Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гулжайна Г-11 ++++.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464 Кб
Скачать
☆

Жеке оқушының таным процестері

Ойлаудың түрлері

Негізгі ойлау операцияларының қалыптасуы

Көрнекі бенелілік

Көрнекі іс-әрекеттік

Сөздік қисынды

Талдау

Топтау

Салыстыру

Негізгісін бөліп көрсету

Шолу

Икемділігі

шапшаңдығы

Жеке оқушының зейіні

Зейіннің қасиеттері

Зейіннің түрлеі

Тұрақтылық

Шоғырлануы

Бөлінуі

Ауыстырылуы

Көлемі

Таңдап

алынуы

Ерікті

Еріксіз

Ерікті зейіннен кейінгісі

Жеке оқушының қабілеттері

Жалпы ақыл-ой

Арнаулы

Дарындылық

Талант

Музыкалық

Лингвистикалық

Әдеби

Көркем сурет

ұйымдастырушылық

Спорттық

Техникалық

Коммуникативтік

Математика

лық

3.2 Оқушылардың ақыл-ойын дамытудағы ұйымдастырылатын танымдық іс-әрекет формасы

Географиялық ойындар еркін шығармашылық іс-әрекет ретінде оқушының ойын, қиялын дамытатын, сөздік қорын молайтып өз бетімен ізденуге, еңбектенуге дағдыландырады. Сонымен қатар, оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігі арттыратын, ойлау қабілетін дамытуға, ұжымшылдыққа тәрбиелейді және тапқырлыққа, алғырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелейді. Ойын үстінде оқушы іскерлік пен түрлі дағдыны меңгеріп, бекітуге, қорытынды жасауға баулиды. Кез-келген сабақты даярлағанда және өткізгендегі сияқты іскерлік ойындардың мақсат-міндеттерін анықтап алу керек. Осы үш бірлік мақсат оның іске асыру жолдарына бағыт-бағдар береді. Іскерлік ойындарды өткізудің әдіс-тәсілдерінің үлгі-жоспары:

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік

Негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгеру.

әлеуметтік экономикалық жүйенің элементтері мен олардың арасындағы байланысты дамытуға бағыт-бағдар беру.

Кәсіптік көзқарасты қалыптастыру

Статистикалық зерттеулер жасау, әр түрлі ақпараттар ағынымен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Қазіргі экономикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал жасау.

Шешім қабылдауда кәсіби көзқарасты қалыптастыруға қоғамдық бағыт-бағдар беру.

Дәлелді де дәйекті шешімдер қабылдауға үйрету.

Іскерлік қабілеттерін дамыту.

Табиғи ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу керектігін дәлелдеу. Мәселелерді шешуде барлық ойынға қатысушылардың мүдделерін есепке алу.

9-сыныпта тәжірибеде пайдаланылып жүрген іскерлік ойындар мынадай тараулардан тұрады:

Оқулықтың тарауы

Экономикалық ұғымдар

Қазақстан халқы

Еңбек ресурстары

Қазақстанның халық шаруашылығы

Мамандандыру өзіндік күн, тиімділік, шоғырландыру, құрамдастыру

Қазақстан экономикасы

Нарықтық экономика, дәстүрлі экономика

Қазақстан халқы тарауында «еңбек ресурстары» деген ұғымды қалыптастыруға, іскерлік ойын ұйымдастыруға болады. Мұнда мұғалім өзі кәсіпкер, өндірісті ұйымдастырушы болады. Ойын ІІ кезеңнен тұрады. Ол өндерісте еңбек ететін адамдардың бойындағы қасиеттердің білім, білік, дағдыларын көрсете білуі керек. Бұл ойын-сабақтың мақсаты: «Еңбек ресурстары» ұғымдарын қалыптастыру, жұмысшылар сапасын анықтайтын факторларды қарастыра отырып, оқушылардың білімін, кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады. Әр оқушыға төмендегідей жеке құжат бланкісі беріледі:

Фамилиясы --------------------

Аты------------------------------

Туған жылы------- айы------ күні--------

Оқушылардың әрқайсысы құжаттарын толтырғанан кейін рөлдерге бөлінеді. Барлық оқушылар жалдамалы жұмысшылар ал, мұғалім өндірісті ұйымдастырушы ретінде болады. Сонымен бірге, оқушыларға жас шамасы шектеулі екенін түсіндіре кетуі керек, сонан кейін өндірістен немесе фабрикадан шығарылатын киімдердің макетімен таныстырылып, дайын шаблондар таратылып беріледі. Оқушылар осындай шаблондарды өздерінің қатты қағаздарына желімдейді. Ойынның 1-ші кезеңінде әрбір оқушы киімдерді жеке-жеке дайындайды. Ойынның екінші кезеңінде жұмыс күрделене түседі. Жұмысты қорытындылай келе жетістікке жеткен оқушылардың жұмысына көңіл бөлу. Жұмыстың қорытындысын талдау эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Үй тапсырмасын сауалнама түрінде жүргізеді.

Іскерлік ойындарды өткізудің әдіс-тәсілдерінің үлгі жоспары:

-ойынның аты;

-қысқаша сипаттамасы

-жаңа ұғымдар

-Ойынның мақсаты мен міндеті

-Алдын-алаберілетін тапсырма лар

-ролдерге бөлу,

-ойын жағдайына кіру.

Ойынның кезеңдері

-ойынының қорытындысы.

-Ойынының нәтижесін талдау.

-Үй тапсырмасы .

Білім бәйгесі.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, сабақта алған теориялық білімдерін дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру мақсатында 5,6 сыныптар үшін «Білім бәйгесі» танымдық ойыны өткізіледі. Ойын барысында география пәнімен қатар қазақ тілі, тарих, математика пәндерінен де қосымша сұрақтар қойылды, яғни пәнаралық байланыстар ұйымдастырылады. Бәйге –қазақтың ұлттық ат жарысы. Беллгілі бір мерекелі күндерде аста, тойда, аламан бәйге жариялау-қазақ халқының ежелгі дәстүрі. Бәйгеге қосылған аттар түстік, күндік жерге, ұзақ қашықтыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл де, сай да, тау да болуы мүмкін. Бұл бәйгеден озып келу аттың жүйрік те, төзімді болуына, шабандоздың шеберлігіне байланысты. Сөйтіп, «Білім бәйгесінің» ұраны «Күш білімде». Оқушылар «Құлагер» және «Керқұла» атты екі топқа бөлініп, білімдерін жарыстырады. Бәйге 7 жарыс түрінен болады.

  1. Тіркелу.

  2. Жорға жарыс.

  3. Желіс жарыс.

  4. Теңге алу.

  5. Қыз қуу.

  6. Аударыспақ.

  7. Бәйге төбе.

1-Тіркелу. Шарты. Әр топ өз тобының атын, төсбелгісін, газетін қорғайды да, жарысқа топтарын тіркейді.

2-Жорға жарыс. Шарты. Сұрақ-жауап. Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.

  1. Қазақстан қай материкте орналасқан?

  2. Қырғызстан президенті.

  3. Желдің бағытын анықтайтын құрал.

  4. Қазақ халқының батырлар жырын атаңыздар

  5. Қазақтың тұңғыш географ –ғалымы.

  6. Экватордың ұзындығы.

  7. Жердің құрылысы.

  8. Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы не деп аталады?

  9. Қазақстанның астанасы.

  10. Францияның президенті.

3-Желіс жарыс. Шарты. Табиғат туралы мақал-мәтелдерден жарыс. Бірінші топ бастайды, екінші топ сол мақалды аяқтайды. Топ мүшелері кезектесіп отырады.

4-Теңге алу. Шарты. Топ мүшелері қызықты сұрақтарға жауап береді. Әр топқа үш сұрақтан беріледі.

5-Қыз қуу. Шарты. Әр топтан екі жұп шығарады. Бұлар бір-біріне 5 сауалдан береді. Егер қуып жетсе, арнайы дайындалып әкелген сыйлықтарын береді.

6-Аударыспақ. Шарты. Географиялық жұмбақтардың шешуін табады.Әр топ дайындап келген жұмбақтарын бір-біріне жасырады.

7-Бәйге төбе. Шарты. Білім бәйгесі қорытындыланып, жеңімпаз топ анықталады.