Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих-все ответы-Әбілқайыр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
365.18 Кб
Скачать

30. XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.

Шайбанилық деректемелер-қазақ хандығының саяси тарихы жайлы мол нақты ақпараттарды зерттеу үшін құнды деректер болып табылады. Біз үшін осы деректмлер ішінен саяси тарихи мәліметтер жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи этнографиялық сипатынан да құнды тарих беттерін сыр шертетін парсылық Фазлаллах ибн Рузбиханның «Михман-наме-ий Бухара» ерекше орын алады. Бұл шығарма Мұхаммед Шайбанидің 1508-1509жылдары қазақтарға қарсы жасаған жорықтарында жазылған. Осы жорыққа тікелей қатысқан Рузбиханның деректемелері түп нұсқа деп айтсақ болады. Оның мына дерегін гназар аударатын болсақ: « Шыңғыс хан иеліктерінде рекше мәртебелі болған үш тайпа өзбектерге жатады. Солардың біреуі- Шайбани әулеті мен оның бірнеше балалары хан болды және болып отыр. Екінші тайпа- бүкіл әлемге өздерінің қуатымен өжеттілігімен даңқы шыққан қазақтар ,ал үшіншісі- маңғыттар, ал олардан Астрахан патшалары шыққан». делінген. Бұл деректемелерден өөзбектердің қазақтарға қарсы жорықтары мен Шығыс Дешті Қыпшақ тайпасының этникалық құрылымы, шаруашылығы тұрмысы жайлы географиялық деректемелер тастап кеткен.

Мұхаммед Салихтің түрі тілінде жазылған «Шайбан намесінің» ресми тарихында Шайбани ханның қазақтардың алғашқы ханы Керей, Жәнібек,Бұрындық ,Қасым хандар мен қарым-қатынасы туралы бізге хабар береді. Басты дерек ретінде 1570жылы Сырдария маңындағы қалалар үшін өткен шайқастарды күшті суреттеген.

«Таварих-и гузида-йи нусрат наме» (Жеңістер кітабының таңдаулы оқиғалары) дерегінде Әбілқайыр ханның қазасынан кейінгі Шығыс Дешті Қыпшақ тайпасында қалыптасқан жағдайлар мен Керей мен Жәнібекдің іс-әрекеті туралы баяндалады. Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібек хандардың немере ағайын болғаның, яғни өте жақын туыс болмағаның айтады. Керей хан шежіресі: Ұрұс хан-Тоқтақия-Полад- Керей хан. Жәнібек ханның шежіресі: Ұрұс хан- Құйыршық- Барақ- Жәнібек хан болған делінген.Сонымен қатар Жәнібек ханның орта Азияға жасаған жорықтары туралы да айтылады. Тағы да қызық дерек Шайх-Хайдардың дұшпандарының қатарына қазақ басшыларының бірі-Жәнібек хан деп сипатталады.

«Тәжік өленінің тамаша шеберлерінің бірі» Камал ад-дин Бинаидің (1453-1512)ж.ж. «Шайбани намесінде» қазақтар мен қазастан жайында көптеген деректер ақпараттар берілген. Бұл деректемеде Әбілқайыр хан өлгеннен кейін Шығыс Дешті Қыпшақ даласының жағдайы оның ұлы Шайх Хайдар ханның биліктен құр қалғаның, оған қарсы шыққан Жәнібек пен Керей, қазақ хандары, сонымен қатар Маңғыт мырзалары, Сырдария маңындағы қалалар үшін күресті жақсы әсерлеп жазған. Сол маңдағы қалалар-Отырар,Сығанақ, Сауран, сонымен қатар қазақ, өзбек, башқұрт жән басқа түркі тілдес елдердің құрымына кіретін Дшті Қыпшақ тайпасы жайында аса құнды деректемелер қалдырып кеткен.Шайбани тарихи әдебиеттерінің ішіндегі Масуда ибн Кухистанидің «Тарих-и Абулхаир-хани» деген жалпы тарихы маңызды орын алады. Әсіресе оның бірегей бөлігі 1428-1468 жылдағы Шығыс Дешті Қыпшақ тайпасын билеген көшпенді өзбек ханы Әбілқайыр туралы баяндалады.Зайн ад-дин Васифидің «Бадаи әл-Вакаи» (Таңқаларлық оқиғалар) мемуарын өте жоғары бағалайды. Бұл шығармада Қазақстан тарихы туралы деректер, яғни шайбани ханы Убайдулланың қазақтарға жасаған жорығы және « Қазақтарды жеңудің жүзеге асырылуы» (1537ж) жайында мәліметтер кездеседі. Бұл шығарманының маңызды тұсы, қазақтар жайлаған аймақтың тұңғыш рет «Қазақстан» деп аталуын кездескені. Қазақстан деп аталған өздерінің байырғы этникалық атамекендерін «Мауараннахрда Шайбани және Аштархани әулетінен, Ертіс жағалауы мен Алтайда Сібір және орыс өкіметіне, Жетісу мен Шығыс Қазақстан жерлеріне жоңғар тайшаларына қарсы кескілескен айқастарда қас қақпай қорғап қалды»-делінген.Абадаллаха Балхидин « Зубдат ал-асар» атты шығармасының шайбанилік бөлімінде қазақтар тарихы турасында айтылған. Шайбани ханның өмірінің соңында жасалған жоғыры жайында баяндалған бұл жорық 1510жылы басталды және өзбектрдің жеңілісімен аяқталды делінген. Жорықтың болған уақыты мүмкін нақты қойылған болар, жорық 1510жылы емес 1509жылы жасалған. Мұнда Мұхаммед Шайбани ханның жеңілістеріне оны емес, басқа адамдары кінәлейді.XVI ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының тарихын зерттеу үшін «Абдаллахнаме» деген атпен белгілі Хазиз-и Таныштың «Шараф наме-ий шахи» туындысының маңызы зор. Деректемеде XVI ғ екінші жартысындағы қазақтардің жайсыз сыртқы саясаты, осының салдарынан қазақ ханы Шығайдың Абдаллах деген өзбек хандығына бағыныштылығына өткендігі, бірақ кейіннен Таваккула кезінде қазақтардың бағыныштылықты жойғандығы туралы айтылады. Томнан XVII ғасыр кезінде Махмуда ибн эмира Валидің «Бахр ал-асар» атты 7-томнан тұратын энциклопедиялық еңбегінің 6-томындағы мәліметер Қазақстан тарихына, соның ішінде XVI ғасырдың бірінші онжылдығындағы Орта Азия тарихына қатысты. Қазақ сұлтандары Есім мен Тұрсын тайталастары, Есім ханның ойраттарға қарсы жорығы, Ташкент пен Түркістанның Иманкули ханы Есімге жасаған шағымдары жән басқалар жайлы мәліметтер баяндалады. Қазақстан тарихын зерттеуде шағатай деректемелері зор мәнеге ие болып келеді. Солардың ішінде Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың (1499-1551ж) «Тарихи-Рашиди» туындысы болып саналады. Осы шығармадаМұсылман тарихнамасында бірінші рет қазақ хандары Жәнібек пн Керейдің өзбе ұлысынан көшкендігі, қазақтардың этникалық ел атауы жайында қабылданған шешімінің себептері, қазақ хандары мен шайбани, моңғол хандары арасындағы қарым-қатынас, сонымен бірг Қасым ханмен Бұрындық хандықтары туралы толық жазылған. «ТАРИХИ РАШИДИ» «Рашидтің Тарихы» 1499 1551 жж.өмір сүрген тарихшы, мемлекет қайраткері. Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидің еңбегі. «Тарихи Рашиди» 1541 46 жж. аралығында Кашмир өлкесіндежазылған. Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар. Сондай-ақ, Орта Азияда Темір әулетінің құлап, Шайбанилық әулеттің орнығуы, Сұлтан Сайд ханның Қашқарға баруы мен онда билікке келуі, моғол хандарының көрші аймақтарға жорықтары, моғол хандарының Қазақ хандығымен, Шайбанилар әулетімен қарым-қатынастары және т.б. көптеген мәселелер қарастырылады. «Тарихи Рашиди» еңбегінің орта ғасырлық Қазақстан тарихы үшін маңызы өте жоғары. Алғаш рет бұлеңбекте 15 ғ. Ортасында Қазақ хандығының Шу өзені бойымен Қозы басы тауы аралығында құрылғандығы, 15 ғ. Ортасынан 15 ғ. 30-шы ж. Аяғына дейінгі Қазақ хан дығының қысқаша саяси тарихы баяндалады. Орыс тілінде «Тарихи Рашидидің» деректерін бірінші рет ХІХ ғ. ортасында В.В. Вельяминов-Зернов өз еңбегінде қолданады. «Тарихи Рашидидің» орыс тіліндегі толық ғыл. аудармасы 1996 ж. Ташкентте, 1999 ж. Алматыда жарыққа шықты. Енді осы «Тарихи-Рашиди» деректемелерінен бірнеше үзінді келтірейік:« Сол заманда Әбілқайыр ханның Дешті- Қыпшақ даласына түгелдей билі жүргізіп отырған кезі еді. Жошы ұрпағының сұлтандары жорық жасап, Жәнібек пен Керей хандар одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған еді Есенбұға хан оларды құрметтеп қарсы алып, қоныстануға Моғолстанның батыс жағындағы Шу өзені алабындағы Қозыбасыны береді. Олар бұл аймақта тыныш өмір сүрген. Әбілқайыр хан қайтыс болған соң өзбек ұлысы бір-бірімен шайқасып, араларында үлкен түсініспеушілік болады. Жұрттың көпшілігі Керей мен Жәнібек ханның жағына кетіп қалады.Олардың саны 200 мың адамға жетті, оларды өзбек-қазақ деп атай бастайды. Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы 870 (1465-1466) жылдан басталады. «Алла жақсы біледі»940(1533-1534) жылға дейін қазақтар Өзбекстанның көп бөлігіне өз биліктрін жүргізеді.Керей ханнан кейін Бұрындық хан басқарады. Одан соң Жәнібек ханның ұлы Қасым хан басқарып, Дешті Қыпшақ даласын толық биледі. Оның әскерінің саны мың—мыңдаған адам еді. Жошы ханнан кейін ол жұртта ода ұлы хан болған емес. Қасым ханнан кейін оың ұлы Мамаш биледі. Ода соң немересі Таһир хан биледі. Таһир хан заманыңда қазақтардың саны азайып кетті. Одан кейін оның бауыры Бұйдаш хан билікке келді. Оның кезінде 20мың халық болған ді. 940 (1533-1534) жылдан соң Хан өлген соң қазақтар қалмады десе болады.»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]