Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кши лекц. - для УМКД.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.7 Mб
Скачать

2.1 Әйелдің иық бұйымының сызбасын тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.

Кесте 1

Өлшемнің белгіленуі

Өлшемнің аталуы

Р

Сш

Сг1

Сг2

Сг3

Ст

Сб

Шг

Цг

Дтс2

Дтп2

Вг2

Впрз2

Впк2

Шс

Оп

Шп

Др

Ди

Бой ұзындығы

Мойынның жарты айналымы

Кеуденің бірінші жарты айналымы

Кеуденің екінші жарты айналымы

Кеуденің үшінші жарты айналымы

Белдің жарты айналымы

Бөксенің жарты айналымы

Кеуде ені

Емізікше нүктелерінің арасындағы арақашықтық

Мойын негізінің иық тігісі жобаланатын бел сызығынан артқы жоғарғы нүктесіне дейінгі арақашықтық

Мойын негізінің иық тігісі жобаланатын жоғарғы нүктесінен алдынан бел сызығына дейінгі арақашықтық

Мойын негізінің иық тігісі жобаланатын жоғарғы нүктесінен кеуденің шығыңқы нүктесіне дейінгі кеуде биіктігі

Мойын негізінің иық тігісі жобаланатын жоғарғы нүктесінен артқы қолтық ойындысының деңгейіне дейінгі арақашықтық

Омыртқамен бел сызығының қиылысу нүктесінен жобаланатын иықтың шеткі нүктесіне дейінгі иықтың қисық биіктігі

Арқа ені

Иық айналымы

Иық ені

Жең ұзындығы (модель бойынша)

Бұйым ұзындығы (модель бойынша)


2.2 Бұйым негізінің сызба торының тұрғызылуы

Тордың тұрғызылына тордың есептелген ені, артқы мен алдыңғы бойдың ендерін шектейтін тік сызықтарының орналасуы және қолтық ойындысының есептелген ені әсер етеді.

Тордың жалпы ені А0а1 қиығымен шектеледі, ол кеуде сызығы бойынша бұйымның еніне сәйкес келеді.

А0а1 = Сгщ+ Пг+ 0,3...1,5 см.

Соңғы мәннің мөлшері бұйымның формасы мен силуэтіне байланысты болады. Оның аз мәнін тік және жартылай қынамалы силуэтті көлемді бұйымдарда пайдаланса, ал үлкен мәндір – жартылай қынамалы және қынамалы сиуэтті аз көлемді бұйымдарды пайдаланылады.

Егер бұйымның конструкциясында бүкпелер тігістер мен бедерінде орналасса, онда А0а1 қиығын осы тігістер мен бедердегі бүкпелер мөлшерін арттыру қажет:

0,5... 1,5 см бір бүкпе болғанда (жан тігісінде);

1,5...2,5 см — екі бүкпе болғанда (жан тігісінде жәнебір бедерінде);

2,5...3,0 см — үш бүкпе болғанда (жан тігісінде және екі бедерінде).

Бұйымның толық енінің артқы еніне, алдыңғы бой еніне және қолтық ойындысының еніне бөлінуін, артқы енінің Шс, кеуде енінің Шг және бұл бөліктеріндегі артық қосымшаларының өлшемдеріне сәйкес келеді. Артқы ені А0а бөлігіне сәйкес келеді:

А0а = Шс + Пшс,

Алдыңғы бойдың ені а1а2 қиығымен есептеледі:

а1а2 = Шг+ (Сг2- Сг1) + Пшп.

аа2 қиығы қолтық ойындысының еніне сәйкес келеді:

аа2 = А0а1 - (А0а+ а1а2).

аа2 қиығы 2-кестеде көрсетілгендей өлшем мәндерінен кем болмау керек.

Кесте 2

Бұйым түрі

Кеуде айналымы бар типті фигураларға арналған қолтық ойындысының минималды ені, см

88

92

96

100

104

108

112

Көйлек

Жакет

Мусымдық пальто

11,5

12,2

12,9

12,1

12,8

13,5

12,7

13,4

14,1

13,3

14,0

14,7

13,9

14,6

15,3

14,2

14,9

15,6

14,7

15,4

16,1