- •1.Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2.Тас ғасыры мен оның ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3.Қола дәуіріндегі Қазақстан.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.
- •8. Бірінші Түрік қағанатының тарихы (552-603).
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз
- •11.Қарлұқ қағанатының тарихы.
- •13. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті VI-XII ғғ.
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни ,м.Қашқари, ж.Баласағұни, Ибн Сина.
- •19. Найман мен Керейт ұлыстары.
- •20. Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулауы 1219-1224 жж.
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде (XIII-XV ғғ).
- •24.Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •26. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •28. «Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •30. XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •31.Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •33.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •35.Xyii-xyiii ғ. Басындағы қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
- •37. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» . «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқасының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •41.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •42.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •45.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •49. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.
- •50.Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •56. 1916 Ж .Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •57.1917Ж. Ақпан рев.Нан кейінгі Қазақстан.
- •62.1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •63. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •64. 1917 Ж. Екініші жалпықазақ съезі.Алашорда үкіметі.
- •65. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •66. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •67. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі, себептері мен нәтижелері.
- •68. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •70. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері ,нәтижелері және олқылықтары.
- •71.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары.
- •73.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары.
- •74.Хх ғ. 20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары.
- •75. 1937-1938Жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •76.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандандағы ерлігі.
- •77. Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •78.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі(1946-1965жж)
- •79.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық және әлеуметтік – демографиялық салдарлары.
- •80.1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •81.1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •83.Қр мемлекеттік рәміздері.
- •84. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 ж Конституциялары.
- •86.Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік модернизация,
- •87.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •88.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары.
- •89.Қр қазақ тілінің мәртебесі.
- •90.«Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •91 Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
- •92.Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •93. Тәуелсіз қр құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •94.Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан Қаз.Мемлекетінің мәселелері туралы.
- •95.Қазақстан – 2050 стратегиясы, ххІғ жаһандық мәселелері.
- •96.Қазақстан – 2050стратегиясы.Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •97.Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •98.Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99.Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз.
- •100) Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы
28. «Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
Біз білеміз «қазақ» деген атау «еркін» «кезбе» «қашқын» деген мағыналарды білдіретін, бірақ неге бізді бұлай атайды дегенді ойланып көрмеппіз, тереңіне сүңгімеппіз.Қазақ деген терминді көптеген ғалымдар мен тарихтанушылар зерттеп саралаған. Солардың бірі Н.М.Карамзин мен А.Вамберидің ізімен зерттеушілер көбінесе Византия императоры Константин Багрянородныйдың Кавказдың солтүстік-батысында жатқан «Казакия елі» деп айтқан деректемеліріне сүйеніп айтқан.
Фин алтайшысы Г.И.Рамстедке ол қазақ терминің монғолдың «хасаг-терген» деген сөз тіркесінен шығады. «Қасиетті жылнамада»(ХІІІғ) айтылатын бұл қоссөз арба деген мағына берген. Мұны иранист А.А.Семенов қолдаған, бірақ бұл пікір еш дәлелсіз және мүлдем қазақ деген сөзге сәйкес келмейді. Себебі қазақстанды мекендеген түркі тілдерінің арасында арба атауы кездеспейді.
В.В.Радлов «қазғақым оғлым» деген сөзді Енесей ескерткішінен оқығаның айтады. Мұны В.П.Юдин бұл сөздерді салыстыруға боладыдейді. Бұның пікірінше «қазғақым» ұғымындағы «ғ» дыбысы VII-VIIIғ түркілерде ауызекі қолданылуы мүмкін, ал кейінірек түсіп қалған деген. Ол «қазғақ» терминің «қазақ» термині түрінде кейіннен этникалық сипатта қолданған деген пікірді ұстанды. Бірақ бұл басқалардан қолдау таппады.
«Қазақ» сөзінің өзі қыпшақтар мекендеген аймақта пайда болған дп санауға негіз бар. Бірқатар түркологтардың пікірі бойынша «қазақ» терминің таралу аймағы Шығыс Дешті-Қыпшақ баласымен байланыстырады. А.Н.Самойлович уақыты жағынан бұны ХІғ жатқызады. Жазбаша әдебиеттерде «қазақ» термині 1245жылы мамлюттік Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде жазбаша деректемелер ішінде бірінші рет қолданылған деп саналып жүр. Онда «қазақ» сөзіне «еркін, кезбе» деген мән берілген. Мұның мағынасы: әлеуметтік жағынан берілген, өз руынан, тайпасынан, мемлекетінн бөлініп шығып, тіршілік құралдарын соғыс істеріне қатысу арқылы тапқан, адамдар деген мағынаны білдірген.
Ибн әл-Факих «қазақ» терминің синонимі ретінде арабтың «су луқ» сөзін алады. «Салақа» деген атпен әрекет жасайтындар бәдәуилерде тайпада өзіне орын таба алмаған, сондықтан топтар құрып талап-тонау арқылы бақытын іздеуге аттанған кедей және алғыр адамдарды білдірген. Терминдегі айырмашылыққа қарамастан мазмұны жағынан ұқсастықты табуға болады.
Сонымен деректерді жинап топтастыра келе ІХ-Х ғасырларда Шығыс Дшті Қыпшақ қыпшақтардың қоғамында «қазақ» атауымен әлеуметтік, ал ХІ-ХІІғ этниалық-әлеуметтік топтардың болғандығы туралы қорытынды жасауға болады. Монғолдардың шапқыншылық әсерінен қыпшақтардың Шығыс Дешті Қыпшақ шегінен бытыратып жіберді. Қыпшақтардың орын ауыстыру себебімен «қазақ» сөзі тұтас мәнге ие болуына ықпал жасады. ХІVғ басында қыпшақтардың ұйытқы болуымен ірі мемлекет Ақ Орда құрылды. Ақ Орданың этникалық жағынан қазақ халқы болса да, оның аталуын кейінірек жазылып, анықталды. Дәлірек айтқанда, XVғ кінші жартысында қазақ халқы құрылған соң, халықтың этногенезі күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын «қазақ» атауы этникалық маңызға ие болды.
«Қазақ» этнонимінің шығуы: тарихшы Бартольд :«өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам».М.Ақынжанов:«қас-сақ,нағыз сақ деген атаудан шыққан».ХІІ-ХҮғ түркі тілінде жазылған деректерде: «еркіндік аңсаушы, батыл» мағынасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақ. Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб\қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.(еркін,кезбе) Көне түрлі тіліндегі дерек:«қазақ оғлұм» сөзінен шыққан. Ежелгі Сбір тайпалары (берік,алып) деген мағнаны берген.Б.Көмеков: ХІІІғ хорасан түрікмендері арасында «қазақ» сөзі этникалық сипатта қолданылған.«Қазақ» сөзі көне түрік дәуіріндде пайда болып,ХІІІғ дейін «еркін адам» мағнасында қолданылған.ХІҮғ «қазақ» сөзі этникалық мағнаға ие бола бастады.ХҮғ ІІжартысында этникалық сипатқа ие болды.
«Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған YIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» - «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі. Ең алғаш “Қазақ” сөзі мұсылман жазба деректеріндегі авторы белгісіз түркі-араб сөздігінде кездеседі. Ол сөздік мамлюктік Қыпшақ елінде құрылған деген болжам бар. Сөздік 1245 жылғы қолжазба түрінде жеткен және 1894 жылы Германияның Лейден деген қаласында басылып шығарылған. Бұл сөздікте қазақ терминінің «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы», «еркін» деген мағыналары берілген. Сонымен бұл сөздікте қазақ термині әлеуметтік мағынаға ие болып отыр. Осылай руынан, тайпасынан бөлініп, өз заңдары бойынша өмір сүрген адамдар тобын атаған. «Қазақ» сөзінің осы мағынасынан шыға отырып, жоғарыда көрсетілген деректерде еркін, үйсіз-кезбелердің көрсетілген аудандарда қоныстануы туралы айтылған деген қортынды жасауға болады.
29.Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.Қазақ хандығыны құрылуы туралы деректемелерге суйенсек Керей мен Жәнібектің Моғолстанға көшіп кетуі- мемлекет құрылды ма?-деген сұрақ дауға ұласады. Бұған себеп В.В.Вельяминов-Зерновтың «Исследование о Касимовских царях и царевичах» 1864ж кітабының екінші томында Керей мен Жәнібектің бөлініп көшуінен бастап, Қазақ хандығының құрылуы деп танылған болатын. Бірақ 1950жылы Орта Азия зерттеушісі А.А.Семенов мынадай пікір айтты:бұл кезде елдің бір бөлігі ғакна көшті сондықтан бұл жағдай қазақ тар мен өзбектрдің тарихының бір эпизоды болып қала береді деді, мұны қазақ ғалымы С.К.Ибрагимовта қолдады Керей мен Жәнібетің Шығыс Дешті Қыпшақтан кетуі маңызды рөль ойнамаған деген пікірді ұстанды. Бұған дәләл шайбани деректерінде бұлар туралы айтылмаған мысалы мына Усман Кухистани өзінің «Тарих-и-Абу-л-Хайр-хани»дерегінде қазақтар туралы «көшіп кетудің өзбек ұлысынада,Моғолстанғада мекендеген тайпалардың саяси өмірінеде айтарлықтай рөль атқармағаның» дәлелдейді. Ойланып қарасан неге бұлар Әбілқайыр ханмен қатысты барлық деректерді жазу керек еді, неге сонда қазақтарды жазбаған деп ойланасын, бәлкім әдейі жазбауды ойлантырған шығар.
Мұсылман тарихнамасы құрылымының талдауы негізінде Т.И.Сұлтанов « Керей мен Жәнібек көші- Әбілқайырдың билігі әлсірегеннен кейін тек қана сол кездегі қазақ даласындағы өзінше әрекет етіп мемлекет құрылуыдың жаңа саяси ахуалдары қалыптасуында негізгі орын алды»,-деді. Сұлтановтың ойынша қазақ хандығының құрылуын 1470жылға келеді деді.
К.А.Ақышевтің пікірінше, қазақ өзбе мемлекеттерінің қалыптасуының басы болып Әбілқайыр хандығының қалыптасу кезеңінен ,яғни 1428жылдан бастау керек екенің айтты.
А.Хасенов,1445жылы Үлкен әмірші Ұлыстың (Алтын Орданың мирасқоры) Ұлық Мұхаммед ханның өлімінен кейін Қазақстан аумағында қазақ ұлысы құрылды және қазақ хандығы пайда болды,ол Әбілқайыр ханға да Моғолстан ханынада тәуелді болмады деп есептеді.
Б.Б.Кәрібаев 1976жылы жазылған Абыздың деректемелеріндің ақпаратына сүйенетін болсақ «Қазақ хандығының құрылуы 1458жылдың көктем мезгілі»,-деген пікірді ұстанады.
К.А.Пищулина « Қазақ хандығының құрылған кезеңі тек болжаммен ғана анықталады ол кезең XVғ. 60-жылдары болуы мүмкін және ол уақыт 870ж.1465-1466жылдары»,-дейді.Бұл пікір М.Х.Дулатидің жазған жазбаларымен толық сәйкес келеді.
К.Данияров тәуелсіз қазақ хандығы 1480жылы құрылды деп есептейді,ол бұл хандықты үшінші қазақ мемлекеті деп санайды Олар бірінші-Шыңғысхан мемлекеті, екінші- Жошы ұлысының мемлекеті, одан кейін үшінші- Қазақ мемлекеті, деген пікір айтты. А.П.Чулошниковтың пікірінше Қазақ хандығы XVIғасырдың бас кезінде мұхаммед Шайбани хан мен оның жақтастары Қазақстаннан Орта Азияға кеткен мезгілге тура келеді. Оның пікірін ХХғ. 60-70жылдардағы өптеген зерттеушілер қолдады.Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...». Қасым хан феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, хандықтың әскери қуатын арттырды. Өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарих-и- Рашиди», «Шайбанинама» және т.б. деректерге қарағанда XYI ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан қазіргі қазақ жерінің далалық аймағын түгел бағындырды. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сыр жағалауы мен Түркістанның маңызды қалаларын, оңтүстік-шығыста Жетісудың көп бөлігін, солтүстік-батыста Жайық өзені жағалауын қамтыды. Қасым ханның Қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің іші мен сыртындағы беделін арттырды. Мұхаммед Хайдар Дулати: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес» деп жазды.
