағалауларды шынайы деп есептеуге болмайды. Тәжіриебеде пікірлерді шығарудағы шынайлылыққа әр түрлі күндерде өткізілген сәйкес тестердің екі (немесе одан көп) нәтижелерін салыстырумен жетеді. Шынайлықты жоғарылатудың басқа жолы - іріктеудің бірнеше баламаларын салыстыру (тапсырма, тест және әнгімелесу). Егер нәтижелер бірдей немесе ұксас болса, онда нәтижені шынайы деп есептеуге болады.

Берілген нәтиже дәлдіктің қандай дәрежесінде екендігін және әдістер мен критерийлер тесті өткізілетін адамның болашақ өнімділігін «хабарлайтын» бағалаудың шынайлығымен қатар қабылданған іріктеу критерийлердің дәлелдігін ескеру керек. "Дәлелділік" термині процедураның өзімен емес, бір немесе басқа процедура негізінде жасалған қорытындыларға жатады.

Іріктеу кезіндегі шешім үміткердің өтуі қажет бірнеше сатылардан тұрады. Әрбір сатыда үміткерлердің жарты бөлігі шығып кетеді немесе олар басқа ұсыныстарды қабылдап, процедуралардан бас тартады.

Іріктеу бойынша шешім қабылдудың әдеттегі үрдісі жеті сатыдан кұралады:

  1. Алдын ала іріктеушілік әңгімелесу.

  2. Өтініш бланкісін және өмірбаяндық сауалнамасын толтыру.

  3. Жалдау бойынша әңгімелесу.

  4. Жалдау бойынша тестілер.

  5. Кепілдемелерді және қызметтік тізімді тексерулер.

  6. Медициналық тексеру.

  7. Шешім қабылдау.

5. Қонақ үй бизнесінің даму тенденциялары

Дағдарыстық қаржылық дамуға әсер ететін сыртқы факторлары үш негізгі ішкі топқа бөлінеді:

  • елдің жалпы дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары. Осы факторлардың ішінде осы кәсіпорынның шаруашылық қызметіне теріс әсер ететін, яғни оған банкроттық қаупін тудыратын факторлар ғана қарастырылады;

  • нарықтық факторлар. Бұл факторларды қарастырған кезде осы кәсіпорын үшін зиянды тауарлық (тауарлық материалдар және шығарылатын өнім бойынша) және қаржылық нарықтардың даму тенденциялары зерттеледі;

  • басқа да сыртқы факторлар. Олардың құрамын кәсіпорын өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып анықтайды.

Дағдарыстық қаржылық дамудың ішкі факторлары талдау кезінде кәсіпорынның ақша ағындарын құру ерекшеліктеріне байланысты үш негізгі топқа бөлінеді: операциялық қызметпен байланысты факторлар; инвестициялық қызметпен байланысты факторлар; қаржылық қызметпен байланысты факторлар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]