Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

37. Қонақ үй айналым құралдары. Айналмалы құралдарының құрамын атаңыз

Кәсіпорындағы қонақ үй қызметтерін көрсету үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір айналым құралдары (активтер) үнемі болуы тиіс.

Айналым қаражаттары кәсіпорынның үздіксіз айналымындағы материалдық және ақшалай құндылықтардың жиынтығы болып табылады, бір цикл ішінде өзінің материалдық формасын өзгертеді және өз құнын көрсетілетін қызметтерге толықтай көшіреді.

Айналым қаражаттарының айналым циклі— бұл олардың жүйелі түрде қайталанып тұратын материалдық-заттай формасының ауысу үдерісі. Айналым қаражаттарының айналымы қонақ үйдің қызмет көрсету бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыру үдерісіндегі материалдық-заттай форманың ауысуымен шартталады. Қаражаттар айналымының бәсеңдеуі кәсіпорынның жабдықтаушылар, сатып алушылар және банктермен есептесу жүйесінің бұзылуына және олармен экономикалық байланысты кәсіпорындардың да есептесу жүйесінің бұзылуына әкеледі.

Негізгі қорларға қарағанда айналым қаражатының бірқатар ерекшеліктері бар: біріншіден, айналым құралдары міндетті түрде айналымға қатысады, екіншіден, олар айналымнан тауарлар мен қызметтердің (материалдық-техникалық жабдықтарды есептемегенде) өткізілуіне байланысты шығады және өз құнын толығымен дайын өнім (қызмет) құнына көшіреді. Әдетте айналым құралдарының құны бір айналым ішінде өтеледі, бірақ бұл негізгі қорлар айналымының уақытынан аз уақытта жүзеге асады. Мысалы, қорлардың құны өнім құнына бір айналым ішінде толықтай өтеді.

Арзан және тез тозатын заттардың құны бірлік үшін төлемнің минималды көлемі шеңберінде қызметтер мен тауар құнына оларды пайдалануға берген кезде өтеді. Қымбат және қолдану мерзімі ұзақ құралдарының құны жартылай көрсетілетін қызмет құнына бірден кіргізілсе, қалған бөлігі құралдардың жарамсыздығына байланысты жайлап қызмет құнына қосылады.

Айналым құралдарының мәні олардың экономикалық мәнімен – өндіріс үдерісі және тұтыну үдерісі кіретін қайта өндіру үдерісін қамтамасыз ету қажеттігімен анықталады.

Негізінде айналмалы өндірістік қорларды және айналу қорларын ажыратады.

Айналмалы өндірістік қорларға өндірістік қорлар (шикізат жән негізгі материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, қосымша материалдар, арзан және тез тозатын заттар, құралдар, отын, ыдыс), аяқталмаған өндіріс және болашақ кезең шығындары жатады.

Өндірістік қорлар екі бөліктен тұрады – кәсіпорынға енгізілген, бірақ өңдеудің бірінші кезеңінен өтпеген еңбек заттары және өндірістік үдерісіндегі, өңделе келе дайын өнімге айнлатын еңбек заттары.

39. Төлем қабілеттілік көрсеткіштері

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына табыстардың шығындардан асуы, ақша қаражаттарымен еркін әрекет ету мүмкіндігі, қызмет барысында ақша қаражаттарының тиімді қолданылуы тән.

Қаржылық тұрақтылық – бұл жеке меншік және қарызға алынған қаражаттарды тиімді пайдаланудың нәтижесі. Жеке меншік қаржы құралдарына мыналар кіреді:

  • акционерлік капитал;

  • таза (бөлінбеген) пайда;

  • амортизациялық аударымдар.

Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы бейнесі төлем қабілеттілігімен сипатталады, яғни кәсіпорынның өз қаржылық міндеттемелерін орындау мүмкіндігі. Қанағаттанарлық төлем қабілеттілік көрсеткіштеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • есептік, валюталық және банктердегі басқа да шоттарда еркін ақша қаражаттарының болуы;

  • жабдықтаушыларға, банктерге, персоналға, бюджетке, бюджеттік емес қорлар мен басқа да несие берушілерге ұзақ мерзім бойы өтелмеген қарыздардың болмауы;

  • есептік кезеңнің басы мен аяғында жеке меншік айналым қаражаттарының (таза айналым капиталы) болуы.

Төмен төлем қабілеттілік уақытша (қиын салдарларсыз өтетін) және созылмалы (кәсіпорынды банкроттыққа әкелетін) болуы мүмкін.

Қаржылық тұрақтылықтың маңызды аспектісі – несиені өтеу қабілеттілігі. Несиені өтеу қабілеттілігі деп несие алуға қажетті талаптарға жауап беру және несие берушіге уақтылы үстіне пайыздарымен бірге қарыздарды қайтару қабілеттілігінің болуын айтады.

Қаржылық тұрақтылықтың жоғары деңгейі – ол пайданың банктерден алынған қарыздарды өтеу мен пайдаға салынатын салықтарды төлеуге жеткілікті жағдайын ғана емес, сонымен қатар, даму мақсатында инвестициялар салуға да мүмкіндіктің болуын айтады. Әдетте, инвестициялар болашақтағы пайдаларға ұзақ мерзімді несиелендіру есебінен жүзеге асырылады. Осы себепті қаржылық тұрақтылықты талдаған кезде пайданың абсолюттік салмағынан ғана емес, сонымен қатар оның пайдаланылатын капиталға қатысты өсуін, яғни, капиталдың табыстылығын да бағалау қажет.

Табыстылық деңгейі – бизнестің табыстылығының өлшемі. Жоғары табыстылық кәсіпкерлік тәуекелдің жоғары деңгейімен байланысты болып келеді. Кейбір жағдайда қонақ үй кәсіпкерлік тәуекелі жоғары шаруашылық операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде ғана керекті төлем қабілеттілік деңгейін қамтамасыз етеді. Алайда тәжірибеде бұл дұрыс әдіс ретінде қарастырылмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]