Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кши лекц. - для УМКД.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.7 Mб
Скачать

Жанап тұратын тік жаға

↑АА1 = 3,0 ÷ 4,0 см; (Сурет 10)

← А1В = Lарт.бой.мой.ой.+ Lалд.бой.мой.ой. – (0,2 ÷ 1,2)

Вст = А1А2 = ВВ1 = 3,0 ÷ 6,0

← А2А3 = 2,0 см

Төменгі қондыру сызықты доғаланған сызықпен сәндейміз.Үстіңгі сызықты модель бойынша сәндейміз.

Сурет 10

Алшап тұратын тік жаға

↑ ВВ1 = 8 ÷ 10 см; (Сурет 11)

→ В1А = Lарт.бой.мой.ой.+ Lалд.бой.мой.ой. – а;

а = 0,5 ÷ 1,5 см;

Вст = В1Вꞌ = АА1 = 3,0 ÷ 5,0 см;

↑А1А2 = 2,0 см.

Сурет 11

Т ұтас пішілген тік жаға

Сурет 12

Тұтас пішілген жаға артқы және алдыңғы боймен тұтас пішіледі. Тіректің биіктігі артқы және алдыңғы бойдың киықтарынан көтеріледі.

↓А2 А2'= ↓А4 А4'= 2см Мойын ойындыны доғаланған сызықпен қосамыз.

Жағаның тірегі А2'=2= А4'3=А54 (модель бойынша).

Артқы бойда ← 1-5=2-6=0,5см, алдынғы бойда → 3-7= →4-8=2см

Точки 5 и А, 6 и А2', 7 и А4', 8 и А5 нүктелерін түзу сызықпен қосу – тіректің жан тігісі. Атрқы бойдың тірегінің жоғарғы тігісін 5-6 нүктелері арқылы безеңдіріледі, алдыңғы бойда 7-8. Артқы және алдыңғы бойдың жаңа сызылған мойын ойындысын екіге бөлеміз, осы нүктеден мойын ойындысына перпендикуляр сызық түсіреміз. Осы сызық бүкпенің ортасы болып табылады. Бүкпенің ені 1 см. (Сурет 12)

Жазық жататын жағаның конструкциясы

Артқы және алдыңғы бойдың сызбасында иық тігістерін қиыстырып құрастырады. Дайын күйінде жағаны қондыру тігісі көрінбеу үшін, қолтық ойындының үштарын 3-4см- ге бір біріне кіргізеді. Түймелігі жабық жағаларда, мойын ойындыны 0,5…1 см терендетеді. Жағаның үшін және отлеттін сызығын модель бойынша безеңдіреді (сурет13).

К апюшондарды құрастыру

Капюшонды сызбада құрастыру:

← З1З2= 5-6 см;

→А4З= 2-3см.

↑З2З3= Вбас (бастын биіктігі)+(6÷9);

→З3З4= Обас(бастың айналымы)/ 3+(6÷9). Сурет14

Сурет14

Капюшонды сызбадан тыс құрастыру:

ОВ = 2-3см;

→ОА= Lарт.бой.мой.ой.+ Lалд.бой.мой.ой. +(2÷4), В жәнеА нүктелерімен қосамыз;

→ВА1 = Lарт.бой.мой.ой;

↑А 1А'' = 6÷8 , ВВ1 = Вбас (бастын биіктігі)+(6÷9);

→В1 В2= Обас(бастың айналымы)/ 3+(6÷9). (Сурет15)

Сурет15

Бақылау сұрақтары:

1.Өңірлердің түрлерін ата?

2.Өңірдің ені неге байланысты?

3.Жағалардың топтасу бойынша түрлерін ата?

4. Ұсақ бөлшектердің қандай түрлерін білесің?

5. Жағаларды құрастыру үшін бастапқы мәліметтер?

6. Түйменің диаметрі неге байланысты?

8 дәріс

Тақырыбы: Бұйымдарды конструктивті үлгілеу әдістері.

  1. Бастапқы үлгі конструкциясының бейне пішінін өзгертпей және өзгертіп конструктивті үлгілеудің негізгі түрлері.

1Сұрақ. Бастапқы үлгі конструкциясының бейне пішінін өзгертпей және өзгертіп конструктивті үлгілеудің негізгі түрлері.

«Модель» сөзі латын тілінен аударғанда үлгі (өлшем, норма) дегенді білдіреді. Біздің жағдайға сәйкес модель сөзі суретші-үлгілеушінің ойының жүзеге асырылған киімнің бірінші (алғашқы) үлгісі дегенді білдіреді. «Үлгілеу» термині адамның сыртқы және ішкі келбетін, материалдардың қасиеттері, қоршаған ортаның және оның тағайындалуын есепке ала отырып жаңа модельді жасаудың шығармашылық көркемдік процессті білдіреді. Киімді үлгілеуде дауындау объектісі: бұйымның силуэті және формасы, материал таңдау, форма құрау тәсілдері, элементтер композициясы, түстік шешімдер болып табылады. Процесс негізінен бастапқы модель үлгісін дайындаумен аяқталады.

Конструкторлы (техникалық) үлгілеу жаңа моделдің алғашқы үлгісі бойынша бөлшектер лекалдарын немесе сызбаны немесе оның графикалық бейнесі бойынша сызбаларды немесе бұйымның базалық негізін сәйкестендіретін бөлшектер лекалосын дайындау қызықты прцесс болып саналыд. Дайындалған лекалолар бойынша жасалған үлгі массалы киім өндірісі үшін конструкция және форма эталоны болып табылады.

Жаңа киім модельінің конструкциясын дайындау прцессі келесі этаптардан тұрады: модельдің оқылуы және анализі;сәйкес келетін консрукцияның базалық негізі; анықтап алу немесе негіздің түрленуі және оған модельдік ерекшеліктерді (аналог-консрукциия болмаған жағдайда жаңа негіз жасалып өндіріледі) таңдау; модель конструкциясының дайындалуының дұрыстығын тексеру.

Базалық негізді анықтап алу және модельдік ерекшеліктерді енгізу.

Суреттен сызбаға немесе лекалдан модельдік ерекшеліктерді енгізу процессін базалық негіздің кейбір анықтау үшін оның көп немесе аз мәнінің өзгерісі ретінде жүргізуге болады. Базалық негіздің өзгеру деңгейіне байланысты конструкторлы модельдеу бойынша дайындаудың төрт нұсқасын қарастырайық:

  • Киімнің жаңа моделі базалық негіздің силуэттік формасының өзгерісісіз дайындалады. Өзгеріске лацкан, өңір және жағалар формасы, түймелер және ілгектердің орны мен саны, қалталардың және басқа ұсақ бөлшектердің формасы мен орны; бұйымның ұзындығы анықталады. Әйелдер киімінде белгіленген орында алдыңғы және артқы бойдың бел сызығы бойынша бүкпелердің және жоғарғы бүкпенің қарапайым ауыстырылуы қолданылады. Бұл нұсқа конструктордың практикалық жұмысында жиі қолданылады;

  • Жаңа модельді дайындау кезінде прапорция бойынша негіз силуэті және фигураның кеуде, бел сызықтарында бұйымның қынама деңгейіне, бөкседен кеңейтілген немесе етегінің тарылуына байланысты өзгереді. Алғашқы модель үлгісі болмаған жағдайда өзгертілген өлшемдер дәл есепсіз органолептикалық қана анықтауға болады. Бұл нұсқада бірінші нұсқада қолданылған әдістермен салыстырғанда өзгеріс тәсілдері күрделі және аса сенімді емес. Ол жаңа сән бағытына сәйкес киім моделін дайындау үшін типтік аналог-конструкциясы болмаған жағдайда қолданылады;

  • қондырма жеңді базалық киім конструкциясының реглан пішімді, тұтас пішілген немесе комбинерленген киім конструкциясына күрделі өзгерістер жүргізіледі;

  • басқа түрдегі киімнің жаға моделі дайындалады.Бұл аса дәл емес әдіс өте сирек қолданылады. Жаңа модельдің конструкциясы үлгіні дайындау кезінде анықталады.

Сурет 1. Кеуде сызығы бойынша кең қынамаға берілген кеңдікті бөлу және көбейту, қолтық ойындысының жаңа сызығын безендіру.

Бірінші түрдің конструктивті үлгілеу тәсілдері. Киімнің силуэтін және базалық конструкциясының негізгі контурлы сызықтардың конфигурациясын сақтаған кезінде бұл түрдің қарапайым түрленуі жүзеге асырылады.Оларға жататындар: әр түрлі бағытта бүкпелерді ауыстыру, қатпарларды жобалау, бөлшектердің қосымша жіктелуі, жағалардың, лацканның, өңірдің, майда бөлшектердің модельдік өзгерістерін дайындау.

Бүкпелердің қарапайым ауыстырылуы.Бұл өзгерту киімнің әр түрлі бөлшектерінде (артқы бой, алдыңғы бой, жең, белдемше және шалбардың бөлшектері) жаңа бағыт бойынша лекалдарды кесу жолымен (модельдің суретіндегі бүкпенің орнымен сәйкестігі) алдыңғы бүкпені жауып және бір уақытта жаңа бүкпені ашумен жүргізіледі (2 сурет). Дәл осы операцияны лекалды кеспей-ақ келесі алгоритммен орындауға болады: лекал контурында жаңа бүкпенің сыртқы соңында орны белгіленеді және жаңа бүкпенің басынан алдыңғы бүкпеге дейін лекал ауданы сызылады; бұрынғы бүкпе бүкпе ортасының шетін лекалды жылжыту жолымен толығымен жабыладыжәне жаңа бүкпені белгілеуге дейінгі лекал контурының қалған бөлігін сызып шығумен аяқталады.

Сурет 2. Әйелдер киімінің алдыңғы бойындағы сыртқы бүкпені ауыстыру(а-д) және бүкпенің ішкі жағын безендіру(е)

Бүкпені ауыстырғанда келесі екі шартты сақтау қажет:1) бүкпенің ортасы ретінде дөңестіктің ортасына сәйкес келетін нүкте алынады; егер конструкция негізінде бұл нүкте белгіленбесе, сәйкес келетін өлшем белгіні қолдану арқылы белгілеу керек, мысалы кеуде ұзындығы; 2) бүкпені тігу сызығын безендіргенде оның ішкі ұшын ерітінді ортасынан 1,5-2,5 см аралығында орналастырады, бұл алынатын форманың конустылығының жұмсаруын қамтамасыз етеді.

Бүкпенің бағытын өзгерту киім формасының пластикалығын ауыстырады, сонымен қатар бұйымды пішкенде раскладка кезінде жаңа бөлшектің алатын орымен ауданы да өзгереді. Ең пластикалы формасы негіз жібінде 45° бұрышта бүкпелік тігістің бағытында алынуы мүмкін. Өңір сызығының негіз жіптердің параллельді бағыты кезінде пластикалы деп 2, 4, 6 бүкпелердің орнын санауға болады (2, а, б, в, д суретін қараңыз). Экономикалық тиімді деп 3, 8 бүкпелер орнын атауға болады (2, а, г суретті қараңыз) кейде 2 (2, б суретін қараңыз). Экономикалық тиімді емес болып бүйір қиыққа бағытталған бүкпелер орны 6, 7 (2, а, д суретті қараңыз) есептеледі.

Сурет 3. Кеуденің дөңестігінің ортасы арқылы өтетін және осы орта арқылы ығысқан жіктелу сызықтарының тұрғызылуы.

Бөлшектердің қомсымша жіктелуі. Киім бөлшектерін бөлшектеп жіктелуі форма құрау үшін маңызды болып табылады. Керекті форманың пайда болуының шарттары жағынан оптимальды орынды жобаланатын беттен экстремалды нүктелер арқылы өтетін көлденең және тік жіктеулер алады. Мұндай жіктеулерді толықтай үтіктеу бұрыштарына және бүкпе ерітіндісіне ауыстыруға болады (3 сурет, а).

Экстремалды нүктелерден бедерлі тігістің ауытқуы бөлшектің көлемді формасының пайда болу шарттарын нашарлатады. Сондықтан ығысқан бедерлі тігісті тұрғызғанда дөңестіктің ортасына бағытталған бүкпені қалдырады; (3 сурет, б). Бұл жағдайда бүкпені ауыстыру сынық сызық бойынша лекалды кесу жолымен жүзеге асырылады-бөлшектің контурынан жіктелу сызығы бойынша, содан кейін тік немесе басқа бұрышта оғанбұрынғы бүкпе ерітіндісінің ортасына бағытталған. Мұндай тәсіл лацканның астына бүкпенің бөлігін ауыстырғанда қолданылады (сурет 3, в). Бүкпе кеуденің дөңестігінің ортасына бағытталғанда тігілмейді, ал оның ерітіндісі лацканның бүгілу тігісінің бойымен тігілетін бүкпенің бір жағының посадкасы негізінде қолданылады. 3 Суретте үлгілеудің жоғарғы бүкпесіз алдыңғы бой конструкциясын алу үшін қолданылатын тәсілдер көрсетілген.

Лифтің, белдемшенің, шалбардың жоғарғы бөлігінің жіктелу сызықтары (иініш сызықтары) модельдің суретіне сәйкес негіз бөлшектерінде белгілейді. Дәл айтсақ, иініштің сызықтары алдын ала маникенде түйренген бөлшектерге ауыстырылуы мүмкін. Иінішті тұрғызу мысалдары, жауырынның ортасынан немесе оның жанынан өтетін (бүкпенің ұшы арқылы) кесілген сызық 3, г суретте көрсетілген. Егер иініш бүкпелердің ұштарынан жоғары орналасса (сурет 3, д, е), онда бүкпенің тек жоғарғы бөлігін ғана жабады, ал қалған бөлігін жиырмалар, қатпарлар-защиптер, бедерлер үшін қолданады. Жиырмалар мен қатпарларды жобалағанда суммарлы қосындысы бастапқы бүкпенің ерітіндісіне тең келетін бір бүкпені бірнеше бүкпеге ауыстырады (сурет 3, е). Жиырмаларды безендіру кезінде осы бірнеше бүкпелердің сыртқы ұштарын біркелкі сызықпен қосады.

Қатпарларды жобалау.Қарапайым кезде жұмсақ қатпарлар мен защиптерді бүкпелерден құрайды. Оларды қиықтардан үлкен емес ара-қашықтықта тігеді. Бір жақты және екі жақты қатпарларды жобалағанда (қарама-қарсы немесе байтовые) ұзындығы бойынша бөлшек қатпарлардың орналасу орнымен ажырайды және жобаланған енге жылжытылады. Белдемшелердегі қатпарлардың тереңдігін аяқ жағында ереже бойынша 1- 1,5 см-ге кішірейтеді (тек шақпақ және тік жолақты маталардан басқа).Бір жақты қатпарлардың типтік тереңдігі бөксе сызығының деңгейңнде 6 см тең (сурет 4).

Модельдік ерекшеліктерді тұрғызу.Киім конструкциясын сәндік безендіруде маңызды орынды лацкан, өңір, қалталар, хлястиктер, паттар және т.б. сияқты модельдік ерекшеліктерді ауыстыру алады. Бір өңірлі бұйымдарда полузанос енін шамамен түйме диаметрінің 3/4есебінен қосу припуск 0,5-1,5 см анықтауға болады. Ығысқан өңірлі түймелікті бұйымдар үшін полузанос енін түймелердің ортасының ара-қашықтығының жарты мәні қосу түйме диаметрі 0,5 қосу сәндік тігістің ені. Қынамалы силуэтті бұйымдарда ілгектер мен түймелердің деңгейі кеуденің, белдің және бөксенің экстремалды нүктелеріне сәйкес болуы керек.Тік және кең силуэтті бұйымдарда ілгектерді қалтаның және бел сызығының деңгейінің қатысына қарай орналастырады. Түймелердің арасындағы ара-қашықтық негізінен бірдей болады, бірақ біркелкі емес түймелер мен ілгектердің топтары болуы мүмкін. Ілгектердің ұзындығы түймелердің диаметрінен 2-3 см үлкен.

Ерлер киімдерінде ілгектерді алдыңғы бойдың сол жағында, ал әйелдерде-оң жағынан орналастырады; осыған сәйкес ерлер киімінде алдыңғы бойдың сол жағы, ал әйелдерде-оң жағы басты бөлшек болып саналады. Модельдік ерекшеліктер суреттен негізгі бөлшекке ауыстырады, оны дәл суретте (сурет 5, а) көрсетілгендей сызбада орналастырған дұрыс; Ара-қашықтықты бағалау үшін суретте масштабты коэффициентті немесе көмекші сызғышты бекітеді.

Сурет 4. Қатпарларды тұрғызу

Сурет 5. Ерлер пиджагының алдыңғы бойын конструктивті үлгілеу

Лацканның сызбасын тұрғызулацканның ұзындығының, енінің арасындағы прапорцияларын бағалауға және оның уступының ұзындығына негізделген. Лацканның бүгілу сызығы өңірдің шеткі нүктесінен жоғарғы ілгектен 1-2 см жоғары жағаның биіктігіне тең (шамамен 2,5-4 см) иық тігісінің сызығының жалғасқан ара-қашықтықтағы нүкте арқылы өтеді. Лацканның бүгілу сызығының орнын анықтағанда түймеліктің ашылу бұрышын да – лацканның бүгілу сызығының қиылысу нүктесіндегі Р оның төбесінің деңгейін де бағалау қажет.

Лацканды бірінші бүгілген түрінде тұрғызады (модельдің суретіндегідей). Мойын ойындысының сызығы төмендеуі және жоғарылауы мүмкін. Раскеп сызығының орнын, бағытын және ұзындығын суреттегі модельдің сызықтарының арасындағы бұрыштың натуралды мәнімен және масштабты қолдану арқылы бекітеді. Тұрғызылған лацканның конфигурациясы және өлшемдерінің соңғы бағасы алдыңғы бойдың композициялық шешімі жағынан жүзеге асырылады. Лацканның симметриялық түрі (оның бүгілу сызығына қатысты әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін (шаблон тәсілі, доғалық кертпелер, кескішпен немесе көшірме қағазбен көшіріп бүгу және т.б.): Лацканның шеткі сызықтарының ауысуы; жоғарғы ілгектің ауданында өңір қиығына қарай бірқалыпты технологиялық сызықпен безендіреді (сурет 5, в). Өңірдің дөңгеленген сызығын тұрғызу үшін төменгі жақта дөңгеленудің бастапқы және соңғы нүктесін, сонымен қатар полузанос сызығының өңір қиығымен қиылысу нүктесін де анықтайды. Өңірдің төменгі бөлігінің контуры табылған нүктелер бойынша сызылады.

Майда бөлшектердің контурларын (жапсырма қалталар, клапандар, жапырақшалар, паттар, хлястиктер және т.б.) негізгі бөлшектердің сызбасына масштабты ауысуды қолданып, олардың модельде орналасуымен сәйкес түсіреді. Алдыңғы бөліктің бүйір қалтасының немесе клапанының конфигурациясын өңірдің төменгі бөлігінің конфигурациясымен байланыстырады. Қалталардың өлшемдері белгілі типтік түрге қарап бекітеді.

Екінші түрлі конструктивті үлгілеу тәсілдері.Параллельді кеңейту негізінен бөлшектерде жұмсақ қатпарлар мен жиырмаларды жобалауда қолданылады. Бұл үшін көлденең конструктивті сызықтармен түсірілген өзгеретін бөлшек конструктивті көлденеңнің бойымен жобаланған кеңдікке жылжиды. Бөлшектердің кеңеюі модельге байланысты біркелкі және біркелкі емес болуы мүмкін. Бөлшектердің қиықтары бойынша жолақтардың шекарасы белгіленіп, бірақ кесілмесе бөлшектерді шартты қиылуы мүмкін.Кеңейген бөлшекті бөлшекті этап бойынша жылжыту жолымен және жолақтардың сыртқы контурын сызып белгілеу жолымен алады. Соңғы контурды пайда болған бөлшектердің қиықтарын біркелкі сызықтармен безендіреді (6, а).

Киім бөлшектерінің конусты кеңеюі модельдің силуэтіне байланысты кез келген деңгейден басталуы мүмкін: иық, кеуде, бел, бөксе, тізе және одан төмен. Конусты кеңею бастапқы бөлшектердің (тігістердің) қосымша жіктелулерді кірістірместен трапецияны көрсететін силуэттіғ форманы жобалуда қолданылады (сурет 7, а). Бөлшектер «дөңесті трапеция» силуэтін құра отырып, кеңейген шеттері бойынша жиналуы мүмкін(сурет.7,б). Түрлендіру тәсілдері бөлшектердің жолақтарын кеңейту сипаттамасынан басқасы жоғарыда айтылғандай параллельді кеңею үшін де дәл осындай аналогты (сурет 7, б). Бүкпелі бөлшектерге (сурет 7, г) оларды кеңейту үшін шартты кесілуі бүкпелердің ұштары арқылы орындайды; осы орайда бүкпенің жолағы төселгеннен кейін бөлікті немесе толықтай жабылады (сурет 7, д).

Дәл осындай тәсілдер бөлшектерді конусты тарылтуда да қолданылады (сурет 7, е), осы жағдайда бөлшектердің төселген жолақтарын бір мезгілде бұйым енін фигураның максималды айналымды өлшену деңгейін қадағалап отырып, бір-біріне кигізеді (мысалы, белдемшелер үшін-бөксе сызығының деңгейінде). Берілген деңгейде бөлшектердің төменгі жақта тарылуы мен олардың енін сақтау кезінде бұрынғы бүкпелердің ерітіндісі көбейеді және жаңа бүкпелер пайда болады. Мұндай модельдерде олардың барлығы жұмсақ жиырмалар мен қатпарларды жасау үшін қолданылады.

Конусты кеңею бұйымның барлық периметрі бойынша біркелкі немесе біркелкі емес болуы мүмкін (ереже бойынша, алды мен артына қарағанда көбінесе бүйір жағынан). Модельдің суреті бойынша конструкцияны дайындау кезінде бөлшектердің кеңею үлкендігін модельдің силуэті бойынша шамамен анықтайды.

Киімнің күрделірек формасы, мысалы бел ауданында қыналған және төменгі жақта кеңейген бұйымдар, қосымша жіктеулерді қолдану арқылы жобаланады: көлденең-бел сызығы бойынша (сурет 8, а) немесе тік-бедерлі тігістер (сурет 8, б). Қажетті кеңею үлкендігін түрленетін негіз бөлшектерінің аудандарының еніне прапорционалды бөледі: көбірек енді бөліктерге көбірек кеңею береді және керісінше. Ең үлкен кеңеюді негізінен бүйір тігістерде жасайды, негіз бөлшектерін жіктейтін одан аздау етіп тік ұзындығында одан аз қылып- кеңейетін бөлшектердің ортасында тігіс болған жағдайда жасайды.

Ұзына бойына сызықтарды тұрғызу бөлшектерде жіктелуді жобаланатын конструкцияның орталық бөлшектерінің сызықтардың конфигурациясынан және орналасу орнын анықтаудан бастайды 1, себебі олар сызбаға модель суретінен ең аз дәлсіздікпен түсірілуі мүмкін. Осы орайда қасында орналасқан сызықтардың перспективті тарылуымен байланысты қзына бойы сызықтардың көзбен көру ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл ара-қашықтықты болдырмау үшін бөлшектің ортасынан бедердің сызығына дейін 1 төменгі жақта модель суретін оқу кезінде оның масштабты ауысу көмегімен бағаланудан төменгі жақта үлкендеу етіп жасайды ( типтік ұзындықты бұйымдар үшін 1,5-2 см). Бедер сызығын 1 бұйымның силуэтінің конусты кеңеюдің басындағы деңгей есебімен безендіреді. Содан кейін алынған бедер сызығының бел деңгейінде бүкпе ерітіндісін белгілейді (қынамалық деңгейіне байланысты), ал төменгі жағында кеңею шамасын және негізге бөлшектің бүйір бөлігінің бедер сызығын 2 кеңеюдің басындағы деңгей есебімен безендіреді.

Бөлшектердің қандай да бір деңгейге кеңеюі «годе» деген атауға ие. Годенің клиндері тұтаспішілген (сурет. 9,а) немесе қондырмалы (рис. 9,б) болуы мүмкін.

Күрделі бүкпелерді тұрғызу тәсілдері (екілік, үштік), кесіктер және қатпарлар 10 суретте көрсетілген. Бұл модельдік ерекшеліктерді алу үшін бұрышта (90 ) орналасқан бүкпелер мен қиықтарды жобаланған бүкпелердің, қатпарлардың, жиырмалардың немесе қиықтарындағы қатпарларға қарай бағытта қолданады. Бастапқы бүкпені қажетті ұзындықтағы ауданды алуға суретпен сәйкес жіктелулерді төсеп отырып сынық сызықтармен жабады. Бастапқы бүкпенің тік және сынық жақтарының арасындағы алынатын зазор қатпарлар мен жұмсақ жиырмаларға тән, жобаланатын форманың қосымша көлемін көшіреді.

Сурет 6. Бөлшектердің параллельді кеңеюі:а – ұзына бойы өлшемдерінің өзгертусіз;б – ұзына бойы өзгерген;

Сурет 7. Конусты кеңею және бөлшектердің тарылуы;

Сурет 8. Төменгі жағы кеңейген қынамалы силуэтті бұйымның конструктивті шешімінің нұсқалары:а –бел сызығы бойынша көлденең жіктелуді қолдану арқылы;б –бөлшектердің ұзына бойы жіктелулерімен;

Сурет 9. Годе клиндерімен белдемшенің кеңеюі

Сурет 10.

Үшінші түрдегі конструктивтің үлгілеу тәсілдері.Киімнің қондырмалы жеңді базалық конструкциясының түрленуінің негізі басқа пішімді киім конструкциясына (реглан, тұтас пішілген, комбинерленген) алдыңғы және артқы бойдың бөлшектеріне жең бөлшектерін тұрғызумен бекітіледі. Реглан пішімді бұйымдарды жобалағанда, керісінше, регланның қолтық ойындысының сызығымен жеңнің окатына кесілген алдыңғы және артқы бойдың жоғарғы бөліктеріне тұрғызуға болады.