Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тұрғын халық экзамен ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.18 Кб
Скачать

Жұмысбастылық экзамен жауаптары

1.Еңбек ұғымына социологиялық категория ретінде сипаттама беріңіз

Еңбек әлеуметтануы - XX ғасырдың 50-60 жылдарындағы кейбір француз әлеуметтанушыларының еңбектерімен байланыстырылатын ұғым, олар индустрия өлеуметтануындағы зауытқа байланысты негізгі бағытты (негізінен ағылшын-саксондық) жаңа бір сын тезіне алды. Бұл әдебиетке К.Маркс бір жағынан жұмысты ұйыдастырудағы, технологиялардағы және өңдірістегі өзгерістер мен екінші жағынан жеке басты шеттету таптық жөне әлеуметтік-саяси қатынастар арасыңдағы байланысты табуға тырысқан байланыстар қалпына келтірілді. Ағымның негізгі өкілдері Жорж Фрэдман, Мишель Крозье, Пьер Навиль, Алан Турэн және Серж Малле, олардың еңбектерінің көпшілігі ағылшын тіліне аударылған. Малленің еңбектері жаңа жұмысшы табының дүниеге келгені туралы маңызды пікірталаска түрткі болды. Бірақ еңбек әлеуметтануында әдетте бола беретініндей, оның дәстүрлі ұстанымдар мен соқыр сенімдерге сыны техникалық және технологиялық детерминизммен шектелді. Олардың солшыл бағыттағы ағылшын зерттеулері мен ой ағымына ықпалын қазір біліктілік және білікті жұмысшылар санының қысқаруы, еңбек процесі, постфордизм және икемді жұмыспен қамту туралы кейініректегі айтыстармен тұмшаланды. Майкл Роуздың "Servants of Post-Industrial Power?" (1979) атты еңбегі осы ғылыми бағыттың тарихы мен теорияларын, жұмыстарын талдаудың ағылшын тілінде жазылған тамаша үлгісі болып табылады. Еңбек социологиясы – еңбекті әлуметтік процесс, әлуметтік еңбектің қарқындылығын арттыру факторлары, техника және технологиялық, қызметтің, жағдайлардың, адамның еңбекке деген көзқарасына әсері түріндегі еңбектің мәселелерді зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы. Еңбек социологиясының үш басты аспектісін бөліп көрсетуге болады.

Біріншіден, еңбек социологиясы – бұл адамдардың еңбек құралдарымен және заттарымен өзара әрекеттестік заңдылықтары және сол заңдылықтардың еңбек ұжымдарында және жеке адам қызметіндегі әрекеті және көріну белгілері. Мұнда адамның ұжымның жаңа технологиялық үрдістерінің даму жағдайындағы және экстремалды еңбек жағдайындағы (шахтерлар, атомдық электростанциялар және тағы да басқа жұмысшылар) қызметімен байланысты мәселелер жиынтығы талданған.

Екіншіден, еңбек социологиясы – бұл адамның және ұжымның еңбекке, оның сипатына, мәніне, жағдайына деген көзқарас жиынтығы. Мұнда адамның және ұжымның еңбекке байланысының материалдық мүддесі, еңбектің мәні, еңбектің бүтіндей мағынасының себептері талданады.

Үшіншіден, еңбек социологиясы – кәсіпорын, ұжымның әлеуметтік ұйымы, яғни позициялар, рөльдер, құндылық және ұжымдағы жұмысшылар арасындағы байланыс жиынтығын тудырушы ерекше қатынастар жүйесі. Мұнда еңбек социологиясының зерттеу саласына әртүрлі еңбек құрылымына байланысты, оның функцияларына байланысты (ұжымның әлуметтік-психологиялық мәселелеріне, ондағы қақтығыстар, ұжымдағы басқару тәсілдері, басқарушылар мен лидерлер арсындағы қатынас және т. б.) мәселелер кіреді.

Еңбек социологиясының категориялары

Еңбек социологиясының басты категориялары мыналар: еңбектің мәні, еңбектің сипаты, еңбек жағдайлары, еңбекті ұйымдастыру, еңбек түрлері, еңбектің қызметтік-себептіптік құрылымы, қызметке қатынас т. б.

Еңбектің мазмұны – бұл өндіруші қызметі саласымен жасалған еңбек операциясының түрлері, мүмкіншілік және өндірістік процесс үстіндегі шешім қабылдаудағы жаңалық деңгейіне байланысты бөлуді ескеретін еңбектің сипаты.

Еңбек категориясы жұмысшылардың әртүрлі еңбектік қызметтерге (физикалық немесе ой еңбегі, аграрлы немесе индустриалды, ұйымдастырушы не атқарушы, жай немесе күрделі) бекітілуін көрсетеді.

Еңбек жағдайлары әлуметтік-экономикалық, гигиеналық, ұйымдастырушылық жағдайларды қамтиды.

Еңбекке қатынас (көзқарас) — бұл индивидттің еңбек заттары, құралдары, өнімдерімен және өндіруші ортамен байланысының сипаты. Еңбекке қатынас индивидтің қоғаммен негізгі байланысын көрсетеді және еңбектің қоғаммен бағалануы (бедел, әлуметтік статус) арқылы көрінеді.