Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гулжайна Г-11 ++++.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464.38 Кб
Скачать

3.3 География сабағында оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру

Қазіргі заман талабына сай жаңа буын оқулықтарымен оқытудың технологиясын кеңінен қолдану практикаға еніп өз нәтижелерін беруде. География сабақтарында стандарт талаптарын басшылыққа ала отырып, жаңа технологияларды оқушының жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осы орайда, география сабағында оқушының танымдық әрекетін дамытудағы басты мақсат нақты сқрақтарға жауап іздеуден басталады.Ойлау, сөйлеу арқылы теориялық және прктикалық мәселелерді шешеуге бағыттау. Ойлаудың өзі мынандай логикалық операциялардан тұрады.

«Су» тақырыбына арналған қорытынды сабақта оның қандай қасиеттері мен маңызы бар екенін олардың ерекшеліктері іс-әрекетін ұйымдастырып тәжірибе арқылы оқушыны ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баули отырып, проблемалық жағдай туғызу оның міндетті шешілу жорамалдары туралы бағыт-бағдар беру. Оқушыларды үш топқа бөліп сабақ бойы олардың жұмыс істейтін бағыттарын тақтаға ілемін.

Топ

Топтың аты

Жұмыс бағыты

№ 1

Су -1

Судың қасиеті

№ 2

Су -2

Судың бір күйден екінші күйге аусуы

№ 3

Су -3

Су-еріткіш

1-топқа: стакан, су, түрлі мата, әйнек, түсті қағаз, сүт беріледі. Осы берілген заттар бойынша судың қасиетін анықтап модель құрастыру ұсынылады. Ұсынған модельдерін қорғау.

2-топқа керекті заттар: спиртовка, су, табақша. Судың бір күйінен екінші күйге ауысуына тәжірибе жасау, ауысу тізбегін құрастыру.

Табиғатта су үш күйде: а) сұйық, қатты, газ күйінде үнемі айналыста болатыны туралы қорытындыларын жазды.

3-топ. Суда еритін және ерімейтін заттардың суға араластырғандағы ерекшеліктеріне тәжірибе жасайды. Керекті заттар: су, стакан, бояу, тұз, қант, құм, топырақ.

С у

Суда ерімейтін заттар

Суда еритін заттар

Қорытынды: суға қант, тұз салғанда еріп кетеді. еріген затқа байланысты судың түсі, дәмі өзгереді, бірақ мөлдір болады. Суда ерімейтін заттар оын лайлайды. Осылайша оқушылар практикалық жолмен үнемі өзіндік ізденіске, жорамал жасауға, өзіндік бақылау жүргізуге табиғат құбылыстарының маңызын табиғаттағы заңдылықтарды табуға талпынып отырады. Ал сабақ соңында оқушылар судың маңызы оны қорғау жөнінде өз тұжырымдарын айтып, танымдық жұмбақтар құрастырды.

1. Көктемде бұзылады, сумен бірге ағады. Ол не? (сең)

2. Мен сылдырап ағамын, суымды ішсең жаның рахат табады. (бұлақ)

3. Суы бар, тереңде жатады. (құдық)

Танымдық ойындар сайысы. Қазақстанның жер бедері, геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары, климаты, ішкі сулары, топырағы, табиғат зоналары, қорықтары туралы алған білімдерін қайталау тақырыбымен 8-сынып оқушыларымен танымдық ойындар сайысын өткіздім.

Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақстанның физикалық географиясынан алған білімдерін жинақтап, одан әрі таным деңгейін арттыру.

Дамытушылық: әр тақырып бойынша жете тануын ояту, тез ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: әрбір топты өзін дұрыс ұстай білуге үйрету, ойын дұрыс, нақты жеткізуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеп, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, үлестірмелер, плакаттар.

Сайыстың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Бастаушының сөзі.

  3. Сайыс жоспарымен таныстыру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Концерттік бағдарлама.

  6. Қорытындылау.

Жарыстың барысы:

  1. Команданың сәлемдесуі (әр команда атын, ұранын, таңбаларын қорғайды).

  2. Концерттік бағдарлама.

  3. Жер бедерін кескін картаға түсіру.

  4. «Географиялық басқатырғы» орындау.

  5. Тапсырма: пайдалы қазбалар: фосфорит, газ, мыс, темір, астұзы, мұнай, күкірт, полиметал, қоңыр көмір, алмаз, таскөмір, алтын. Пайдалы қазбалардың шарты белгісін тауып өз орынын тап.

Рудалы рудасыз жанатын

▲- темір ●-фосфорит -мұнай

▬-мыс □-ас тұзы ◊-газ

◘-хром ◘- алмаз ■-тас көмір

◊- марганец ∆ - күкірт □-қоңыр көмір

○-қалайы

◙-полиметалл

◘-алтын

9. Тапсырма сөзжұмбақтар шешу.

10. Әр командаға физикалық география курсынан сұрақтар беру.

11. Қорыту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]