Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

31. Қонақ үй кәсіпорындарының негізгі қорлары жіктелімі. Қонақ үй шаруашылығының негізгі қорларға деген қажеттілігін анықтау

Қонақ үй кәсіпорнының негізгі қорлары: түсінігі және жіктелімі. Негізгі қорлар (құралдар) – ұзақ уақыт өндіріс үдерісінде әрекет ететін, өзінің натуралды-заттық нысанын сақтайтын және құны тозу мөлшеріне байланысты бөлшектенген амортизациялық аударымдар түрінде өнімнің/қызметтің өзіндік құнына қосылатын өндірістік, материалды-заттық құндылықтардың жиынтығы.

Есепке алу, бағалау және талдау мақсатында негізгі қорлар бірнеше сипаттар бойынша жіктелімге жатқызылады

Қонақ үй шаруашылығының қызметінде негізгі қорларға деген қажеттілікті анықтау барысында мынадай факторлар есепке алынады:

  • көрсетілетін қызметтің көлемі, құрылымы, ұзақтылығы және күрделілігі;

  • құрал-жабдықтардың өнімділігі, қолдану белсенділігі;

  • құрал-жабдықтардың сапалық сипаттамасы, моральдық тозуға шыдамдылығы және сенімділігі;

  • жаңару темптері және моральдық тозу мерзімі;

  • құрал-жабдықтарды қолдану дәрежесі (қолдану интенсивтілігі), ауысымдылық коэффициенті;

  • жаңа құрал-жабдықтарды игеру мерзімі және осы үдеріспен байланысты кемшіліктерді жою уақыты;

  • құрал-жабдықтар қорының мөлшері.

Негізгі қорларға деген қажеттілікті анықтау барысында өндірістік құрал қорларына маңызды көңіл бөлінеді. Өндірістік құрал қоры кәсіпорын жоспарының сенімді орындалуына мүмкіндік беретін, өндірістік құралдарды қолдану үздіксіздігін қамтамасыз ететін мақсаттық функцияны орындайды.

Өндірістік қордың бекітілген мөлшерден көп болуы кәсіпорын іс-әрекетінде маңызды мәселе болып саналады, себебі ол жағымды және жағымсыз түрде әсер етуі мүмкін. Мысалы, жағымсыз әсері өндіріс тиімділігіне теріс ықпал көрсетуінен білінеді, яғни, өндірістік құралдың көп мөлшері моральдық тозуының күшеюіне, қор қайтымының төмендеуіне және өндірістік құралдар айналымының баяндауына әкеледі. Ал, жағымды әсері өндірістік құралдарды пайдалануда үздіксіздікті қамтамасыз етуімен сипатталады.

Өндірістік құралдар мөлшері, белгілі бір жылдардағы құрал-жабдықтардың қызметіне байланысты есептік, статистикалық, бухгалтерлік көрсеткіштерге негізделіп, әр кәсіпорын үшін бөлек есептелуі тиіс.

32. Кадрлық қызмет міндеттерінің эволюциясы. Кадр таңдаудың жалпы көрсеткіштері

70-ші жылдары АҚШ фирмаларының басым бөлігі кадрлық бөлімдерді «адамдық ресурстар» бөліміне өзгертіп, қызметтік құжаттарға жаңа терминалогияны енгізді. Қызметкерлерді даярлау қызмет орындары «адамдық ресурстардың» даму бөлімдеріне өзгертілген. Сәйкесінше кадрлық қызметтің атқаратын міндеттері де өзгерді. Бұрынғыдай ол міндеттердің ішінде еңбек қатынастары мен жеке құрамның есебі сақталған, бірақ жұмыстың басты мазмұнын олар анықтамады.

Кадр тандаудың жалпы көрсеткіштері болып: білім, жұмыс тәжірибесі,психологиялық сәйкес келу, ұжымда жұмыс істей алу.

Фирмадағы басқару кадрлары тағайындалды.

Ерекше қиындықты келесі мамандықтар бойынша білікті кадрлармен қамтамасыз етуді тудырады, олар: жөндеу персоналы, құралшылар, жөндеушілер.

Төмен басшы бөлімінде маманданған кадрлар жетіспеушілігі бар –мастерлар мен бөлім басшылары. Бұл моральді және материалды ынталандырудың жетіспеуінде, білікті мамандар мастер қызметін атқарғысы келмегенде, техника мен адами факторлар саласындағы бұл жұмысқа талаптар атқарғандағы жағдайлармен түсіндіріледі.

Өндіріске автоматизацияны енгізу персонал жұмысының жағдайына елеуші өзгерістер енгізді:

- қатаң мамандықтар мен қызметтік ережелердің жұмысшыларға қолайлы, кеңірек түрімен алмастырылуы;

- орталық қызметтегі жұмыс көлемін қысқарту мен әкімшілік аппаратты қысқарту;

- еңбекті төлеудің икемді түрлері енгізілген;

- инженерлер, ғалымдар мен өндірушілер одақтық (өнімді құру мен даярлауға дейін) ұжымдар мен жобалық мақсаттық топтарға біріктіруі.

Өндіріске автоматизацияның енуі тұрақтылық пен сенімділік тудырады. ЭЕМ аз адамдардан шығармашылық еңбекті талап етсе де, олар көптеген жұмыскерлерге жұмыстарының стандартизациясын білдіреді немесе басқару үрдісін техникалық басқаруға айналдырып жұмыскерлерді толық ығыстыруға әкеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]