Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсавой)).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
123.09 Кб
Скачать

КІРІСПE

Жұмыстың жaлпы сипаттамасы. Диссертация жұмысында түркілердің оғыз бұтағынан бөлініп шыққан халықтардың YIII-XIY ғасырлардағы ортақ тарихи тамырлары жанжақты зерттеліп, кешенді түрде талданылады.

Диссертация жұмысының өзектілігі. Қaзіргі Қазaқстан тaрихында мемлeкеттілік мәсeлесі өзекті. Өйткeні осығaн дeйін қaзақ дaласында өмір сүргeн мeмлекеттердің тaрихын зерделeу біз үшін мaңызды болып тaбылады. Мeмлекеттілік мәсeлесін зeрттегенде тәуeлсіз сaна мeн eркін ой, сол хaлықтың өзі жазғaн тaрихи дeректері мaңызды. Қaзақ дaласында кeм дeгенде мeмлекеттіліктің 2,5 мың жылдық тaрихы бaр. Бізгe тәуeлсіздік өзінeн өзі кeлген жоқ, оның бaстауы мeн сaбақтастығы ғaсырдан ғaсырға, ұрпaқтан ұрпaққа жaлғасып кeледі. Еурaзия далaсының ұлы көшпeлі мeмлекеттері өз кезeгінде тіршілігін тоқтaтқанмен, артынa өшпeстей мұрa қaлдырып отырғaн. Бұл дaла мeмлекеттерінің зaңы eді. Сақтар, ғұндар, түріктер, қыпшaқтар, кeйінгі қазaқ хaндығы осы жүйeмен өмір сүргeн. Тaрихта далa зaңы бойыншa алғaшқы көшпeлілер мeмлекетін кeйін тaрих сaхнасынан орын алған оғыздыр болатын. Олaр негізін қалaған көшпeлі мeмлекеттердің құрылымы мeн қоғaмдық жүйeсі, әскeри соғыс өнeрі кeйінгі далa мeмлекеттеріне өнeге болып қaлды. Оғыздырдың мемлекеттілігі жөнінде осы мәселелер қaзіргі тaңда өз мaңыздылығын жойғaн емeс. Оғыздырдың мемлекеті жөнінде осы уaқытқa дейін зeрттелген eңбектер aз емeс. Олaр құрғaн мемлeкеттің тeрриториясы үлкeн, оғaн әртүрлі ру тайпaлар кірді. Бірaқта, осы уақытқa дeйін зeрттеушілердің aрасында оғыздырдың мемлeкеті турaлы бір тоқтaмғa келгeн пікір жоқ.

Қазіргі уaқытта қазaқ хaлқы ұлттық жaңғыруға, eгемен мeмлекет рeтінде қaлыптасуға бағыт ұстaп отырғaн шaқта тaрихымызды қaйта ой елeгінен өткізу aрқылы жан-жaқты зердeлеу жәнe Отaнымыздың өзіндік төл тaрихын зeрттеу нeгізгі мәсeлелер қaтарында eкені бeлгілі.

Eліміз тәуeлсіздік aлғаннaн бaстап бeлгілі отaндық тарихшылaр бұрын зeрттелмеген aйтуға тыйым сaлынған көкейкeсті мәсeлелерді көтeріп, хaлқымыздың әлі дe өз дeңгейінде жaн-жақты зeрттеліп, ұлттық тұрғыдa тиісті бағaсын aлмаған мaңызды мәселeлерді тaлқылады.

Қaзaқ тaрихы бір кeзде әрбір өркeниет тaрихына қарaй құлшынa жүйіткігeн отырықшы саналылaрдың зeріккенде шығaратын ойыншығы іспeтті болды. Егeр бeтбұрыс болмaғанда Ортa aзия түзeміндегі сaхара сaхынасына қойылғaн державaлық драмaлар өзінің трагeдиялық көріністeрін нeмен тәмамдaйтыны бeлгілі eді.

Осы кесaпатты жағдаяттардан кейін тарихта анықталмаған кейбір мәселелерге жауaп іздеуге тура келді. Сондaй мәселелердің бірі ежелгі түркілердің оғыз бұтағынан бөлініп шыққан хaлықтардың YIII-XIY ғасырлардағы ортақ тарихи тамырлары болып отыр.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Фольклорлық тұтастану заңдылығын қазақ фольклортану ғылымында егжей тегжейлі қарастырған академик С. А. Қасқабасовтың төмендегі тұжырымдары кітаби эпос табиғатын түсінуге көмектеседі: «Тарихи тұтастану дегеніміздің өзі – әр дәуірдің оқиғаларын, адамдарын, олардың қимыл әрекетін кейінгі заманға әкеліп, кейінгі дәуір қайраткерлеріне телу, топтау» [1]. Қиял ғажайып ертегілердегі оқ атып қыз таңдау мотиві туралы белгілі фольклортанушы В. Аникин [2] былай дейді: « люди придавали значение этому своеобразному «гаданию» и твердо верили в судьбу, которой и вверяли себя. По видимому, в какойто ослабленной форме эта вера еще сохранялась, что и дало возможность древнему мотиву сохраниться в сказочном повествовании».

. Ресeйлік шығыстaнушылар Н. Aристов, В. Рaдлов[3] көшпeнділер мeмлекетінің құрылуын көбінeсе тaйпа көсeмдерінің рөлімeн тікeлей бaйланыстырады.

В. Бaртольд[4], және Л. Гумилев[5] бастаған әйгілі ғaлымдар көшпенділер мемлекетінің қaлыптасуының шынaйы көзін дaлалықтар өмірінің ішкі себeптерінен іздeстіре бaстайды. Нәтижeсінде, олaр: «Көшпeнділер мeмлекеттілікті eшкімнен тaртып aлғaн жоқ. Көшпeнділер үшін мeмлeкеттілік қоғaм дaмуының ішкі сұрaныстарынан туды. Көшпeнділердің отырықшы көршілeрімeн тeрезесі тeң қaтынaстa болып, өзін сақтaп қaлу жолындaғы күрeсі мeн қоғaмның ішкі қaтынастарын рeттеу қaжеттілігі олaрдың мeмлeкетін тудырды», дeген қорытындығa кeлді

Оқ атып, қалыңдық отауын тігу сюжетінің идеясымен сабақтас оқ атып тағдырын сынау дәстүрі оғыздар заманында да болған. Бұл таным түсінік мемлекеттік істерді реттеуде де маңызды рөл атқарғандығын «Оғызнаменің» соңғы тарауынан көруге болады. Оғыз балалары атылған садақ оғының түскен бағытына қарай мемлекетті бөліп алады. Хан сайлау тұсында садақтан оқ ату, оны дүниені билеу мағынасында ұғыну соңғы ғасырларда да болғандығы туралы дерек Н. Веселовскийдің «Пережитки некоторых татарских обычаев у русских» еңбегінен кездеседі [6].

Белгілі шығыстанушы В. В. Бартольд[4] түрк атауын иеленіп, қуатты Түрк мемлекетін құрған тайпалардың бірі – Оғыз дей отырып, «Орта Азияда тоғыз оғыз болғанына Орхон жазбалары дәлел» десе, ал Маркварт оғызға тонгра, байырқу, хунь, сыцзе (сукит), сицзе (сап), эдиз және тоғыз ру немесе тоғыз оғыз кірді деп жазады. VІІ ғасырдың басында тоғыз оғыз одағы Түрк қағандығы құрамында болды. Н. Я. Бичурин[7] де өзінің «Орта Азияны мекендеген ежелгі халықтар туралы мәліметтерінде» Шығыс Түрк қағандығы Ашина ұрпағы «түрк» атауымен оғыз түрк тайпалар одағындағы әкімшілік бірлікті құрады дейді. Оғызға батыс түрктердің тағы он руы қараған. Олар өздерін он оғыз деп білген. Белгілі шығыстанушы В. В. Бартольд[4] түрк атауын иеленіп, қуатты Түрк мемлекетін құрған тайпалардың бірі – Оғыз дей отырып, «Орта Азияда тоғыз оғыз болғанына Орхон жазбалары дәлел» десе, ал Маркварт оғызға тонгра, байырқу, хунь, сыцзе (сукит), сицзе (сап), эдиз және тоғыз ру немесе тоғыз оғыз кірді деп жазады. VІІ ғасырдың басында тоғыз оғыз одағы Түрк қағандығы құрамында болды. Н. Я. Бичурин[7] де өзінің «Орта Азияны мекендеген ежелгі халықтар туралы мәліметтерінде» Шығыс Түрк қағандығы Ашина ұрпағы «түрк» атауымен оғызтүрк тайпалар одағындағы әкімшілік бірлікті құрады дейді. Оғызға батыс түрктердің тағы он руы қараған. Олар өздерін он оғыз деп білген.

В. В. Бартольдтің пікірінше VI—VIII ғасырларда арабтар Каспий теңізінен Қытайға дейінгі жерлерді мекен еткен түркі халықтарын төмендегідей үш түрге бөлген: 1) Ғұз (Ghuz), яғни оғыз. Каспий теңізінен Сырдәрияның орта аңғарына дейінгі жерлерді мекендеген; 2) Қарлық, Перғананың шығысына қоныстанған. Бұлардың жері басынан аяғына дейін 20 күндік жол; 3) Тоғыз оғыздар, қарлықтардың шығысында, Қытайға дейінгі жерлерді мекендейді. Сондықтан В. В. Бартольд қытай жазбаларындағы хуэйгу (құйғыр, немесе ұйғыр) мен араб авторларының еңбегіндегі тоғыз оғыздар бір халық деген қорытындыға келеді [4]. Оның үстіне Масуди “тоғыз оғыздардан басқа түріктердің ішінде ешкім манихэй дініне сенбейді” дейді. Демек, ол кезде ұйғырлардан басқа кімдер манихэй дініне сенуші еді? Бұл дерек тоғыз оғыздардың Орхон түріктерінің ұйғыр тармағы екенін одан ары айқындай түсед. Тарихшы М. Reinaud “Geographiad d' Aboulfeda” атты кітапқа жазған алғы сөзінде: “ІХ—Х ғасырларда араб географтарының қаламына іліккен осы tagazgazды шынымен түріктер, нақтырақ айтқанда ұйғырлар, дейді. Менімше, бұл аталған tagazgaz “тоғыз оғыз” немесе “тоғыз ғұз” сөзінің батысша деректерде өзгеріп жазылған түрі екеніне дау жоқ. Су Бэйхай Ибн алАширдің “Жалпы тарихында” айтылатын “ғұз тайпасы Махди заманында (Аббасидтердің 775—785 ж. тақта отырған халифі) тоғыз оғыздан алыстағы түркі қоныстарынан Мауреннахрға келген” деген сөзіне сілтеме жасай отырып, “оғыздар Орхон ұйғырлары, олар өздерін оғыз емес, ұйғыр деп атайды”, дейді Демек, VIII ғасырдың орта кезінен, яғни, Орхон ұйғыр мемлекеті күшейіп, оның ықпалы Мауреннахрге дейін кеңейген кезден бастап, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу саяси, экономикалық және мәдени тұрғыдан олардың ықпалында болды. Сондықтан Араб тарихшылары бұл жердің тұрғындарын түгелімен оғыздар деп атаған. Түптеп келгенде, “қазақ” этнонимінің қалыптасуы да осы “оғыз”(ғұз) сөзімен байланысты.

«Оғыз қаған» дастанының зерттелу тарихана қысқаша тоқталып өтелік. Оғыз қаған туралы аңыз әңгімелер мен тарихи шындық жайында кезінде В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, П. Пелльо, И. Н. Березин, Л. Лигетин, Ю. Немат, Н. Я. Бичурин, В. В. Бартольд, А. М. Щербак, А. Н. Кононов сияқты зерттеушілер сан алуан құнды пікір айтқаны мәлім. Бұл пікірлердің бәрін түйіндеп айтсақ, төмендегі жәйіттерге келіп саяды. «Оғыз қаған» эпосының ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқа бар. Ал қазір Н. Атсыз, Н. Банарлы, Ф. Көпрүлузаде, Б. Аталай, Б. Рифат сияқты түрік ғалымдарының «Оғыз қаған» дастаны туралы терең ойлы зерттеулері қолымызға тиіп отыр. «Оғыз қаған» дастаны мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы әртүрлі байланысты зерттеуге қазақтың Ә. Дербісәлин, М. Жармұхамедұлы, Ө. Күмісбаев[9] сияқты зерттешілері де өзіндік үлес қосқан.

Әлкей Марғұлан «Тамғалы тас жазуы»[8] атты мақаласында жазуынша, «ол кезде оғыз ұлысы екі ұлы тайпадан құрылатын: «Боз оқ», «Үш оқ», қазақтың үш жүзіне негіз болған осы «Үш оқ» елі.

Диссертация жұмысының негізгі дерек көздері. Оғыздырдың ұзaқ тaрихын анықтaйтын әртүрлі тілдe жазылғaн тарихи дерeктер бaршылық. Солaрдың бірі қытaйдың дeректері болып тaбылады. Өйткeні Қытaй бaйырғы өркeниетті мeмлекеттердің бірі болғaндықтан, оның жaзу мәдeниеті eрте дaмыған жәнe жaзба дерeк көздeрі жүйeлі түрдe сақтaлған. Қытaйдың рeсми жылнaмалық хронологиялық дерeктерінде жәнe бeйресми жaзбаларында мәлімeттер көптeп кездесeді. Бірінші, қытaйдың рeсми жәнe бейрeсми дeрек көздeрі. Eкінші қытaйда сaқталған соғды, түркі, ұйғыр жaзбалары. Үшінші aрхеологиялық материялдaр. Сонымeн қaтар оғыздaр турaлы жылнамaлар мeн тaрихи дeректер қатaрын толықтырaтын дерeктер тобынa aуыз әдебиeті мeн aңыз әңгімeлер жатaды.

Көптеген көне шежірелер мен тарихи жылнамалар мен қоса оғыздар туралы нақты мағұлмат беретін деректердің қатарына Әбілғазының «Түрік шежіресі»[10] жатады.

Түркі тектес халықтарға кеңінен танылған Қорқыт ата кітабында[11] да түркі халықтарының соның ішінде оғыздардың ертедегі тұрмыс салт, діни наным сенімдері айтылады.

Диуани лұғат-ат түрік дерегінде оғыз тайпаларының мынадай тізбесі келтіріледі, олар қынық, байандұр, ива, салұр, авшар, бектілі, бұқдұз, баят, язғыр, имур, қарабұлақ, алқабұлақ, иғдыр, урегир, тутырқа, түгер, жебни, бежене, жуылдыр, жаруклуғ. Махмуд Қащқари[12] оғыздар алғашында 24 тайпадан құрылған десе, Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде ғана дерек келтірген.

Нұзхат Әлмуштак шығармасында оғыздардың әскері көп болғаны және олардың Таразға жасаған шапқыншылықтары туралы айтылады. Ибн Хаукальдің щығармасында оғыздар Шаш өзені Сауран, шекарасынан өтетін жерлердегі шөлді жағалай мекендейді делінеді. Оғыздардың бір тобы Шаш аймағында орналасқан, қазіргі Арыс өзенінің жағасындағы Пскент қаласына сәйкес келетін Бискент қаласында тұрған. Мұсылман дініне кірген оғыз түрік тайпалары жиналуда.

«Оғызнаме» эпосында «Оғыз» атауын иеленген елдің іштей бірігу, бөліну, қайта бірігу, өзге түркі тектес жұрттармен тоғысу секілді тарихи жолдардың ізі сақталған. Ескерткіште әрқайсы әр түрлі кезеңді қамтитын оғыз тарихындағы маңызды оқиғалар тарихи тұтастану арқылы бір кезеңнің уақиғасы іспетті суреттелген.

Истхари шығармасының парсыша нұсқасында Келес даласында болған «Оғыздар қонысы» (Дехигузз) дерегінде айтылады. Әл-Якуби түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді, түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз ғұздар, оғыздар болып бөлінеді делінді.

Оғыздар туралы аңыз деректің ең таңдаулысы«Оғызнама»[9] дастаны. Ол көркем эпостық туынды. Оғыз тайпаларының әуелгі феодалдық мемлекетінің аты екенін, ал осы, «Оғыз елі» атының қазақтың шежіре аңыздарымен тығыз байланысты екенін және «Оғызнама» дастанында қазақ тайпаларының аты сақталғаны ғана айтылады. Оғыз батырдың тууы, өсіп –жетілуі барысын жырлайды. Оғызнаме» эпосында «Оғыз» атауын иеленген елдің іштей бірігу, бөліну, қайта бірігу, өзге түркі тектес жұрттармен тоғысу секілді тарихи жолдардың ізі сақталған. Ескерткіште әрқайсы әр түрлі кезеңді қамтитын оғыз тарихындағы маңызды оқиғалар тарихи тұтастану арқылы бір кезеңнің уақиғасы іспетті суреттелген. Оғыз образын дәріптеуде фольклорлық көркем құрал ретінде ғұмырнамалық тұтастану басты рөл атқарады; бұл 1) болашақ батырдың ерекше туылуын, 2) оның тез, ерекше өсіп жетілуін, 3) алғашқы ерлігін, 4) үйленуін, 5) қаһармандық істерін, 6) қартайған шағын баяндайтын бөлшектерде көрініс тапқан. Оғыздың өмірге келу тарихы кейіпкердің ғайыптан пайда болуы туралы мотив арқылы берілген. Батыр болар баланың ғажайып туатын жағдайларын ғалымдар көрсетіп кеткен. Ғaжайып туу мотивін анaлық ру зaманында пaйда болғaн түсініктeрмен бaйланысты қaрастыруға болaтынын ғaлым А. Н. Вeселовский өзінің «Историчeская поэтикa»[13] aтты еңбегіндe ғылыми тұрғыдaн дәлeлдеген.

Х ғасырдан бастап оларды араб географтары оғыздарды ғұздар деп атай бастады. Махмұд Қашқаридың еңбегінде көрсетілген 22 Оғыздар тайпалары осы бірлестікке кіргендердің бір бөлігі ғана екендерін ұмытпаған жөн. Тарихи деректер Оғыз тайпаларының Учук және Бузук деп аталатын екі топқа бөлінгендерінен хабардар етеді. Каспий мен Арал теңіздерінен солтүстікке қарайғы аймақта Оғыздар күшті мемлекет құрды. Алайда солтүстік шығыстан келген Қыпшақтар Х ғасырда оларды ығыстыра бастады. Оғыздардың біраз тайпалары Еділ өзеніне дейін барып, осында печенегтермен қақтығысса, ал екінші үлкен бөлігі Орта Азиядағы мұсылман иеліктеріне басып кіріп, Жерорта теңізіне дейін барды. Олардың 1065 жылы Дунайдан өтіп, Балқан түбегіндегі халықтарды тонап, Элладаға дейін барғандары белгілі. Қазіргі Осман түріктерінің біразы солардың ұрпақтары. Бірақ олар қазір «түрік» атанып кеткен.

ІХ ғасырдағы араб авторы Әл Яқұбидің “Түркістaн мeн түріктeр бірнeше халықтaр мeн мeмлекетке бөлінeді. Соның ішіндe қaрлықтар, тоғыз оғыздaр, қимақтaр жәнe оғыздaр бaр. Түріктeрдің әр тайпaсы жeке мeмлекет жәнe бірімeн бірі соғысып тұрaды”, дeгеніне қaрағанда, бірaз оғыздaр қaрлық жәнe қимақтармeн көрші отырғaн. Бұл жeрде Әл Яқұби оғыздaрды “оғыздaр” жәнe “тоғыз оғыздaр” дeп нeліктен әр түрлі aтаған дeген мәсeле туындaйды. Біздіңше, араб авторы бұрынғыша “тоғыз оғыздар” деп сол кезде Орхон бойында қалған оғыздарды (іс жүзінде билеуші тобынан айырылған сегіз оғыздарды) айтқан. Х ғасырда парсы тілінде жазылған “Хұдұт алғалам” атты кітаптағы “қимақтар оғыздармен аралары жақсы жылдарда қыста Сырдәрияның жағасына көшеді”деген дерек бойынша, оғыздар олардың оңтүстігінде, ал “тоғыз оғыздар” олардың шығысында болған болады.

Оғыз атауы Орхон бойындағы Күлтегiн ескерткiшiнде де бәдiзделген. Онда «оғұз» тұлғасында ұшырасады. «Он оғыз» дегендi көне нұсқасы бойынша буындарға бөлсек, «он оқ ұз» деген үш сөзден тұратын атауға өзгергенiн көремiз, яғни он он ру тайпадан екi қанатқа, құрамында тағы да он ру тайпасы бар бiр орталыққа бағынған «ұз» халқы екенiн бiлетiн боламыз. Алайда тарихи әдебиеттерде көбiнде «оғұз» тұлғасы сақталып келгенiн көремiз.

Ортағасырлық араб парсы деректерінде гуздар, түркі тіліндегі жазбаларда оғыздар деген аттармен белгілі болған бұл тайпалардың саяси орталығы Сырдарияның Аралға құяр сағасында орналасқан Жанкент қаласы болды. Бұл күндері оғыз тайпаларының түркімен, түрік, әзірбайжан халықтарының этногенезі мен этникалық тарихында басты роль атқарғаны тарихи тұрғыдан зерделеніп, дәлелденді.

Диссертация жұмысының мaқсаты мeн міндeттері. Жұмыстың басты мақсаты түркілердің оғыз бұтағынан бөлініп шыққан халықтардың YIII-XIY ғасырлардағы ортақ тарихи тамырлары орны мәселесіне жан жақты талдау жасап, обьективті баға беру.

Алға қойылған мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

- Қазақ халқын құрған оғыздардың тайпалық одақтары туралы жанжақты зерттеу;

- Қарақалпақ, Өзбек және түркімен халықтары қалыптасуы, оғыз этногенезі маңызы барысын кешенді түрде қарастыру және проблемалық жағын айқындау;

- Әзірбайжан және Осман түріктерінің оғыздық тарихи бастаулары мәселесін талдау:

Диссертация жұмысының теориялық методологиялық негіздері: Зерттеуде тарихи еңбектерді жанжақты обьективті түрде диалектикалық тәсілдермен етен байланыстығы тарихилықтың, обьективтіліктің, ғылыми принциптерінің негізінде оқып үйрену, талдау басшылыққа алынды. Зерттеу барысында нақты тарихи, салыстырмалы тарихи, талдау, жинақтау және қорыту әдістері, сондайақ логикалық, статистикалық әдістері қолданылды.

Диссертация жұмысының хронологиялық кезеңі: Диссертация жұмысы YIII-XIY ғғ аралығын қамтиды.

Диссертация жұмысының нысаны: Түркілердің оғыз бұтағынан бөлініп шыққан халықтардың YIII-XIY ғасырлардағы ортақ тарихи тамырлары.

Диссертация жұмысының пәні: Түркілердің оғыз бұтағынан бөлініп шыққан халықтардың YIII-XIY ғасырлардағы ортақ тарихи тамырлары мәселесін обьективті түрде саралап, ұлттық мүдде тұрғысынан талдау.

Диссертация жұмысының ғылыми жаңалығы: Зерттеуде қойылған мақсаты мен міндеттерімен, осы күнге дейін айтарлықтай зерттелмеген жаңа материалдармен, сонымен қатар отандық тарихи ғылымда арнайы зерттеу пәні болмаған тақырыпты қоюмен тікелей байланысты. Түркілердің оғыз бұтағынан бөлініп шыққан халықтардың YIII-XIY ғасырлардағы ортақ тарихи тамырлары мәселесін жан жақты талдау жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады.

Диссертация жұмысының қолданбалы маңызы: Зерттеу жұмысы жаңаша көзқараспен зерттелген еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Зерттеу жұмысындағы тұжырымдар мен қорытындыларды ғылыми еңбектерде, тарих сабақтарында және жоғары оқу орындарында оқылатын арнаулы курстарда пайдалануға болады.

Диссертация жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, бір тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебтеттер тізімінен тұрады. Диссертация жұмысының көлемі 64 бетті құрайды.

1. Оғыздардың шығыстан батысқа бағытталған көші-қон тарихы

1.1 Оғыздар мемлекетінің іргесін қалаған тайпалар жүйесі

Мәселен, академик А. Н. Кононов[14. 54 б], Н. Я. Марр [15.45 б] «түрк» сөзінің шығуы тарихы туралы «Құдайдың атаған «түрк» сөзінің қолдайтынын және өзінің пікірі де осымен мазмұндас екенін айтады». Түрк монғол тілдерінің байланысы қайдан келіп шықты деген пікірге үңілсек, біз ең алдымен түркі монғолдарының татар монғол болып бөлінуінен дерек көздерін табамыз. Өйткені, түркі халықтарындағы «оғұз» этнонимінің шығуы жайлы тарихы дерек көздерге сүйенгенімізде, Оғұздың арғы атасы Монғол ханнан тараған. Одан төрт ұл туылып, оның бірі Қарахан болған. Қараханнан туған Оғұз, түркі халқын пайда етуші қаһарман, ол осман түріктері, түркмен, әжербайжан халықтарының ата тегі, яғни бабасы. Сондықтан түркі халықтары арасында үлкен бір мұра «Оғызнама» дастаны қалған.

«Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т. б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар бузук және үшүк (учук). 8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғарпеченег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.

Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамынаСырдария алқабы мен АралКаспий далаларының үндіевропа, финнугор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.

Ертеде «ұйғыр» этнонимінің беретін мағынасы бүгінгі жеке бір ұлтқа тән атаудың аясынан әлде қайда кең болған. Түрік қағанаты жойылғаннан кейін, «ұйғыр» сөзі «оғыз» атауының баламасы ретінде жалпы түрік халықтарының ортақ атауына айналған. Олар ертеде тели, одан соң қарлық, байырқы, яғлақар секілді тайпалардан құрам тапқан орасан зор саяси этникалық бірлестік еді. «Ұйғырлар» билік құрған геосаяси аумақ өзінен бұрынғы Түркі қағанатының жерін түгелге жуық қамтитын. Оның үстіне, VІІІ ғасырда Орхон ұйғыр мемлекеті құрылудан бұрын да Қазақстан шегінде бұл мемлекетті құруға атсалысқан түркі тайпалары өмір сүрді. Кейін 840 жылы аталмыш мемлекет Енисей қырғыздары тарапынан талқандалған соң, оның құрамында болған рутайпалардың басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстанға қоныс аударды. Олар мұнда өздерінің көшпелі салтын сақтап қалумен бірге Орта Азияның отырықшы мәдениетінің ықпалымен, жаңа этникалық тоғысуларды бастан кешірді. Соған қарамастан, Орхон ұйғырларының қазақ халқымен түпкі этникалық байланысы әлі күнге зерттелмей келеді.

“Ұйғыр” этнонимі В. В. Радловтың пікірінше, VIII—IX ғасырларда “ұйю, бірігу, ынтымақтасу” деген мағынаны берген. Бұл сөздің етістіктен болған келер шақтық анықтауыш түрі “ұйығыр” және түбір сөзі “ұю” қазақ тілінде сақталған. И. Я. Бичуриннің[7] анықтауынша, солтүстік Монғолияда жасаған 12 тайпа 456 жылы Селенга өзенінің бойында Ойхор мемлекетін құрған. Бұл термин 1909 жылы Фин ғалымы Г. И. Рамстедт Монғолияның Тушетхан аймағынан тапқан Елетміш Білге қағанның үшінші ескерткішіне ойып жазылған. Бұл ғылым әлеміне бірінші рет танылған Ұйғыр қағанаты (745—844) дәуіріне тән көне түркі жазуындағы ескерткіш еді. Аталмыш таста: (ол жерде қалған халық—он ұйғыр, тоғыз оғыз үстінде жүз жыл отырып.) деген жолдар кездеседі Ал, 1976 жылы Қ. Сартқожаұлы мен С. Г. Кляшторный құрамында болған монғолкеңес біріккен экспедициясы Монғолияның Хубсгуль аймағынан тапқан Елетміш Білге қағанның бірінші ескерткішінде де “біріккен, бірігу” мағынасында жұмсалған “ujүurmyš” сөзі кездеседі.[14. 56 б]

Бұдан бұрынғы “ұйғыр” сөзі ең алдымен анағұрлым көп этностардың бірлестігі конфедерациясы деген ұғымда қолданылса, “құйғыр”сөзі “жауынгер, қыран”деген мағнада тек түріктің яғлақар әулетіне ғана жұмсалған. Бірақ бұл атаудың қолданыс аясы орда ақсүйектерінің ауқымынан аспағандықтан, халық арасында кең тарала қоймаған. Халық бәзбаяғыдай “ұйғыр” атын малданып қала берген. Этнос атауы өзгеріске ұшырағанымен де одаққа кірген халықтардың бәрі ортақ бір тілде түркі тілінде сөйлеген.

Орхон Ұйғыр мемлекетін құруға ұйытқы болған осы тайпалар бұрындары теле деген ортақ атпен қазіргі Қазақстан шегінде жасаған. Олар туралы Қытай дерегі былай дейді: “Теленің арғы аталары—ғұндар. Олардың нәсілі өте көп. Батыс теңіздің (Каспиден) шығыс жағалауынан бері қарайғы тау мен сайсаланың бәрінен бұларды кездестіруге болады. Ангенің (Янцзи) терістігіндегі Ақтауды (Тяньшаньді) қапталдай қыбыт (чиби), бұлашық (боло), едер (чжии), сұба (чжису), нағар (бонахэ), оғыз (уху ), қырғұт (хэгу), ядыр (иечжи), иүрегілер (юниху) тұрады. Соғысқа жарамды адамы жиырма мыңдай. Алтынтаудың (Алтайдыңав. ) оңтүстік батысында сыртардұш (сэяньто), таринақ (чжилээр), зыбан (шипан), дарқыттар (дачи) тұрады. Бұлар да жорыққа он мың адам шығара алады. Қаңлының терістігіндегі Еділ суының бойын едіз (хэчжэ), ғажар (хэцзие), барқұт (боху), биған (бигань), қоқы (цзюйхай), қабыш (хэбиси), ажасу (хэсуосу), баямыт (боиемо), кердерлер (иеда) мекендейді. Бұлар да жорыққа отыз мыңдай әскер шығара алады. Теңіз (Арал) көлінің шығыс және батыс жағалауында салар қият (сулоцзие), үш сақын (сансуяньмие ), сақырлар (сусах) отырады. Бұларда сегіз мыңдай жасақ бар. . . ”. Бұдан ұйғыр этносын құраған оғыз, қыбыт, сыртардұш тектес негізгі тайпалардың әуелде қазіргі Қазақ жерін мекендегенін байқаймыз. Олардың бәрі Каспи, Арал , Алтай, Тяньшань секілді табиғи географиялық шекаралармен қоршалған аумақта жасағаны көрініп тұр. Демек, Орхон ұйғырлары ІХ ғ. Орта Азияға келуден бұрын да бұл өңірде олардың этникалық құрамын толықтаған осыншама тайпалардың өмір сүруі бізді ежелгі ұйғырлар ғұн, түркі қағанаты дәуірінен бастап қазақ этногнезімен тығыз байланыста болған деген ойға жетелейді. [15, 40 б].

Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың бірауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты жағьшан алғаш рет айтылуы VIII ғасырға жатады. Араб географы Ибн Хордадбехтің (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан манызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғызғүздармен, оғыздармен, печенеттермен, қарлұқтармен, қыпшақ тармен, азқишилермен, түргештермен қатар аталады. Оғыз атауын зерттеушілер алғашқыда «тайпа», «тайпалар бірлестігі» деген ұғымды білдірген деген пікірде болды. Бұл атаудағы «оқ» деген терминдік атау ерекше назар аудартады, ол «жебе», «ру», «тайпа» деген ұғымдарды білдірген. Сондықтан түрк тілінің грамматикалық құрылымына сәйкес, "Оқ" пен "ыз" жалғауы қосылып, түрік халықтарының тіліндегі қосарланатын "бет Меңіз, екі ерніміз Ауыз, сол сияқты екі көру жанарымыз "Көз" сияқты, яғни "Бұзоқ" пен "Үш оқ", екі оқ халқына атау болып құралған есім болып шыққан. Әлеуметтік құрылымы бойынша да осы екі бөлініс басты қағида болып қалыптасқан. Рулық бөлініс бойынша бой, сой және оба деп кіші аталықтарға бөлінген. Бұл айтылған деректер ғылым айналымға кейіннен "Насабнаме" қазақстандық Қожалар шежіресінде де көрініс тапқан. Бұл атаудағы «оқ» деген терминдік атау ерекше назар аудартады, ерте орта ғасырларда "оқ", «жебе», «ру», «тайпа» деген ұғымдарды білдірген. Оғыздар жайлы деректер қытай, түрк бітік және арабпарсы, славян жылнама жазба ескерткіштерінде, шежіреде, жыр, аңызәңгіме үлгілерінде ғұз, оғыз деген атаумен ерте орта ғасырлардан танылған.

Кезінде Оғыз атауының ұлыстық, тайпалық этнонимге айналуын тегі түрік халықтарға ортақ «Оғызнама» жырындағы басты кейіпкер Оғыз қаған есімімен де байланыстырылды. Аталған жырда Оғыз қаған барша түркі рутайпаларының арғы атасы етіп көрсетіледі. Уақыт өте келе оның есімі этностық атау мағынасына айналған. Оғыздар 4 ғасырдың өзінде прототүрк тайпалары құрамында, 6-7 ғасырда Түрік қағандығы нақты оғыз және тоғызоғыз одағы пайда болды. Орхон руна жазуында Шығыс Түрік қағандығы (6 –8 ғасырлар) құрамына кірген Оғыз тайпалары оңтүстік Сібір мен Шығыс Моңғолияны мекендегендігі айтылады.Н.Я.Бичурин өзінің «Ерте кездегі уақыттарда Орта Азияны қоныстанған халықтар жөніндегі мәліметтер»[7. 46 б] жинағында «Шығыс Түрік қағандығы кезінде Ашина ұрпағының «түрік» атымен (қайта аталып) оғыз түрік тайпа одағының әкімшілік бірлігі болды» деп жазады. Түрік бітіктерінде оғыз қағандарының, оның ішінде Бәз қағанның да есімі нақты аталып көрсетілген. Оғыздар шамамен 8 ғасырдың орта шеніне қарай ұйыса түскенімен, Түргештер мен Қарлұқтардан қысым көріп Ертіс бойынан, Жетісу жері одан әрі Алатау Қаратау сілемдерімен 9-11 ғасырларда Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысына, 11-12 ғасырларға қарай Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау Үстіртке қарай жылжыған. 9-10 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Қызылорда облысы аумағында Оғыздар этносы бірте бірте қалыптасып орнықты. Оғыздардың этностық құрамына Сырдария алабы мен Арал Каспий далаларын мекендеген байырғы рутайпалар (апасиак, қаңғар, сармат) мен Жетісу, Сібірдің көшпелі және жартылай көшпелі туыстас рулары мен тайпаларынан еді. Оғыздар тайпаларға, тайпалар руларға бөлінді. Махмұт Қашқаридың (11 ғасыр) деректерінде оғыздардың алғашқы 24 тайпадан құралғаны айтады. Олар: қынық, қайығ, баяндур, йуайыуа, салыр, афшар, бектілі, бугдуз, баят, йазғыр, эймур, қарабөлук, алқабөлук, игдір, урәгурйурәгір, тутырқа, улайундлуғ, тугәртігер, бажанақ, чувулдар, чәбич, чаруқлуғ. Жетекші руы– қынық. Оғыздар бұзоқ (бузок), үшоқ (учок) болып екіге бөлінеді. Осы топтардың әрқайсысы шежіре бойынша теңдей екі топқа бөлінген 24 тайпадан құралған. 9 ғасырдың соңы мен 10 ғасырдың ортасында Арал теңізі, Каспий теңізі және Сырдарияның төменгі алқаптарында Оғыз жабғуларының (йабғу) мемлекеті құрылды. Мемлекет орталығы алғашында Янгикент (Жаңакент) қаласы болды. Махмұт Қашқаримен қатар сол тұстағы араб барлаушылары болған, саяхатшы тыңшылардың жазба деректерінде оғыздардың Екіөгіз (Екіоғыз, Эквиус Жетісу жерінде), Сабран (Сауран), Сіткун (Сүткент), Суғнақ (Сығанақ), Қарнақ, ХораЖуара, Жент, Дарку тәрізді т. б. қалалары болғандығын айтылады. 11- ғасырдың ортасында солтүстік шығыстан келген қыпшақтар оғыздарды тықсырды. Оғыздардың бір бөлігі батыс және оңтүстік бағытта көршілес мемлекеттер аумағына қоныстады, Селжуктер басқарған бір бөлігі алдыңғы Азия елдерін жаулап ала бастады. Оғыздардың солтүстік батыс бөлігі Еділдің төменгі бойындағы татар, оңтүстік Оралда башқұрлармен сіңісіп кетті. Сырдария жағалауының орта және төменгі ағысын, Арал маңы мен Солтүстік Каспий маңын мекендеген Оғыз тайпалары қазақ тарихында Қорқыт заманымен қатар, Сыр бойының жыраулық өнерінде ерекше мақамға ие, қайталанбас төл тума мәдениетімізде айтарлықтай із қалдырды. Салжұқтар – көшпелі түрік оғыз ордаларының бірі. Қолбасшысы салжұқ есімімен сондай ақ олар құрған әулеттің аталуына байланысты аталды. құрамына қынық тайпасы басшылығымен әр түрлі оғыз тайпаларының бөлігі енді. Салжұқтар Женттіде мекендеп кейін (985 жылы шамалы) Нұратау маңында қоныс аударды. 1038 жылы Салжұқ Нишапур қаласынан кейін Хорасанды жылы жаулап алды. Осы кезден бастап Салжұқтың саяси тарихы Салжұқ мемлекетті тарихмен тығыз байланысты болды.

ХІ-ХІІІ ғасырларда басқа да оғыз ордаларымен және Иран, Әзірбайжан, Кіші Азияның байрығы араласып, түркімен, Әзірбайжан, және түрік халықтарының қалыптасуына ықпал болды. Оғыз мемлекетінің басты бөлігін қарлұқ, халаж және басқа түрік тайпалары құрады. Оғыздардың қалыптасуында имаққимақ тайпалары, сондайақ баяндұрлар, имурлар және қайлар маңызды рөл атқарды. Тарихи деректерде, мәселен, Диуани лұғат аттүрік оғыз тайпаларының мынадай тізбесі келтіріледі: қынық, баюндар, ива, салүр, афшар, бектілі, бакдүз, баят, язғыр, имур, қарабұлақ, алабұлақ, иғдыр, урегир, тұтырқа, улаонулуг, түгер, жебни, бежене, жуылдар, жаруклуғ (1том, 56-57беттер). Оғыздар «ұрүғтар» мен «аймақтарға» бөлінді, өз кезегінде олар «ел» деп аталған ірірек тайпалар одағының құрамына енді. Олар көршілес халықтармен үнемі тоғысып отырды, парсы тілдес еуропалықтармен араласқан мұндай этникалық топтар «түркімендер» деп аталды. Оғыздардың көшіқон қоныстары Ырғызда Жайықта, Жемде, Ойылда, Аралсол көлінің оң жақ жағалауында болды. Мүғалжардың солтүстік шығыс беткейлері мен оңтүстікОрал сілемдері арасында оғыздардың Даранда (Дендера) және Дарку деген шағын қамалдары табылды, соңғысы, сірә, оғыз билеушісінің жазғы ордасы болуы керек. Оғыз тайпалары башқұрттармен, бұртұстар мен шекаралас болды. 9- ғдың соңында оғыздар хазарлармен одақтасып, печенегтерді ойсырата женді де, Жайық пен Еділ аралығын өзіне қаратып алды. Олар түркі тілдес тайпалар қарлұқтармен, қимақтармен, қыпшақтармен тығыз байланыста болды. Бірақ кейін оғыз мемлекетінің өзі қыпшақ тайпаларының соққыларынан құлады, осылайша оғыздардың қалдықтары 11 ғдың ортасында Дешті қыпашақтың түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті. [20, 110 б]

Орхон ұйғыр қағанаты құлап, оғыздардың көп бөлігі шет жұрттарға ауа көшкен кездерде, Орхон бойында қалған бір бөлім сегіз оғыздар (наймандар) кейін Алтай тауы мен Ханғай тауларының арасында жаңа қағанат құруға атсалысқан. Олар билеуші ұйғырлармен бірге шет жұрттарға кетпеген. Сол бойынша ата мекендерінде қала берген. Қырғыздармен жақын қарым қатынаста бола отырып, өз мемлекеттерін құруға атсалысқан. ІХ ғасырдағы араб авторы Әл Яқұбидің “Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді. Соның ішінде қарлықтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен бірі соғысып тұрады”, дегеніне қарағанда, біраз оғыздар қарлық және қимақтармен көрші отырған. Бұл жерде Әл Яқұби оғыздарды “оғыздар” және “тоғыз оғыздар” деп неліктен әр түрлі атаған деген мәселе туындайды. Біздіңше, араб авторы бұрынғыша “тоғыз оғыздар” деп сол кезде Орхон бойында қалған оғыздарды (іс жүзінде билеуші тобынан айырылған сегіз оғыздарды) айтқан. Х ғасырда парсы тілінде жазылған “Хұдұт алғалам” атты кітаптағы “қимақтар оғыздармен аралары жақсы жылдарда қыста Сырдәрияның жағасына көшеді”деген дерек бойынша, оғыздар олардың оңтүстігінде, ал “тоғыз оғыздар” олардың шығысында болған болады. [21, 112 б]

Махмуд Қашқари оғыздар алғашында 24 тайпадан құралған дейді. Алайда неғұрлым кейінгі авторлар оның ішінде Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде ғана айтады. Деректемелердің айырмашылықтарын оғыздардың екі экзогамиялық фратрияға тиісінше олардың әскерлерінің оң және сол қанатына кірген бұзұктар мен үшұқтарға бөлінуімен түсіндіруге болар. Әрбір топта 24 тайпадан болды, бұлардың өзі де тепе тең екіге бөлінеді.

Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұзұқтар оң қанатқа, «аға» тайпалар қатарына жатады да, ал ұшұқтар сол канаттың «кіші» тайпаларына жатады. Жоғарғы ханды «сайлағанда» бұзұктардың (ұшұқтарға қарағанда) көп артықшылықтары болған. Жалпы алғанда оғыз мемлекеті этникалық құрамы жөнінен алақұла болып ерекшеленбеген. Оғыздардың негізін қалады, ал 766 жылдан бастап Батыс Оғыздары деп аталды. Селжұқ және Осман империяларын құрған Оғыз Түріктері осылар болатын. Қарлұқ, Көк Түрік, Ұйғыр мемлекеттерінің ішінде өмір сүрген олар кейін өз еріктерімен әрекет жасай бастады. Соңында Қараханидтер дәуірінде маңызды рөл ойнады. (17). Қазіргі Ферғана (Өзбекстан және Қырғызстан) жерін көбінесе солтүстік Ауғанстан қолданып келеді. Тоғыз Оғыздар шығыста отырғандықтан Ұйғыр мемлекетінің басты халқының негізін қалады. 840 жылы Ұлы Ұйғыр мемлекеті құлағаннан кейін олардың бір бөлігі Кытайға кетті. Қалған бір бөлігі де Тұрпан аймағына келіп Қараханидтерге қосылды

ТоғызОғыз– ежелгі түркі тайпасы, 8- ғдағы ОрхонЕнисей жазбаларында кездесетін тайпалар одағы. тоғызоғыз туралы алғашқы деректер 630 жылғы Қытай жазбаларында кездеседі. Одақтың негізін тоғыз тайпа: сеяньто, ұйғыр, паясғу, пуғу, тунло, хұн, хуейе, толанко, атйе құраған. С. Г. Кляшторный б. з. 1 мыңжылдығының ортасында печенегкангарлар тұрағы Қанға, яғни Сырдарияның орта ағысы болды деп көрсетеді. М. Қашқари: “Бажанак Рұмға жақын жайласқан түрік тайпасы. Бажанак оғыз руларының бірі. Бәженек деп те аталады” деп жазады. 8 - 9 ғасырларда Печенегтер Еділмен Орал аймағында өмір сүрген. 9-ғасырдың соңына қарай оғыздар, хазарлар, қимақтардың қысымымен батысқа қарай жылжиды.

Оғыздарға түрікмендер трухмендер, терекмелер (Ирак түркілері), азерилер азербайжандар және селжұқтар, османлылар (тарихи халықтар), түріктер(Түркия), гагауздер сонымен бірге қазіргі кавказ бен қырымдағы түркі халықтары(қарашай, балқар, құмық, қырым татарлары)қыпшақтар мен аралық топ ретінде жатады. Оғыздардың қазір үш тәуелсіз ірі мемлекеті бар: Түркіменстан, Әзірбайжан, Түркия. Үшеуінің де туында ай таңбасы бар екен. Ендеше осы ай таңбаның өзі олардың Ұлы атасы Оғыз қағаннан таралғандығын да әйгілеп тұрғандай. [21, 85 б]

Оғыздардың ата мекені қазіргі Амудариядан Шығысқа қарайғы жерлер. Оғыз халықтарының бәрі қазір еуропалық нәсілдегі (монголоид белгілері аз) халықтар. Оғыз халықтарың 5 мың жылдық тарихы бар. Кейін олар скифтер мемлекеттерінің, одан хун империясының, одан соң Батыс Түрік қағанатының құрамына енді. Көк Түріктердің Оғыз тайпаларын қалай бағындырғаны жөнінде көне тас жазбаларла нақтылы жазылады. Осы кезеңнен бастап, олардан ығысып, біртіндеп батысқа қарай жылжи бастайды. Ал Орталық Азиядағы Оғыз мемлекеті қайта бөлініп, 9-11 ғасырларда қыпшақтар мемлекеті орнағанша Орталық азияда іргелі мемлекет болып тұрды. Осы кезеңде (9-11) қазіргі жоғарыда аталған Оғыз халықтары тілі жағынан бөлініп, (түркімен, түрік, әзербайжан) негізінен қалыптасып болады. 1253-1255 жылдары Мөңке қаған ордасына саяхатшылап барып қайтқан Гильом де Рубрук естелiк кiтабында жазып қалдырған. Бұдан моңғолдың оң қанаты – батыс, сол қанаты – шығыс деп аталатынын бiлетiн боламыз. «Он оғыз батысқа, он оғыз шығысқа кеттi» деген сөйлемнен, оғыздар да моңғолдар сияқты батысты – оң, шығысты – сол қанат деп қарағаны байқалады. Осы айтылғандар негiзiнде бүгiнгi қазақ тiлiндегi «алты алаш» атауы Оғыз қағанның алты баласы немесе «солардың ұрпағы», «жалпы түрiк халқы» деген ұғымды бiлдiредi. Қазақ танымында «Алтау ала болса – ауыздағы кетедi, төртеу түгел болса – төбедегi келедi» деген тәмсiл сол оғыздар үстемдiк еткен заманның санамыздағы сарқыншақ естелiгi iспеттi. «Алты алаш» дегенiмiз Оғыз қағанның алты баласынан тараған ұрпағы «жалпы түрiк халқы» дегендi бiлдiретiнiн айтпақ едiк. Оғыз атауы Орхон бойындағы Күлтегiн ескерткiшiнде де бәдiзделген. Онда «оғұз» тұлғасында ұшырасады. «Он оғыз» дегендi көне нұсқасы бойынша буындарға бөлсек, «он оқ ұз» деген үш сөзден тұратын атауға өзгергенiн көремiз, яғни онон ру тайпадан екi қанатқа, құрамында тағы да он ру тайпасы бар бiр орталыққа бағынған «ұз» халқы екенiн бiлетiн боламыз. [22, 83 б].

1253-1255 жылдары Мөңке қаған ордасына саяхатшылап барып қайтқан Гильом де Рубрук естелiк кiтабында жазып қалдырған. Бұдан моңғолдың оң қанаты – батыс, сол қанаты – шығыс деп аталатынын бiлетiн боламыз. «Он оғыз батысқа, он оғыз шығысқа кеттi» деген сөйлемнен, оғыздар да моңғолдар сияқты батысты – оң, шығысты – сол қанат деп қарағаны байқалады. Осы айтылғандар негiзiнде бүгiнгi қазақ тiлiндегi «алты алаш» атауы Оғыз қағанның алты баласы немесе «солардың ұрпағы», «жалпы түрiк халқы» деген ұғымды бiлдiредi. Қазақ танымында «Алтау ала болса – ауыздағы кетедi, төртеу түгел болса – төбедегi келедi» деген тәмсiл сол оғыздар үстемдiк еткен заманның санамыздағы сарқыншақ естелiгi iспеттi. «Алты алаш» дегенiмiз Оғыз қағанның алты баласынан тараған ұрпағы «жалпы түрiк халқы» дегендi бiлдiретiнiн айтпақ едiк. Оғыз атауы Орхон бойындағы Күлтегiн ескерткiшiнде де бәдiзделген. Онда «оғұз» тұлғасында ұшырасады. «Он оғыз» дегендi көне нұсқасы бойынша буындарға бөлсек, «он оқ ұз» деген үш сөзден тұратын атауға өзгергенiн көремiз, яғни онон ру тайпадан екi қанатқа, құрамында тағы да он ру тайпасы бар бiр орталыққа бағынған «ұз» халқы екенiн бiлетiн боламыз. [23, 46 б. ]

Оларды арабтар ғуздар деп атаған. Оғыз сөзі ус, ғұз деп аталады да "өзен, су" деген мағына береді. Қазіргі Азербайжандар оғыз тайпалары мен ирандықтардың араласуынан шыққан түркі тілдес халық болса, түріктер оғыздар мен кавказ халықтары және гректердің араласуынан шыққан түркі тілдес халық. Ол жерлерге түркі халықтары Осы Орталық Азиядағы ата мекенінен барған Тілдік деректері мен тарихи қалыптасуы, салтдәстүрі мен дүниетанымы жағынан Оғыздар Түркі халықтарың ішіндегіқарлұқтарға (Өзбек, ұйғыр) жақын.

9-11 ғасырларда құрылған Оғыз мемлекетінің қазіргі мұрагерлері Түрікмендер. Ал түріктер мен әзірбайжандар ол кезде қазіргі қоныстарына Кавказ бен Кіші Азияға жетіп тұрақтаған болатын. Оғыздардың мемлекеті Қазіргі Каспий мен Аралдың Солтүстік Шығысын алып жатты. Кейін қыпшақтар оларды біртіндеп оңтүстікке ығыстырады. Соның ішінде қазіргі қазақ халқының кіші жүзінің негізін құраған тайпалар олардың орнына келіп орналастын (Жайық, Маңқыстау, Қарақалпақстан, Сыр бойы). Оғыз жырларында олардың дұшпандары ретінде қыпшақтар көп аталатыны сондықтан. Осы тайталас кешегі Түрікмендер мен адайлардың арасында да жалғасқан еді. Түрікмендер нәтижесінде қазіргі аймағынан (Қарақұм, Амудария) табылды, Азербайжандар Батыс Кавказда, Солтүстік Иранда қалыптасты, Түріктер Кіші Азияға барып, әйгілі Осман империясын құрады Оғыздардың тарихы көне скифтердің (сақтардың), массагеттер, печенегтер, ирандықтар, парсылар, кавказ елдері және көне мемлекеттер Шумер, Ассирия, Хет, Элам, мен Үнді халықтарының тарихымен ұштасып жатады. [24, 69 б. ]