- •Қызылорда-2015 қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «болашақ» университеті
- •5В011600 – «География» мамандығы
- •Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «болашақ» университеті
- •5В011600 – «География» мамандығы
- •4 Курс г-11 оқу тобының
- •Дипломдық жұмысты орындауының жоспар-кестесі
- •Мазмұны
- •1 Оқушылардың таным мүмкіндіктерін дамыту
- •География пәндеріндегі оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру жолдары
- •1.2 Оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары
- •Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу
- •2. Шығармашыл ұғымының сипаттамасы, бөліктері
- •3. Қиял және шығармашылық
- •4. Шабыт және шығармашылық
- •Жаңа ғасыр мектебінде география сабағына қойылатын талаптар
- •2 География сабағында оқушылардың танымдық әрекетін белсендіретін әдіс-тәсілдер
- •2.1 Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері
- •Сызықтық жазуларды пайдаланудың тиімділігі.
- •География пәніндегі ғылыми-теориялық және практикалық тәсілдер
- •Өлкетанудағы зерттеушілік іс-әрекетте оқушылардың белсенділігін арттыру
- •3 Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру
- •3.1 Сабақта оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін қалыптастыру Сабақта оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін қалыптастыру
- •Танымдық процестің дамуы
- •Жеке оқушының таным процестері
- •Жеке оқушының зейіні
- •Жеке оқушының қабілеттері
- •3.2 Оқушылардың ақыл-ойын дамытудағы ұйымдастырылатын танымдық іс-әрекет формасы
- •Оқушылардың өздік жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру.
- •1. Танымдық дәрежеге оқулықтағы маңызды нәрсені бөліп, мағынасына қарай топтастыру жатады.
- •3.3 География сабағында оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру
- •Оқушының таным процестерін зерттеу картасы
- •Қоршаған ортаға көзқарасы
- •Оқушының таным процестері
- •Сабақта түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалану
- •1. Кескін картада белгіленген обьектілерді атаңыз.
- •Жаңа сабақты пысықтау
- •Торнадо
- •Жаңа сабақты қорытындылау
- •Бағалау (рейтингілік) Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу
Қазіргі таңдағы әлеуметтік – экономикалық талап – тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап тұр. Өмір талабына сай тұлға тәрбиелеудің ерекшелігі оның үздіксіз жүргізілу қажеттілігінде. Тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның кішкентай кезінен бастап есейген кезіне дейін жүреді. Үздіксіз білім беру жүйесіне рухани бай, жоғары мәдениетті және мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік институттар енуі керек.
Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Адамның дамуы – ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді, қарама – қайшылықты үрдіс. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторға: тегі, ортасы және тәрбиеге тығыз байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысы мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп, дамиды, қоғамда болып жатқан іс - әрекеттерге көзқарасы қалыптасады, нығаяды. Тұлға – біртұтас жүйе. Біртұтас жүйе ретінде адам өзін-өзі дамытып отырады. Педагогикалық негізгі мақсаттарының бірі – тұлғаны біртұтас жүйе ретәінде тәрбиелеу. Тұлға– сана иесі шығармашыл адам – жасампаз тұлға өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады.
К. Платонов тұлғаның төрт құрылымын айқындайды. Әлеуметтік жағдайына сәйкес мазмұндық белгілері, тәжірибесі, болмыстық көрінісі ретінде тұлғаның психикалық үрдістерінің жеке ерекшеліктеріне байланысты болмысты бейнелейді. Өмірде үйренген қасиеттерінен гөрі туа біткен қасиетері басым болып табылады, биопсихикалық құрылым.
Біз тұлғаны толыққанды жүйе деп есептесек, оның психикалық қасиеттері негізгі орынды алады. Бұл жүйе табиғи қасиеттері мен қоғамдық тәжірибені меңгеру барысында дамиды. Тұлғаның тұтастығы мен бірлігі әр алуан және қарама – қайшылықтардың жиынтығы болып табылады. тұлға жеке оқиғалар ғана емес, қоғамдық өмірдегі маңызды оқиғаларға да байланысты. Әсерленіп, ашылады. Соған сәйкес туындайтын көзқарас пен іс - әрекет те әр алуан болады. Тұлға іс- әрекеті, өзіне және айцналасына қарым – қатынасы арқылы шығармашылық қабілетке айналдырудың, осы әрекетке педагогикалық басшылық етудің маңызы зор.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, жалпы дамыту, еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жеке қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұштау, тұлғалыққа бағыттау.
Шығармашылық бағыттың дамуы адамның өзін тұлға сезіну мен айналасына өзіндік көзқарасы болуына байланысты, шығармашылық бағыттың дамуына денсаулығы, психикалық қызметінің дамуы, негізгі шарты - әлеуметтік даму жағдайы негіз болады.
Баланың шығармашылық қасиеті кішкентайынан көріне бастайды, себебі, шығармашылық – бала дамуының қалыпты жағдайы.
Алайда шығармашылыққа бейімділік, бірте – бірте жоғала бастайды, ол балаға да, қоғамға да кері әсер етеді. шығармашылықпен тұрақты және саналы айналысатын және өз мүмкіндігін жүзеге асыра алатын адам өмір талабына, өзгермелі еңбек шартына, өзін - өзі тәрбиелеуге, өзін - өзі жетілдіруге тез бейімделеді.
Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, өмірі қызық, мақсаттарынжүзеге асыру барысында өз жолын өзі ашып, кедергілерді жеңе алады, үздіксіз алға жылжып отырады.
И. Павлов «Мақсатқа ұмтылған, бір мақсаттан соң екінші мақсат қойып отырған адамның өмірі қызық әрі күшті болады. Өзінің өмірдегі мақсатына ұмтылудың арқасында өмірі жаңарып, мақсат рефлексі қалыптасады. Бұл рефлекстің мәні мақсатқа ұмтылуда» деген.
Психологтар адам бойындағы биологиялық және әлеуметтік бастауды төртке бөледі:
1) адамның темпераменті, жас және жыныстық ерекшеліктері;
2) адамның психологиялық әрекеттері мен жағдайын қамтитын қалыптасқан қасиеттері.
3) әлеуметтік деңгейі, тұлғаның тәжірибесі. Бұл жерде биологиялық жағынан әлеуметтік жағының рөлі басым;
4) тұлғаның іс-әрекетінің, мақсатының бағыты. Ол тікелей әлеуметтік жағдайға байланысты. Әрбір бөлік бірін-бірі дамытып отырады. Шығармашылық бағыт төртінші бөлікке кіреді. Тұлғаның қалыптасуы алдыңғы үш бөлікті дамытады, жан-жақты дамыған әлеуметтік тұлғаны қалыптасытрады. Ал шығармашылық бағыттағы адамның қажеттілігі, қызығуы, идеяларды мақсаттарын жүйелейді, айқындайды. Шығармашыл тұлға шығармашылық іс - әрекетте болады, іс - әректтің барлық түрінде шығармашылықпен дамиды.
Балалық кезеңде шығармашылық бағыт оқу-тәрбие үрдісінде тиімді дамиды. Нәтижесінде баланың білімі, белгілі бір қабілеттері артады. Ол әр алуан жолмен, әсіресе, эстетикалық тәрбие құралдары арқылы жүзеге асады.
Эстетикалық тәрбие педагогикалық үрдіс ретінде оқушының болмысқа және өнерге көзқарасын қалыптастырады. Болмыс пен өнер адам өмірінде үлкен роль атқарады.
Сонымен шығармашыл тұлға болу дегеніміз – дүниені тану және жаңарту арқылы тұлғаның болмысқа көзқарасын айқындауы.
