Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кши лекц. - для УМКД.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.7 Mб
Скачать

Өзін-өзін тексеруге арналған сұрақтар

  1. Иық киімдер конструкциясының негізгі сызбасының тұрғызылуы кезінде қандай мәліметтер қолданылады?

  2. ЦОТШЛ әдісі бойынша әйел киімінің конструкциясының негізгі сызбасының тұрғызу кезінде қандай өлшемдер қолданылады?

  3. Есептеу кезінде қандай қосымшалар қолданылады? Жартылай қынамалы силуэтті киімге қолданылатын қосымшалар мөлшерін атап беріңіз.

  4. Сызба торын тұрғызу үшін фигураның қандай өлшемдері қолданылады?

  5. Негізгі конструкция сызбасының базалық торды құрайтын сызықтарды атаңыз.

  6. Әр түрлі деңгейдегі бұйымдар үшін артқы бой орта сызығын қалай тұрғызуға болады?

  7. Артқы бойдың мойын сызығын қалай тұрғызамыз? Бұл кезде фигураның қандай өлшемдері қолданылады?

  8. Артық бойдың иық нүктесінің орналасуын қалай анықтауға болады? Бұл үшін фигураның қандай өлшемдері пайдаланылады?

  9. Артқы бойдың қолтық ойындысын қалай тұрғызады?тұрғызылуға қандай қосымша нүктелер қажет?

  10. Алдыңғы бойдың мойынның жоғарғы нүктесінің орналасуын қалай табуға болады? Бұ кезде қолданылатын фигура өлшемдерін атаңыз.

  11. Алдыңғы бой бүкпесінің орналасуын қалай аңықтайды?

12. Алдыңғы бой бүкпесін қалай тұрғызады?

13. Алдыңғы бойдың иық нүктесінің орналасуын қалай анықтайды?

  1. Алдыңғы бойдың қолтық ойындысын тұрғызу үшін қандай нүктелердің орналасуын анықтай қажет?

  2. Алдыңғы мен артқы бойда орналасқан бүкпелер шамасын қалай анықтаймыз?

6 дәріс

Тақырыбы: 3. Қондырма жеңнің конструкциялау әдістері мен конструкциясының сипаттамасы.

3.1 Қондырма жеңнің негізгі конструкциясын тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.

3.2 Жең сызба торының тұрғызылуы.

3.3 Қондырма жеңнің негізгі сызбасының тұрғызылуы.

3.1 Қондырма жеңнің негізгі конструкциясын тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.

Жеңді тұрғызу кезінде ең басты мәселе окаттың формасы мен өлшемінің анықталуы, ол бойынша жең бұйымның алдыңғы бойынан бөлініп, бұйымның қолтық ойындысына сырып тігіледі. «бұйымның алдыңғы ойы – жең окаты» түйіні бұйымның конструкциясында күрделі болып келеді. Бұл нүктелер бойынша дұрыс емес әр түрлі сипатты екі қисықты тұрғызуды қажет болатына байланысты, көп жағдайда олар фигура өлшемдеріне тура байланысты емес. Олар тек қосымша есептелу және тұрғызылу кезінде анықталады. Сондықтан да, жең окатының тұрғызылуы тұрғызылған бұйымның қолтық ойын сызбасының базасында мақсатты келеді. Бұл жағдайда бұйымның қолтық ойындысымен ілесетін окатты алуға болады.

Қондырма жеңнің негізгі конструкция сызбасының тұрғызылуы үшін негізгі мәліметтер болып табылады:

-«иық айналымы» фигарының өлшенуі Оп;

-бұйым моделінің мөлшеріне байланысты болатын жеңнің өлшемдері: жең ұзындығы Др, дайын күйіндегі жеңнің төменгі ені Шрук вн;

-бұйым конструкциясының негізгі сызбасында орындалған қолтық ойындысының өлшенуі: қолтық ойындысының ұзындығы Дпр, окат биіктігі Вок; иық орнамына берілетін қосымша Поп.

Иық орамын Оп фигураның өлшенуімен анықталады; бұл өлшеміне берілетін қосымшаны ПОП ассортимент пен қыналу деңгейіне сәйкес таңдалынады.

Жеңнің төменгі енін және ұзындығын модель бойынша анықтайды.

Қолтық ойындысының ұзындығын Дпр (1 сурет) Пi нүктесінен П5 нүктесіне дейін қырынан металл сызғышпен бұйым конструкциясының негізгі сызбасында қолтық ойындысын өлшенуімен анықтайды.

Жеңнің окат биіктігін Вок дәл солай, бұйым конструкциясының негізгі сызбасында қолтық ойындысы бойынша анықтайды, ол үшін:

- П1 және П5 нүктелерін түзумен қосады, шыққан қиындыны екіге бөледі де, пайда болған нүктені О әріпімен белгілейді.

П10 = П1П5/2.

- О нүктесінен қолтық ойындысының тереңдігіне перпендикуляр түсіреді. Перпендикулярдың көлденең сызықпен қиылысқан нүктесін 01 деп белгілейді. О1О2, тең Вок<= 0102= ОО1 - ОО2, мұндағы ОО2 қиындысы — қол бұлшық етінің дельталы даму деңгейіне байланысты болатын өлшем:

Кеуде айналымы 88,0-92,0см болатын фигуралар үшін 2,5см;

Кеуде айналымы 96,0... 104,0см болатын фигуралар үшін 2,0см;

Кеуде айналымы 108,0... 116,0см болатын фигуралар үшін 1,5см;

Кеуде айналымы 120,0 см және одан жоғары болатын фигуралар үшін 1,5см.