Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konak_uy_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.13 Кб
Скачать
  1. Қонақ үй кәсіпорын жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар.

Қонақ үй шаруашылығы жұмысының тиімділігіне мынадай факторлар әсер етеді:

- экономикалық (экономиканың жалпы жағдайы, жан басына шаққандағы орташа табыс, жұмыссыздық

деңгейі, валюта бағамы, салық салу деңгейі, несиелердің банктік пайызы, мемлекеттік қолдау және т.б.);

- әлеуметтік-экономикалық (халықты табыс деңгейі бойынша бөлу, білім деңгейі, өмір сүру жағдайы, жас мөлшері, қалалық және ауылдық халықтың қатынасы, инфрақұрылымы, қылмыс деңгейі, туризмнің дамуы және т.б.);

- заңнама (салықтық және еңбек заңнамасы, лицензиялау ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар, өрт қауіпсіздігі ережелері, тұтынушы құқықтары жөніндегі заңдар және т.б).

2. Қызметкерлерді басқару менеджменттің бір бөлігі ретінде

Адамдарды басқару ірі және шағын кәсіпорындардағы барлық шаруашылық қызметтері үшін өте маңызды. Керекті адамдарсыз ешбір ұйым өзінің мақсаттарына жетіп, әрі қарай өмір сүре алмайды. Сондықтан да қызметкерлерді басқару басқарудың теориясы мен тәжірибесінде маңызды аспектілердің бірі болып табылады.

Қызметкерлерді басқару - кәсіпорын ішіндегі адамдар мен олардың қарым-қатынастарының байланысынан тұратын менеджменттің бір бөлігі. Ол тек өндіріс пен коммерцияға ғана емес, сонымен бірге жұмысбастылықтың барлық аяларына қатысты тиімділік пен әділеттілікке жетуге бағытталған.

Қызметкерлерді басқару еркектер мен әйелдерді біртұтас тиімді ұйымға біріктіріп, оларды кәсіпорынның және өздерінің жетістікке жетуі үшін ынталандырады. Сонымен бірге жұмысқа жалдаудың әділетті шарттарын қамтамасыз етеді.

3. Қазіргі кездегі қонақ үйлердің даму сипаттамаларын көрсетіңіз

Нарықтық экономиканың жаһандануы қонақ үй желісінің қызметіне көп өзгерістер енгізді. Мысалы, егер ХХ ғасырдың 80 жылдары белгілі бір қонақ үй желісі құрамына жататын отельді толық меншіктік құқығын ала отырып басқарғысы келсе, қазіргі таңда құрамына жататын отельдерді «франшиза» негізінде басқаруды қалайды, яғни қонақ үй желісі құрамындағы отельді жергілікті капиталға сатады, бірақ басқару және көрсетілетін қызмет сапасын бақылау құқығын өзіне қалдырады.

Әлемдік экономиканың және халықаралық туризмнің даму үдерісі қонақ үйлер қызметіне жаңа талап қойды. Осыған байланысты қазіргі таңда әлемде жеті жұлдызды отельдер қалыптасуда. Мысалы, 1999 жылы Дубай қаласында биіктігі 321 метрді құрайтын «Burj Al Arab» отелі ашылды. Бұл отельдің ерекшелігі табиғатта сирек кездесетін құрылыс материалдарынан салынған, төсек жабдықтары ирландтық матадан тігілген, жиһаздары табиғатта сирек кездесетін ағаштардан жасалған, ал бөлменің сәнін көрсетіп тұратын гобелендердің барлығы қолдан тігілген. Сонымен қатар, отельге кіретін негізгі есік 200 метр биіктікте орналасқан, яғни келуші қонақтар тек тікұшақпен келеді. Бас мейрамхана керісінше отельдің төменгі қабаттарында теңіз астында орналасқан және теңіз өмірін тамашалауға мүмкіндік беретін шыны күмбез түрінде құрастырылған.

Соңғы кезде минимализм тұжырымдамасына негізделген «жаңа толқын» отельдері танымдылыққа ие болып келе жатыр. Алғашқы жаңа толқынды отель Лондон қаласында 1981 жылы ашылған («Blakes» отелі).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]