Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кши лекц. - для УМКД.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆
  1. Киімнің қызметі.

Адамның күнделікті өмірінде киім азық түлік пен баспана секілді, маңызды болып келеді. Ол алғашқы қажеттілікті зат болып табылады, себебі ол адамды ыстықтан, суықтан және атмосфералық құбылыстардан қорғайды. Киім деп адам өз денесін толық немесе жартылай жабатын заттар жиынтығын айтады. Басты күлпарамен, денені комбинезонмен жабады; дененің жоғарғы бөлігіне пиджак, жакет, блуза, жейде киеді, ал төменгі жағына шалбар мен белдемшені киеді.

Басты жабатын бас киімдер, қолды қорғайтын қолғаптар, аяқты қорғайтын аяқ киімдер киімнің қызметін атқарады да, оның қосымша заттары болып табылады. Киіммен бірге бұл заттар комплект немесе ансамбльді құрайды.

Киім тек қорғаныш қызметін атқармайды. Киімнің келесі қызметі – ақпараттық, себебі киім барлық жерде және барлық уақыттарда адамның кәсіпкерлік қызметінің немесе қоғамда ерекшелейтін бір белгісінің қызметін атқарады. Ақсүйек әйелінің көйлегі қарапайым әйелдің көйлегіне қарағанда едәуір айырмашылығы болатын. Соттық мантия, офицерлік мундирге киілген адамдардың кәсіпкерлік қызметін көрсетеді.

Киімнің үшінші қызметі бұл эстетикалық. Киім адам мәдениетінің материалдық заты болып, тарихи кезеңдерінің, ұлттық сипаттамасының, шығармашылық ерекшеліктерінің мінездемесін айқындайды, сондықтан да эстетикалық қабылдаудың объектісі болып табылады. Киім тек пайдаланылатын зат қана емес, сонымен бірге өнердің қолданбалы туындысы ретінде де қарастырылады. Бұл туралы әлемнің түрлі музейлерінен жинақталған киімнің тарихи және ұлттық нақыштары айқындайды.

  1. Киімдi топтастыру.

Әр түрлі уақыттың және дәуірдің мінездейтін киімдерінің негізгі белгісі ол адамның денесін климаттық ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғауға арналған оның қорғағыш қасиеті. Осы басты функцияны есепке ала отырып, киім үш классқа бөлінеді:

1) тұрмыстық, 2) өндірістік, 3) спорттық.

Тұрмыстық киім адам денесін климаттық жағдайлардың жағымсыз әсерлерінен (жаңбыр, қар, жел және т.б) қорғауға арналған.

Өндірістік киім адам денесін өндірістік ортаның зиянды факторларынан қорғайды. Мысалы, мұнай өңдеу өнімдерінен, уран өңдейтін зауыттың агрессивті орта әсерінен.

Спорттық киім – спортшының денесін жарақаттардан қорғап және оның жоғары спорттық нәтижелерге жетуге көмектесуі қажет.

Қазіргі заманның киімінің алуан түрлілігі қасиеттерінің түрлі белгілері арқылы классификацияланады. Тағайындалуына байланысты (жалпы тігін классификациясы және өнімнің оныншы классификаторы), жыныстық-жастық белгілері, тірек бетінің мінездемесі, пішімі бойынша классификациялар бар.

Эксплуатациялау жағдайына және тар тағайындалуына байланысты киімнің әр классы ең алдымен подкласстарға, түрлерге, топтарға және топшаларға бөлінеді.

Жыныстық-жастық белгілеріне байланысты қазіргі кездің киімі топтарға бөлінеді: ерлер, әйелдер және балалар. Балалар киімі келесі түрлерге ие: жаңа туылған сәбилерге, балабақша жасындағы, мектепке дейінгі, бастауыш сынып және жоғарғы сынып балалары және жасөспірімдерге арналған киімдер.

Жастық белгісі бойынша ересектердің үш тобын бөледі: кіші (19-29 жас), орта (30-44 жас) және үлкен (45-тен жоғары). Балалар киімін өндіру үшін келесі топтарды бөледі: балабақша (9 ай.- 3 жас), мектепке дейінгі (3 - 6,5 жас), бастауыш сынып (6,5-12 жас), жоғарғы сынып (12-15,5 жас) және жасөспірімдер (15,5-18 жас) топтары.

Жыл мезгіліне және климаттық аймаққа байланысты киім топтары төрт топшаларға бөлінеді: К/К – көктемдік-күздік; Ж – жаздық; Қ – қыстық; В/С – барлық маусымға лайықты (всесезонная);

Киімнің тағайындалуына және арнайы бір жағдайда қолданылуына байланысты классификацияны жалғастыруға болады. Мысалы, әйелдер костюмы күнделікті киюге, үйде қодануға, салтанатты кездерге және т.б. арналуы мүмкін.

Ең көп кездесеті және өзінің құрамында келесі топшалардан тұратыны тұрмыстық киім болып табылады: (1 кесте):

- сыртқы киім,

- костюмді-көйлекті бұйымдар,

- ақ жайма бұйымдар,

- корсеттік бұйымдар

1 Кесте Киім классификациясы

Киім

Класстары

Тұрмыстық

Спор

ттық

Өндірістік

Под

Класстар

Сыртқы киім

Костюмді-көйлекті бұйымдар

Ақжайма бұйымдар

Корсеттік бұйымдар

Арнайы

Ведом

стволық

Техно

логиялық

Түрлері

Пальто,

курткалар

плащтар және т.б

Пиджактар,жакеттер, жилеттер және т.б.

Пижамаларраспашон-

калар, купальник-тер және т.б.

Бюстгаль-терлер, белдіктер, грациялар

Курткалар,

шалбарлар,

плащтар және т.б

Шинель, пальто, китель және т.б

Санитарлы-гигиеналық киімдердің барлық түрлері

Топтары

Ерлер, әйелдер, балалар

Топшалары

Көктемдік-күздік, жаздық, қыстық, барлық маусымға арналған