Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать

24. Қонақ үй кәсіпорындары іскерлігінің негізгі көрсеткіштерін және оларға әсер ететін факторларды атаңыз

Қонақ үй іс-әрекеті төмендегі көрсеткіштермен өлшенеді:

  • құндық және табиғи (өлшеу бірліктеріне байланысты);

  • сандық және сапалық;

  • көлемдік (абсолют шамалармен көрсетілген) немесе үлестік (жалпы көлемдегі көрсеткіштің үлес салмағымен көрсетілген).

Қонақ үй іс-әрекетіндегі қолданатын барлық көрсеткіштерді (әсіресе маркетингтік талдауға қатысты) төмендегідей жүйеге келтіруге болады:

  • қонақ үй персоналының саны мен құрылымын сипаттайтын көрсеткіштер (персонал саны, бір қонаққа шаққандағы персонал саны, табыстың бір теңгеге шаққандағы персонал нормативі және т.б.);

  • қонақ үй кәсіпорны табыстарының шамасын, құрылымы мен динамикасын сипаттайтын көрсеткіштер (тәулікке берілетін бөлмелердің орташа бағасы, қолда бар бөлмелердің орташа бағасы, табыс өсімінің қарқыны және т.б.);

  • қонақ үй кәсіпорындары шығындарының шамасын, құрылымын және динамикасын сипаттайтын көрсеткіштер (бөлмеде тәулік ішінде көрсетілетін әр түрлі қызметтердің орташа өзіндік құны, персоналдың орташа жалақысы, тұрақты және өзгермелі шығындардың қатынасы, жалпы өзіндік құн және т.б.);

  • қонақ үй іс-әрекетінің белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер (бөлмелерді жүктеудің орташа коэффициенті, күн сайын жалдауға дайын бөлмелердің орташа саны, тәулікте өткізілетін бөлмелердің орташа саны, бөлмелерді жалдаудың орташа тәуліктік тарифі, кереуеттерді жүктеудің орташа тәуліктік коэффициенті және т.б.);

  • қонақ үй кәсіпорындарының қызметтеріне деген сұранысты сипаттайтын көрсеткіштер (сұраныстың икемділігі, сұраныс детерминанттары және т.б.);

  • қонақ үй кәсіпорнының баға саясатын сипаттайтын көрсеткіштер (бөлменің орташа тәуліктік тарифі, сала бойынша орташа тәуліктік тариф, бәсекелестермен салыстырғандағы бағалар деңгейі және т.б.);

  • көрсетілетін қызметтің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер (бәсекеге қабілеттіліктің бірлік көрсеткіштері, бәсекеге қабілеттіліктің топтық көрсеткіштері, бәсекеге қабілеттіліктің интегралды көрсеткіші, яғни рейтингтік бағалау);

  • қызмет көрсету саласындағы қонақ үй іс-әрекетінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер (сатылымдардың рентабелділігі, өзіндік құн, капиталдың қайтарымдылығы, бір қызметкерге шаққандағы табыс, жоспарланатын табысқа қатысты алынған табыс және т.б.);

  • әр түрлі бөлімшелердегі қаржылық ресурстарды қолдану нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер (мейрамхананың бір клиентінің сатып алуының орташа құны, мейрамханадағы орындар айналымы, тағам кәсіпорындары сатылымдарының көлемі, қосымша қызметтердің сатылымының орташа құны және т.б.).

Қонақ үй кәсіпорны жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар. Қонақ үй шаруашылығы жұмысының тиімділігіне мынадай факторлар әсер етеді:

- экономикалық (экономиканың жалпы жағдайы, жан басына шаққандағы орташа табыс, жұмыссыздық деңгейі, валюта бағамы, салық салу деңгейі, несиелердің банктік пайызы, мемлекеттік қолдау және т.б.);

- әлеуметтік-экономикалық (халықты табыс деңгейі бойынша бөлу, білім деңгейі, өмір сүру жағдайы, жас мөлшері, қалалық және ауылдық халықтың қатынасы, инфрақұрылымы, қылмыс деңгейі, туризмнің дамуы және т.б.);

- заңнама (салықтық және еңбек заңнамасы, лицензиялау ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар, өрт қауіпсіздігі ережелері, тұтынушы құқықтары жөніндегі заңдар және т.б).

Аталған факторлардан басқа қонақ үй кәсіпорнының экономикасына бірқатар басқа факторлар да әсер етеді. Қазіргі кездегі ең қауіптісі лаңкестік болып табылады, бұл лаңкестер шабуылдаған аймақтағы қонақ үйлерде жүктелуді тежейді.

Қонақ үйлердегі бизнес-туристердің санының төмендеуінің негізгі себебі елдегі шетелдік инвестициялар мен тауар экспорты көлемінің азаюы және әлемдік экономикадағы дағдарыстар.

Демалыс аймақтарындағы қонақ үйлердің жүктелуіне туристердің демалыс орындарын таңдау үрдісінің тез өзгеруі, виза алу саласындағы қиындықтар, көліктік компаниялардың жұмыс қарқыны әсер етеді.

Қонақ үйлердің экономикалық көрсеткіштеріне ішкі факторлар, яғни басқару және бақылау жүйесі (әсіресе шығындарды бақылау жүйесі), көрсетілетін қызметтер деңгейі, дұрыс таңдалмаған тарифтер жүйесі, ұжымдағы еңбек қатынастары және басқа да факторлар да әсер етеді.

Сондықтан қонақ үйлер басшылары персоналдың еңбек жағдайларын жақсартуға, жұмыс күшінің ағымдылығына және ұжымдағы жұмыс ахуалының жақсаруына мән беруі керек.

Аталған факторлардың әсері ең алдымен қонақ үйдің жүктелуінен білінеді. Бұл - қонақ үйдің рентабелділігін анықтайтын өте маңызды көрсеткіш болып табылады. Қазіргі кезде әлемде, әсіресе Еуропаның кейбір елдерінде, осы коэффициенттің төмендеуі байқалып келеді. Бұл жаңа қонақ үйлердің пайда болуымен байланысты, яғни, қонақ үй нарығындағы ұсыныс тұтынушылар сұранысынан жоғары болып отыр.

Жүктелім коэффициенті белгілі бір факторлардың әсеріне байланысты өзгеріп отырады: демалыс маусымында – жоғары, демалыс маусымнан тыс – төмен; сенбі және жексенбіде – жоғары, жай күндері – төмен; мейрамдарда жай күндерге қарағанда жоғары және т.б. Әр қонақ үйдің жүктелім коэффициенті уақыт бойынша әр түрлі өзгереді және қонақ үй әкімшілігі осы коэффициентті қалпына келтіру үшін тиісті шаралар жасау қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]