Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих-все ответы-Әбілқайыр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
365.18 Кб
Скачать

45.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.

ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан əрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының жəне Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар əрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды. 1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта жəне Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір əскери губернаторыМ.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор əскери губернаторы П.Эссен болған«Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды. «Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы«Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандықбилік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834ж.), Көкпекті (1838 ж.). Əр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды жəне оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, əр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды. Жаңа əкімшілік бөлініс қазақтардың дəстүрлі жер қатынасын күйретті де рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де əсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына,омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді жəне егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды. Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір əкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей жəне Өскемен уездері Том губерниясына берілді. 1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш категорияға бөлінді: қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағынбау); арыз-шағымдар («қазақтардың əдет-ғұрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер); облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.). 1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта жəне Шығыс болып үшке бөлініп,Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. 1824 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылданды да, ол бойынша орыс шенеуніктерінен жергілікті əкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі мүмкін болмай қалды. Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналдыру үшін хандық билікті, яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына орыстың əкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор жəне Сібір ведомстваларының территориясында тұратын Кіші жəне Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады. Осы жəне одан кейін жалғасқан ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан əрі отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды жəне жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.

46.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы. Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жою, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жлғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиелінісуі К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көт-ң шығуына себеп болды. Көт-ң мақсаты қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көт-с бүкіл үш жүзді қамтып, ұлт-азаттық сипат алды. Көт-ң басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Көт-ке әртүрлі ұлттардың өкілдері орыс, өзбек, қырғыз т.б. қатысып, көтерілісшілер саны 20-мыңға жетті. Көт-ке Кенесары қолын басқарған атақты батырлар Иман, Жоламан, Бұғыбай, Сұраншы, інісі Наурызабай, Әбілғазы, әпкесі Бопай қатысты. 1837 ж қараша Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тобын тұңғыш рет шабуыл жасап.1838ж 26 мамыр Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жібереді. 1841ж Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылады. Ендігі кезекте патша үкіметі көт-ке қарсы шаралар ұйымдасытыра бастады: 1842ж Орынбор ген-губ Обручев, Сібірден Сотников әскері жіберілді. 1843ж І Николай старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді, сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Генс, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды. 1843ж 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасты. 1843 ж 17 тамызда полковник Бизановтың тобы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844ж шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Осы жеңістің нәтижесінде Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр етті. Кенесарының сонда қойған талабы, әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл, Нұра және Жайық өзеніне дейінгі өңірді Ресей билігінен босату. 1845ж сәуірде Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов және Герн келеді. Бірақ екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 ж қазан, қарашада көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қоған бекіністерін алады. Абылайдың баласы сұлтан сүйік Ресей билігін мойындаса, Үйсін, Жалайыр, Дулат руларының көпшілігі көтелісішілерді жақтады. 1847 ж сәуір Кенесары 10 мың әскермен қырғыз жеріне басып кіреді. әскерледің қырғыз ауылдарын тонауы көтерілісшілердің Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызады. Қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би топтарының Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ жасағының жеңілісіне әсер етеді. Сол жылы Кенесары Бишкек маңындағы Майтөбе шайқасында 32 сұлтанмен қаза табады. Тарихи маңызы; үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс, ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей азаттық көтерілісінің құрамдас бөлігі, Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті, қазақ халқының ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байданыстылығын көрсетті.

47 . XIX ғғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алғанҚылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды.Созақта тұратын, Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады.1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргенің үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді.1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады. 1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскеріАтанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазымен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофив бастаған отряд көмекке келіп хиуалықтарды бірге талқандайды. Патша шенеуіктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И. Осмаловскийдің көмекшісі болып есептелінетін тілмаш Мұхамедхасан Ахмеров пара жинауға шабармандарын Жанқожа ауылына жұмсайды. Жанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық мүлде жоқ» деп қуып жібереді. Мұндай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр болады.1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л. Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал- губернаторы В. А. Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті.Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан- наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп өлтіріп кетеді.

48.Арал өңірі қазақтарының ХІХ ғ. ұлт-азаттық күресі.

Арал теңізі маңындағы қазақтарға қарсы шабуылды күшейте түскен мемлекеттердің бірі Қоқан хандығы болды. 1808 жылы қоқандықтар Ташкентті1814 жылыТүркістанды басып алды. 1818 жылы қоқандықтардың Ақмешіт бекінісі Сырдарияның оң жағалауына көшірілді. Ақмешіт бірте-бірте сауда керуен жолдары үстіндегі аса ірі әскери бекіністердің біріне айналды. Ол Ташкент, Бұхара және Хиуадан ТроицкАтбасарға, Батыс Сібір қалаларына өтетін көпестердің керуендерін бақылап отырды. Қоқандықтар Ақмешіт пен басқа да бекіністер аймағында көшіп-қонып жүрген қазақтардан жиналатын алым-салық түрлерін ауырлатып жіберді. Мәселен, әр отбасы жыл сайын салық ретінде Қоқан үкіметіне 6 қой, 4 арба сексеуіл, 1000 бау қамыс төлеп тұруға тиіс болды. Мұның өзі жергілікті тұрғындардың материалдық жағдайыннашарлата түсті. Бұл мәселені қоқандықтармен бейбіт жолмен келісім жасасу арқылы шешу әрекеттерінің сәті түспеді. Сыр бойы қашқтарына қарсы бағытталған Қоқан өктемдігін тоқтату үшін Қасым сұлтан мен оның ұлы Саржан сұлтан күш салып бақты. Бірақ ол екеуі де қоқандықтардың қолынан сатқындық зұлымдықпен қаза тапты.Қоқандықтардың қазақ даласына зұлымдықпен шабуыл жасап тұруын тоқтату мақсатымен атақты хан Кенесары Қасымұлы Қоқан хаңдығының аумағына бірнеше рет жорық жасады.Қазақ даласына тереңдеп ену әрекеттерін Хиуа хандығы да жасады. Мәселен, 1835 жылы ол Қуаңдария өзені бойында Құртөбе әскери бекінісін салды. Ондағы әскери гарнизонда 200 солдат болды. Ал Сырдария өзенінің сол жағалауында Қожанияз және Жаңақала әскери бекіністері бой көтерді. Шекара шебіне таяу тұратын қазақтардан зекет, ұшыр және басқа да алым-салық түрлерін жинап алу үшін Хиуа хандығы оларға мезгіл-мезгіл әскери жасақтар жіберіп отырды. Салық төлеуден бас тартқан жағдайда жазалаушы жасақтар қазақ ауылдарын қырып-жойып, тонап кетіп жүрді. Қазақтардың әйелдері мен балаларын күң және құл ету үшін айдап әкетті. Хиуаның ірі шапқыншылықтарының бірі 1847 жылы болды. Ол жолы Хиуаның 1500 сарбазы бар әскери қолы жергілікті қазақтардың 1000-нан астам шаруашылығын тас-талқан етіп, ойрандап кетті. Ал келесі жылы қазақтардың 2500-ден астам отбасы тап осылай ойрандалып, тонауға ұшырады. 500-ге тарта қазақ қаза тапты. Көптегенадам тұтқын болып, құлдыққа сатылып кетті.Хиуалықтардың қорлығы мен қысымына шыдамаған қазақтардың бір бөлігі Қарақұм мен Ырғыз өзені жаққа көшіп кетті. Хиуалықтар мен қоқандықтардың езгісіне төзгісі келмеген Сыр бойының қазақтары өздерінің бостандығы жолындағы күреске шықты. Арал маңындағы қазақтардың хиуалықтар мен қоқандықтарға қарсы, одан сәл кейінірек Ресейдің әскери күштерінің орналаса бастауына қарсы ұлт-азаттық күресін халық арасынан шыққан белгілі батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы (17801860) басқарды.Патша үкіметінің әкімшілігі барлық жаулап алынған аумақтардағы сияқты Сырдарияның төменгі ағысы бойында да әскери бекіністер сала бастады. Жаңа салынған әскери бекіністерге Орынбор мен Жайық шөбінен қазақтарды, сондай-ақ башқұрттардың отбасыларын көшіріп әкеліп, орналастыра бастады.1848 жылы Райым бекінісі төңірегінде Орынбор қазақтарының 26 отбасы тұрып жатты. Қоныс аударып, көшіп келушілердің қатары жыл санап арта түсті. Көшіп келгендердің бәрі де Сырдарияның жағасындағы ең құнарлы әрі жақсы суарылатын жерлерге орналастырылды, жергілікті халық өздерінің ежелгі ата-бабасының жерлерінен біртіндеп ығыстырыла бастады. Соның салдарынан Сыр бойындағы диқан қазақтар енді жаңадан тың және тыңайған жерлерді игеруге мәжбүр болды. Олардың бірқатары қоныс аударып келгендердің және шенеуніктердің шаруашылықтарына жалданып жұмыс істей бастады.Райым бекінісі таратылғаннан кейін қоныс аударып келген қазақтар 1855 жылы Қазалы қамалына көшірілді. Олар мұнда келгеннен кейін де ең жақсы, құнарлы, суармалы жерлерге ие болды. Оларға бұрынғысынша үлкен артықшылықтар мен жеңілдіктер берілді. Қарапайым қазақтардың арасындағы наразылық жыл өткен сайын күшейе түсті де, ақырында ол Ресейдің әскери әкімшілігінің озбырлық іс-әрекеттеріне қарсы ашық күреске ұласты.Ресейдің Арал маңындағы аймақтарды Орта Азия хандықтарының езгісінен азат етуі халықтың жағдайын жақсарта алған жок. Патша үкіметі қазақтың әрбір отбасына 1,5 сомнан салық салды. Қазақтардың суармалы жақсы жерлерін қоныс аударушылар мен шенеуніктерге тартып алып беру одан әрі жалғастырыла түсті. Міне, бұл жағдайлардың бәрі де қазақтарды Ресейдің отаршыл өкімет билігіне қарсы барған сайын белсендірек күресуге мәжбүр етті.Көтерілістің негізгі күштері жеңілгеннен кейін Жанқожа батыр Хиуа ханына өтініш жасап, хандықта тұратын қазақтардан, қарақалпақтардан және түрікмендерден әскери жасақ құрап беруді сұрады. Ондағы ойы Қазалы қамалына қайтадан шабуыл жасау еді. Бірақ Хиуа ханы оның өтінішін қабыл алмады, Жанқожа батырдың күшейіп кетуінен қорықты.Патша үкіметінің әскери әкімшілігі Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзін жою үшін арнаулы жазалаушы әскер жіберді. 1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның ішіндегі Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шайқастың барысында 80-нен асқан Жанқожа батыр жазалаушылардың оғынан қаза тапты. Батырдың өмірден өтер кездегі соңғы сәтін Л. Мейер былай деп суреттейді: «Қарт батыр оқ өтпейтін сауытын киіп, қару-жарағын асынып, үйінен шығып үлгерді. Бірақ аты жоқ екен. Ажалымның жеткен жері осы екен деп, ол бір төмпешіктің үстіне аспай-саспай шығып алды да, өз иманын өзі үйіріп, дұға оқи бастады... зулаған оқтар... көпке дейін оның сауытынан өтпей, тайқып ұшып, кері түсіп жатты. Ақырында бір оқ оның мойнына дәл тиіп, қарт батырдың өмірін қиып кетті».Кузьмин бастаған жазалаушы отряд көтерілісшілердің 164 ауылын ойран сала шауып, аяусыз тонады, үйлерді өртеп, малдың бәрін айдап әкетті. Көтеріліске белсене қатысқандар жазалау шаралары кезінде қаза тапты. Мал-мүлкі түгел тоналған шектілер ашаршылыққа ұшырады. Олардың бір бөлігі Хиуа хандығы жағына өтіп кетті, енді бір бөлігі әскери бекіністерге қайта оралып, аштан қырылып қалмаудың қамын жасады. Жанқожа батырды оның парасаттылығы мен ер жүрек батырлығы үшін орысәскерилерінің өздері де қатты сыйлайтын. Сыр бойының қазақтары оны қасиетті адам деп санайтын. Халықтың сүйікті ұлы болған оны зор құрметпен жерледі.Сыр бойындағы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысын басқарған батырлардың бірі Есет Көтібарұлы (1807-1888) болды. Ол өзінің батырлығымен, орасан зор дене күшімен, парасатты ақыл-ойымен, қызыл тілге шешендігімен, сондай-ақ ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен халыққа ерекше танылған еді. Оның әскери қолбасшылық өнерге шеберлігі, бір орыннан екінші орынға жедел ауысып кете алатын тактикалық тапқырлығы жақсы қаруланған, күші басым орыс әскерлерін қапыда қалдырып, талай рет жеңіске жеткізді.Есет Көтібарұлы ғажайып шешен адам болатын, өз тындаушыларын үйіріп әкетіп, ерлік күреске жігерлендіре білетін. Ағылшын зерттеушісі Бульжер Демитриус ЧарлзЕсет батырдың өз руластарын патша үкіметіне қарсы күреске жігерлендіре шақырғаны туралы жазды: «Рас, олардың аттары мен қаруы бар. Aт пен қару бізде жоқ деп кім айта алады? Біздің мұхит түбіндегі құмның қиыршығы сияқты көп екеніміз өтірік пе? Өздерің мойын бұрып қараңдаршы: шығыс пен батыста, солтүстік пен оңтүстікте де қаптаған қалың қазақтардыды көретіндерің анық. Сөйте тұра неге біз aт төбеліндей өзге жатжерліктерге бағынуға тиістіміз?!»1838 жылы Есет батыр Ресейдің Елек бекінісіне шабуыл жасауға қатысты. Ол 1847-1848 жылдары Жанқожа Нұрмұхамедұлымен бірге Хиуа және Қоқан басқыншыларына қарсы белсене күресті.1847 жылдың жазында Жем өзенінің бойында Есет батыр патша үкіметінің жазалаушы әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасады. Батырдың Ресей әскеріне шабуылдары кейін де жалғаса түсті. Патша әкімшілігі Есет батырға қарсы бірнеше рет жазалаушы әскер жіберді. Алайда туып-өскен елінің жер жағдайын жақсы білетін ол жазалаушы отрядты адастырып, оларға таптырмай кетіп жүрді. Оның үстіне, өз жігіттерін екі топқа бөліп, дұшпанды қапыда қалдырумен болды. Есет батырдың жігіттері Ресейдіңсауда керуендері мен жазалушы әскерлеріңе батыл да сәтті шабуылдар жасап отырды.1855 жылы ол отаршыл әкімшіліктің жергілікті қолшоқпары билеуші-сұлтан Арслан Жантөреұлын өлтірді. Патша үкіметінің сауда керуендері мен бекініс-қамалдарынашабуыл жасауын үдете түседі. Есет Көтібарұлының тарапынан Хиуамен әскери одақ құру жөнінде жасаған ұсынысы сәтсіз аяқталды.Ресеймен жиырма жыл бойы жанқиярлықпен күрес жүргізген Есет батыр 1858 жылы өз еркімен Ресей империясының бейбіт келісім жасасу жөніндегі шартын қабылдады. Өйткені ол Ресейдің аса қуатты әскери машинасына қарсы бұдан әрі күрес жүргізудің пайдасы жоқ бос әурешілік болып шығатынын түсінді. Патша үкіметі оның бұған дейін Ресей империясына қарсы жүргізген күресіне кешірім жасады. Батыр үй басынан алынатын түтін салығынан босатылды. Кейінірек ол тіпті Торғай облысындағыЫрғыз уездік бастығының көмекшісі қызметіне тағайындалды. 1873 жылы Хиуаға қарсы жасалған жорыққа Ресей әскерлерінің құрамында белсене қатысты.

Оңтүстік Қазақстандағы халық көтерілістерінің жеңілу себептері мен салдарлары және тарихи маңызы.Көтерілісшілердің жеңіліс табуының басты себебі — олардың қару-жарағы нашар, күрес тактикасы ескі болатын. Арал маңындағы қазақтардың көтерілісі жергілікті сипат алды. Патша үкіметі бұл кезге дейін көптеген әскери бекіністер салып үлгерді, сондай-ақ Қоқан хандығының бекіністерін де жаулап алған болатын. Бұл аймаққа патша үкіметі қыруар қару-жарақ, соның ішінде зеңбіректер де жеткізген еді. Аймақтағы Ресей әскерлерінің саны жыл сайын арта түсті. Көтерілісшілердің бір мезгілде Ресейге, Қоқан мен Хиуаға қарсы күрес жүргізуі олардың күшін әлсіретті. Оның үстіне, Ресей әскері Жетісу жағына да келіп, патша үкіметінің бұл аймақтағы күш-қуатын арттыра түсті.Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістердің тарихи маңызы зор болды. Ол көтерілістер Орта Азия хандықтары мен Ресей империясыныңотаршылдық езгісіне қарсы бағытталды. Халық көтерілістері қазақ халқының бойында бостандықты аңсаған рухтың өшпегенін, тәуелсіздік пен азаттыққа деген ұмтылысының зор екенін көрсетіп берді. Қазақ батырлары, өз бастарын қатерге тіге отырып, XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформа басталар қарсаңында отаршыларға қарсы күрес әрекеттерін жүзеге асырды. Бұл көтерілістер патша үкіметінің Орта Азия мемлекеттерінің аумағын жаулап алу үрдісін біраз уақытқа тоқтатты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]