- •2.А.Байтұрсыновтың тіл мен ойлаудың сабақтастығы туралы ғылыми көзқараста
- •3.Ареалдық лингвистика зерттеу нысаны
- •4.Ат қою теориясының танымдық үлгісі
- •5.Ауызекі сөйлеу стилі лингвистикалық белгілер
- •6.Әмеди қайдардың тіл мен ойдың сабақтастығы туралы ғылыми көзқарас
- •7.8.9.10.11.12 Әдебт тіл дәптер41.42.43
- •13.14 Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы тілдесудің мәні
- •15. Әріптік және символдық таңбалар
- •16 Баяндау тілінің стильдік ерекшелігі
- •17.Ғылыми стиль және оның түрлері
- •18. Дыбыс тілінің пайда болуы теориясы
- •19. Жазу мен таңбаның байланысы
- •20 .Жазу оның даму кезендері 44 45
- •21 Жалпы семиотика,ленгвистикалық семиотика
- •24.Кеңестік дәуірдегі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамы
- •25. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдеби тілінің сипаты
- •26. Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны
- •27/28 Когнитивтік зерттелуі тарихы.
- •32 Көне қытай мен араб лигвистикасы.
- •33.Көне туркі руникалық жазудың ерекшелігі.
- •34.Көне ұйғыр жазуы.Таңбалар
- •36 Көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті құрылымы.
- •37.Кітаби тіл оның басты белгілері
- •38Кітаби тілдің қазақ әдебиетінде алатың орны
- •39 Қ.Жұбановтың зерттеулеріндегі танымдық аспектілері
- •40 Тіл мен ойдың сабақтастығы туралы ғылыми көзқарасы
- •39.40.41/Қазақ әдеби тілін зерттеген ғалымдар
- •46/Қазақ лингвистикасындағы тілдік бірліктердің танымдық парадигмасы
- •47/Қайта өрлеу дәуіріндегі лингвистика
- •48.Қайталаудың түрлері
- •49/Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары,белгілері
- •51/ Лексикалық стилистикада сөз таңдау мәселесі
- •52 Лексика стилистикалық қателер
- •53Лексикография.Сөздік.Сөздік мақала.Реестер
- •54Лингвистикалық стилистика пәні зерттеу нысаны
- •55 Лингвистикалық таңбалар.Оның түрлері мен ерекшеліктері
- •56 Лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы
- •57 Лингвистиканың жаңа бағыттары
- •58 Методология туралы түсінік.Зерттеу тәсілдері.
- •59 Морфологиялық стилистика
- •60 Баскаков классификацияның басты ерекшеліктері
- •61 Ойталқы оның түрлері
- •62.Оқылым әрекет оның түрлері
- •64 Орфография оның негізгі ұстанымдары
- •65.Пікірталас мәдениеті.
- •66 Рабиға сыздықова зерттеулеріндегі танымдық сипаты.
- •67 Рабиға сыздықова қазақ әдеби тілі туралы пікірі.
- •68.Ресми стиль.Оның шағын түрлері.
- •69 С.Аманжоловтың тілдің танымдық сипаты туралы ғылыми көзқарастар.
- •76/ Структуралық ленгвистика
- •77.Троптардың стилистикасы
- •87/ Түркі тілдерінің типологиялық классификациясы
1.а.байтұрсынов ұсынған төте жазудың өзіндк ерекшелігі Қазақ жазу ілімі ғылымының бастауы А. Байтұрсынұлы еңбектерінде алғаш қалыптасып, негізделді. А. Байтұрсынұлының жазу ілімі саласындағы еңбегі қазақтың төл жазуы – төте жазуды жасауымен, оның фонематикалық ерекшелігін толық ашуымен, әрбір әріптің қазақ дыбысының табиғатымен сәйкес келуін ескергені екенін айту қажет. Қазақ жазу ілімі теориясында әріп саны фонема санымен бірдей болуы жетілген жазу екенін танытады деген тұжырым А. Байтұрсынұлы еңбектері арқылы қалыптасты. Әріптің фонемадан аз болуы түркі тілдеріндегі сингармония заңының сөздің негізгі құрылымы мен мағыналық ерекшелігін аша алу қасиетімен байланысты. Дауыстылардың бірыңғай жуан-жіңішкелігі сөздің барлық буындарында сақталатындықтан, көп таңбадан гөрі, сөздің алдына дәйекші белгісін қою арқылы жазу экономиясына жетуге болатынын табуы – Ахмет Байтұрсынұлының реформаторлығы ретінде танылады. Қазақ тіліндегі жиырма төрт түрлі дыбысты таңбалаудың өзіндік ерекше жолы мен жүйесін ұсынған ғалым “қ” мен “ ғ” дыбыстарының ылғи жуан, “к” мен “г”, “е”-нің ылғи жіңішке айтылатынын ескерте отырып, былай деп жазады: “Егерде бұл 19 дыбыстың жуан айтылуы үшін бір белгі, жіңішке айтылуы үшін бір белгі керек десек, .. онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған дайым жуан айтылатын “қ” мен “ ғ”-ны қосқанда дайым жіңішке айтылатын “к” мен “г”, “е”-лерді қосқанда, бәріне 43 белгі (харіп) керек”[1. 324].
“Дауысты дыбыстар сөздің жаны, дауыссыз дыбыстар сөздің тәні есебінде” деп санаған Ахмет Байтұрсынұлы әрбір әріп пен оның айтылу жолын тәптіштеп түсіндіріп, жазу емлесін жасайды. “Дауыссыз дыбыстар дауысты дыбыстардың иелігінде” (328-бет) деп түсіндірген ғалым қазақ тіліндегі үндестік заңының ерекше қасиетін айта отырып, оның айту мен жазудағы нақты әрі табиғи қалпын сақтап, дауыссыздың өзі, шындап келгенде, осы заңға бағынатынын дәлелдейді. Бұл ғылыми шындықты кейінгі ғалымдардың мойындағаны, теориялық-тәжірибелік тұрғыдан анықтағаны тағы шындық.
“Жазу дегеніміз – дыбыстың таңбасы. Әр дыбыстың әр елдің таңбасындай таңбасы болады. Таңбасына қарап қай дыбыс екенін танимыз” деуінде үлкен мән бар” [1. 322]. Демек, ғалым үшін қазақ тілінің айтылымындағы фонема саны мен әріп саны шамалас, дәл келуі керек.
Ғалым дауысты дыбыстардың графемалық қасиетін – “буыншы әріп” ретінде танытады да, олардың мәнін, сөз құрамындағы мазмұндық сипатын ерекше талдайды. Сөз мағынасын анықтайтын дәйекші белгінің маңызын жіті түсіндіреді. Қазақ жазу ілімінің атасы А. Байтұрсынұлы “Дыбысқа сәйкестеп әріп алынбаса, сөздің жазылуы мен айтылуы бөлектенбей қала алмайды” деген ойын бірнеше жерде жұмырлайды, дыбыстар мен әріптер арасындағы қарым-қатынасты терең барлай келе, “дыбыстар мен әріптер арасында сәйкестік күшті болғандықтан, сөздің жазылуы мен айтылуының арасында да сәйкестігі күшті” екенін анықтайды (359-360-беттер). “Тілдегі бар дыбыстың бас-басына арнаған белгісі бар болса”, тәртіпті жазу болатынын қайталай ескертіп отырады (380-бет).
Қазақ жазу үлгісін ағылшын, американ, француз, қытай жазуларымен салыстыра отырып, олардан ерекше екенін дәлел келтіре отырып анықтап, айтылу мен жазылу арасындағы сәйкестігі мол жазулардың қатарына төте жазуды да жатқызады. А. Байтұрсынұлы қазақ жазу ілімі ғылымының негізгі ғылыми-теориялық тұжырымын жасап, тәжірибелік жолын қалыптастырған, фонема мен графема арасындағы қатынастың тереңдігін дәл тауып, айтылу мен жазу арасындағы сәйкестіктің мүмкіндігінше мол, нақты болуына басты назар аударған тұңғыш ғалым.
3. Қазақ жазу үлгісіндегі тыныс белгілеріне де А. Байтұрсынұлы ерекше мән береді. “Әріптен басқа жазуда қолданылатын белгілерге бүгінге дейін анықтап белгілі ат қойылған жоқ еді. Сүгіретке қарап, біреу олай, біреу былай деп атайтын еді” – дей келіп, негізгі тыныс белгілеріне қазақша ат қойып, бірінші рет айдар тағады: “тыныстық (.), жапсарлық (,), қосарлық (═), тастарлық (–), дәлдеулік (« »), сұраулық (?), лептеулік (!)””[1. 337]. Мұнан байқалатыны, қазақша тыныс белгілерге ат беру, олардың қойылу жолын түсіндіру автор үшін маңызды болған. Қазіргі кездегі тыныс белгі, қосу (+), сұраулық, лептік белгі, нүкте, үтір терімсөздерінің алғашқы жасаушы да А. Байтұрсынұлы болғанын аңғарамыз.
4. Әліпби түзген, тыныс белгілерін нақтылаған, жазу үлгісін көрсетіп, графема мен фонема арасындағы сәйкестікті терең талдаған А. Байтұрсынұлы емле тәртібіне, тіл жүйесін оқытуға да ерекше мән береді. Әлем халықтарының емле жүйесінен мол хабары бар ғалым, қазақ сөзінің ішкі болмысына сай келетін жүйені, дұрыс сауаттандыратын емлені қажет санайды. “Сауаттылық негізі жазу” деген жолды берік ұстана отырып (362-бет), “жазу – әріптердің сүгіретін сала тізу, оқу – әріптердің дыбыстарын айта тізу” екенін нақтылайды.
5. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі, ұлы зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімінің басты салалары туралы ең алғаш қалам тартқан ғалым еді. Алғашқы сауат ашу құралы ретінде жазылған “Оқу құралынан“ бастап, “Әліп-би” мен “Тіл құралда” қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады. Ахмет Байтұрсынұлының ұлылығы оның тек тұңғыш оқу құралын жазғанымен өлшенбесе керек, ең бастысы алғашқы оқулық тілінің терең халықтығында, сапалылығы мен біліктілігінде. “Біздің жасынан орысша я ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды, я жазса да қиындықпен жазады. Себебі жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық. Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген”,- дейді автор “Тіл құралдың” кіріспесі ретінде жазған “Сөз басында”. Яғни қазақ сөзінің қисынын келтіріп, өз нақышында жазу үшін сол тілде сауатын ашып, дағдыланған абзал. Ғалым мұны көрегендікпен айтқан. Қазіргі таңдағы тілдік жағдай бұған толық көзімізді жеткізіп отыр. Өзге де тілдік бірлік сияқты терминнің де мазмұны мен мағынасы бар, алайда өзге сөздердегіден ерекше өзіндік сипаты бар. Терминнің мағынасы мен мазмұны сәйкес келіп, бір-бірін анықтап, мағына мазмұнды ашса, термин терім сөз ретінде анықтала алады.
Ахмет Байтұрсынұлының жазған “Тіл құралының” өміршеңдігі мен қажеттілігі әр түрлі сипатта, әр алуан аспектіден бағалана алады. Оның мәнісі профессор Ө.Айтбаев зерттеуінде көрсеткендей “А.Байтұрсынұлы жасаған терминдер жүйесі, бір қарағанда, оп-оңай болып көрінгенмен, ол – өте күрделі де терең ізденістер нәтижесінде пайда болған ғылыми туынды” [2. 32]. Термин сөздер – теріліп алынған сөздер. Екінші сөзбен айтқанда, белгілі ғылым саласы бойынша қажетті ұғымды атау үшін теріліп, таңдалып алынған сөздер. Сонда термин сөзінің қазақша аудармасы да өзінен-өзі анықталады. Термин – терім сөз.
Ахмет Байтұрсынұлы жасаған термин сөздердің басты ерекшеліктері деп мыналарды көрсет:
анықталатын ұғымның дәлдігі;
таңбаланған атаудың қазақилығы;
терминнің жалқылық сипатының болуы;
терминнің нақтылығы.
Автор терминдерінің дәлдігі мен нақтылығын саралап, оның сапалық сипатын дәл бағалау үшін өзге жасалған терминдермен немесе басқа түркі тілдерінде, орыс тіліндегі жасалған терминдермен салыстыруға болар еді. Ахмет Байтұрсынұлы жасаған кез келген термин сөзді мағыналық сипаты мен негізділігіне, уәжділігіне талдап қарауға, олардың соншалықты дәйектілігіне таңданып, таңырқауға болады. Терминдердің ең басты бір ерекшелігі таңдалып алынған сөздердің қазақша ұғымға сәйкес аталатыны. Қазақ балаларына түсінікті сөздер мен атаулар болғандықтан, оны оқыту да жеңіл. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиеді. Автордың өзі көрсеткендей, қазақ балаларын қазақша оқыту дегеннің ең тиімді жүйесі де осындай болса керек. Қазақша ойлаудан, сөзді қазақша түйсінуден туған терминдер. Оқушыларға әрбір термин туралы айтқанда, оның тілдік мағынасын ашудан бұрын, оның атаулық, сөздік мағынасын ашып алған тиімді болады. Яғни туынды сөзді немесе түбірді айтпас бұрын, осы сөздердің атаулық мағынасын ашып, анықтап көрсеткен жөн.
Туысқан түркі халықтарынан шыққан көрнекті ғалымдардың Ахмет Байтұрсынұлы жасаған терминдердің уәжділігі мен негізділігіне таңданып, халық тіліне жақындығына барынша іш тартқанына, бізге қызыға да қызғана қарағанына қаншама рет куә болдық, баба рухы алдында тізе бүгіп, өзімізді ғалым ретінде бақытты сезінгеніміз, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты ғалымның бар болғандығына шүкіршілік айтқанымыз да рас.
6. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің барлық салалары бойынша негізгі теориялық тұғыр қалыптастырушы көшбасшы. Оның фонетика мен лексикология, морфология мен сөзжасам, синтаксис мен әдеби тіл салалары бойынша жазған ғылыми деректері мен қисындары ерекше ғылыми зерттеуді қажет етеді.
7. Қазақ тіл білімінде көркем шығармадағы баяндау туралы, оның құрылымы туралы мәселені алғаш айтқан, ғылыми негізін салған Ахмет Байтұрсынұлы болған. Ахмет Байтұрсынұлы баяндау мен оның үлгілерін әдебиет теориясы тұрғысында терең қарастырған, мұның әдеби тіл теориясына да қатысы мол. “Әдеби танытқыш” деп аталатын зерттеуінде қара сөз бен дарынды сөз жүйесін ғылыми негізде талдайды. Қара сөз бен дарынды сөзге анықтама береді. “Қара сөз деп осы ұғым жүйелерінен сөйлейтін әңгімелерді айтамыз. Ұғым жүйесінің табы қара сөздің басы болады. Қара сөздің табынан түрін айыру керек. Тап жағынан бірге сөз түр жағынан бөлек кетуі ықимал. Көптен бері көп жұртта қалыптасқан түрлерін алғанда, қара сөз: 1) әуезе, 2) әліптеме, 3) пайымдама болып үш салаға бөлінеді,”– деп жазады ғалым [3. 397].
Бұдан әрі ғалым әуезеге мынадай анықтама береді “Болған уақиғадан бастан-аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру әуезе болады” [3. 397]. Әуезені іштей мәлімдеу, мазмұндай, қорыту деп үшке бөліп көрсетеді. Әуезенің тарауларына шежірені, заман хатты, өмірбаянды, мінездемені, тарихты және тарихи әңгімені жатқызады да, әрқайсысына анықтама беріп, өзіндік дәлелдемелер келтіреді.
Әліптеме туралы Ахмет Байтұрсынұлы былай деп жазады: “Бір нәрсенің тұрпатын реттеп айтып, әлібін суреттеп шығару әліптеме болады. Дүниедегі түрлі нәрселердің, түрлі адамдардың, түрлі күйлердің бәрін де әліптеуге болады.” [3. 400].
Әліптеудің екі түрін көрсетеді:
Пәнді әліптеу;
Сәнді әліптеу.
Пәнді әліптеу дегеніміз, автордың көрсетуінше, “нәрсені пән мақсатымен алып, дәлдеп әліптеп, сыр-сипатын дұрыс танытып, нәрсе туралы дұрыс ұғым беру үшін істеледі” [3. 401]. “Сәнді әліптеуде қандай белгілерін алу әліптеушінің көздеген өз мақсаты бойынша болады” (Сонда).
Автор пайымдау туралы да терең ғылыми пікір айтады: “Көсе сөзбен жазылған шығарма бір пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дәлелдесе, ондай шығарма пайымдама деп аталады.” (Сонда). Автордың пайымдауынша, “әуезе, әліптеме түрлі сөздермен дүние әңгімесі біптейді. Әуеземен әліптеме дүниедегі жататынды, жасатынды нәрселдердің өздерімен олардың әдістерімен, жай-күйлерімен ғана таныстырады” .
“Дүниедегі нәрселердің барлығын, олардың қалай өмір шегетінін танумен білім тамам болмайды. Өйткені дүниедегі нәрселердің бәрі сабақтас, іліктес, құрмалас; ол сабақтас, іліктес, құрмаластығы белгілі себептер бойынша болып, себеп жүзіндегі белгілі бір заңға мойын ұсынып, сол заңның жолынан бұрылмайды. Ол заң – табиғат заңы; ол заң жолы – табиғат заңының жолы. Нәрселер арасында қандай сабақтастық. іліктестік, құрмаластықтың бар екенін ашу жағын, олардың бар болуы қандай себептер мен қандай заң бойынша екендігін айыру жағын пайымдап, ғалым адамдардың шығарған сөздері пән шығарма деп аталады. Пән шығарманың асылы пайымдама болады. Сондықтан пән шығарманың жалпы аты да пайымдама болады” – деп жазады Ахмет Байтұрсынұлы [3. 401-402].
Қорыта айтқанда, қазақ тіл білімінің көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының жазып қалдырған ұшан-теңіз мәні мен маңызы бар ғылыми мұраларын тереңдей зерттеп, ондағы танымдық, тағылымдық мәнді анықтау, зерделеу ХХ ғасырда мүмкін болмады да, бұл ғылыми борыш ХХІ ғасырға өтті... Бүгінгі ғылыми қауымның бұл тұрғыда ойлануы керек. Ойжасампаздықпен (креативтілік) үңіліп, ғылыми тағылымынан үйренеріміз көп, үйретері мол.
2.А.Байтұрсыновтың тіл мен ойлаудың сабақтастығы туралы ғылыми көзқараста
.1 Зерттеудің теориялық алғышарттары. Бүгінгі таңда адам факторы мен тілдік бірлік қызметі лингвистика ғылымында бірінші кезекке шығып, өзекті болуына байланысты тілді когнитивтік тұрғыдан зерттеуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Ғылыми зерттеулер сипаттама лингвистикадан функционалды бағыттағы зерттеулерге ойысып, тілді динамикалы, үнемі өзгеріп, дамып отыратын құбылыс ретінде қарастыра бастады. Соңғы жылдары тілдегі адам мәселесі ерекше маңызға ие болып келеді. Адамды тілінен тыс сипаттау мүмкін емес, тілдің мәні мен өзіндік ерекшеліктерін адам және оның әлемге қатынасы арқылы толық сипаттауға болады. Тіл адамға таным құралы, қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Антропоөзектік бағыттағы зерттеулерде адам сөйлермен, өзіндік әлемі, өзіндік дүниетанымы бар саналы жан ретінде сипатталады. Әсіресе адамның ойлау және сөйлеу қабілеттерінің терең үдерістерін зерттеуде когнитивтік лингвистиканың орны ерекше. Тіл ақиқат болмысты тану барысында жинақталған әлем туралы білімді жеткізудің негізгі құралы болып табылады. Когнитивтік бағыт тілдің ақиқат болмыс туралы білімді сақтап, жеткізуші ретіндегі қызметін ескере отырып, тілдік категориялар мен олардың құрылымдарын жаңаша сипаттауға мүмкіндік береді.
Тіл таным нәтижесінде түзілген әлем туралы біліммен, оның адам санасындағы көрінісімен тығыз байланысты. Сана тіл арқылы көрініс табумен қатар, тіл арқылы қалыптасады. Сол себепті А.Байтұрсынұлы былай деп жазады: «Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге. Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама-қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек» [1, 343 б.].
Тарихи даму барысында танымның екі түрі – сезімдік және логикалықтаным қалыптасқан. Сезімдік таным адамның сезім мүшелері арқылы қабылдау, түйсіну қызметімен байланысты болса, логикалық таным ойлау нәтижесінде қандай да бір құбылыстардың мәнін, өзіндік ерекшеліктерін, заңдылықтарын айқындауға бағыттаған. Адам бейнесі тіл семантикасында көрініс табады. Бұл орайда адамның өзі емес, адамның тілдегі бейнесі ерекше маңызды болады. Тілді зерттеу арқылы адамзат өзін өзі танып, түйсінеді. Тіл арқылы адам өзі де ескере бермейтін құпиялар ашылады. Адам алған әсерін өзі арқылы сипаттайды. Бұл орайда Қ.Жұбанов тұжырымдары назар аударарлық: «Адам баласының табиғатында әуелі басқаны біліп алып, өзін кейіннен білу қасиеті бар. Мысалы: адам фотографияны танып білгеннен кейін ғана өзінің басқа заттарға ат қоятыны өзін сол басқаларға ұқсата атайтыны – өз басын кіші дүние деп біліп, оны ана үлкен дүниеге ұқсатуынан болған. Осы таным тілге де әсер еткен. Мысалы, орысша небо – аспан, небо – таңдай; қазақ тіліндегі таң=адамәлемінің аты, яғни жоғары жаққа тән қасиеттің иесі; таңдай=адам денесінің жоғары жағы… Адамның жекелеген бөлшектердің белгілерін түйсіну арқылы атрибутивті портрет қалыптастыра отырып, ғаламды таниды»… «Таңырқады – таңқалды; таңыр=таң+ыр=тәңір; Таң=аспан бөлегі; ір – аспан. Бұрын адам өзін кішкене дүние деп есептеген. Бет-ауызды аспанға ұқсатқан бет – таң атып келе жатыр. «Таң қалу» деген тіркесі кейде қысқартып таңырқау дейміз. Ұятсыз деуді бетсіз деуіміз де осы конкреттік бар. Бұл қолданыстың да ым тілінен шыққандығы байқалады (бетін сызу – ым тілінен қалған қалдық; заттық көрсеткіші (материальное выражение)» [2, Б. 94-120]. Ғалым тілдік құбылыстарды адамның (сөйлерменнің) категориялау және концептуалдау үрдістерімен байланыста сипаттағанын көреміз, яғни затқа берілген атауларды адамға қатысты түсіндіре отырып, адамды негізгі меже ретінде алған.
Ғаламның тілдік бейнесі негізінен субъективті сипатта, себебі онда нақты бір адамның көзқарасы, дүниетанымы көрінеді. Ол атадан балаға берілетін категориялар жүйесі арқылы белгілі бір код құрап, дайын күйінде қабылданылып отырады. Адам өзіне дейінгі жинақталған білім қорын қабылдау арқылы этномәдени қауымдастықтың өмір тәжірибелерін де қабылдайды. Жастардың үлкендердің сөзін түсіне алмауы немесе ақын-жазушылардың шығармаларын түсіне алмауы этномәдени кодты игере алмау салдарынан туындайды. Осыған байланысты З.Қ.Ахметжанова: «Қазақ тілінің концептуалды жүйесін білмегендіктен, жастар қазақ халқының салт-дәстүрін ескіліктің сарқыншағы ретінде қабылдап, теріс бағалайды. Жалпыадамзаттық, әлемдік мәдениеттің бөлшегі болып табылатын ұлттық мәдениеттің терең, философиялық мәнін жас буын өкілдері түсіне алмай жүр», – деп жазады [3, 175б.].
Адамның танымдық әрекеті – ақиқат болмысты тануға, қоршаған ортаны түйсініп, жинақталған білімдер негізінде әлемдегі орнын түсінуіне бағытталады. Адам қашанда әлемді танып, ондағы өз орнын айқындауға талаптанады. Тіл – сөйлермендердің дүниетаным ерекшеліктерін бейнелейтін құрал, ерекше ұлттық ділдің көрсеткіші, мәдениеттің негізі. Адамның когнитивті қызметінің нәтижесінде тіл қоршаған орта туралы әсерді ғана жинақтап қоймай, сонымен қатар халықтың зерттеушілік ойларын да жеткізіп, халықтың ұжымдық, этномәдени санасында қалыптасқан ғалам бейнесін сақтайды. Осыған байланысты С.Исаев: «Тіл – қоғамдағы адамдар арасындағы аса маңызды қатынас құралы. Осы себептен де, ол бір жағынан, ойлаумен, екінші жағынан, сол арқылы санамен тікелей байланысты және қоғамдық өмірде белгілі бір қызметтер (коммуникативтік, эстетикалық-экспрессивтік т.б.) атқарады. Тіл, ең алдымен, ойды жарыққа шығарып, жетілдірудің құралы болу арқылы ойлаумен тікелей байланысты. Сондықтан тілдің негізгі единицалары ойлаудың басты категорияларымен сәйкес келіп жатады. Мысалы, сөз ұғымды білдіріп, соның тілдік көрсеткіші болса, ойды білдірудің бірден-бір тілдік көрінісі сөйлем болып табылады. Сондай-ақ тілдік единицалардың бұдан басқа да өзіндік мәндері, атқаратын қызметтері бар. Міне, осы қасиеттері арқылы тіл айналадағы дүние, объективтік шындық туралы адамның санасын қалыптастырады, оларды есте сақтауға негіз болады», – деп жазады [4, 4 б.].
Ғалам бейнесі – адам дүниетанымының басты элементі. Онда адамның дүниені тануының негізгі көріністері жинақталған. Тілдік семантикахалықтың ғаламды танып-түйсіну тәсілі және болмыс туралы білімнің кодталу жолы болып табылады, сол арқылы ғаламның тілдік бейнесі түзіледі. Осыған байланысты А.Ислам былай дейді: «Адам қоршаған ортаны ойлау арқылы танып біледі және ол адам санасында көрініс табады. Адамның шындықты танып білуі, ой арқылы жүзеге асса, тіл – ойдың бейнелеу қызметінің нәтижесін бекітудің құралы ретінде қызмет етеді. Бұл – жалпыға ортақ таным, өйткені табиғаты жағынан адамзат бірдей болса, таным қызметі де, оның механизмдері де ортақ құбылыс екені де мәлім. Қандай да тіл өзіндік тілдік құрылымы және тілдік үлгілері жағынан әртүрлі болғанымен, тілдік болмысты түсінуге келген ортақ танымдық дүниелерден тұрады» [5, 13 б.]. Яғни коммуникация сәтті болуы үшін сөйленім әрекетінің субъектілері – сөйлеуші мен тыңдаушы, қабылдаушы атадан балаға беріліп отыратын кодтарды меңгеріп қана қоймай, дұрыс қолдана білуі қажет.
Қазіргі кезде зерттеулерде ғалам бейнесі түрліше сипатталады. В.И.Постовалова ғалам бейнесі адам дүниетанымының көрінісі екенін айта келіп, адам баласы қай қырынан сипаттаса, ғалам бейнесі де соншалық құбылып, өзгеріп тұратынын ескертеді [6, 32-33 б.]. Бұл орайда ғалам бейнесінің екі түрін – тікелей және жанама – ажыратып алу керек. Тікелей ғалам бейнесі – адамның болмысты тікелей танып, қабылдауының нәтижесінде түзілген ғалам бейнесі. Мұнда адам сезім мүшелері абстрактілі ойлау арқылы айналасын таниды. Ол дүниетаныммен тікелей байланысты. Алайда екеуін теңестіруге болмайды. Тікелей ғалам бейнесі мазмұнға ие білім болса, дүниетаным – әлемді тану әдістердің жүйесі болып табылады.
Тікелей ғалам бейнесі болмыс туралы мазмұнды, концептуалды біліммен қатар, болмыстан танытатын ментальді стереотиптер жиынтығын да қамтиды. Ғалам бейнесінің бұл түрі когнитивті деп аталады. Ол когниция (таным) нәтижесі болып табылады. Тікелей ғалам бейнесі когнитивті сана қызметінің нәтижесі болып табылады және белгілі бір жүйеге келтірілген білімдер жиынтығына – концептосфераға негізделеді. Адам болмысты, өзін тіл арқылы таниды. Тілде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылық ретінде қоғамдық-тарихи тәжірибе көрініс табады. Тілдің ерекшелігіне байланысты сөйлермен санасында белгілі бір ғалам бейнесі қалыптасады, адам сол арқылы әлемді таниды, бұл ғаламның жанама бейнесі деп аталады. Ғаламның жанама бейнесі – концептосфераның екінші таңбалар жүйесі арқылы көрінуі. Олар санадағы ғаламның тікелей бейнесін жарыққа шығарады. Яғни тілдік формада көрініс тапқан білімдер жиынтығы ғаламның тілдік бейнесін түзеді.
Бүгінгі таңда ғалам туралы білімдер кешені лексикалық және грамматикалық семантикада, сондай-ақ этномәдениеттің ментальді әлемінде қалай көрініс табатыны ерекше маңызды болып отыр. Сонда қазіргі кезде адамның әлемді концептуалдау, категориялау ерекшеліктері, тілдегі концептуалды мазмұн, адамның әлем туралы білімінің көрсеткіші ретінде көрінеді. Ғалам туралы адамның барлық білімі шартты түрде тілдік және тілдік емесболып жіктеледі, яғни болмыстың құрылымдары туралы жалпы энциклопедиялық білім олардың сипаты туралы және тілдік бірліктер мен ойларының мәндері (нақты тілдік мағына) туралы білім болып табылады. Ғалам туралы білім сияқты тілдік бірліктер туралы білім де жадымызда категориалды формада сақталады. Соған байланысты тіл – категориалды түзілім болып табылады. Тіл адамның болмыстың нақты жағдаяттарын концептуалдау үдерісін бейнелейді. Яғни концептуалды жүйеде алынған ақпараттарды өңдеу, сөйлеу-ойлау әрекеттерінде адам тұтынған көптеген концептілер мен білімнің басқа да құрылымдарын қамтиды. Сол себепті оған табиғи нысан концептілері де, нақты тілдік концептілер де енеді. Б.Момынова тілдің когнитивті қызметі туралы айта келіп: «Когнитивтік лингвистикада тіл адамның когнитивтік іс-әрекетінің бір түрі, когницияның құралы саналады. Адам тілдің көмегімен тілдік бірліктер арқылы жинақталған информацияларды кодтайды немесе бейкодтайды (декодирует). Өйткені ойлау құрылымдары өзімен өзі томаға тұйық өмір сүрмейді, белгілі бір формасы бар таңбалар ретінде болмысқа айналады, болмыстанады (материализацияланады). Тілдің осындай екі жақтылығы оны адамның өзге когнитивтік іс-әрекетінен айрықшаландырып тұрады», – дейді [7, 125-126 б.].
Тілдегі концептуалдау үдерісінің әрбір тілдік деңгейдегі өзіндік ерекшеліктері болады. Лексика санада көрініс тапқан заттар мен құбылыстардың ерекшелігін зерделеп, белгілі бір тілде сөйлейтін, нақты тілдік ұжым танып, игерген ғалам бейнесін репрезентациялайды. Ғалам бейнесін тану оны жекелеген құрауыштарын (заттар мен құбылыстарды) ғана емес, сонымен қатар олардың арасындағы байланысты да түйсінуді қажет етеді.Синтаксис ғаламның бөлшектенетін құрауыштарының байланыстарын тексереді.
Когнитивті тұрғыдан алғанда, морфологияның негізгі бірлігі – морфологиялық категория болып табылады, ол сөз тұлғаларында көрініс тауып, парадигмаға бірігеді. Морфологияны морфема деңгейіне қатысты ғана емес, сөздердің түрлі топтарын репрезентациялайтын тұтас морфологиялық құрылымдар деңгейінде қарастыру қажет. Морфологиялық категориялар мен тұлғалар концептуалды деңгейде, негізгі танымдық үдерістер қатарында сипатталады. Морфологияның ғалам туралы білімді тіркеп, жіктеуі, категорияларға бөлуі осыған байланысты болады. Морфологияның категориялау үдерістерімен байланысы морфологияның ғалам туралы білімді қалай объективтендіріп, топтастыратынын да көрсете алады. Морфологиялық бірліктердің когнитивті қызметі ойлау үдерісімен, адамның интеллектуалды және ментальді қызметімен, ақпаратты өңдеу, сақтау, жіктеуімен байланысты болады.
Морфологиялық концепт термині екі түрлі мәнде қолданылады:біріншіден, ол – тілдің морфологиялық құрылымы білдіретін ментальді сананың бірлігі болса, екінші жағынан, морфологиялық концептілер сипатталатын ғылымның ұғымдары. Морфологиялық концепт сөйлеушілердің дайындықсыз сезімінде жүзеге асады, ол тіл жүйесінде морфологиялық көрсеткіштер арқылы көрініс табады.
Морфологиялық концептілер сөйлесім әрекетін реттеп, тілде көрініс табады, ал метатілдік концептілер лингвистикалық зерттеулерде тілдік құрылымындағы морфологиялық концепт ретінде сипатталады. Метатілдік морфологиялық концептілер грамматикалық теориялар дамуы барысында қалыптасып, терминологияда бекіп, ғылыми зерттеулерде, грамматикаларда қолданылды. Ф. де Соссюр сөйлесім әрекетіне қатысушылардың «дайындықсыз әрекеті» мен тілші ғалымдардың «дайындалған әрекеттерінің» арақатынасын сөз еткен болатын [8, 54 б.]. Сөйлесім әрекетіне қатысушылардың «дайындықсыз әрекеттері» морфологиялық концептосферамен байланысты, онда морфологиялық концептілер қолданады, ал тілші ғалымдардың «саналы әрекеттері» нәтижесінде морфологиялық метаконцептілер айқындалып, тілдік фактілерді сипаттау үшін қолданады.
Н.Уәли тілдік ортада мәдени-тілдік дәстүрдің, оның нормаларының қалыптасуына тілдік тұлға әсер ететінін айта келіп, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сынды жұртшылық идеал тұтатын біртуар жазушы-ғалымдарды элитарлық топтың өкілдеріне жатқызады. Ғалым тілдік тұлғалардың әдеби тілді игеру, пайдалану деңгейі бірдей емес екенін ескерте келіп, тілдік тұлғаларды төрт типке бөледі:
1) әдеби тілді шығармашылық деңгейде тұтынатын тип. Бұлар – элитарлық тілдік тұлғалар;
2) әдеби тілдің ауызша, жазбаша нормаларын сақтай білетін, ара-тұра кодификацияланған нормадан қате жіберетін, сөйлеу тілі мен кітаби тіл элементтерін кей тұста айқын аңғара алмайтын мәдени-тілдік орташа тип. Сан жағынан басымы да осы орташа әдеби тип;
3) негізінен әдеби сөйлеу тілін қолданатын, арасында қарапайым сөйлеу тіліне тән элементтерді қосып сөйлейтін тілдік-мәдени тип. Сан жағынан, шамамен, орташа типтен кейінгі орында;
4) қарапайым сөйлеу тілімен сөйлейтін, бейәдеби элементтер мен диалектизмдерді қолдана беретін коммуниканттар [9, 94 б.].
Жұмысымызда ғалымның тілдік тұлғаларды жіктеуін басшылыққа ала отырып, тіл білімінің дамуына өзіндік үлес қосқан, қазақ тіліндегі грамматикалық категорияларды танып-танытуда өзіндік орны бар ғалымдарды элитарлық тілдік тұлға ретінде сипаттаймыз. Элитарлық тілдік тұлға – ұлттық тілдің жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін толық меңгерген, оларды орынды қолданатын, лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық бірліктердің семантикасын жан-жақты түсініп, орнымен қолдана алатын, коммуникативті стратегиялар мен тактикаларды, вербалды және бейвербалды қатынас талаптарын толыққанды меңгерген, ұлттық тіл мен мәдениет концептосферасын құрайтын концептілердің ұғымдық, бейнелі-ассоциативтік, құндылық сипатын білетін тілдік тұлға. Зерттеуші-ғалымдар ұстанымы өз кезеңінің, белгілі бір дәуірдің, тілтанымдық білімнің деңгейімен айқындалады.
