Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих-все ответы-Әбілқайыр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
365.18 Кб
Скачать

100) Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы

Жаңа тарихи оралымда Қазақстанда барлық этностар мен әлеуметтік топтардың,жеке адам мен қоғамның,дара тұлға мен мелекеттің татулығы,өзара түсіністік пен сабырлық мұраты қоғамдық сананың басымдығына айналды.Сабырлық пенг татулық мәдениті. Бұл терминдер Қазақстанның ең көкейкесті проблемаларының мәніне және қоғамдық сана қарама-қайшылықтарын шешу проблемасына дендеп енуге мүмкіндік береді.Қазіргі жағдай бұрын-соңды болып көрмеген мәдени тарихи сапасымен ерекшеленді.Бұрынғы барлық дәірлерден айырмашылығы татулық жергілікті,таңдамалы принцип ретінде көзделмейді,бірақ әмбебеп сипат алады,барлық әлеуметтік топтардың,этностардың,мәдениеттің,халықтардың,елдердің жанды жеріне тиеді.

Қазір республикада 3 мың діни бірлестік өкілдері болып табылатын 45-тен сатм конфессия жайында,яғни әңгіме тәуелсіз біртұтас мемлекет шеңберіндегі конфессиялық және мәдени алуан түрлілік жайында болып отыр.Қазіргі кезде тек этносаралық келісімді сақтап,нығайту ғана емес,сонымен бірге ең алдымен діни төзімділікті,конфессияапралық пікір алысу мен келісімді сақтап нығайту Қазақстанның ішкі саясатының басты міндеттерінің бірі саналады.Егер бұл саланы назардан тыс қалдырып,оған лайықты мән берілмейтін болса,онда Қазақстанды мекендейтін халықтардың ғасырлар бойына қалыптасқан бірлігіне сызат түсуі мүмкін,ал мұның өзі,әрине,төтенше қауіпті салдарларға ұшыратуы,бәлкім,орын толмас қасіретке жеткізуі мүмкін.Басқаша айтқанда,діни келісімді әсірелеп айтпай-ақ келісімнің барлық өзге формаларының негізі ретінде қарауға болады,өйткені ол адамдар арасындағы ішкі,дүниетанымдық-бітімгершілік ұйтқы болып табылады.

Егер тікелей Қазақстан жайында айтатын болсақ,онда рухани келісім мұнда ең алдымен елдегі басым болып отырған ислам мен христиандық-еуразиялық құрлықтың аса үлкен екі этносының діни сенімдерінің өкілі болып табылатын әлемнің негізгі екі діні арасына қажет.Қазақстанда нақ осы «ислам-христиандық»діңгегі бойынша Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің 2030 жылға дейінгі республика дамуының Сратегиясында айтқан Қазақстандықтардың төзімділігі қалыптасып,сақталуға қабілетті.Бұл келісім-жай ғана уақытша жағдай немесе болашаққа деген ізгің тілек емес:ол жаһандану жағдайында Қазақстанның өркениетті орнықты әлеуметтік-эканомикалық және саяси дамуы негізінде де,сүйіспеншілікті,қайырымдылықты,сенімді,аштықты,таяудағы және қашықтағы елдерге деген құрметті,лайықты мінез-құлықты,адамдардың ізгі істердегі іс-қимылдарының ұлғая түсуін уағыздайын ислам мен христиандықтың аса маңызды парыздары мен аманаттары негізінде де әбден мүмкін.Қауіпсіздік пен тұрақталықты қамтамасыз етудің конфессияаралық пікір алысуының гуманистік негіздері осындай.Осыған байланысты елде нақты мүмкіндіктер бар,бірақ олар әзірге дұрыс жолға қойылып отырылған жоқ.Әрине,конфессиялар пікір алысуының алуан түрлі формаларын ұйымдастыруда қиындықтар кездеседі,бірақ олар еңсерілуге тиіс.

Сонымен,тәуелдісіздік жылдары Қазақстанда қоғамдық сананың түбегейлі өзгеруі орын алды.Социологиялық мәдени және саяси парадигманың ауысуы,жаңа экономикалық құрылымдардың және күшті перзиденттік биліктің қалыптасуы,демократияның,азаматтық қоғам мен әлеуметтік мемлекеттің дамуы,азаматтардың бастамалары,Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа халықаралық қатынастардың толық құқылы субъектісі ретінде енуі-барлық осы жаһандық өзгерістер тек жаңа құндылықтар жүйесінің қалыптасуы себепті ғана мүмкін болды.Әлеуметтік-саяси тұрғыдан алағанда қоғамдық сана құндылық бағдары мен социалисиік реңктегі ұсыныстардан қазіргі заманғы либералдық құндылықтарға қарай олардың дәстүрлі түсініктері мен артықшылықтарын ұштастыра отырып эволюциялық жолдан өтті.Этникалық тұрғыдан алғанда- «кеңес халқының» абстрактілі бірлігін танудан ұлттық сана-сезімнің және рухани мәдениеттің қалыптасуына қарай және тек ұлттық түп-тамырларды осылай танып білу мен мәдени мұраны қайта түлету арқылы ғана-этносаралық келісім мен өзароа түсіністікке,мәдени айырмашылықтарды-Қазақстан халқын мұқият сақтайтын шынайы ортақтықты қалыптастыруға қарай эволюциялық жолдан өтті.

Әлемдік руханият кеңістігінде берік орын алған Қазақстан әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени даму қарқынын үдете түсті.Қоғамдық сананың өзгеріске түсуі жалғасып келеді,ол азаматтық қоғам мен руханият және адамгершілік құндылықтардың басымдықтарын көздейтін демократиялық мемлекет құруға бағдарланған шығармашылық,әлеуметтік белсенділігінің жаңа әлеуетін ашуға ден қойды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]