Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гулжайна Г-11 ++++.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464.38 Кб
Скачать
    1. География пәніндегі ғылыми-теориялық және практикалық тәсілдер

Оқушылардың таным қабілеттерін арттыруда пәндік үйірме жұмыстарының маңызы зор. Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдасыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушыларды қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар, оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық байланысты қамтамасыз ету, пәнаралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.

Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.

Сыныптан тыс жұмыстардың негiзi үйiрме жұмыстар болып табылады. Үйiрмелердi жүргiзу барысында жоғарыдағы талаптар жүзеге асырылады. Үйiрме жұмыстарының мақсаты: оқушылардың сыныптан тыс уақытта шыгармашылық iзденiстерiн, өзiндiк қабiлетiн және қоғамдық қарым қатынасын қалыптастыру. Үйiрме жұмыстарының мiндеттерi: оқу-тәрбие үрдiсiнде алған бiлiмдерiн әрi қарай дамытуға мүмкiндiк жасау. Оқушылардың қогамдық белсендiлiгiн дамыту. Оқушылардың өзара қарым қатынасын қалыптастыру: белгiлi бiр еңбекке баулу, оны дамытуға ықпал ету. Үйiрме жұмыстарының алдына қоятын негiзгi талабы: үйiрме жұмыстарына қатысатын оқушылардың қабiлетiн ескеру. Бiлiм беру, оқыту мен тәрбие берудiң өзара байланысы. Оқушылардың еркiндiгi. Нарықтық экономикалық қажеттiлiктi негiзгi алу. Үйiрме жұмыстары оқушылардың сұранысы бойынша пән сабақтарында алған бiлiмдерiн жетiлдiру негiзiнде жүргiзiледi. Үйiрмеге қатысатын оқушылардың практикалык бiлiм дағдылары бiрдей болуы мүмкiн емес. Себебi оның бiлiмi, қызығушылығы, қабылдауы және жұмыста қабiлеттiлiгi әр түрлi болғандықтан алған дағдылары да тұрақты болмайды. Бiрақ баланың жас ерекшелiктерiне байланысты қызығушылықтары мен белсендiлiктерiн дер кезiнде дамыту мен жоспарлау әрбiр ата-ана мен тәрбиешiнiң мiндетi. Мектеп оқушыларының ерекше қасиеттерiнiң бiрi-үздiксiз дамуға бейiмдiлiгi мен жаңалыққа жаны құштарлығы. Осы кезеңдердегi қолайлы сәттердi тиiмдi пайдаланып қалу үшiн, сабақтан тыс, мектептен тыс жүргiзiлетiн үйiрмелер мен тәрбие жұмыстарының ерекше маңызы бар. Әсiресе, сабақтың жалғасы болып табылатын пәндiк уйiрмелер баланың өз бетiнше iзденуi мен дамуына қосымша дағдылық, практикалық, iскерлiк дағдыларды меңгеруiне жол ашады. Үйiрме жұмыстарында оқушьлардың мынадай қасиеттерi дамиды: жұмысты жоспарлауға, конспект жасап, қорытындысын жазып, сөздiкпен, энциклопедия, каталог, кестемен жұмыс жасауға жаттығады. Берiлген тапсырмаларды кiтаптан, журналдан, қосымша әдебиеттерден тауып , оның мазмұнын орындалу тәртiбiн түсiнедi және өз бетiнше iзденуге мүмкiндiктер алады. Өзi жасаған жұмыс нәтижесiн айтып қорытынды жасап үйренедi, тiл байлығы мен ойлау қабiлеттерi дамиды. Кейбiр үйiрмелер әр түрлi жастағы оқушыларды бiрiктiретiндiктен мұғалiмнiң әр түрлi тәсiлдердi қамтуына тура келедi. Қазiргi кезде қоғамдағы әлеуметтік өзгерiстерге байланысты сыныптан тыс уақытта жүргiзiлетiн үйiрме жұмыстарының мазмұны жан-жақты кеңейе түстi. Үйiрме жұмыстары арқылы ойындар, әр түрлi бағдарлама қарастыруды арқылы оқушылардың сауаттарын аша отырып, оны өмiрде пайдаланудың негiзi қаланды. Сонымен сыныптан тыс жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын, үйiрмелердi зерделегенде төмендегiдей жағдайларды ескеру керек:

1. сыныптан тыс уақытта жүргiзiлетiн жұмыстың қоғамдық сұранысқа байланысты жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн айкындап, пән сабақтарының мазмұнымен салыстырып және сабақтастырылып сыныптан тыс жүргізілетін үйірмелердің мазмұнын айқындайды.

2.Бүгiнгi әлеуметтiк экономикалық нарықтық қатынастарға байланысты сынып оқушыларының өздерiнiң қабiлетi мен iскерлiгi бойынша үйiрме жұмыстарына қатыстыру.

3. Ұсынылатын үйiрме жұмыстарының жүйесi оқушылардың жеке тұлға ретiнде дамып қалыптасуына ықпал ететiндей болуы.

География пәнiнен сыныптан тыс жұмыстарда саяси, ғылыми, көпшiлiк, әдеби кiтаптарды оқудың үлкен мәнi бар. Оқушылардың өмiрге деген көзқарасын қалыптастыруда, табиғатқа деген сүйiспеншiлiгiн оятуда, қоршаған ортаға адамгершiлiкке негiзделген қарым қатынасты қалыптастыруда, дағды, бiлiк-бiлiктiлiгін дамытуда әдебиеттердің қосар үлесi зор. Еңбекке, еңбек адамдарына деген құрмет пен сүйiспеншiлiк тудырып, болашақ қоғамның құрылысшыларын қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Ой-өрiсiн кеңейтіп ғылымға деген қызығушлығын оятады, ауызша және жазбаша сауаттылығын арттырады, оку үлгiрiмiнiң жақсаруына себiн тигiзедi, болашақта мамандық таңдауда әсерiн тигiзедi. Географиялық әдебиеттердi оқу нәтижесiнде жаңа күтпеген таңғажайып оқиғалар мен құбылыстарды бiлiп арасындағы байланыстарды аша түседi. Сыныптан тыс оқу оқушылардың мiнез-құлықтарын бейiмдiлiктерiн, қызығушылықтарын жақынырақ бiлуге көмектесiп дұрыс жолға түсуге ықпал жасайды. Сыныптан тыс оқудың құрылымы дұрыс болып, үнемi бақылау жүргiзiлсе, жемiсi де мәндi болады. География пәнi үйiрмелерiне неғұрлым белсендi пәнге қызығатын оқушылар топтасады. Үйiрме үйірме жұмысында сыныптан тыс оқудың үлкен маңызы бар. Себебi географиялык әдебиеттер маңызды білім көзi болып қала бередi. Сыныптан тыс оқудың түрлері оқуда география пәнiнiң мұғалiмiнің алдында тұрған мақсат-міндеті: оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, кiтаптар оқи бiлуге үйрету. Бұл мiндет мұғалiмге география пәнiнен терең бiлiмдiлiктi, мәдениеттiлiктi, iзденушiлiктi талап етедi. Бұл жұмыстың мектептегi кiтапхана қызметкерлерiн тартуға болады және тiл мамандарымен тығыз байланыс жасау керек. Ең алдымен окушылардың оқуға деген қызығушылығын ояту қажет. Әрбiр оқушының қандай кiтаптарға қызғатындығына үнемi бақылау жасау керек. Мұның нәтижесiнде оқылатын кiтаптардың көлемi, мазмұны, оқу сипаты белгiлi болады. Оқушылардың талғамы мен бейiмдiлiктерi анықталады. Бұлар географиядан сыныптан тыс жұмыстардың алғышарттары болып табылады. География пәнiнiң мұғалiмi жаңадан шыққан географиялық кiтаптармен сабақтан тыс жұмыстарда пайдалану үшін танысып отырылуы кажет. Бұл жұмыс нәтижесi болу үшiн арнайы картотека немесе арнайы дәптер ашып, ол кiтаптар жайлы толық мағлұмат жазып отыруы тиiс. Кiтаптың немесе жаңадан шыққан оқулықтардың авторы, қысқаша мазмұны несiмен қызықты, кiмдерге ұсынуға болатындығы жазылады. Мектепте өтiлетiн бүкiл география пәнi бойынша есеп жүргiзiлiп отырса тиiмдiрек болады. Сол сияқты жаңадан шыққан кiтаптар жайлы қыскаша мәлiметтi география және табиғат, дала, атамекен, газет-журналдар беттерiнен алуға болады. Мiндеттi түрде мектептегi кiтапхана қорларын география пәнi бойынша әдебиеттер жайлы бiлiп отыруы қажет. Кiтаппен жұмыстың мынадай түрлерi бар:

1.Коллективтi оқу, оқылғаннан кейiн әңгiме түрiнде талқылау.

2.Жекеше оқу, оқу күнделiгiне жазбаша түрде мәлiмет жазу.

3.Коллективтi түрде оқу, жазбаша түрде талқылау.

4.Оқырмандар конференциясы. Конференцияда географиялык әдебиеттiң көрмесi ұйымдастырылады, рефераттар жазылып, жаңадан шыққан кiтаптың аннотациясы көркем безендiрiлген плакат түрiнде шығады. Кiтаппен жұмыс өз мәнiнде жүргiзiлсе, сыныптан ты басқа да түрлерi нәтижелi болмақ. 5-7 сынып оқушыларын қызықтыру үшiн сабақтан тыс уақытша үйiрме жұмыстарда коллективтi түрде окуға дағдыландыру керек. 20-30 минут бойы оқып, соңынан талдау жүргiзiледi, окушылар өз ойын еркiн айтуға үйренедi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]