- •1.Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2.Тас ғасыры мен оның ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3.Қола дәуіріндегі Қазақстан.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.
- •8. Бірінші Түрік қағанатының тарихы (552-603).
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз
- •11.Қарлұқ қағанатының тарихы.
- •13. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті VI-XII ғғ.
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни ,м.Қашқари, ж.Баласағұни, Ибн Сина.
- •19. Найман мен Керейт ұлыстары.
- •20. Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулауы 1219-1224 жж.
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде (XIII-XV ғғ).
- •24.Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •26. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •28. «Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •30. XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •31.Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •33.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •35.Xyii-xyiii ғ. Басындағы қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
- •37. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» . «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқасының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •41.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •42.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •45.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •49. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.
- •50.Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •56. 1916 Ж .Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •57.1917Ж. Ақпан рев.Нан кейінгі Қазақстан.
- •62.1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •63. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •64. 1917 Ж. Екініші жалпықазақ съезі.Алашорда үкіметі.
- •65. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •66. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •67. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі, себептері мен нәтижелері.
- •68. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •70. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері ,нәтижелері және олқылықтары.
- •71.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары.
- •73.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары.
- •74.Хх ғ. 20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары.
- •75. 1937-1938Жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •76.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандандағы ерлігі.
- •77. Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •78.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі(1946-1965жж)
- •79.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық және әлеуметтік – демографиялық салдарлары.
- •80.1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •81.1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •83.Қр мемлекеттік рәміздері.
- •84. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 ж Конституциялары.
- •86.Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік модернизация,
- •87.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •88.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары.
- •89.Қр қазақ тілінің мәртебесі.
- •90.«Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •91 Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
- •92.Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •93. Тәуелсіз қр құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •94.Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан Қаз.Мемлекетінің мәселелері туралы.
- •95.Қазақстан – 2050 стратегиясы, ххІғ жаһандық мәселелері.
- •96.Қазақстан – 2050стратегиясы.Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •97.Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •98.Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99.Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз.
- •100) Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы
37. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» . «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқасының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
Бұл кезең (1723-1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы — қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, бір кезде гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті. Қазақтардың жаппай қоныс аударуы Ресей империясын және оның қол астындағыларды - башқұрттар мен қалмақтарды едәуір мазасыздандырды. Патша үкіметі өзіне бодан болған халықтарды қорғау үшін бірқатар кешенді шаралар қабылдады: шекара күзеті күшейтілді, Орал аймағында жаңадан әскери бекіністер салу шаралары қолға алынды. Қазақтардың едәуір бөлігі Орта Азия мемлекетінің аумағына қарай ойысты. Мәселен, Сырдария өзенінен өтіп кеткен Орта жүз руларының көпшілігі Самарқанд қаласының төңірегіне, ал Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Хиуа мен Бұхар хандықтарына көшіп кетті. Қазақтар басынан кешірген сол бір орасан ауыр қайғы-қасіреттің символы «Елім-ай» атты зарлы жыр болды. Оның мәтіні мен әуенін ақын, әрі жауынгер Қожаберген жырау шығарған деп те айтылады: Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, Ел-жұртынан айрылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. Мына заман қай заман, бағы заман, Баяғыдай болар ма тағы заман! Қарындас пен кара орман қалғаннан соң, Көздің жасын көл қылып ағызамын.Жоңғар шабуылының өрт-жалыны өзбектерді де, қырғыздарды да, қарақалпақтарды да шарпығанымен ең ауыр соққы қазақтарға берілді.Қазақтардың жеңілу себептері Қазақтардың жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазақ жүздері ыдырап, Қазақ хандығының басшылығында ауызбірлік қалмады. Екіншіден, жоңғарлар бұл шабуылға өте тыңғылықты әрі мұқият әзірленген еді. Оның үстіне, шабуылдың басталатын уақыты Қазақ ауылдарының бір-бірінен алыс, қыстаудан көктеуге көшіп шығар абыр-сабыр кез болатын. Үшіншіден, 1723 жылы қазақтар қатты жұтқа ұшыраған-ды. Жорыққа мінетін жөні түзу ат жетіспеді. Төртіншіден, аймақта қалыптасқан осындай гео-саяси жағдайды қалмақтар дұрыс әрі мұқият ескере білді. Қытаймен бейбіт келісім жасасты. Таяуда ғана аяқталған орыс-швед соғысынан кейін әлі ес жиып үлгере алмаған Ресейдің күрделі жағдайы да еске алынды. Бесіншіден, шабуылдың күтпеген жерден, түтқиылдан жасалу факторы да қазақтарға қолайсыз әсер етті. Ақыр соңында, алтыншыдан, жоңғарлар жақсы қаруланған болатын, әрі соғыс қимылдарын қалай жүргізудің мол тәжірибесіне де қанық еді. 1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте түбірлі бетбұрыс жасаған Итішпес көлінің маңындағы ауыр шайқасқа даярлана бастады (қ. Аңырақай шайқасы). Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 ж. бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тау ында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, қаракерей Қабанбай, Кіші жүзді тама Есет, шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы шапырашты Наурызбай да қатысқан.Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастыңсоңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті.Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы,Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей. Алғашқы 1635 жылғы шайқаста Жәңгір қалмақтарға тұтқынға түсіп қалып, бірақ көп ұзамай қашып шығады. Тұтқыннан босағаннан кейін, Жәңгір хан қалмақтарға қарсы күрес басшылығын өз қолына алады. 1643 жылы жоңғар қонтайшысы Батур қазақ жеріне 50 мың әскермен басып кіреді. 1644 жылы Жоңғарияға барған орыс елшісі Г.Ильин жоңғарлардың 50 мың қолына Жәңгір хан бастаған 600 жауынгердің қарсы тұрғанын айтқан. Мүмкін, бұл 600 адам ататын қарумен жабдықталған Жәңгір хан әскерінің алдыңғы шебі болуы мүмкін. Жәңгір өз тобының бір бөлегіне жоңғарлар тар асудан асып келгенше екі таудың арасындағы тар жырада ор қазып, бекініс жасауға бұйырады. Ал өзі екінші бөлегімен таудың екінші бетіне жасырынады. Жоңғарлар ор қазып, бекініп жатқан қазақ жасақтарына қарсы шабуыл жасайды. Осы кезде Жәңгір өз тобымен жаудың ту сыртынан лап береді. Қазақтар осы жерде бірінші рет оқ ататын қару пайдаланады. Шайқас барысында Батур қонтайшы 10 мың әскерінен айырылады. Шайқастың шешуші кезеңінде Жәңгір ханға Самарқан билеушісі Жалаңтөс батыр бастаған 20 мың әскер көмекке келеді. Батур қонтайшы кейін шегінуге мәжбүр болады. Сөйтіп, 1643 жылы жер жағдайын және соғыс тәсілін шебер пайдаланған Жәңгір хан Самарқан билеушісі Жалаңтөс батырдың әскери көмегі арқасында зор жеңіске жетті. Бұл тарихта Орбұлақ шайқасы деген атпен белгілі. Бұл жеңістің Қазақ хандығы үшін зор маңызы болды. Жоңғарлардың шапқыншылық жылдары қазақ жүздерінің экономикалық және саяси өміріне ұзақ уақытқа терең із қалдырып, қазақ тарихына алапат ауыр жылдар болып енді. Қазақтар мал-мүлкі мен адамдарынан ғана емес, сонымен қоса Жетісудағы шұрайлы жайылымдарынан да уақытша айырылып қалды. Көшіп-қонудың ғасырлар бойы қалыптасқан жолдары бұзылды. Сырдария мен Жетісудағы егіншілік мәдениетінің ошақтарына үлкен нұқсан келтірілді. Жоңғарлардың Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды басып алуының қазақ қоғамының экономикалық және мәдени өмірі үшін елеулі зардаптары болды. Қазақ рулары сауда және қолөнер орталықтарынан ажырап қалды. Қазақ жүздерінің арасындағы шаруашылық-саяси байланыстар әлсіреді. Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына да теріс әсерін тигізді. Елдің құлдырауы мен күйзелуі салдарынан кедейлер, қоңсылар, жатақтар және т.б. көбейді. Өз бетімен шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен айырылған олар малы көп байлардың бақташылары, үйдегі малайлары ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды.
38.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.Тарихи ғылыми әдебиеттер мен мұрағат құжаттарының мәліметі бойынша қазақ қоғамы әлеуметтік екі топқа бөлінеді: «ақ сүйек» және «қара сүйек». Бұл деректер бойынша «ақ сүйектерге» - Шыңғысхан ұрпақтары хандар мен сұлтандарды, ал «қара сүйектерге» би-батырлар, байлар, тіпті бүкіл қалған халықты да жатқызады. Бұл екі топтар барлық зерттеулерде әбден қалыптасқан әлеуметтік институттар болып ерекшеленеді. Алайда, ХУ-ХУІ ғасырлардағы «ақ сүйектермен», ХІХ ғасырдағы «ақсүйектердің» әлеуметтік статусы көп жағдайда өзгеше болды, осы жайды «қара сүйектерге» де қатысты айтуға болады. «Ақ сүйектерге» қатысты қазақ қоғамында «төре» ұғымы да кеңінен қолданылды. Академик В.Радлов атап көрсеткендей, «төре» ежелгі түрік термині «ханзада» деген мағынада қолданылады.Осыдан болар, көптеген тарихи жырларда «төре» деген әлеуметтік термин кездеседі. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында «ақ сүйек» тобының бұрыңғы біртектілігі байқалмайтын болды және олардың әлсіреуіне өз арасында мүлік теңсіздігінің өсуі және патша өкіметінің отарлау саясаты себеп болған. Патшаға қызмет етуге көшкен және үкіметтен ата тегінен бері «дворян» деген атақ алған аз ғана билеуші сұлтандарды есепке алмағанда, 1822-24 жылдардағы Жарғылар негізінде «ақ сүйектер» артықшылық жағдайларынан айрылып қалды. ХІХ ғасырда қазақ қоғамында зор рөл атқарған, ықпалды әлеуметтік топтарға билер мен мұсылмандықтың өкілдері қожалар мен молдалар да кірді. Қожаларды «асыл сүйек» әлеуметтік тобына жатқызып, олар өздерін Мұхаммед пайғамбардан тараған ұрпақтың тұқымдарымыз деп есептеді. Олар рухани лауазымның өкілдері ретінде салықтан босатылды және тек сұлтандар сотына тартылатын болды.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында артықшылықтарға ие болған келесі бір әлеуметтік топ тархандар. Бұл атақты ХІХ ғасырда олардың мемлекет алдындағы ерекше қызметі үшін Ресей өкіметі мен Ішкі Ордада хан беретін болған. Алғашқы «тархан» атағын билер Ж.Сегирбаев және Ж.Саламысовқа «Хиуаға жасаған жорықтарда көрсеткен ерекше миссиясы үшін» 1821 жылы Орынбор әскери губернаторы граф Эссен берді. 1743 жылы Ресей императрицасы Елизаветаның жарлығымен «тархан» атағы Жәнібек батырға берілген болатын [23]. «Тархан» атағын жеке және мұрагерлікке берілу мүмкіндігі болды. ХІХ ғасырда тархандар иелеген артықшылықтар ретінде олардың салық төлеуден босатылғанын айтуға болады. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында тархандар саны 20-дан аспады, тіпті тархандар институты жойылу шегінде тұрды.
Қазақ қоғамдық-саяси өмірінде ерекше орынға ие болған топтың бірі батырлар. Ш.Уәлиханов: «Батырлар қазақтарда сұлтандардан кейінгі атақты әрі маңызды адам. ...Ол ел арасында ықпалды, берген кеңесі елде әрқашанда салмақты болды»
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы батырлар тобы қоғам өміріндегі саяси оқиғаларға ат салысты. Әсіресе, батырлардың белсенді әрекеті Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс жылдары айқын көрінді. ХІХ ғасырдың ортасында қазақ қоғамындағы ақша-тауар қатынасына байланысты жаңа әлеуметтік топ байлар пайда болды. Қазақтардың арасында ірі сауда жүргізетін бірқатар байлар болды. Байлар сұлтандар мен ру басылары арасынан да, «қара сүйектер» ортасынан да шыққан.Қазақтардың ең қайыршыланған бөлігі байғұстар болды. Байғұстар қазақтардың кедейленіп, күйзеліске ұшыраған бөлігі, шеп маңындағы станица казактарына жалақы іздеп кеткен жарлы-жақыбайлар. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында олар едәуір топты құрады. Шеп маңындағы ауқатты казактарға болмашы ақы үшін жалданған байғұстар олардың малын бағып, жерін жыртып, үй ішінің де алуан жұмыстарын атқарды. Байғұстардың бір бөлігі балық аулау, тұз өндіру кәсіпшіліктерінде де жұмыс істеді. ХVІІІ ғ. бастап төлеңгіттер хандар немесе сұлтандардың әскери қызметшісі болды. ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарынан қазақ мемлекеттілігінің жойыла бастауынан төлеңгіттердің әлеуметтік жағдайы да өзгерістерге ұшырады. ХVІІІ ғ. төлеңгіттерді тек қана «ақ сүйектердің» тұқымдары сұлтандар ғана иеленсе, ХІХ ғ. бірінші жартысынан сұлтандар бұл құқықтарынан айрылып, енді төлеңгіттерді билер мен старшындар да иелене алды. Сонымен, ХІХ ғ. І жартысында қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының басты сипатын тарихи жырлар мазмұнынан көруге болады. ХІХ ғасырдың басынан қазақ даласына патшалы Ресейдің түбегейлі жүргізілген отарлау саясаты салдарынан елдің саяси дербестігінің жойылуы, қоғамның әлеуметтік жіктелуінің күшеюі, жартылай көшпелі елге ақша-тауар қатынастарының барған сайын батыл енуі қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын өзгертіп, әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістірді және қауымдық-рулық болмыстың дағдарысына себебін тигізді.
39.XV-XVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысын сипаттаңыз.
XV-XVIII ғғ дәстүрлі қазақ қоғамы әлеуметтік, таптық жікке бөлінген қоғам еді. Қазақта байлар, орта шаруа және кедейлер табы болды. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолына әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан елдегі барлық әскерлердің бас қолбасшысы болып есептелді. Сұлтандар ханнан кейінгі жоғарғы мемлекеттік билік сұлтандардың қолында болды. Сұлтандар ханның тірегі болып саналды. Сұлтандардың ортасынан хан сайланады. Сұлтан деген құрметті атақ текШыңғыс ханнан тараған ұрпақтарға ғана берілді. Сұлтандар ханның тапсыруымен белгілі ру-тайпалардың және олар көшіп-қонған жайылымдардың егесі болды. Сұлтандар жергілікті әкімшілік билікті жүзеге асырды. Сондай-ақ олар әскери биліктің де, сот билігінің де тізгінін ұстады. Хан сарайында, ұлыстардың мекемелерінде, ауылда, жиындарда билік айтып, ел арасында дау-дамайды шешетін, сөзге шешен , іске шебер, сауатты адамдар билер болып табылады. Қазақ халқы қай кезде де ортақ тілді, от ауызды, қара қылды қақ жарған әділ билерін, шешендері мен ақындарын ел билеген хандарынан бетер қадір тұтқан. Хан билігі бүкіл елге қатысты жоғары саяси билік болса, ру, тайпа көлеміндегі нақты билік сол рулардан шыққан беделді ру ақсақалдарының қолында болды. Олар ру ішіндегі, рулар арасындағы жер дауы, жесір дауы мәселелерін шешіп отырды. Ру ақсақалдары елдің дәстүрін, салтын бұлжытпай орындауды қадағалаушылар болды. Ру ақсақалдарының ішінен ел ішіндегі билер сайланды. Ру ақсақалдарының өзінің кеңесі болды. Кеңеске ел ішінде өмірлік тәжірибесімен, ақылымен, білім-біліктілігімен ерекше беделге ие болған әр кіші рудың ақсақалдарыкірді.Көшпелі қазақ қоғамында ел қорғаған батырлардың орны ерекше болды. Олар елін, жерін жаудан қорғады, жастарды соғыс өнеріне тәрбиеледі. Көшпелі қазаққауымында абыздардың, жыраулардың, бақсы-балгерлердің де өз орны болды. Абыздар мен жыраулар елдің рухани мәдениетін, оның елдік идеясын жасаушылар болды. Олардың ақылына, сәуегейлік көріпкелдігіне ел билеушілері, тіпті ханның өзі де құлақ асып санасты. Дәстүрлі қоғамда ел ішіндегі ем-доммен бақсы-балгерлер, шөппен емдейтін емшілер, сынықшылар айналысты. Қазақ қоғамындағы ең ауыр жағдай құлдар мен күңдер басында болды. Олар өз қожайындарына экономикалық жағынан да, бас бостандығы жағынан да толық тәуелді еді. Әдетте, құл мен күң байлардың шаруашылығында жұмыс істеді. Шаруашылығы XVI-XVII ғасырларда қазақтарда шаруашылықтың үш саласы анық байқалады: Көшпелі. Жартылай көшпелі. Отырықшы. Малдың негізгі түлігі қой, жылқы, түйе. Ірі қара аз болып, негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді. Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай жаю тәжірибесін туғызды. Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді: Көктеу көктемгі көш, малдың төлдеу мерзіміне сәйкес келеді. Жайлау жазғы көш, мамыр айының басында басталады.Күзеу кұзгі көш, суық басталысымен көшеді.Қыстау қысқы көш, қарашаның ақырғы күндері қар жауып, мұз қата бастағанда көшеді. Егіншілік Сырдрияның орта саласы мен Жетісуда, Ертіс бойы мен Зайсан көлі маңында дамыды. Отырар, Түркістан, Сауран алқаптарындағы егістік жерлерді құбырлар арқылы суарып отырған.Малынан айрылып, көшуге мүмкіншілігі болмаған кедейлер егіншілікпен айналысқан,. Оларды жатақтар деп атаған. Қазақтар аңшылықпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен айналысқан. Көшпелілер үй кәсібінде мал шаруашылғы шикізаттарын өңдеумен айналысты.
40. XV-XVIII ғғ. Қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері.
Қазақ халқының тіршілік тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ертұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттанды руға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді.Бұл кезде оңтүстік Қазақстан қалаларының, Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени әлеуметтік қарым қатынасы кеңейе түсті. XVI-XVI II ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т. б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді.Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқын шылығымен ерекшеленді.Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытылып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті. XVI-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды. Ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың әсіресе көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.XVI-XVI II ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т. б. жыраулар.Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) феодалдық рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен XVI-XVIII ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыстартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады.Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырып салма айту мен шешендік сөз арқылы өзара айтыстың тамаша шеберлері болған. XVI-XVI IIғасырларда би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663 1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665 1765), және Әйтеке Байбекұлы (1682 1766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир-аддин Бабырдың «Бабырнамасын», Камаладдин Бинайдың «Шайбанинамесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашидиін», Қожамқұл бек Бахидің «ТарихиҚыпшағын», Қадырғали «Жамиаттаварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады.Бұл кезде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта және Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мектептер мен медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліпбиін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әр түрлі салалары "дін ілімі,математика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды Мұның бәрі қазақ халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады.Сонымен, XVI-XVI II ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді.Қаз ханд.ң мемл.к құрылысының өзіндік ерекшелігі, халық өмірінің ерекше жағдайы мен өзіндік өзгешелігі бар қоғамдық уклад «би лер сөзі», «би лер ай ты сы», «би лер да уы», «төрелік ай ту», «ше шендік сөздер» деп ата латын көркемдік мәде ни еттің біре гей түрін туғыз ды. Әде би еттің бұл түрін шығару шы негізінен XVI-XVI IIғ қазақ қоғамын да сот ісін жүргізу мен ғана ай на лысқан жоқ. Би лер хан кеңесінің мүше і бо лып, мем л.к іс ге бел се не ара лас ты. Со нымен бірге атақты би тай па мен ру дың бас шы ы бо лып, ел басқар ды, жи ын да со лар дың аты нан сөз сөй леп, ай тыс-тар тыс кезінде олар дың мүдде ін қорғады. Қазақтың атақты би і по эти калық та лан ты зор же су ырып сал ма ай ту мен ше шендік сөз арқылы өза ра ай тыс тың та маша ше бер і болған. XVI-XVI IIғ би-ше шен ара сын да мем л.к же қоғам дық қыз метінің маңыз ды лығы, ше шендік өнерінің күшімен по-эти калық ше берлігі жағынан Төле би Әлібекұлы, Қазы бек Келдібекұлы же Әй те-ке Бай бекұлы ерек ше орын ал ды. Олар тек Қаз.да ғана емес, со нымен қатар Ре-сей де, Хи уада, Жоңғария мен Қытай им пе ри ясын да танымал болған. XVI-XVI IIғ қаз халқының ара сын да тақыры бы мен жан ры жағынан алу ан түрлі ауыз әде би-еті кең өріс ал ды. Қаз халқының по эзиясын да жы ра улдың ор ны ерек ше бағалан-ды. Жыр толғауын да қанат ты сөз, ғиб ратты нақыл кең орын ал ды. Сол кез дегі қазақ по эзиясы ның аса ірі тұлғаы Шалкиіз, Дос памбет, Жи ем бет, т. б. жы ра у. Қазақтың ба тыр жы ры эпосқа тән аңыз сияқтанғаны мен, олар дың бәрі дерлік та-рихи оқиғаға құрылған. Мәсе лен, Қобы лан ды, Ал па мыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қам бар дас таны та рих шын дығымен қабы сып жатқан шығар ма . Қазақтың әле-у.к-тұрмыс тық дас таны да («Қозы Көрпеш-Ба ян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) фе-од.қ-ру лық қоғам ның өмірін үлкен ше берлікпен көрсе теді. Бұл кез де қазақ тіліндегі жаз ба әде би еті діни же аңыз дық мазмұндағы кітап түрінде та рал ды, сон дай-ақ та рихи шығар ма мен ру та рихы жа сал ды. Олар дың ішінен За хир-ад-дин Ба быр дың «Ба быр на масын», Ка малад-дин Би най дың «Шай ба ни-на месін», Мұхам мед Хай дар Ду латидің «Та рих-и Ра шидиін», Қожамқұл бек Ба хидің «Та-рих-и-Қып шағын», Қадырғали «Жа ми-ат-та вари хын» же басқа да шығар ма ды ар найы бөліп көрсе туге бо лады. Бұл кез де Қаз хан дығы көршілес мем лмен, Ор-та же Та яу Шығыс ел мен үздіксіз ара ласып отыр ды. Мұның өзі араб-мұсыл ман мәде ни еті мен ғылы мының та ралу ына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мек теп мен медресе ашы лып, олар да оқу араб-пар сы же түрік тілнде жүргізілді. Қаз жа-зуда араб әліп-биін тұтын ды. Мек теп мен мед ре се де ғылым ның әр түрлі салаы бойша білім беріліп, Шығыс тың ұлы ақын ң клас си калық ту ын ды мен та ныс ты-рыл ды. Мұның бәрі қазақ халқының жал пы да му ына, бүкіл қоғам ның ру хани өмірі мен мәде ни етіне игі ықпал жа сады.
