Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гулжайна Г-11 ++++.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464.38 Кб
Скачать
    1. Жаңа ғасыр мектебінде география сабағына қойылатын талаптар

Сабақта дәстүрлі емес сабақ түрлерін тиімді пайдалана білу оқушы белсенділігін артырады. Физикалық және материктердің физикалық географиясы бойынша ойын – сабақ, викториналық–сабақ, сабақ – конкурс, топтық сайыс сабақ, географиялық саяхат сабақ, жазу сабағы, 8, 9, 10–сыныптарда Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясы шет елдер географиясын өткен кезде интеграциялық сабақ, блок сабақ, сабақ – конференция – реферат немесе – оқушылардың өздік шығармашылық жұмыстарын қорғау сияқты сабақ түрлерімен толықтырылады.

Сабақта алған теориялық білімін жергілікті жерде табиғат пен қоғамның арақатынасын күнделікті зерттегенде өмірде қолдана білу.

Психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша ауызша тыңдаған сабақтың 30% - н, көзбен көрген сабақтың 50% - н, тәжірибе жасаған сабақтың 80% - н есінде қалады. Осы мақсатта негізгі ескеретінім:

1. Жергілікті жер туралы географиялық білімін жетілдіру үшін, өлкетану жұмысын сыныптар бойынша жүйелі, тізбекпен жүргізу; жергілікті жердің табиғаты (рельеф, су, климат, өсімдік, жануар, топырақ), халықтық шаруашылық әрекеті (табиғат ресурсы, ауыл шаруашылық өндірісі, шикізаттары, ауданның табиғаты, шаруашылығы; облыстың табиғаты, шаруашылығы.).

Бұл жұмыстарды география үйірмесінде (топ серуен, жорықтар), факультативтік сабақтарда және географиялық қоғамда материалды жинақтап, қорыту арқылы жүргізуге болады.

2. Оқу – тәжірибелік, сарамандық жұмыстарды көбінен сабақта жүргізцуге маңызы зор. Оларды бірнеше түрге бөлуге болады: математикалық, экономикалық есептер: шеңберлі, бағынды диаграммалар: графиктер сызу, статистикалық кесте; сурет, карта, глобуспен жұмыс.

География сабағында осы жұмыстарды жетілдіре енгізу нәтижесінде оқу сапасын жоғары көтеруге болады.

Сабақта экономикалық білім берудің бірнеше әдіс – тәсілдерін: табиғаттағы көркемдікті сезіне білуге үйрету; қоршаған ортаның өзгерістерін байқау, бақылау; өлкетану жұмыстары арқылы зерттеу, зерделеу; қоршаған ортаның ласмтануы жайлы ғылыми материалдарды жинақтау; көгілдір экрандағы хабарлар арқылы пайдалануға болады.

Экономикалық білім мен танымды қалыптастыру өте күрделі мәселе. Ол үшін статистикалық мәліметтерді; нормативті актілерді; жаңа шыққан заңдарды; қоғамдағы экономикалық өзгерістерді сабақта жүйелі пайдалана білу шарт.

Экономикалық түсініктерді жаттап алу немесе бір сәтке игеріп кету мүмкін емес. Экономиканы тікелей өмірдегі мазмұнымен ұштастыра отырып түсіндіру мұғалімнің біліктілігін, дүниетанымының кеңдігін қажет етеді.

2. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми – зерттеу жұмыстарына араластыру, дарынды оқушылармен жұмыс.

3. Жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен интернет арқылы қашықтықтан өздігінен білім алуға үйрету.

4. Оқу үрдісін ізгілендіре отырып оқытудың дамыту функциясына басты назар аудару жаңа технологиямен пайдалану

5. Оқушыларды өлкетану жұмысына тарту, оқу – тәжірибелік, сарамандық жұмысын жетілдіру.

6. сабақты гуманизациялау мен демократияландыру.

7. Экономикалық – экономикалық білім беру, танымды кеңейту.

ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасырында география сабағы да ақпараттануы керек. География пәнінің мұғалімі информатикадан хабары болуы шарт. Компьютер, интернет жүйесімен байланысқа түсу керек. Бұл жүйе әлемді ғылыми орталықтандыруға, кітапхана ақпараттарына кіруге, өздігінен білім алуға, ой-өріснің өсуіне, квалификацияның жоғарылауына жағдай туғызады. Мысалы, мұғалімнің бір ғана лекциясын әлемнің түкпір – түкпіріндегі миллиондаған адам тыңдайды. Бұлай оқу – мобильді, дәстүрлі, әрі арзан.

Оқытудың жаңа технологиясы оқушының іс - әрекетінің жоспарланған нәтижесіне жетуді қарастыратын жаңа әдістердің жиынтығынан туады. Оның бұрынғы белгілі дәстүрлі оқыту технологиясынан айрықша ерекшелігі мынандай: оқушының интеллекуталды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы; оқушы мен оқытушының белсенділігі сайма – сай болуы; мұғалім мен шәкірттің өзара қарым – қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі; алдыңғы қатарлы ойшылдардың зерттеу жұмыстарын сабақта тиімді рпайдалана білу, дамыта оқыту арқылы оқушының ғылымды игеруіне дербестік қасиетін қалыптасытру.

Оқушының өз жауапкершілігін өзі түсініп, өзіңне қойылған міндетті шешіп, өз бетінше ізденіп, талдап, өз пікірін, көзқарасын қалыптастыру деңгейіне жету үшін үнемі даму үстінде болуын қадағалау қажет. Мұғалімге жаңа міндет жүктеліп, озық педагогикалық бағыт – дамыта оқыту идеясы басшылыққа алынады.

Мысалы, 10 – сыныпта оқушылардың тақырып бойынша оқу ниеттерін құрастыруына, кітаптағы білім алу және икемділік қалыптастыру блогы мен өзіңді - өзің және жолдасыңды тексер блогымен жұмыс жасауына айрықша мән беріледі. Осы әдіс-тәсілдерді игеру нәтижесінде оқушылардың ой-танымдық іс-әрекеттері, оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыр нәтижесінде жемісін көруге болады.

Түсбағдар, көкжиек, сұлба деген тақырыптарды білмей, жердің сұлбасын сызу мүмкін емес, ауа туралы алғашқы ұғымды түсінбеген оқушы атмосфера тақырыбын толық игере алмайды. Судың қасиетін, маңызын білмеген оқушы гидросфера тарауында үлкен кедергіге ұшырайды.

Оқушының географиялық білімін жетілдірудің негізі-оқушының өз бетінше ізденуі, мұғалімнің әдістемелік көмек көрсетуі оқушы кітап көлемімен шектеліп қалмай, қосымша білім көздеріне сүйенуі керек.

Оқытуда түпкі мақсатқа жету үшін мұғалім ізденісі шешуші роль атқарады. Неміс педагогі Адльф Дистервег ХІХ ғасырдың өзінде – ақ «жас мұғалімнің негізгі кемшілігі-өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы» - дегшен болатын. Жаман мұғалім шындықты (білімді) өзі айтып хабарлайды, жариялайды, ал жақсы мұғалім күнделікті сабақта проблемалық ситуация жасай білсе және бір сабақтан екінші сабақты түрлендіріп өткізе білсе, ол оқушының өзіндік ізденісіне жол ашады.

Жалпы білім беретін мектептегі барлық оқушы бірден өзіндік ізденіс жұмысымен айналыса алмайды. Шығармашылықпен айналысатын баланың өз бойында туа біткен дарыны болуы шарт немесе пәнге деген қызығушылығы басым болуы керек. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ғана ұштай алады. Шығармашылық арқылы баланың таным мотиві қалыптасады.

Өйткені таным арқылы балаға оқу балаға құлшыныс және тұрақты қызығу әкеледі.