- •1.Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2.Тас ғасыры мен оның ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3.Қола дәуіріндегі Қазақстан.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.
- •8. Бірінші Түрік қағанатының тарихы (552-603).
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз
- •11.Қарлұқ қағанатының тарихы.
- •13. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті VI-XII ғғ.
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни ,м.Қашқари, ж.Баласағұни, Ибн Сина.
- •19. Найман мен Керейт ұлыстары.
- •20. Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулауы 1219-1224 жж.
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде (XIII-XV ғғ).
- •24.Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •26. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •28. «Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •30. XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •31.Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •33.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •35.Xyii-xyiii ғ. Басындағы қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
- •37. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» . «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқасының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •41.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •42.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •45.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •49. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.
- •50.Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •56. 1916 Ж .Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •57.1917Ж. Ақпан рев.Нан кейінгі Қазақстан.
- •62.1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •63. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •64. 1917 Ж. Екініші жалпықазақ съезі.Алашорда үкіметі.
- •65. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •66. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •67. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі, себептері мен нәтижелері.
- •68. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •70. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері ,нәтижелері және олқылықтары.
- •71.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары.
- •73.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары.
- •74.Хх ғ. 20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары.
- •75. 1937-1938Жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •76.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандандағы ерлігі.
- •77. Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •78.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі(1946-1965жж)
- •79.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық және әлеуметтік – демографиялық салдарлары.
- •80.1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •81.1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •83.Қр мемлекеттік рәміздері.
- •84. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 ж Конституциялары.
- •86.Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік модернизация,
- •87.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •88.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары.
- •89.Қр қазақ тілінің мәртебесі.
- •90.«Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •91 Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
- •92.Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •93. Тәуелсіз қр құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •94.Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан Қаз.Мемлекетінің мәселелері туралы.
- •95.Қазақстан – 2050 стратегиясы, ххІғ жаһандық мәселелері.
- •96.Қазақстан – 2050стратегиясы.Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •97.Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •98.Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99.Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз.
- •100) Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы
99.Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз.
Жиырма жылдан астам уақыт бұрын тұтас КСРО-ның құлдырауы түрлі пікірталас тудырды. Азаматтардың барлығы өткенді қайтара алмайыз және бұрынғы КСРО-ның қазіргі тәуелсіз мемлекеттері әрі қарай өз беттеремін дамиды деуде. Дегенмен, елдер әрі қарай өздерінің саяси тәуелсіздігін сақтай отырып, өзара ынтымақтастықтың экономикалық тиімділігін алдыңғы орынға қоятын болады.
ТМД, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ, Кедендік Одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Еуразия одағы сияқты түрлі «ықпалдастық құрылымдар» бұрынғы кеңес тарихының толық ұмытылмағандығын білдіреді. Кеңес үкіметі кезінен сақталған кейбір экономикалық байланыстарды кейінгі жылдары әрі қарай дамыту қазіргі тәуелсіз елдердің арасында қарым-қатынастың қалыптасып қалғандығын білдіреді. Олар Орталық Азия, Закавказье және бұрынғы КСРО-ның шығыс бөлігіндегі елдер. Қазіргі таңда Кедендік одақ «посткеңестік экономикалық бірлестік» іспетті. Тек оның құрамына Ресей, Қазақстан және Беларус Республикасы кіреді. Осындай бірлестіктердің артықшылығы мен кемшіліктерін қанша айтқанмен, тек бір анық нәрсені мойындау керек. Барлық посткеңестік бірлестіктердің (олардың саны жиырмадан асады) ішіндегі Кедендік Одақ ең тиімді әрі ұзақ уақыт бойы жұмыс атқарып келе жатқан ұйым саналады.КО құрылғаннан бастап оның құрамына Қырғызстан, Тәжікстан және Арменияны қосу мәселесі талқыланып келеді. Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты Кедендік Одақ мүше елдердің санын көбейтер емес. Ресей Кедендік Одақ елдерінің қатарына Украинаны енгізуге тырысып жүр. Бұған Қазақстан мен Беларус Республикасының саяси тұрғыдан қызығушылығы жоқ. Ал Мәскеу үшін Украинаның қатысуынсыз ешқандай посткеңестік бірлестіктер маңызды емес. Ресей басшылығы Киевтің қатысуынсыз КО, Еуразия Одағының болашағын қарастырмайды. Сонымен, посткеңестік елдерді біріктіруге тырысудың екі аспектісі бар, олар – саяси және экономикалық. Дегенмен айта кету керек, Кедендік Одақ пен Еуразиялық Одақ тек Ресей, Қазақстан және Беларус елдерінің бірінші басшыларының саяси еріктеріне негізделген. Еске сала кетсек, Кедендік Одақ - екі немесе бірнеше мемлекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Белорусия Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларус Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз-гертіледі» деп атап көрсетті.Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қа-лыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық дамудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады.
