Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гулжайна Г-11 ++++.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464.38 Кб
Скачать

1 Оқушылардың таным мүмкіндіктерін дамыту

    1. География пәндеріндегі оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру жолдары

Кез-келген елдi болашағы бiлім беру жүйесiнің және зиялылықтар қауымының деңгейiне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерiмен тең дәрежеде білiм беру қажеттiлiгi туындап отыр.

Бүгiнгi таңда ХХI ғасыр табалдырығын еркiн аттаған азат ұрпаққа тәлiм-тәрбие және бiлiм берудi жетiлдiрудiң басым бағыттарын айқындауда мектептiң ролi зор. “Қазақстан-2030” стратегиясы анықтап берген бағыт-бағдарға сәйкес республиканың білiм жүйесiнiң алдында тұратын жауапты мiндеттердiң бiрі Қазақстан Республикасының дамуына, егемендi елiмiздiң өсiп-өркендеуiне өз үлесiн косар бiлiмдi, мәдениеттi жастар тәрбиелеу болып табылады.

Осы аталған мiндеттердi орындау барысында Қазақстан Республикасында бiлім берудiң мемлекеттiк жалпыға міндеттi стандартының талаптарына сай елеулi іс-шаралар жасалуда. Бiлiм беруде оқушы өзi ізденiп, тақырьпты оқып, түсiнiп, тақырып аясын кеңiтсе, жолдастарымен ой бөлiссе, өз бiлгенiн көпшiлiкке жүйелi түрде жеткiзе алса, онда ұстаз еңбегінің нәтижелi болғаны. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдсiнде мұғалiмге басымдылық рөл берiлсе, қазiргі оқу үрдiсiнде оқушы белсендiлiк көрсетуi тиiс. Яғни, мұғалiмнiң оқытуы, оқушының оқуы тұйық шеңбср түзу керек. Оқытудың негiзгi мотивi — таным мотивi, өйткенi таным арқылы оқу балаға құлшыныс және тұрақты қызығу әкеледі. Академик ЮН. Бабанский өзiнің “Оқу-тәрбие процесiн оптималдандыру” деген еңбегінде (1962 ж. Просвещение) танымдық әдiстердi мынадай 2 топқа жинақтайды.

1. Оқушылардьщ оқу-таным кызметiн ұйымдастыру әдiстерi 2. Оқу-таным қызметінің тиімділiгiн бақылау әдiстерi

Әр топ бірнеше әдiс-тәсілдерден тұрады.

1. Ауызша баяндау (әңгiме, түсіндіру, лекция). Ауызша баяндау әр жалаң сөз болмау керек. Сабақты түсiндiргенде Шаталов әдiсiмен тiрек-сызбаларды сызу, Венн диаграммасы арқылы салыстырмалы сипаттама жазу әдiстерi, тақырыптағы негiзгi ойды бiлдiретiн сөздердi тауып, сараптама жасауға дағдыланады. (Мысалы, “Жер бедері” тақырыбын өткенде, сыртқы және ішкi болатын өзгеріске сызба құрастыру, қорытынды бөлiмінде кесте толтыру, т.б.)

2. Көрнекiлiк әдiсi (табиғат құбылыстарын тiкелей бақылау, көрнекi-құралдар және иллюстрациялармен, картамен жұмыс). Көрнекiлiк сабағының танымдық құндылығын арттырады. Көзбен көрiп, қолмен ұста дегендей, әр сабақта картамен жұмыс оқушының карта бетiндегі географияның нысандардың есте сақталуына ықпал етеді. “Атағаныңды картадан көрсет, көрсеткенiңдi ата” деген географиялық ереже бекер айтылмаған. Номенклатура жаттау үшiн «Орныңды тап”, “Тiзбекпен жүр”, “Ендiк бойлық”, т.б. танымдық ойындар ойнатылады. Оқушының танымдық қызығушылығын табиғат құбылыстарына тiкелей бақылау жасау арқылы арттыру маңызды. (Мысалы, ауылымыздың емдiк шөптерінен шөп кiтап жасаған да, оқушылардың білуге деген құштарлықтары қызығарлық деңгейде болды.)

3. Сарамандық жұмыстар әдісi (тақырыптық карталарды салыстыру, статистикалық мәлiметтердi өңдеу, географиялық әдебиеттермен, хрестоматиямен жұмыс, географиялық дәптермен жұмыс).

6-сыныпта планды картамен салыстыру кезiнде Венн диаграммасын пайдаландым, сол сияқты тектоникалык картаны физикалық картамен, климат картасын, зоогеографиялык карталармен салыстыруға үйреттiм.

Оқу материалын оқып-уйрену кезiнде оқушылардың таным белсендiлiгi жоғары болатын сабақ қана бiлiмнiң сапалы көрсеткiшiн бередi. Ол үшiн осы аталған әдiс-тәсiлдердiң iшiнен таным қабiлетiн күшейтетiн түрі таңдалынады негiзгi көңiл бөлетiн жағдайлар: материалдардың мазмұны; қолдарындағы құрал-жабдықтар; географиялық бiлiмнің жүйелiлiгi. Географиялық бiлiм берудiң басты құралы-сабақтың мазмұны еш уақытта төмендемек емес, керiсiнше, окушының өздiгiнен бiлiм алу мүмкiншiлiгiн жүйелi әрi сапалы деңгейге көтерудегі рөлi күннен-күнге жоғарылауда. Қазiргі кездегi сабақтың ең басты көрсеткiштерi төмендегi педагогикалық шаралардың орындалуын атауға болады:

- мұғалiм мен оқушы арасындағы қарым-катынастың өзара түсiнушiлiкке негізделуi;

- оқушылардың таным әрекетін өздiгiнен дамытуға күш салуы;

- оқушылардың пәнге деген шығармашылық қызығушылығын, ойын элементтерiн және тб. енгізу арқылы арттыру.

Бiр сарынды өткен сабақ түрлерi, ең алдымен, оқушының ынтасы мен сол пәнге деген қызығушылығын төмендетедi. Ойлау белсендiлiгiн, танымын тежейдi. Ұстаздар кауымына шығармашылық жол ашылуына байланысты сабақ түрлендiрiп өтедi.

Дәстүрлi емес сабақ түрлерiнен “Саяхат сабақ”, “Сынақ сабақ”, “Конференция сабақ”, “Ойын сабақтар” оқушылардың танымдық iс-әрекеттерiн жоғары ұйымдасқан деңгейге көтеруге ықпал етеді. Сыныптан тыс уақытта дәстүрлi емес сабақ түрлерiнен: “ХХІ ғасыр майталманы”, “Эко лирикалық кеш”, “Сөзжұмбақтар кешi”, “Таңғажайып алаң”, “Географиялық чемпионат” осыған дәлел. “Атамұра” баспасынан шыққан 5 — 7 сыныптар оқулығы сауатты, иллюстрация толы, әрi танымдық тапсырмалары берiлген. 8 — 10 сынып оқулықтарындағы мәлiметтер, статистикалык есептер ескiрген. Сондықтан 8-10 сыныптарда оқушы танымын тереңдету үшiн көп iзденiп ғылыми-еңбектерге сүйенiп, Ресей баспасынан шыққан әдебиеттердi кеңiнен пайдаландым. Оларды аударып, лекцияны тiрек-сызбалар түрiнде бердім. (Мысалы, атмосфера, топырақ, жануарлар, тау, белдемге байланысты.) Оқушылар арнайы дәптер бастап сандық сөздiк жүргiзедi. Бұл оқушының өткен бiлімге қайталап соғуына ықпал етедi. Оқушы-таным деңгейiн дамытуда деңгейлiк тапсырманың маңызы зор.